"Қазақстан даму банкі" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 343 қаулысы

      «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы
18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы
9-бабының 9) тармақшасына, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 192-бабының 2-1-тармағына және «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 114-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан даму банкі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – қарыз алушы) тәуелсіз бағалаушы айқындаған құн бойынша 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 9ПРЧ 051 кредиттік шартқа сәйкес берілген кредит бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің алдындағы міндеттемесі бойынша «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» (Қазақстан Петрокемикал Индастриз Инк.) жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Атырау облысында алғашқы интеграцияланған газ-химия кешенінің инфрақұрылымын салу» инвестициялық стратегиялық жобасын іске асыру кезінде туындаған, осы қаулыға қосымшада көрсетілген түпкілікті қарыз алушының мүлкімен (бұдан әрі – мүлік) бюджеттік кредитті мерзімінен бұрын өтеу туралы ұсынысына келісім берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мүлікті республикалық меншікке қабылдағаннан кейін:
      1) осы қаулыға қосымшаның 14 және 5-тармақтарында көрсетілген мүлікті «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге;
      2) осы қаулыға қосымшаның 2-тармағында көрсетілген мүлікті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге беруді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Энергетика, Қаржы министрліктері қабылданған шешімнің уақтылы және толық орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 343 қаулысына   
қосымша       

«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(Қазақстан Петрокемикал Индастриз Инк.)
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
мүлкінің тізбесі

                             Жылжымайтын мүлік:
      1. Кірме темір жолы, Заводская теміржол станциясы.
      2. Қарабатан теміржол станциясы (т/ж жолдары мен қосалқы объектілерді дамыту).
      3. Айналма автомобиль жолының жолөткелі.

                              Жылжымалы мүлік:
      4. Тоған-буландырғыштың жобалық-сметалық құжаттамасы.
      5. Су құбырының жобалық-сметалық құжаттамасы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады