Ауғанстан Ислам Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 1365 қаулысы

      Ауғанстан Ислам Республикасында қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық ахуалға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне Ауғанстан Ислам Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 2014 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен 1474083,38 (бір миллион төрт жүз жетпіс төрт мың сексен үш доллар отыз сегіз цент) АҚШ долларына баламалы сомада конвертацияланатын күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамы бойынша қаражат бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен көрсетілген қаражатты арнайы банктік шотқа аударуды қамтамасыз етсін:
      Account Name: Development assistance of the Republic of Kazakhstan to Ministry of Rural Rehabilitation and Development
      Address of Ministry of Rural Rehabilitation and Development: Tashkilat Street, Darul Aman Road, Kabul, Afghanistan
      Bank name: Da Afghanistan Bank
      Account Number: 27551 (US dollar account)
      SWIFT CODE: AFGBAFKA
      Bank Address: Pashtunistan Watt, Kabul, Afghanistan
      Contact Person: Mohammad Aqa - General Director of Treasury, Ministry of Finance
      Contact Number: +93 (0) 700216240
      Bank name: CITI Bank N.A.
      Address: New York, NY, USA
      Account Name: Da Afghanistan Bank
      Account Number: 10920169 (US dollar account)
      BIC (SWIFT CODE): CITIUS33
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады