Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 27 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 11 бабының 4) тармақшасына және "Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Сарыарқа" республикалық велотрегі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрі – 1-кәсіпорын) мүліктік кешен ретінде республикалық меншіктен заңнамада белгіленген тәртіппен Астана қаласының коммуналдық меншiгiне берілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Ақ жауын" мемлекеттік камералық оркестрі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – 2-кәсіпорын) болып қайта аталсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетiмен және Астана қаласының әкiмдiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгіленген тәртiппен 1-кәсіпорынды қабылдап алу-беру бойынша қажеттi ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.

      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне 2-кәсіпорынның жарғысына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітуге ұсынуды;

      2) 2-кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      3) осы қаулының 2-тармағын іске асыру бойынша өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрi

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2015 жылғы 27 қаңтардағы
№ 27 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.05.2016 № 322 қаулысымен.

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 865 қаулысымен.

      3. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1440 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 90, 738-құжат):

      көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:

      қайта аталатын республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесінде:

      реттік нөмірі 17-жол алып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады