Мемлекеттік мүлікті беру мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 120 қаулысы

     «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 114-бабының 1-тармағына, «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы
23-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Республикалық мүлік – Тараз қаласы, Байзақ батыр көшесі,
168 мекенжайында орналасқан тұрғын үйдегі жалпы ауданы 270,6 шаршы метр 1-қабаттың үй-жайы мен Қызылорда қаласы, Күләш Байсейітова көшесі, 84 а мекенжайында орналасқан ғимараттағы жалпы ауданы 81,5 шаршы метр 2-қабаттың тұрғын емес үй-жайы заңнамада белгіленген тәртіппен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) орналастырылатын акцияларын төлеуге берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қормен (келісім бойынша) бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады