"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау нысандары мен қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 267 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 408 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау нысандары мен қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 267 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларында:

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау нысандары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Ұлттық қордың қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепте мыналар:

      осы қаулымен бекітілген 1-нысан бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қор түсімдері мен оларды пайдалану туралы есеп;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы есеп, ол нысандар бойынша мынадай есептерден тұрады:

      1) осы қаулымен бекітілген 2-нысан бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері мен міндеттемелері туралы есеп;

      2) осы қаулымен бекітілген 3-нысан бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жиынтық кірісі туралы есеп;

      3) осы қаулымен бекітілген 4-нысан бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;

      4) осы қаулымен бекітілген 5-нысан бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының таза активтеріндегі өзгерістер туралы есеп қамтылған.

      Ұлттық қор қаражатының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы есеп ҚР ҰБ-ның және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның есепке алудың түрлі әдістерін (есептеу және кассалық) қолдануына байланысты, сондай-ақ дөңгелектеу есебінен есеп бойынша айырмашылық сомасы көрсетілетін жолды қамтуы мүмкін.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 30 маусымдағы
№ 408 қаулысына
1-қосымша


  Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорына
активтерді есептеу және
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорын пайдалану
қағидаларына
1-қосымша
 
  Нысан
 
  № ____ бет
Қалыптастырылған күні ____

_________ жағдай бойынша

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есеп

20 ___ж. есепті кезең

      Индексі: ДДКСННФ- 1


      Кезеңділігі: ай сайын, жыл сайын


      Ұсынады: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі


      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Үкіметі, Есеп комитеті, Ұлттық экономика министрлігі


      Ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 15-і күніне дейінгі мерзімде


      Өлшем бірлігі ________

Бiрыңғай бюджеттiк
сыныптаманың
коды

Атауы

Жыл басынан бастап өсу қорытындысының сомасы

I. Кірістер:

1

Салықтық түсiмдер


01

Табыс салығы


1

Корпоративтiк табыс салығы


05

Мұнай секторы ұйымдарының заңды тұлғаларынан алынатын корпоративтiк табыс салығы


05

Тауарларға, жұмыстарға және көрсетiлетiн қызметтерге салынатын iшкi салықтар


3

Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланудан түсетiн түсiмдер


22

Мұнай секторының ұйымдарынан алынатын үстеме пайдаға салынатын салық


25

Мұнай секторының ұйымдарынан түсетiн бонустар


26

Мұнай секторының ұйымдарынан түсетiн пайдалы қазбаларды өндiруге салынатын салық


27

Мұнай секторының ұйымдарынан түсетiн экспортқа салынатын рента салығы


28

Мұнай секторының ұйымдарынан жасалған келiсiмшарттар бойынша өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi


29

Мұнай секторының ұйымдарынан өнiмдi бөлу туралы келiсiмшарт бойынша қызметтi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi


2

Салықтық емес түсiмдер


04

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар


2

Мұнай секторының ұйымдарына мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар


01

Мұнай секторының ұйымдарына орталық мемлекеттiк органдар, олардың аумақтық бөлімшелері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiпалулар


02

Мұнай секторының ұйымдарына республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер салатын өзге де айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алулар


03

Мұнай секторы ұйымдарының зиянды өтеуі туралы талаптар бойынша табиғатты пайдаланушылардан алынған қаражат


06

Өзге де салықтық емес түсiмдер


1

Өзге де салықтық емес түсiмдер


11

Мұнай секторының ұйымдарынан түскен басқа да салықтық емес түсiмдер


3

Негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер


03

Жер және материалдық емес активтер сату


1

Жер сату


02

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан түсетiн түсiмдер


II. Қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер

6

Мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер


01

Мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер


1

Ел ішінде қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер


03

Республикалық меншiктегi және кен өндiру мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден түсетiн түсiмдер


III. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ҚБШ-сына арналған түсiмдерiнiң жиыны

IV. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ҚБШ-сынан аударымдар

13

Өзге


9

Өзге


217

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi


005

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына қаражат аударуды ұйымдастыру


349

Мемлекеттiк басқарудың басқа деңгейлерiне берілетін өзге ағымдағы трансферттер


V. Түсiмдер мен аударымдар сальдосы

VI. Қаржы жылының басында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ҚБШ-сындағы ақша қалдығы

VII. Есептi кезеңнің соңында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ҚБШ-сындағы ақша қалдығы

      Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық
уәкiлеттi органның басшысы __________________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
      Есептi қалыптастыруға жауапты
құрылымдық
бөлiмшенiң басшысы ____________________________
(қолы, Т.А.Ә.)

  Нысанға қосымша

"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есептің" нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есептің" нысаны 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі 125-бабының 2-тармағына және "Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығына сәйкес әзірленді.

      2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есептің" нысанын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-і күніне дейінгі мерзімде жасайды және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Есеп комитетіне, Ұлттық экономика министрлігіне жолдайды.

2-тарау. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

      3. Нысан мынадай түрде толтырылады:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есеп" кестесінде:

      нысанның 1-бағанында бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманың коды көрсетіледі;

      нысанның 2-бағанында түсімдер атауы көрсетіледі;

      нысанның 3-бағанында жыл басынан бастап өсу қорытындысының сомасы көрсетіледі.


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 30 маусымдағы
№ 408 қаулысына
2-қосымша
 
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 267 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қалыптастырылуы

мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау нысандары

  1-нысан


Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен
пайдаланылуы туралы есеп

20 ___ж. есепті кезең

      Индексі: ФФИНФ- 1


      Кезеңділігі: жылдық


      Ұсынады: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі


      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Үкіметі


      Ұсыну мерзімі: есепті жылдан кейінгі жылдың 1 маусымына дейінгі мерзімде


Р/с

Қаржылық есептілік баптарының атауы

Сомасы, мың теңге

1

2

3

1

Есепті кезеңнiң басындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор) қаражаты, БАРЛЫҒЫ


2

Түсiмдер, БАРЛЫҒЫ:
Оның iшiнде:
- мұнай секторының ұйымдарынан түсетiн тiкелей салықтар (жергiлiктi бюджеттерге есептелетiн салықтарды қоспағанда), оның ішінде:
корпоративтік табыс салығы;
үстеме пайдаға салынатын салық;
бонустар;
пайдалы қазбаларды өндiруге салынатын салық;
экспортқа салынатын рента салығы;
жасалған келiсiмшарттар бойынша өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi;
мұнай секторының ұйымдарынан өнiмдi бөлу туралы келiсiмшарт бойынша қызметтi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi;
-мұнай секторының ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдер (жергілікті бюджеттерге есептелген түсімдерді қоспағанда) оның ішінде:
мұнай секторының ұйымдарына орталық мемлекеттiк органдар, олардың аумақтық бөлімшелері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алулар, мұнай секторының ұйымдарына республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер салатын өзге де айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алулар;
мұнай секторы ұйымдарының шығынды өтеуі туралы талап-арыздар бойынша табиғатты пайдаланушылардан алынған қаражат;
мұнай секторының ұйымдарынан түсетін басқа да салықтық емес түсiмдер;
- тау-кен өндірісі және өңдеуші салаларға жататын республикалық меншіктегі мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдер;
- ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан түсетiн түсiмдер;
- инвестициялық кiрiстер;
-республикалық бюджеттен берілетін кепілдендірілген трансфертті қайтару;
- республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттері қайтару;
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де түсiмдер мен кiрiстер


3

Пайдалану, БАРЛЫҒЫ:
Оның iшiнде:



- кепiлдiк берiлген трансферт;
- нысаналы трансферттер;
- Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудиттi жүргiзуге байланысты шығыстарды жабу


4

Есептi кезеңнiң соңындағы Ұлттық қордың қаражаты, БАРЛЫҒЫ:




      Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық
      уәкiлеттi органның басшысы _____________________________
       (Т.А.Ә. (ол бар болса), қолы)
      
      Бюджетті атқару жөніндегі орталық
       уәкілетті органның жауапты
       орындаушысы _____________________________
       (Т.А.Ә. (ол бар болса), қолы)

  1-нысанға қосымша

"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен

пайдаланылуы туралы есептің" нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есептің" нысаны 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 133-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есептің" нысаны бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі ________ жылға дейінгі мерзімде жасайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне жолдайды.

2-тарау. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

      3. Нысан мынадай түрде толтырылады:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есеп" кестесінде:

      нысанның 1-бағанында реті бойынша нөмірі көрсетіледі;

      нысанның 2-бағанында қаржылық есептілік бабының атауы көрсетіледі;

      нысанның 3-бағанында қаржылық есептілік бабының сомасы көрсетіледі;

 
  2-нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының

активтері мен міндеттемелері туралы есеп

20___ ж. есепті кезең

      Индексі: ФФИНФ- 2


      Кезеңділігі: тоқсан сайын, жыл сайын


      Ұсынады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі


      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі


      Ұсыну мерзімі: Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шартқа сәйкес ұсынылады.

  (мың теңге)

Қаржылық есептілік
бабының атауы

Ағымдағы күн

Алдыңғы күн

Активтер


Ақша қаражаты және оның баламалары

Туынды қаржы құралдарын қоспағанда, пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қаржы құралдары:
- Ұлттық қор меншігіндегі
- РЕПО мәмілелері бойынша кепілмен ауыртпалық салынған

Өтеу мерзіміне дейін ұсталатын инвестициялар

Туынды қаржы құралдары

Дебиторлық берешек

Активтер жиыны

Міндеттемелер

Туынды қаржы құралдары

РЕПО мәмілелері бойынша кредиторлық берешек

Кредиторлық берешек және есептелген шығыстар

Міндеттемелер жиыны

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотын құрайтын таза активтер


      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
      төрағасының орынбасары _________________ Тегі және аты-жөні
       (қолы)
      
      Қазақстан Республикасы Ұлттық
      Банкінің есептілікті жасауға жауапты
      бөлімшесінің басшысы _________________ Тегі және аты-жөні
       (қолы)

  2-нысанға қосымша

"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері мен міндеттемелері туралы есептің" нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері мен міндеттемелері туралы есептің" нысаны 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 133-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері мен міндеттемелері туралы есептің" нысанын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жасайды және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жолданады.

2-тарау. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

      3. Нысан мынадай түрде толтырылады:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері мен міндеттемелері туралы есеп" кестесінде:

      "Қаржылық есептілік бабының атауы" деген бағанда қаржылық есептілік бабының атауы көрсетіледі;

      "Ағымдағы күн" деген бағанда қаржылық есептілік бабының сомасы ағымдағы күнгі мың теңгемен көрсетіледі;

      "Алдыңғы күн" деген бағанда қаржылық есептілік бабының сомасы алдыңғы күнгі мың теңгемен көрсетіледі.

  3-нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының

жиынтық кірісі туралы есеп

20___ ж. есепті кезең

      Индексі: ФФИНФ- 3


      Кезеңділігі: тоқсан сайын, жыл сайын


      Ұсынады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі


      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі


      Ұсыну мерзімі: Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шартқа сәйкес ұсынылады.

  мың теңге

Қаржылық есептілік бабының атауы

Ағымдағы кезең

Алдыңғы кезең

Кірістер


Сыйақы түріндегі кірістер

Дивидендтер түріндегі кірістер

Форвардтық валюталық келісімшарттарды қоспағанда, пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қаржы құралдарынан түскен таза кіріс /(шығын)

Форвардтық валюталық келісімшарттардан түскен таза кіріс /(шығын)

Шетел валютасымен операциялардан түскен таза кіріс (шығын)

Кірістердің жиыны

Шығыстар


Активтерді басқарғаны үшін комиссия

Кастодиандық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар

Аудиторлық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар

Кәсіби қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар

Бағдарламалық өнімдерді және ақпараттық дерекқорларды пайдаланғаны үшін ақы төлеу бойынша шығыстар

Шығыстардың жиыны

__________________________________
__________________________________
______________________________________________________________________

Таза пайда/(шығын)

Басқа да жиынтық кіріс /(шығын)

Қайта санау кезіндегі бағамдық айырма
 

Басқа да жиынтық кіріс/(шығын)
 

Кезең ішіндегі жалпы жиынтық кіріс /(шығын) жиыны


      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
      Төрағасының орынбасары _________________ Тегі және аты-жөні
       (қолы)
      
      Қазақстан Республикасы Ұлттық
      Банкінің есептілікті жасауға жауапты
      бөлімшесінің басшысы _________________ Тегі және аты-жөні
       (қолы)

  3-нысанға қосымша

"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының

жиынтық кірісі туралы есептің" нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жиынтық кірісі туралы есептің" нысаны 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі
133-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жиынтық кірісі туралы есеп" нысанын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жасайды және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жолданады.

2-тарау. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

      3. Нысан мынадай түрде толтырылады:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жиынтық кірісі туралы есеп" кестесінде:

      "Қаржылық есептілік бабының атауы" деген бағанда қаржылық есептілік бабының атауы көрсетіледі;

      "Ағымдағы кезең" деген бағанда қаржылық есептілік бабының сомасы ағымдағы кезеңдегі мың теңгемен көрсетіледі;

      "Алдыңғы кезең" деген бағанда қаржылық есептілік бабының сомасы алдыңғы кезеңдегі мың теңгемен көрсетіледі.

  4-нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының

ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп

20___ ж. есепті кезең

      Индексі: ФФИНФ- 4


      Кезеңділігі: тоқсан сайын, жыл сайын


      Ұсынады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі


      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі


      Ұсыну мерзімі: Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шартқа сәйкес ұсынылады.

  мың теңге

Баптың атауы

Ағымдағы кезең

Алдыңғы кезең

Операциялық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы:


Таза пайда /(шығын)

Мыналарға түзетулер:

Қазақстанның мемлекеттік компанияларының облигациялары бойынша (дисконттың) /сыйлықақының амортизациясы

РЕПО мәмілелері бойынша сыйақы түріндегі шығыстар

Әділ құны бойынша есепке алынатын қаржы құралдарынан іске асырылмаған (кіріс)/шығын, олардың өзгерістері кезеңдегі пайданың немесе шығынның құрамында көрсетіледі

Операциялық қызметтен түскен ақша қаражатының операциялық активтердегі және міндеттемелердегі өзгерістерге дейінгі қозғалысы

Операциялық активтердің (ұлғаюы)/азаюы:

Туынды қаржы құралдарын қоспағанда, пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қаржы құралдары

Туынды қаржы құралдары

Дебиторлық берешек

Операциялық міндеттемелердің ұлғаюы (азаюы):

Туынды қаржы құралдары

РЕПО мәмілелері бойынша кредиторлық берешек

Кредиторлық берешек және есептелген шығыстар
 

Операциялық қызметтегі/қызметтен ақша қаражатының таза түсуі/(пайдаланылуы)

Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы:

Қазақстанның мемлекеттік компанияларының облигацияларын (сатып алу)/сату немесе өтеу
Инвестициялық қызметтегі/қызметтен ақша қаражатының таза түсуі/(пайдаланылуы)

Қаржылық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы:


Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінен түсімдер

Республикалық бюджетке аударымдар
Өзге аударымдар

Қаржылық қызметтен/қызметтегі ақша қаражатының таза түсуі/(пайдаланылуы)

Ақша қаражатының және олардың баламаларының таза ұлғаюы (азаюы)

Кезең басындағы ақша қаражаты және оның баламалары

Кезең соңындағы ақша қаражаты және оның баламалары


      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
      Төрағасының орынбасары _________________ Тегі және аты-жөні
       (қолы)
      
      Қазақстан Республикасы Ұлттық
      Банкінің есептілікті жасауға жауапты
      бөлімшесінің басшысы _________________ Тегі және аты-жөні
       (қолы)


  4-нысанға қосымша

"Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры

ақша қаражатының қозғалысы туралы есептің" толтыру нысанын жөніндегі түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры ақша қаражатының қозғалысы туралы есептің" нысаны 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 133-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры ақша қаражатының қозғалысы туралы есептің" нысанын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жасайды және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жолданады.

2-тарау. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

      3. Нысан мынадай түрде толтырылады:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп" кестесінде:

      қаржылық есептіліктің "Баптың атауы" деген бағанда қаржылық есептілік бабының атауы көрсетіледі;

      "Ағымдағы кезең" деген бағанда қаржылық есептілік бабының сомасы ағымдағы кезеңдегі мың теңгемен көрсетіледі;

      "Алдыңғы кезең" деген бағанда қаржылық есептілік бабының сомасы алдыңғы кезеңдегі мың теңгемен көрсетіледі.

  5-нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының

таза активтеріндегі өзгерістер туралы есеп

20___ ж. есепті кезең

      Индексі: ФФИНФ- 5


      Кезеңділігі: тоқсан сайын, жыл сайын


      Ұсынады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі


      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі


      Ұсыну мерзімі: Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шартқа сәйкес.


      мың теңге

Баптардың атауы
Өткен кезеңнің басындағы қалдық

Түсімдер

Аударымдар

Таза пайда/ (шығын)

Валютаны қайта бағалау бойынша резерв
 

Барлығы

Таза пайда/(шығын)
Басқа да жиынтық кіріс
Кейіннен пайданың немесе шығынның құрамында қайта жіктелмейтін баптар:
Валютаны қайта бағалаудағы таза активтердің бастапқы сальдоға әсері
Валютаны қайта бағалаудағы таза пайдаға (шығынға) және басқа да ауыстыруларға әсері
Кейіннен пайданың немесе шығынның құрамында қайта жіктелмейтін баптардың барлығы:
Басқа да жиынтық кірістің барлығы

_______

________

_______________

______________

________

Таза активтердің құрамында тікелей көрсетілген меншік иелерімен операциялар
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінен түсімдер
Республикалық бюджетке аударымдар
Өзге аударымдар






Таза активтердің құрамында тікелей көрсетілген меншік иелерімен операциялардың барлығы
Өткен кезеңнің аяғындағы қалдық
Ағымдағы кезеңнің басындағы қалдық
Таза пайда/(шығын)
Өзге де жиынтық кіріс
Кейіннен пайданың немесе шығынның құрамында қайта жіктелмейтін баптар:
Валютаны қайта бағалаудың таза активтердің бастапқы сальдосына әсері
Валютаны қайта бағалаудың таза пайдаға (шығынға) және басқа да ауыстыруларға әсері
Кейіннен пайданың немесе шығынның құрамында қайта жіктелмейтін баптардың барлығы:

Түсімдер

Аударымдар

Таза пайда/ ____(шығын)

Валютаны қайта бағалау бойынша резерв

Барлығы
 

Кезеңдегі басқа да жиынтық кірістің барлығы
Таза активтердің құрамында тікелей көрсетілген меншік иелерімен операциялар
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінен түсімдер
Республикалық бюджетке аударымдар
Өзге аударымдар
Таза активтердің құрамында тікелей көрсетілген меншік иелерімен операциялардың барлығы
Ағымдағы кезеңнің соңындағы қалдық

___

____

________

______________

___


      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
      Төрағасының орынбасары _________________ Тегі және аты-жөні
       (қолы)
      
      Қазақстан Республикасы Ұлттық
      Банкінің есептілікті жасауға жауапты
      бөлімшесінің басшысы _________________ Тегі және аты-жөні
       (қолы)

  5-нысанға қосымша

"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының

таза активтеріндегі өзгерістер туралы есептің" нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының таза активтеріндегі өзгерістер туралы есептің" нысаны 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 133-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының таза активтеріндегі өзгерістер туралы есептің" нысанын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жасайды және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жолданады.

2-тарау. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

      3. Нысан мынадай түрде толтырылады:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының таза активтеріндегі өзгерістер туралы есеп" кестесінде:

      қаржылық есептіліктің "Баптың атауы" деген бағанда қаржылық есептілік баптарының атауы көрсетіледі;

      "Түсімдер" деген бағанда қаржылық есептілік бабының сомасы ағымдағы және алдағы кезең үшін мың теңгемен көрсетіледі;

      "Аударымдар" деген бағанда қаржылық есептілік бабының сомасы ағымдағы және алдағы кезең үшін мың теңгемен көрсетіледі;

      "Таза пайда/(шығын)" деген бағанда қаржылық есептілік бабының сомасы ағымдағы және алдағы кезең үшін мың теңгемен көрсетіледі;

      "Валютаны қайта бағалау бойынша резерв" деген бағанда қаржылық есептілік бабының сомасы ағымдағы және алдағы кезең үшін мың теңгемен көрсетіледі;

      "Барлығы" деген бағанда қаржылық есептілік бабының жиынтық сомасы ағымдағы және алдағы кезең үшін мың теңгемен көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады