"Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 және "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы" 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 7 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан
Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009
жылғы 18 маусымдағы № 827 және «Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір
мәселелері туралы» 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 жарлықтарына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 30, 259-құжат; 2010 ж., № 20-21, 150-құжат; 2012 ж., № 13, 231-құжат; № 68, 976-құжат; 2013 ж., № 36, 529-құжат; 2014 ж., № 40-41, 374-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінде:
      7-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Тұжырымдаманы іске асыру үшін әзірлеуші мемлекеттік орган Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асырудың бүкіл кезеңіне арнап немесе орта мерзімді әрбір кезеңге арнап кезең-кезеңімен әзірлейді. Іс-шаралар жоспары тұжырымдама бекітілген күннен бастап бір ай мерзімде немесе іске асырудың кезекті кезеңі басталғанға дейін бір ай бұрын мүдделі мемлекеттік органдармен келісім бойынша әзірлеуші мемлекеттік органның бұйрығымен бекітіледі.»;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісті кезеңге арналған Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын әзірлейді.
      Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасы - бұл елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін өңірлер бөлінісінде өндірістік күштерді, көліктік-коммуникациялық, әлеуметтік және басқа инфрақұрылымды ұтымды орналастыру, ел халқын қоныстандыру жүйесі.
      Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
      Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының іске асырылуын мониторинг пен бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүргізеді.
      Мониторинг пен бағалау негізінде Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын түзету жүзеге асырылуы мүмкін.
      Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының іске асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүзеге асырады.
      Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау жүргізу және іске асырылуын бақылау тәртібі мен мерзімдерін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.»;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында әзірленеді және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы негізгі проблемалар мен қауіп-қатерлерді, стратегиялық мақсаттар мен нысаналы индикаторларды, міндеттемелер мен нәтиже көрсеткіштерін, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету критерийлерін айқындайды.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы Қазақстан Республикасының алдыңғы Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асырудың соңғы жылынан кешіктірмей әзірленеді.»;
      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «21. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, Жолдауды ескере отырып, жыл сайын жылжымалы негізде бес жылдық кезеңге әзірленеді және мыналарды:
      1) мемлекеттік басқарудың республикалық деңгейінде:
      экономиканы дамытудың сыртқы және ішкі жағдайларын;
      бесжылдық кезеңге арналған экономикалық саясаттың, оның ішінде салықтық-бюджеттік саясаттың мақсаттары мен міндеттерін;
      бесжылдық кезеңге арналған экономикалық саясаттың, оның ішінде салықтық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттары мен шараларын;
      бесжылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын;
      шоғырландырылған, мемлекеттік және республикалық бюджеттердің түсімдері мен шығыстарының болжамын, тиісті бюджет тапшылығын қамтитын жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік параметрлердің болжамын;
      әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын;
      кезекті қаржы жылына арналған шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың тізбесін;
      2) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде: облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму үрдістерін, басымдықтарын, нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштерін;
      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын; мыналарды:
      облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің түсімдері мен шығыстарының болжамын қамтитын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік параметрлерінің болжамын;
      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын;
      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың басым бюджеттік инвестицияларының тізбесін қамтуға тиіс облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік параметрлерін қамтиды.
      Нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштер сандық және сапалық нәтижелерді айқындау үшін түйінді бағыттар (салалар) бойынша белгіленеді, бесжылдық кезең ішінде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаты осы нәтижелерге қол жеткізуге бағытталуға тиіс.
      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен бюджеттік параметрлері облыстық әлеуметтік-экономикалық даму болжамының құрамында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бөлінісінде көрсетіледі.»;
      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «24. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу тәртібі мен мерзімдерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «26. Мемлекеттік бағдарламаларды тиісті мемлекеттік орган әзірлейді және олар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісіледі.»;
      30-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «30. Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуын мониторингтеуді әзірлеуші мемлекеттік орган не Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы уәкілеттік берген өзге мемлекеттік орган жүргізеді.»;
      40-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісім бойынша мемлекеттік орган бекітеді.»;
      43, 44-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «43. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүргізетін бағалаудан басқа, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылуын бағалау Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады.
      44. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылуын бағалауды өзінің жұмыс жоспарына сәйкес жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде жүзеге асырады.»;
      48-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «48. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы әзірлейді және ол мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, мүдделі орталық мемлекеттік органдармен келісіледі.»;
      50-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «50. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын іске асыру үшін жергілікті атқарушы орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді.»;
      51-тармақтың төртінші бөлігі алып тасталсын;
      56, 57 және 58-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «56. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарын ескере отырып 10 жылға әзірленеді.
      Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың алдыңғы даму стратегияларын іске асырудың соңғы жылынан кешіктірмей әзірленеді.
      Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары олардың стратегиялық бағыттарын, мақсаттары мен қызметі нәтижелерінің көрсеткіштерін айқындайды және акциялары (қатысу үлестері) ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға осы заңды тұлғалар қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқық беретін заңды тұлғалардың даму стратегияларын ескере отырып әзірленеді.
      Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларының жобалары Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарында баяндалған мақсаттарға, міндеттерге және бюджеттік параметрлерге сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісіледі және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      Ұлттық әл-ауқат қорының даму стратегиясын Ұлттық әл-ауқат қорының директорлар кеңесі мақұлдағаннан кейін Ұлттық әл-ауқат қорының жалғыз акционері бекітеді.
      Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларын іске асыру мақсатында ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың 5 жыл мерзімге арналған даму жоспарлары әзірленеді.
      Ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға арналған даму стратегияларын әзірлеу мен бекіту тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
      57. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларының іске асырылуын мониторингтеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) жүзеге асырады.
      58. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларының іске асырылуын бағалауды аудиттелген қаржылық есептілік бекітілгеннен кейін 3 ай өткен соң мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
      59. тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
      60-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
      61-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бақылау — қойылған мақсаттарға және міндеттерге қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылу барысын қадағалау және реттеу процесі.»;
      2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 20-21, 150-құжат; 2012 ж., № 68, 976-құжат; 2013 ж., № 36, 529-құжат; 2014 ж., № 40-41, 374-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу қағидаларында:
      5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Әзірлеу кезеңінде орталық мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, аумақтарды дамыту бағдарламаларының келісуге ұсынылған жобаларын мынадай бағыттар бойынша қарайды:»;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Құжаттардың іске асырылуын мониторингтеу нәтижелері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын нысанда және тәртіппен құжаттарды әзірлеуші мемлекеттік органдар жасайтын іске асыру туралы есеп түрінде ресімделеді.»;
      16-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Құжаттың іске асырылуы бюджеттік инвестициялардың іске іске асырылуына байланысты болған жағдайларда әзірлеуші мемлекеттік орган іске асыру туралы есепте құжатты іске асыру бойынша іс-шаралардың орындалу дәрежесін айқындау жөніндегі көшпелі іс-шаралардың нәтижелері туралы мәліметтерді көрсетеді.»;
      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «28. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мемлекеттік және салалық бағдарламаларға және орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына бағалау, сондай-ақ тексеру комиссиясының аумақтарды дамыту бағдарламаларына бағалау жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті айқындайды.»;
      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «30. Қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылу барысын қадағалау және реттеу процесі бақылау болып табылады. Басқарушылық шешімдер қабылдау бақылау деректерінің негізінде жүзеге асырылады.»;
      47-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      «8) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің төмен тұрған құжаттарына декомпозициялау немесе каскадтау мүмкіндігі.»;
      мынадай мазмұндағы 48-1-тармақпен толықтырылсын:
      «48-1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспары бекітілгеннен кейін екі ай мерзімде индикаторлардың тізбесін, олардың мәндерін, олар көрсетілуі тиіс құжаттардың деңгейін, мерзімдер мен оларға қол жеткізудің бірізділігін, оларға қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органдарды қамтитын Индикаторлардың бірыңғай базасын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      Индикаторлардың бірыңғай базасын әзірлеуді Жұмыс топтарын құру және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның веб-сайтында оны әзірлеу барысы туралы ақпаратты орналастыру арқылы мүдделі мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдастықпен бірге Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын әзірлеумен қатар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
      53, 54-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «53. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік органдар ұсынатын Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын іске асыру туралы ақпараттың негізінде іске асыру туралы есеп пен қорытынды жобасын қалыптастырады.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган есепті кезеңнен кейінгі жылдың 10 шілдесіне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының мониторингі бойынша іске асыру туралы есепті және қорытындының жобасын ұсынады, сондай-ақ бірінші басшының қолы қойылған іске асыру туралы есепті (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) веб-порталда орналастырады.
      54. Іске асыру туралы есеп пен мониторинг бойынша қорытынды жобасы қаралғаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі, қажет болған жағдайда, қорытындының жобасын пысықтайды және қорытындыны іске асыру туралы есеппен бірге есепті кезеңнен кейінгі жылдың 20 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.»;
      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «60. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының жобасын әзірлеуді, сондай-ақ оны түзетуді орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың, қоғамдық және ғылыми-зерттеу ұйымдарының қатысуымен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
      67-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «67. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын іске асыру үшін кезең-кезеңмен әрбір орта мерзімді кезеңге арналған Іс-шаралар жоспарын әзірлейді.»;
      68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «68. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының мониторингін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар ұсынатын іске асырылу барысы туралы ақпараттың негізінде іске асыру туралы есепті қалыптастыру арқылы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.»;
      70, 71-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «70. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының мониторингін жүргізу үшін мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге жауапты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 маусымына дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының іске асырылу барысы туралы ақпарат береді.
      71. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар ұсынатын Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының іске асырылу барысы туралы ақпараттың негізінде іске асыру туралы есеп пен қорытындының жобасын қалыптастырады.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган есепті кезеңнен кейінгі жылдық 15 шілдесіне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне іске асыру туралы есепті және мониторинг бойынша қорытындыны ұсынады, сондай-ақ бірінші басшының қолы қойылған іске асыру туралы есепті (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) веб-порталда орналастырады.»;
      73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «73. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген құжаттардың негізінде бағалау бойынша қорытынды жобасын қалыптастыру арқылы Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарына бағалау жүргізілген жылы жүргізеді.»;
      99-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «99. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері анық, нақты, бақыланатын, тексерілетін және бағаланатын болуы тиіс. Нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштері кешендік сипатта, салааралық және ведомствоаралық сипаттағы мәселелердің шешілу деңгейін, дәрежесін көрсетуі тиіс.»;
      112-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «112. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептердің негізінде олардың әрқайсысы бойынша қорытындылар жобаларын қалыптастырады және оларды іске асыру туралы есептермен бірге есепті жылдан кейінгі жылдың 25 наурызына дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.»;
      121-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «121. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
      1) миссиясы және пайымы;
      2) ағымдағы ахуалды талдау және тәуекелдерді басқару;
      3) аяны/саланы дамытудың басым бағыттары;
      4) стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысының құрылысы;
      5) стратегиялық бағыттар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар, міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштері;
      6) ресурстар.»;
      125-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «125. «Ағымдағы ахуалды талдау және тәуекелдерді басқару» деген бөлімде:
      «Ағымдағы ахуалды талдау» деген кіші бөлімде:
      1) статистикалық деректер не қызмет саласының немесе аясының жай-күйін сипаттайтын басқа да көрсеткіштерді келтіре отырып, оның ішінде басқа елдермен салыстырғанда мемлекеттік орган қызметінің реттелетін саласын немесе аясын дамытудың негізгі параметрлері;
      2) экономика мен қоғамның алдында тұрған, шешілуіне мемлекеттік органның стратегиялық жоспары бағытталған негізгі проблемалардың талдауы баяндалады.
      «Тәуекелдерді басқару» деген кіші бөлімде:
      1) мемлекеттік органның қызметіне әсер ететін ықтимал тәуекелдер тізбесі келтіріледі;
      2) осы тәуекел ықпал етуі мүмкін мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттары көрсетіледі;
      3) мемлекеттік органның объективті немесе субъективті сипаттағы сыртқы немесе ішкі себептер бойынша жоспарланған стратегиялық мақсаттарына қол жеткізбеу тәуекелі күшейген жағдайда, оның алдын алудың негізгі жолдары баяндалады;
      4) тәуекелдерді басқару жөніндегі шаралар тиімсіз болған жағдайда ықтимал салдар баяндалады.
      Жете қаржыландырылмау тәуекелі мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізбеудің ықтимал тәуекелі ретінде таныла алмайды.»;
      129, 130, 131, 132, 133 және 134-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «129. «Аяны/саланы дамытудың басым бағыттары» деген бөлім:
      1) осы бағыттарды Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдауларына, елдегі әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайдың өзгеруіне және тағы басқаларға байланысты басым бағыттар қатарына қосудың негіздемелерін көрсете отырып, аяны/саланы дамытудың басты бағыттарының қысқаша сипаттамасын;
      2) аяны/саланы дамытудың басым бағыттарын іске асырудың негізгі жолдарын қамтиды.
      Аяны/саланы дамытудың басым бағыттары мемлекеттік орган қызметінің қолданыстағы стратегиялық бағыттарына ықпалдастырылады немесе мемлекеттік орган қызметінің жаңа стратегиялық бағыттары қалыптастырылады.
      130. «Стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысының құрылысы» деген бөлім Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясында, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында айқындалған жалпыұлттық мақсаттар мен мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары, мақсаттары және бюджеттік бағдарламалары арасындағы байланысты көрсетуге арналған.
      Схема түріндегі «Стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысының құрылысы» деген бөлімде мемлекеттік органдардың стратегиялық бағыттарының бөлінісінде мемлекеттік органның қол жеткізілуі мен іске асырылуына елдің тиісті жалпыұлттық көрсеткіштеріне қол жеткізу тәуелді болатын бюджеттік бағдарламалармен өзара байланысқан стратегиялық мақсаттары көрсетіледі.
      131. «Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар, міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштері» деген бөлімде мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының мемлекеттік органның өзінің қызметіне тәуелді болатын стратегиялық бағыттары, мақсаттары, нысаналы индикаторлары, міндеттері мен нәтижелелер көрсеткіштері баяндалады.
      Стратегиялық бағыттар өзгерістері стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда белгіленген мақсаттар мен басымдықтарға қол жеткізу үшін неғұрлым маңызды болып табылатын экономиканың реттелетін салаларын, секторларын немесе қызмет аяларын талдау негізінде қалыптастырылады.
      132. Мемлекеттік органның мақсаты мемлекеттік органның өзінің қызметінде не ол реттейтін аяда нысаналы индикаторларда көрініс тапқан белгілі бір нақты өзгеріске қол жеткізуге негізделеді.
      Мақсаттарды айқындау кезінде мемлекеттік орган мынадай талаптарды ұстануы қажет:
      1) мақсаттың белгіленген проблемалары бар нақты себеп-салдарлық  байланысының болуы;
      2) сандық көрсеткіштер көмегімен мақсатқа қол жеткізуді көрсету мүмкіндігі;
      3) Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарының, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының, мемлекеттік бағдарламалардың мақсаттарына сәйкестігі;
      4) мақсаттардың қысқа және нақты баяндалуы, оларды тұжырымдау кезінде:
      ауызекі немесе әртүрлі түсінуге болатын терминдерді, ұғымдар мен сөздерді пайдалануға;
      мақсаттың өзіне қол жеткізудің салдары болып табылатын өзге де мақсаттарды, міндеттерді немесе нәтижелерді көрсетуге жол берілмейді.
      133. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарындағы әрбір мақсат үшін нысаналы индикаторлар айқындалады және мақсатқа қол жеткізу жолдары, құралдары мен әдістері сипатталады.
      Әрбір нысаналы индикатор бойынша есепті және бесжылдық кезеңдердің жылдары бойынша нысаналы индикатордың аралық мәндерін айқындай отырып, оның жоспарланған мәніне қол жеткізудің түпкілікті мерзімі (кезеңі) айқындалады.
      134. Бесжылдық кезеңде тиісті мақсатқа қол жеткізу үшін орындалуы тиіс, жоспарлы кезеңнің соңына қарай қызмет аясындағы түйінді өзгерістерді көруге мүмкіндік беретін шарттар мемлекеттік органның міндеттері болып табылады.
      Мемлекеттік органның өз қызметін қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерді қоюға жол берілмейді.»;
      137, 138, 139, 140, 141, 142 және 143-тармақтар алып тасталсын;
      144-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «144. «Ресурстар» деген бөлімде есепті және бес жылдық жоспарлы кезеңнің жылдарына бөле отырып, бюджеттік бағдарламаларға бөлінбеген бюджет шығыстарының жиынтығы және стратегиялық жоспарды іске асыруға тартылған штат саны көрсетілген адами ресурстар келтіріледі.»;
      145, 146, 147 және 148-тармақтар алып тасталсын;
      157-тармақ алып тасталсын;
      160, 161-тармақтар алып тасталсын;
      163-тармақ алып тасталсын;
      166-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «166. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын әзірлеуді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады және ол мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен, өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган, өзге де мүдделі мемлекеттік органдар аумақтарды дамыту бағдарламаларының жобаларын келіп түскен күнінен бастап бір айдан аспайтын мерзімде қарайды.»;
      174-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) экономикалық даму, әлеуметтік сала, инфрақұрылымдық кешен, аумақтық (кеңістікте) дамыту, өңіраралық ынтымақтастық, мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесі бағыттары бойынша аумақтық әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау;»;
      176-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) тұтастай алғанда, өңірдің экономикасын, әлеуметтік саланы, инфрақұрылымдық кешенді, аумақтық (кеңістіктік) құрылымды, өңіраралық ынтымақтастықты, мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту бөлігінде өңірді дамытудың негізгі бағыттары;»;
      181-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «181. Аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттары, нысаналы индикаторлары, міндеттері мен іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері оларға қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдарды көрсете отырып келтіріледі.
      Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен Базалық көрсеткіштер тізбесінде белгіленеді.
      Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштерін облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы әзірлейді және бекітеді.»;
      189-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «189. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын тиісті аумақтың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы әзірлейді және оны тиісті аумақтың әкімі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша аумақтарды дамыту бағдарламасы бекітілгеннен кейін бір ай мерзімде бекітеді.».
      2. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін осы Жарлықтың 1-тармағының 2) тармақшасының отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшінші, қырық төртінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елуінші, елу бірінші, елу екінші, елу үшінші, елу төртінші, елу бесінші, елу алтыншы, елу жетінші, елу сегізінші, елу тоғызыншы, алпысыншы, алпыс бірінші, алпыс екінші, алпыс үшінші, алпыс төртінші, алпыс бесінші, алпыс алтыншы, алпыс жетінші, алпыс сегізінші, алпыс тоғызыншы, жетпісінші, жетпіс бірінші, жетпіс екінші, жетпіс үшінші, жетпіс төртінші, жетпіс бесінші, жетпіс алтыншы, жетпіс жетінші, жетпіс сегізінші, жетпіс тоғызыншы, сексенінші, сексенінші бірінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады