Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы Білім мен тәжірибе алмасудың бірлескен бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қосымша келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 298 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы Білім мен тәжірибе алмасудың бірлескен бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қосымша келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Ерболат Асқарбекұлы Досаевқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы Білім мен тәжірибе алмасудың бірлескен бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қосымша келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов 

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 25 сәуірдегі
№ 298 қаулысымен   
мақұлданған     

Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы Білім мен тәжірибе алмасудың бірлескен бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қосымша келісім

      Бірлесіп Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - Үкімет) және Азия Даму Банкі (бұдан әрі - АДБ) 2013 жылғы 17 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы Білім мен тәжірибе алмасудың бірлескен бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум (бұдан әрі - Меморандум, БТАБ) жасасқанын назарға ала отырып;
      Тараптар БТАБ табыстылығын нығайтуға және Меморандумға қосымша келісімнің (бұдан әрі - Қосымша келісім) негізінде ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдіретінін назарға ала отырып, Тараптар мынадай өзгерістер мен толықтыруларға қатысты келісті:
      1. Меморандумның 1-бабы мынадай мазмұндағы 1.3-тармақпен толықтырылсын:
      «1.3. БТАБ Үкімет мен АДБ арасындағы Әріптестік туралы негіздемелік келісім шеңберіндегі әлеуметтік-экономикалық зерттеулер мен іс-шараларды (бұдан әрі - Негіздемелік келісім) іске асыруды көздейді.»;
      Меморандумның 2-бабының 2.2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      «Үкімет қаражатынан 100 пайызға дейін қаржыландырылатын жобаларды әзірлеуге арналған іс-шараларға Үкімет бастамашылық жасай алады. АДБ-ның ішкі рәсімдері мен Қағидаларын ескере отырып, АДБ қаражат беру мүмкіндігін қарайды.»;
      мәтін бойынша «Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі», деген сөздер мен «ЭЖБМ» деген аббревиатура тиісінше «Ұлттық экономика министрлігі» және «ҰЭМ» деген аббревиатурамен сөздермен ауыстырылсын;
      Меморандумның 3.10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3.10.2013 - 2014 жылдары БТАБ шеңберіндегі әлеуметтік-экономикалық зерттеулерді Тараптар тең үлестермен бірлесіп қаржыландыратын болады. 2015 - 2017 жылдары Үкімет БТАБ-қа 3000000 АҚШ долл. сомасындағы қаражатты, сондай-ақ іс-шараларды іске асыруға, оның ішінде негіздемелік келісімдерді іске асыру шеңберіндегі жобаларды әзірлеуге арналған кез келген басқа қаражатты бөледі. Кез келген мұндай қаражатты толықтыру ҰЭМ және АДБ арасындағы хат алмасу арқылы келісіледі. Игерілмеген қаражат келесі жылға бағытталатын болады.

Кезең

Жалпы бюджет
(АҚШ долл.)

АДБ
(АҚШ долл.)

Үкімет
(АҚШ долл.)

2013 - 2014

5000000

250000

250000

2015 - 2017

50000000

2000000

3000000

Барлығы

5500000

2250000

3250000

                                                                 »;

      Меморандумның 5.3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Меморандум қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады. Осы Меморандумға қатысты Тараптар арасындағы келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар дауды бейбіт жолмен шешуге қол жеткізу үшін тиісті шараларды қабылдайды.».
      2. Осы Қосымша келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
      3. 2015 жылғы «__» ________ Астана қаласында екі төлнұсқа данада ағылшын тілінде жасалды.

      Қазақстан Республикасының           Азия Даму Банкі үшін
           Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады