"Көші-қон проблемаларын шешу, шектес мемлекеттерден көші-қон ағындарын бақылауды күшейту, отандық білікті кадрлардың шетелдік еңбек нарығына шамадан тыс кетуін болдырмау үшін оларға қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі 2014 - 2016 жылдарға арналған кешенді жоспар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1593 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 208 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Көші-қон проблемаларын шешу, шектес мемлекеттерден көші-қон ағындарын бақылауды күшейту, отандық білікті кадрлардың шетелдік еңбек нарығына шамадан тыс кетуін болдырмау үшін оларға қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі 2014 - 2016 жылдарға арналған кешенді жоспар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1593 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      23 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Орталық, жергілікті және өзге мемлекеттік органдар, ұйымдар (келісім бойынша) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.М. Сапарбаевқа жүктелсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Көші-қон проблемаларын шешу, шектес мемлекеттерден көші-қон ағындарын бақылауды күшейту, отандық білікті кадрлардың шетелдік еңбек нарығына шамадан тыс кетуін болдырмау үшін оларға қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі 2014 - 2016 жылдарға арналған кешенді жоспарда:
      «Ағымдағы көші-қон процестерін елдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен өзара байланыста талдау» деген 1-бөлімде:
      «Ішкі көші-қонды тіркеу және статистикалық есепке алу» деген кіші бөлімде:
      екінші, үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырумен, оны ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырумен, көші-қон процестерін реттеу және мониторингтеу саласындағы шаралар жүйесін әзірлеумен, сондай-ақ көші-қонды реттеумен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі айналысады.
      Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - ҰЭМ) халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.»;
      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ішкі істер органдары шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың келуі мен кетуін есепке алудың бірыңғай дерекқорын қалыптастырады, мәліметтердің жүйелі түрде жаңартылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен уақтылы ақпарат алмасуды жүзеге асырады, заңсыз көшіп келуге жол бермеу жөніндегі шараларды қабылдайды.»;
      «Кешенді жоспарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 4-бөлімде:
      4-бағанда:
      реттік немірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын: «ІІМ (жинақтау), ДСӘДМ, ҰЭМ, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері»;
      реттік нөмірі 14-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «ДСӘДМ, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері»;
      реттік немірі 15-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «ІІМ (жинақтау), ҰҚК (келісім бойынша), ДСӘДМ»;
      реттік нөмірі 17-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «ІІМ, СІМ, ДСӘДМ»;
      реттік нөмірі 18-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «ДСӘДМ, ІІМ»;
      реттік нөмірі 28-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «ДСӘДМ (жинақтау), облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері»;
      реттік нөмірі 30-жол мынадай редакцияда жазылсын: «СІМ, ҰЭМ, ДСӘДМ, ІІМ, ИДМ»;
      реттік нөмірі 33-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «ҰЭМ (жинақтау), ҰБ (келісім бойынша), ІІМ, ДСӘДМ»;
      реттік нөмірі 34-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «ДСӘДМ»;
      реттік нөмірі 37-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «ҰЭМ, ДСӘДМ, БҒМ, ИДМ, ЭМ»;
      реттік нөмірі 38-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «СІМ (жинақтау), ДСӘДМ, ІІМ, ИДМ»;
      реттік нөмірі 43-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «ҰЭМ, СІМ, ІІМ, ДСӘДМ»;
      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуында:
      «СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі», «МГМ - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі», «ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі» деген жолдар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      «ДСӘДМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
      ИДМ - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
      ЭМ - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
      ҰЭМ - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады