"Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 709 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 254 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 709 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

«Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы Инвестицияларды
көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге қол қою туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 11
желтоқсандағы № 709 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 709 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және қорғау туралы келісімге қол қою туралы»;
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және қорғау туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Әсет Өрентайұлы Исекешевке Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және қорғау туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.»;
      жоғарыда көрсетілген Жарлықпен мақұлданған Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім жобасында атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы Инвестицияларды  көтермелеу және қорғау туралы келісім»;
      Келісім жобасының 26-бабы 6-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «20 ___ жылғы « ____ » « _____________ қаласында ағылшын тілінде екі данада жасалды».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады