Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы "Шағын және орта кәсіпорындарды басқаруды, сондай-ақ кәсіпкерлік мәселелерін реттейтін саясаттарға шолу" жобасын іске асыру туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 361 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы «Шағын және орта кәсіпорындарды басқаруды, сондай-ақ кәсіпкерлік мәселелерін реттейтін саясаттарға шолу» жобасын іске асыру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Ерболат Асқарбекұлы Досаевқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы «Шағын және орта кәсіпорындарды басқаруды, сондай-ақ кәсіпкерлік мәселелерін реттейтін саясаттарға шолу» жобасын іске асыру туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 361 қаулысымен  
мақұлдаған     

                                                       Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық
ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы «Шағын және орта
кәсіпорындарды басқаруды, сондай-ақ кәсіпкерлік мәселелерін
реттейтін саясаттарға шолу» жобасын іске асыру туралы келісім

      Осы жерде және бұдан әрі жеке-жеке «Тарап» немесе бірге «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі – ЭЫДҰ) төмендегілер туралы келісті:

1-бап. Шарттың нысанасы

      1. ЭЫДҰ «Шағын және орта кәсіпорындарды басқаруды, сондай-ақ кәсіпкерлік мәселелерін реттейтін саясаттарға шолу» жобасын (бұдан әрі – жоба) іске асырады.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі жоба шеңберінде ЭЫДҰ орындайтын жұмысты қаржыландыруға келіседі.
      3. Жобаның ұзақтығы – осы Келісімге қол қойылған күнінен бастап 18 ай.

2-бап. Бюджет және қаржыландыру тетіктері

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі ЭЫДҰ-ға жобаны іске асыруға байланысты шығыстарды жабуға осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын II қосымшада көрсетілгендей, 250000 (екі жүз елу мың) евро жарна ұсынуға міндеттенеді.
      2. Жарна мынадай кестеге сәйкес төленеді:
      1) 80 % (сексен) бірінші жарна 200000 (екі жүз мың) евро мөлшерінде осы Келісім күшіне енген және ЭЫДҰ-дан тиісті шот-фактура алынған сәттен бастап 30 (отыз) күн ішінде толық көлемде төленеді;
      2) 20 % (жиырма) екінші жарна 50000 (елу мың) евро мөлшерінде ЭЫДҰ-дан шот-фактура алынған кезде 2016 жылғы қыркүйекте төленеді.
      3. ЭЫДҰ бұл жарнаны қазіргі уақытта жарнаның жалпы сомасының
6,3 % әкімшілік шығындарды өтеуді көздейтін ЭЫДҰ-ның қаржылық ережелеріне және басқа тиісті қағидаларына, саясаттары мен рәсімдеріне сәйкес әкімшілендіреді. Жалпы қабылданған бухгалтерлік есеп қағидаттарына сәйкес шығыс ЭЫДҰ-ның шоттарында көрсетіледі және ЭЫДҰ-ның стандартты аудит қағидаларына сәйкес аудит кезінде тексерілуі мүмкін.

3-бап. Жұмыстармен есептіліктің сипаттамасы

      1.ЭЫДҰ осы Келісімге І қосымшада сипатталғандай, оның ажырамас бөлігі болып табылатын жобаны іске асыруға жауапты болады.
      2. Осы Келісімге қол қойылғаннан күннен бастап алты ай өткеннен кейін үш ай ішінде ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне жобаның іске асырылу барысы туралы аралық есепті ұсынады.
      3. Жоба аяқталғаннан кейін алты ай ішінде ЭЫДҰ
Қазақстан Республикасының Үкіметіне қорытынды есепті ұсынады.
      4. Осы Келісімге қол қойылғаннан кейін он екі ай ішінде ЭЫДҰ
Қазақстан Республикасының Үкіметіне шығыстар туралы ақпараты бар жылдық есепті ұсынады.
      5. Жоба аяқталғаннан кейін алты ай ішінде ЭЫДҰ
Қазақстан Республикасының Үкіметіне шығыстар бойынша түпкілікті қаржылық есепті ұсынады.
      6. Қазақстан Республикасының Үкіметі ЭЫДҰ есептілігінің стандартты форматына сәйкес шығындар туралы есепті осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын ІІІ қосымшада сипатталғандай, қаржылық есептілікке қойылатын талаптар сақталатынымен келіседі.

4-бап. Ақпарат алмасу

      Жобаны жүзеге асыру үшін қажетті Тараптар бір-біріне көмек және жобаны жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат ұсынады.
      Тараптар арасындағы кез келген ақпарат алмасу мына мекенжайға жіберіледі:
      Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі – 010000, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Орынбор көшесі, № 8 үй, тел.: 8 (7172) 74-90-98, e-mail: d.tazhenova@economy.gov.kz;
      ЭЫДҰ үшін: Кәсіпкерлік, ШОБ дамыту және жергілікті даму жөніндегі ЭЫДҰ орталығы 2, Андре-Паскаль көшесі, 75775 Париж, Кедекс 16, Франция, e-mail:jonathan.potter@oecd.org.

5-бап. Жобаның нәтижелерін пайдалану

      1. Жобаның кез келген нысандағы нәтижелері ЭЫДҰ-ның меншігі болып қалады.
      2. Құжаттардың жіктелуіне және жіктемеден шығарылуына қатысты, үшінші тараптардың құқықтары, сондай-ақ ЭЫДҰ қағидалары мен саясаты сақталатын болса, ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне кез келген мемлекеттік коммерциялық емес мақсаттар үшін жоба бойынша қорытынды есептің қағаз көшірмелерін қолдануға, көшіруге және таратуға айрықша емес, қайтарып алынбайтын құқықты береді. Қазақстан Республикасының Үкіметі сондай-ақ толықтай қорытынды есеп ретінде өз веб-сайтында орналастыруға және таратуға уәкілетті.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі қажет болған жерде үнемі
ЭЫДҰ-ның авторлық құқығын тиісті түрде мойындайды.
      4. ЭЫДҰ осындай жарияланымның тілі мен үлгісіне қарамастан, қорытынды есепті бірінші жариялау құқығын өзіне қалдырады.
      5. Қорытынды есеп Қазақстан Республикасы Үкіметінің жобаға қосқан үлесін мойындауды қамтитын болады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің символы жарияланымның мұқабасының артқы бетінде немесе жоғарыда көрсетілген мақұлдаудың жанында жарияланымның ішінде орналастырылады.
      6. Жоба барысында ЭЫДҰ-ға ұсынылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің меншігі болып табылатын кез келген деректер немесе ақпарат Қазақстан Республикасы Үкіметінің меншігі болып қалады. ЭЫДҰ өз есебін дайындау және жобаны жүзеге асыру үшін қолдану мақсатында көрсетілген деректер мен ақпаратты пайдалануға және/немесе қосып алуға құқығы бар.

6-бап. Дауларды реттеу

      Осы Келісімнің болуын, жарамдылығын немесе бұзылуын қоса алғанда, түсіндіруден, оны қолданудан немесе орындаудан немесе осыларға қатысты туындайтын және келіссөздер жолымен шешу мүмкін емес кез келген келіспеушілік немесе наразылық аралық соттың тұрақты палатасының осы Келісімді жасасу күніне қолданыстағы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар үшін төрелік соттың факультативтік қағидаларына сәйкес міндетті күші бар соңғы төрелік талқылаумен шешіледі. Төрешілердің саны – біреу. Төреші Тараптар арасындағы уағдаластық арқылы таңдалады, егер төрелік талап етілгеннен кейін үш айдың ішінде мұндай уағдаластыққа қол жеткізілмесе, төреші Тараптардың бірінің талабы бойынша жоғарыда көрсетілген қағидаларға сәйкес тағайындалады. Төрелік сот Франция, Парижде өтеді және барлық іс жүргізу мен ұсынылатын түсініктемелер ағылшын тілінде болуы тиіс.

7-бап. Артықшылықтар мен иммунитеттер

      Осы Келісімде ешнәрсе халықаралық ұйым ретінде ЭЫДҰ артықшылықтары мен иммунитеттерінен бас тарту ретінде түсіндірілмеуі тиіс.

8-бап. Өзгерістер мен толықтырулар

      Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөліктері болып табылатын жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

9. Күшіне ену

      Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мәтіндерде сәйкессіздік болған жағдайда, ағылшын тіліндегі нұсқасы жалғыз түпнұсқа болып табылады.

      Қазақстан Республикасының       Экономикалық ынтымақтастық
        Үкіметі тарапынан             және даму ұйымы тарапынан

            Ерболат Досаев                   Cержио Арзени
      Қазақстан Республикасының        Кәсіпкерлік орталығының
      Ұлттық экономика министрі                директоры

Қолы:______________________       Қолы:_____________________

Күні:______________________       Күні:_____________________

Энтони Дж. Роттьер
Атқарушы директор

Қолы:_____________________

Күні: ____________________

І қосымша

ЭЫДҰ «Шағын және орта кәсіпорындарды басқаруды,
сондай-ақ кәсіпкерлік мәселелерін реттейтін саясаттарға шолу»

      Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнес (бұдан әрі – ШОБ) және кәсіпкерлік саласындағы мәселелер мен саясатқа шолу Қазақстанда ШОБ және кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін мүмкіндіктер мен кедергілерді талдауды және осы салада мемлекеттік саясатты жүргізу бойынша ұсыныстарды қамтитын болады. Шолуда шағын және орта бизнес және кәсіпкерлік қызмет секторының ағымдағы жағдайы, институционалдық және экономикалық негіздемелік шарттар, саясат және саяси шараларды іске асыруға арналған стратегиялық шеңберлер, шағын және орта бизнес пен кәсіпкерлікті қолдау бойынша ағымдағы бағдарламаларды ұлттық деңгейде жүзеге асыру және ұлттық және өңірлік саясаттар және ШОБ пен кәсіпкерлік қызмет аясындағы бағдарламалардың келісілуі талданатын болады. Бұл халықаралық салыстыру мен тәжірибеге, сонымен қатар, ШОБ-тың нарыққа енуіне мүмкіндік беру бойынша саясат ұсыныстарына негізделген мемлекеттік саяси ұсынымдарды қамтамасыз етеді.
      Шолу 2011/2015 Қазақстандағы ШОБ-қа тікелей шетелдік инвестициялардың (бұдан әрі – ТШИ) өңірлік стратегиялары бойынша Еуразиядағы бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату жөніндегі ЭЫДҰ Бағдарламалары шеңберінде Орталық Азиядағы ЭЫДҰ LEED Бағдарламасының және ЭЫДҰ DAF бәсекеге қабілеттілік бастамасының бірлескен жобасына сүйенетін болады. Бұл жобада ТШИ мен ШОБ арасындағы байланысты құру және пайдалану есебінен баға құрудың ғаламдық тізбегіне шағын және орта кәсіпорындардың интеграциясына саясаттың қалай көмек көрсететінін қарастырылды. Ол Қазақстанның үш өңірінде бар мүмкіндіктер мен талаптарды бағалауды және жергілікті және ұлттық деңгейде саяси әрекеттер үшін ұсынымдар шығаруды қамтиды. Сондай-ақ Үкіметке және оның әріптестеріне ТШИ интеграциялауға және тартуға бағытталған бағдарламалар мен саясатты бағалау және мониторингтеу стратегиясын әзірлеуге қолдау көрсетті.
      Шолудың мақсаты шағын және орта бизнес пен кәсіпкерлік және халықаралық деңгейде ШОБ саясат жүргізудегі алдыңғы қатарлы тәжірибемен салыстыру және мүмкіндіктер мен проблемаларды бағалау негізінде ықпал ету және қабілеттілігін арттыру үшін енгізілуі мүмкін өзгерістерді қолдау бағытындағы саясат пен бағдарламаның міндетін талдау болып табылады. Бұл талдау ШОБ дамыту бағытындағы қазақстандық саясаткерлер мен практиктерге ұсынылуы керек.
      Шолуда Қазақстандағы кәсіпкерлік пен шағын және орта бизнес қызметіне қатысты барлық негізгі мәселелер мен саясат үшін салдары, оның ішінде: І) кәсіпкерлік пен ШОБ қызметінің тиімділігі; ІІ) бизнес орта мен институционалдық және экономикалық талаптар шеңбері (адам капитал, қаржылық қолжетімділік, заңнамалық нормалар мен салық салу, тауарлық нарық талаптары, технологиялар мен зерттеулер және т.б.); ІІІ) кәсіпкерлік пен ШОБ-тағы саясат пен бағдармалар (саяси күн тәртібі, саяси құрылымдар, жүргізіліп отырған саясаттың орындылығы, қолдау шаралары мен бағдарламалары); IV) Қазақстандағы кәсіпкерлік пен ШОБ қатысты саясаттың жергілікті өлшемі, оның ішінде ұлттық және жергілікті саясаттың келісілуі және жергілікті жайттарға ұлттық саясаттың сәйкестігі қарастырылатын болады.
      Бұдан басқа, аталған шолу шеңберінде Қазақстанда анықталатын саяси проблемаларды шешуге мысал бола алатын басқа елдерде қолданылатын оқу модельдері мен тәсілдемелері белгіленеді.

      Болжалды кесте

2015 жылғы сәуір

Бастапқы кезеңдегі кеңес

2015 жылғы маусым

Қазақстандық ведомстволармен және жергілікті консультантпен сауал парағының бірінші жобасын әзірлеудің аяқталуы

2015 жылғы шілде

Қазақстанда деректер жинау жөніндегі миссия

2015 жылғы қараша

Есептің бірінші жобасы

2015 жылғы желтоқсан

Жобаның іске асырылуы туралы есеп

2016 жылғы қаңтар

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінен есеп бойынша түсініктер

2016 жылғы наурыз

Есептің екінші жобасы

2016 жылғы сәуір

Парижде WPSMEE кеңесінде сарапшылармен және әріптестермен талқылау

2016 жылғы маусымның соңы

Тұжырымды есепті ұсыну

2016 жылғы қыркүйектің соңы

Есепті жариялау

II қосымша

Қосымша ұсынылатын бюджет евромен

Атауы Евро

ЭЫДҰ персоналына және консультацияларға шығындар

190290

Кездесулер мен сапарларға шығындар

35000

Басылымдарға, ауызша және жазбаша аудармаларға шығындар

8960

Байланысқа, АТ және басқа шығындар, ЭЫДҰ гранттарының әкімшілігі

15750

Барлығы

250000

III қосымша
ШЫҒЫСТАР ТУРАЛЫ СТАНДАРТТЫ ЕСЕПТЕР

                                          ЭЫДҰ
                                          Экономикалық ынтымақтастық
                                          және даму ұйымы

Сіздің сілтеме: донор және сілтеме: XXX
Біздің сілтеме: XXX
Сала: XXX

Сілтеме: шығындар саласындағы сипаты
Үлес XXX евро
КК/АА/ЖЖ бастап КК/АА/ЖЖ аралығындағы кезең

_____________________________________________________________________

Шығындардың атауы                                    Евро
_____________________________________________________________________

Персонал бойынша шығындары                           XXX

Сапарлар                                             XXX

Зияткерлік көрсетілетін қызметтер                    XXX

Жариялау және аударма шығындар                       XXX

ЭЫДҰ гранттарының әкімшілігі                         XXX

_____________________________________________________________________
Шығындардың жалпы сомасы
_____________________________________________________________________

Директоры                         Бухгалтерлік есеп бөлімінің бастығы

ЭЫДҰ                                                             ЭЫДҰ

Шығындар саласы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады