Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«2015 жылды 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері жылы деп жариялау туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
2015 жылды 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының
ардагерлері жылы деп жариялау туралы
1941 — 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу, Отан үшін ұрыстарда қаза тапқан қазақстандықтарды мәңгі есте сақтау, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қамқорлық көрсету, аға ұрпақтың батырлық ерлігі үлгісінде азаматтарды патриоттық тәрбиелеу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 2015 жыл 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері жылы деп жариялансын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері жылы шеңберінде көзделген іс-шараларды кеңінен насихаттауды және бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді қамтамасыз етсін.
3. Осы Жарлықтың орындауын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев