Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 24 қаулысы

      «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі» мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен жалпы теңгерімдік құны 105205608 (бір жүз бес миллион екі жүз бес мың алты жүз сегіз) теңге тұратын «Ақтөбе қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін қайта жаңғырту жобаларына инвестициялар негіздемесі» инвестициялар негіздемесі жөніндегі құжаттама республикалық меншіктен Ақтөбе облысының коммуналдық меншігіне берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен және Ақтөбе облысының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшада көрсетілген мүлікті қабылдау-тапсыру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
      2015 жылғы 29 қаңтардағы
№ 24 қаулысына 
қосымша      

«Ақтөбе қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін
қайта жаңғырту жобаларына инвестициялар негіздемесі»
инвестициялар негіздемесі жөніндегі құжаттама

Р/с №

Құжаттаманың атауы

Құжат түрі

Дана саны

Парақ саны


«Ақтөбе қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін қайта жаңғырту жобаларына инвестициялар негіздемесі» инвестициялар негіздемесі бойынша



3345

1.

Жалпы түсіндірме жазба, қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау/өңдеу

1-том, 1-бөлім

3

696

2.

Жалпы түсіндірме жазба, қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау/өңдеу, қаржы-экономикалық талдау

1-том, 2-бөлім

3

234

3.

Жалпы түсіндірме жазба, экономикалық және әлеуметтік әсерді бағалау (ЭӘӘБ)

2-том

3

264

4.

Жалпы түсіндірме жазба, қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау (ҚОӘАБ)

3-том

3

258

5.

Графикалық материалдар

4-том (альбом)

3

369

6.

Жиынтық сметалық есеп айырысу

5-том

3

237

7.

Сметалық есеп айырысу

6-том

3

888

8.

Қосымша (шығыс-рұқсат құжаттары)

7-том

3

393

9.

2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 04-0727/13 Мемлекеттік сараптама қорытындысының түпнұсқасы


1

30

10.

Электрондық диск

диск

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады