"Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1522 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 211 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 546 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Yкiметiнiң 29.09.2016 № 546 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1522 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссия туралы ережеде:

       4-тармақтың 4) тармақшасындағы "дайындау болып табылады." деген сөздер "дайындау;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5) республикалық индустрияландыру картасын өзектілендіру;

      6) аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуден өткізу болып табылады.";

       5-тармақ мынадай мазмұндағы 3), 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3) мемлекеттік қолдау шараларын енгізу, алып тастау, ұсыну бойынша, сондай-ақ республикалық индустрияландыру картасының жобалары бойынша негізгі параметрлерді өзгерту жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

      4) жобаның өтініш берушісімен бірлесіп, келісім жобасын әзірлеу үшін республикалық индустрияландыру картасының жобасын іске асыруға жауапты мемлекеттік органды айқындау бойынша ұсыныстар әзірлейді;

      5) аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуді жүргізуге қатысады.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады