Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы хаттама жобасына қол қою туралы ұсыныс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 366 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы хаттама жобасына қол қою туралы ұсыныс енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Жоба

2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған 2014 жылғы 29 мамырдағы
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз
Республикасының қосылуы туралы шартқа Армения Республикасының
қосылуы туралы
ХАТТАМА

      Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы бір тараптан және Армения Республикасы екінші тараптан,
      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы шарттың 1-бабы төртінші абзацының ережелерін басшылыққа ала отырып,
      2014 жылғы 10 қазанда қол қойылған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы шарттың 2015 жылғы 2 қаңтарда күшіне енгенін назарға ала отырып және 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шартқа 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылғанын ескере отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы Хаттамамен Армения Республикасы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шартқа қосылады.

2-бап

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттердің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап, бірақ 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шарт күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.

      _________ қаласында 2015 жылғы «___» ___________ орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.
      Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, осы Хаттамаға қатысушы әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

      Беларусь        Қазақстан         Қырғыз        Ресей
   Республикасы     Республикасы     Республикасы   Федерациясы
       үшін             үшін             үшін          үшін

Армения Республикасы үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады