Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілетті өкілдері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 қыркүйектегі № 838 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Марат Әпсеметұлы Құсайынов және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы Серік Мақашұлы Жұманғарин Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілетті өкілдері болып тағайындалсын.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов