"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 232 қаулысы

      «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 9-бабының 9) тармақшасына, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі 192-бабының 2-1-тармағына және «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы заңының 114-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - қарыз алушы) «Атырау облысында алғашқы интеграцияланған газ-химия кешенінің инфрақұрылымын салу» инвестициялық стратегиялық жобасын іске асыру кезінде туындаған соңғы қарыз алушының («Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» (Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) газтурбиналық электр станциясының жобалық-сметалық құжаттамасы түріндегі мүлкімен (бұдан әрі - мүлік) бюджеттік кредитті белгіленген тәуелсіз бағалаушының бағалау құны бойынша 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 9 ПРЧ 074 кредиттік шартқа сәйкес ұсынылған кредит бойынша кредит беруші алдындағы қарыз алушының міндеттемелері бойынша мерзімнен бұрын өтеу туралы ұсыныстарына келісім берілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады