2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 шілдедегі № 768 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне 2014 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға байланысты жұмыстар жүргізуге Ақмола облысының әкімдігіне аудару үшін 929471490 (тоғыз жүз жиырма тоғыз миллион төрт жүз жетпіс бір мың төрт жүз тоқсан) теңге, оның ішінде:
1) нысаналы даму трансферттері түрінде Атбасар қаласында тұрғын үйлер мен инженерлік-коммуникаңиялық инфрақұрылымды салу үшін 809298320 (сегіз жүз тоғыз миллион екі жүз тоқсан сегіз мың үш жүз жиырма) теңге;
2) ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде Атбасар ауданының Атбасар қаласында және Борисовка, Покровка, Садовое ауылдарында ағымдағы жөндеу жұмыстарын талап ететін үйлерді қалпына келтіру үшін 120173170 (бір жүз жиырма миллион бір жүз жетпіс үш мың бір жүз жетпіс) теңге сомасында қаражат бөлінсін.».
2. Осы қаулы қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов