"Қылмыстық істерді апелляциялық тәртіппен қарау тәжірибесі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 13 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының кейбір қаулыларының және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларының күші жойылды деп тану туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 1 нормативтік қаулысы.

      Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

      қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Қылмыстық істерді апелляциялық тәртіппен қарау тәжірибесі туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 13 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 18 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге) нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 1-тармақта:

      "Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (әрі қарай - ҚІЖК)" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "396-бабының 1-бөлігінде, 403-бабының 5-бөлігінде" деген сөздер "414-бабының 1 және 3-бөліктерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:

      "Апелляциялық шағымдарды, наразылықты қабылдау туралы мәселені шешкен кезде бірінші сатыдағы соттар ҚПК-нің 423-бабы 2-бөлігінің талаптарын орындауға міндетті. Егер апелляциялық сатыдағы сот шағымның, наразылықтың аталған баптың бірінші бөлігінің талаптарына сәйкессіздігін анықтаса, ол үкім шығарған сотқа кейіннен беру мүмкіндігін түсіндіре отырып, тиісінше ресімдеу үшін өз қаулысымен оларды авторларына қайтарады, іс бірінші сатыдағы сотқа жіберіледі.

      Бірінші сатыдағы соттың іс түпкілікті шешілгенге дейін сот талқылауы кезінде шығарылған қаулысына жеке шағымдар, наразылық апелляциялық сатыға түскен кезде олардың жедел қаралуын қамтамасыз ету қажет, өйткені апелляциялық сатының олар бойынша шешімі бірінші сатыдағы сотта іс бойынша іс жүргізудің одан арғы барысына едәуір ықпал етуі мүмкін.

      Бірінші сатыдағы сот шағым беру, наразылық келтіру нысанасына қатысты бөлінген материалды апелляциялық сатыға шағыммен, наразылықпен бірге жіберуге тиіс.";

      2) 2-тармақта:

      бірінші абзацта:

      екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:

      "ҚПК-нің 418-бабында көрсетілген мерзім өткізіліп берілген шағым, наразылық оны қалпына келтіру туралы өтінішхат болмаған кезде осы негіздеме көрсетіліп қайтарылуға жатады. Бірінші сатыдағы сот бұл туралы қаулы шығарады, ол оған шағымданудың, наразылық келтірудің тәртібі мен мерзімдері түсіндіріліп, авторға жіберіледі.";

      мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші сөйлемдермен толықтырылсын:

      "Осы ретте апелляциялық сатының судьясы істі мәні бойынша қарау үшін кедергі келтіретін мән-жайларды істі қарауға дайындау барысында анықтау жөнінде шаралар қабылдауға тиіс. Егер бірінші сатыдағы сот қабылдаған апелляциялық (жеке) шағымдарды, наразылықты беру мерзімінің өтіп кету фактісі істі апелляциялық сатыда қарау барысында анықталса, онда судья (сот) оларды қараусыз қалдыру туралы қаулы шығаруға және істі тиісінше ресімдеу үшін сотқа қайтаруға тиіс.";

      екінші абзацта:

      "400" деген цифрлар "419" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші және үшінші сөйлемдермен толықтырылсын:

      "Апелляциялық шағымдарды, наразылықты берудің өтіп кеткен мерзімін қалпына келтіру туралы қаулы бөлек шағымдануға, наразылық келтіруге жатпайды, бірақ ҚПК-нің 419-бабының 2-бөлігінде көзделген жағдайда апелляциялық саты оны қайта қарайды. Апелляциялық сатыға өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхат түскен кезде іс шағымдармен, наразылықпен және өтінішхаттармен бірге бірінші сатыдағы сотқа оларды қарау үшін жіберіледі.";

      мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы туралы қылмыстық процестің қағидатын сақтау мақсатында соттар өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіруден бас тарту туралы қаулыға берілген шағымдарды және апелляциялық шағым беру мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхаттарды қараған кезде негізсіз бас тарту жағдайларын болдырмауға тиіс.";

      3) 4-тармақта:

      үшінші абзацта:

      "402-бабының 3-бөлігіне" деген сөздер "423-бабының 5-бөлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші абзацта:

      "97" деген цифрлар "94" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      4) 5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Іс ҚПК-нің 425-бабында белгіленген мерзімдерде апелляциялық тәртіпте қаралуға тиіс. Бұл ретте сот жаңа материалдар мен дәлелдемелерді зерттеген немесе үкімнің күші жойылған және іс бірінші сатыдағы сот үшін көзделген тәртіпте қаралған кездегі жағдайлар үшін екі айлық мерзім белгіленген. Мерзім ерекше жағдайларда ұзартылуы керек, ұзартудың уәждері қаулыда негізделуге тиіс.";

      5) 6-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Апелляциялық сатыдағы сот қылмыстық іс шағымдармен, наразылықпен бірге келіп түсісімен істі тыңдауға тағайындауға кедергі болатын мән-жайлардың жоқ екенін анықтап, сот отырысын тағайындайды, ҚПК-нің 414-бабына сәйкес апелляциялық сатыдағы сотқа қатысуға құқығы бар адамдарды, олардың үкімге (қаулыға) дау айтқанына - айтпағанына қарамастан, істі қараудың уақыты мен орны туралы хабардар етеді.";

      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

      "Қылмыстық сот ісін жүргізу саласына тартылған адамдардың құқықтарын сақтау және кеңейту үшін, апелляциялық сатыдағы соттың сот төрелігін іске асыруын жеңілдету мақсатында ақпараттық технологиялар қолданылуға тиіс.";

      төртінші абзацта:

      "408", "71", "408" деген цифрлар тиісінше "428", "67", "428" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      6) 7-тармақта:

      екінші абзацта:

      "408" деген цифрлар "428" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      7) 8-тармақта:

      бірінші абзацта:

      "405-бабының" деген сөздер "424-бабы 1-бөлігінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші және үшінші абзацтарда:

      "404" деген цифрлар "426" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      8) 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Апелляциялық сатыда істерді қарау кезінде соттың құрамы ҚПК-нің 52-бабының 2-бөлігіне сәйкес анықталады. Егер үкім, қаулы аса ауыр қылмыс бойынша қабылданған не егер қылмыстардың жиынтығында ең болмағанда бір аса ауыр қылмыс болған жағдайда, сондай-ақ алқабилердің қатысуымен қаралған істер алқалы түрде қаралады. Егер аса ауыр қылмыстарды жасаған деп айыпталған адамның әрекеті сот үкімімен ауырлығы төмендеу баптар бойынша сараланса, мұндай іс апелляциялық сатыда судьяның жеке-дара қарауына жатады.";

      9) 10-тармақта:

      "409" деген цифрлар "429" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "116" деген цифрлар "112" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      10) 11-тармақта:

      "409" деген цифрлар "429" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      11) 12-тармақта:

      "317", "405" деген цифрлар тиісінше "337", "424" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "420, 421-баптарын" деген сөздер "442, 663-баптарын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 14-тармақта:

      бірінші абзацта:

      "немесе өзінің бастамасы бойынша" деген сөздер алып тасталсын;

      "410" деген цифрлар "430" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Апелляциялық сатыдағы сот келісімдік іс жүргізуде қаралған істер бойынша сот актілерінің заңдылығын процестік келісімді жасаған кезде заңның сақталуы және сотта іс бойынша іс жүргізу тәртібі бөлігінде ғана тексереді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 68-бабында көзделген негіздер бойынша істі қысқарту туралы қаулыға берілген шағымдарды, наразылықты қараған кезде апелляциялық сатыдағы сот істі дұрыс шешу үшін мәні бар басқа да мән-жайлармен қатар тараптардың татуласуға қол жеткізілгені туралы келісімнің заңдылығын тексереді.";

      үшінші абзацта:

      "409" деген цифрлар "429" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      төртінші абзацта:

      "409-бабының 7-бөлігінде көзделген" деген сөздер "429-бабының 8-бөлігінде көзделген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 15-тармақта:

      бірінші абзацта:

      "411" деген цифрлар "431" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      екінші абзацта:

      "411-бабы бірінші бөлігінің 1)-3), 7)-8) тармақтарында" деген сөздер "431-бабы 1-бөлігінің 1)-3), 6)-8) тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "411-бабы бірінші бөлігінің 4)-6) тармақтарында" деген сөздер "431-бабы 1-бөлігінің 4), 5) тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "44-тарауының" деген сөздер "46-тарауының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "377-383-баптарының" деген сөздер "395-401-баптарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацта:

      "412" деген цифрлар "433" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      төртінші абзацта:

      "сот үкімін" деген сөздердің алдында "алқабилердің қатысуымен қабылданған" деген сөздермен толықтырылсын;

      "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (әрі қарай - ҚК)" деген сөздер "ҚК-нің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмағандықтан істі қысқартқан кезде апелляциялық саты ҚПК-нің 35-бабы 9-бөлігінің талаптарын орындауға міндетті.";

      14) 16-тармақта:

      бірінші абзацта:

      "және істі соттың жаңадан қарауына жіберуге" деген сөздер алып тасталсын;

      екінші абзацта:

      "істі жаңадан сот талқылауына жібере отырып сот үкімін бұзуға не" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:

      "Айыптаудың жекелеген көріністері бойынша немесе жеке адамдарға қатысты үкімнің қалған бөлігін өзгеріссіз қалдыра отырып оның күшін жойған кезде апелляциялық сатыдағы сот істі осы бөлікте қарау үшін бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша сот талқылауын тағайындайды.

      Алқабилердің қатысуымен қаралған іс бойынша үкімнің күшін жойған кезде іс бірінші сатыдағы сотқа істі алдын ала тыңдау сатысынан не басты сот талқылауы сатысынан бастап қарау үшін жаңадан сот қарауына жіберіледі.";

      15) 17-тармақта:

      екінші абзацта:

      "істі жаңа сот талқылауына жібермей-ақ" деген сөздер алып тасталсын;

      16) 18-тармақта:

      бірінші абзацта:

      "415" деген цифрлар "436" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      екінші абзацта:

      "37", "38" деген цифрлар тиісінше "35", "36" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      17) 19-тармақта:

      "37", "38" деген цифрлар тиісінше "35", "36" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      18) 20-тармақта:

      бірінші абзацта:

      "416, 421-баптарына" деген сөздер "437, 442, 662-баптарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) 21-тармақта:

      екінші абзацта:

      "421" деген цифрлар "442" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      төртінші абзацта:

      "421-бабының 1-бөлігінің 4)-9) тармақтарында" деген сөздер "442-бабы 1-бөлігінің 3)-8) тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20) 23-тармақта:

      "37" деген цифрлар "35" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      21) 24-тармақта:

      "ҚК-нің 37-бабының" деген сөздер "ҚПК-нің 35-бабының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      22) 26-тармақта:

      бірінші абзацта:

      "24, 404-бабының, 421-бабының 1-бөлігінің 1) және 2) тармақтарына" деген сөздер "24, 426-бабының және 442-бабы 1-бөлігінің 1) және 2) тармақтарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацта:

      "қылмыс", "қылмыстың", "қылмыстық" деген сөздер тиісінше "қылмыстық құқық бұзушылық", "қылмыстық құқық бұзушылықтың", "қылмыстық құқық бұзушылық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      23) 27-тармақта:

      "72", "75" деген цифрлар тиісінше "74", "77" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "94", "95" деген цифрлар тиісінше "97", "98" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      24) 28-тармақта:

      "421" деген цифрлар "442" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      25) 29-тармақта:

      бірінші абзацта:

      "5" деген цифр "6" деген цифрмен ауыстырылсын;

      екінші абзац алып тасталсын;

      26) 32-тармақта:

      бірінші абзацта:

      "37-бабының 1-бөлігінің 11) тармағына және 418-бабына" деген сөздер "35-бабы 1-бөлігінің 11) тармағына және 439-бабына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацта:

      "113" деген цифрлар "109" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      27) 33-тармақта:

      бірінші және екінші абзацтарда:

      "422" деген цифрлар "443" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      төртінші абзацта:

      бірінші сөйлемде "өзгеріс" деген сөзден кейін ", шағым жасау тәртібі мен мерзімдері" деген сөздермен толықтырылсын;

      "411-бабында" деген сөздер "431-бабының 1-бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      28) 34-тармақта:

      бірінші абзацта:

      "423" деген цифрлар "444" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      екінші абзацта:

      "күннің" деген сөз "тәуліктің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

      "ҚПК-нің 444-бабы 2 және 3-бөліктерінің ережелері жеке қаулыларға қолданылмайды.";

      үшінші абзацта:

      бірінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:

      "Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы оның толық мәтіні жария етілген сәттен бастап заңды күшіне енеді, бұл ретте тиісті түрде хабардар етілген процеске қатысушылардың тағайындалған уақытта келмеуі апелляциялық қаулының толық мәтінін жария етуге кедергі келтірмейді.";

      "49" деген цифрлар "51" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "ҚІЖК-нің 423-1-бабының 2 және 3-бөліктерінің ережелері жеке қаулыларға қолданылмайды." деген сөйлем алып тасталсын;

      төртінші абзацта:

      "423-1" деген цифрлар "445" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      25) 35-тармақта:

      екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жаңадан қабылданған үкім, қаулы апелляциялық сатының бұрын қабылдаған үкіміне, қаулысына қарама-қайшы келген жағдайда алқа төрағасы кассациялық сатыға туындаған қарама-қайшылықтарды жою туралы ҚПК-нің 446-бабының 3-бөлігіне сәйкес ұсыным енгізеді.".

      "Төраға ҚІЖК-нің 423-2-бабының 3-бөлігіне сәйкес қадағалау сатысына апелляциялық қаулылардың бірін бұзу жөнінде ұсыныс енгізуге міндетті." деген сөйлем алып тасталсын.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Жаза тағайындағанда соттардың заңдарды дұрыс қолдануы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1993 жылғы 24 маусымдағы № 2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы № 9 қаулысы;

      2) "Қорқытып алушылық туралы істер бойынша сот практикасы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1995 жылғы 22 желтоқсандағы № 11 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1996 жылғы 25 шілдедегі № 10 қаулысы;

      3) "Қазақ ССР Жоғарғы Соты Пленумының және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1996 жылғы 20 желтоқсандағы № 11 қаулысы;

      4) "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1997 жылғы 5 мамырдағы № 3 қаулысы;

      5) "Қазақстан Республикасында Құқықтық реформа жөнінде (2-інші кезең) мемлекеттік бағдарламаның жобасы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 9 шілдедегі № 11 қаулысы;

      6) "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының кейбір қаулыларына және Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 12 нормативтік қаулысының 1, 2, 5, 6-тармақтары.

      3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына енгізіледі, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының


Төрағасы

Қ. Мәми

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысы

Қ. Шаухаров


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады