«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы
24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 61-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес Маңғыстау облысында орналасқан Өлі Қолтық учаскесінде көмірсутек шикізатын бірлесіп барлау мен өндіруге арналған келісімшарт жасассын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1409 қаулысына
қосымша
Жер қойнауы учаскесінің атауы |
Орналасқан жері |
1 |
2 |
Өлі Қолтық |
Каспий теңізі |