Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 1130 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне 2014 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Бурабай ауданындағы «Щучинск-Николаевка» автомобиль жолын (0-28,7 км учаскесі) орташа жөндеуге нысаналы ағымдағы трансферттер түрінде Ақмола облысының әкімдігіне аудару үшін 225936000 (екі жүз жиырма бес миллион тоғыз жүз отыз алты мың) теңге сомасында қаражат бөлінсін.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов