Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шарт жобасына қол қою туралы ұсыныс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1347 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шарт жобасына қол қою туралы ұсыныс енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Жоба

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы
шартқа Қырғыз Респубикасының қосылуы туралы
ШАРТ

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы, бір тараптан, және Қырғыз Республикасы, екінші тараптан,
      Тараптар мен олардың халықтарын байланыстырып отырған достық қарым-қатынастарды және олардың өркендеуін қамтамасыз етуге деген талпынысты растай отырып,
      әлеуметтік прогресс және халықтардың әл-ауқатын жақсарту мақсатында Тараптардың неғұрлым тығыз интеграциясын дамытуға, экономикаларының жақындай түсуіне жаңа серпін беруге батыл қадам жасай отырып,
      еуразиялық интеграциялық процесті дамытуға деген өз мүдделілігін растай отырып,
      Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Қырғыз Республикасы басшыларының 2014 жылғы 29 мамырдағы және 2014 жылғы 10 қазандағы Қырғыз Республикасының еуразиялық интеграциялық процеске қатысуы туралы мәлімдемесін басшылыққа ала отырып,
      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы шартқа 2014 жылғы 10 қазанда қол қойылғанын, сонымен қатар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістерді енгізу көзделгенін назарға ала отырып,
      олардың негізінде Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің шарттық-құқықтық базасын қалыптастыру жүзеге асырылған халықаралық шарттар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың негізі болғандығын назарға ала отырып, Қырғыз Республикасының көрсетілген халықаралық шарттарда көзделген міндеттемелерді орындауға дайын екендігін белгілей отырып, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Кеден одағына және Бірыңғай экономикалық кеңістігіне Қырғыз Республикасының қосылуы жөніндегі қажетті іс-шараларды Қырғыз Республикасының орындағанын ескере отырып,
      төмендегі туралы уағдаласты:

1-бап

      Осы Шарт арқылы Қырғыз Республикасы 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа, сондай-ақ осы Шарттың  қосымшасына сәйкес тізім бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін басқа да халықаралық шарттарға қосылады және осы Шарт және осы баптың екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген хаттамалар күшіне енген күннен бастап Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі болады.
      Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа және осы Шартқа қосымшада көрсетілген жекелеген халықаралық шарттарға (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы Хаттамамен енгізілген өзгерістерді және Армения Республикасының қосылуымен байланысты (2014 жылғы 10 қазанда қол қойылған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы шарттың 2 қосымшасы) Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің шарттық-құқықтық базасын құру шеңберінде жасасқан халықаралық шарттарды ескере отырып) қосылуына байланысты жеке хаттамаға сәйкес өзгерістер енгізіледі, ол осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
      Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың және осы Шарттың қосымшасында көрсетілген басқа да халықаралық шарттардың жекелеген нормаларын қолдануы осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын жеке хаттамамен айқындалатын талаптарға және өтпелі ережелерге сәйкес және осы хаттамада көзделген тізбе бойынша тауарларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифін қолдану жөніндегі уағдаластықтар ескеріле отырып жүзеге асырылады.

2-бап

      Егер осы Шарт күшіне енгенге дейін Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін Еуразиялық экономикалық одақтың жұмыс істеуіне және дамуына байланысты мәселелер бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың мүше мемлекеттері арасында жасалған және осы Шарттың қосымшасында көрсетілмеген халықаралық шартқа қол қойылатын немесе ол күшіне енетін болса, Қырғыз Республикасы жеке хаттамаға сәйкес осындай халықаралық шарт күшіне енген күні, бірақ осы Шарт күшіне енген күннен кейін осындай халықаралық шартқа қосылу жөніндегі міндеттемені өз мойнына алады.

3-бап

      Осы Шарт күшіне енген күннен бастап осы Шарттың күшіне енген күнінде қолданыста болған Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілері, сондай-ақ Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының Жоғары органының)) шешімдері, Еуразиялық экономикалық комиссияның (Кеден одағы комиссиясының) шешімдері осы Шарттың 1-бабының үшінші абзацында көрсетілген хаттамада айқындалған ережелер ескеріле отырып, Қырғыз Республикасының аумағында қолданылуға жатады.

4-бап

      Қырғыз Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымындағы мүшелігіне байланысты мәселелерді реттеу жөніндегі ережелер осы Шарттың 1-бабының үшінші абзацында көрсетілген хаттамада айқындалады.
      Үшінші елдерге қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай сауда режимін сақтау мақсатында Қырғыз Республикасы өздері осындай үшінші елдермен жасасқан халықаралық шарттарға сәйкес 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың барлық мүше мемлекеттері қолданатын режимге сәйкес режимді үшінші елдермен саудасында қолданады. Бұл ретте, Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі болып табылмайтын мемлекеттермен жасасқан халықаралық шарттары бойынша міндеттемелерімен Қырғыз Республикасының осы Шарттан туындайтын міндеттемелері арасында қайшылықтар болған жағдайда, осы Шарттың ережелері қолданылады.

5-бап

      Осы Шартқа ескертпе жасауға жол берілмейді.

6-бап

      Осы Шарттың ережелерін түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты даулар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 112-бабына сәйкес шешіледі.

7-бап

      Осы Шарт Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіреді.
      Осы Шарт ратификациялауға жатады және депозитарий оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап, бірақ осы Шарттың 1-бабының екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген хаттамалардың соңғысы күшіне енген күннен кейінгі күннен соң күшіне енеді.

      _________ қ. 2014 жылғы « » ___________ орыс тілінде бір данада жасалды.

      Осы Шарттың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Шарттың депозитарийі бола отырып, әр Тарапқа оның расталған көшірмесін жібереді.

     Беларусь Республикасы үшін

    Қазақстан Республикасы үшін

Ресей Федерациясы          үшін

Қырғыз Республикасы
үшін

2014 жылғы 29 мамырдағы     
Еуразиялық экономикалық одақ туралы
шартқа Қырғыз Республикасының 
қосылуы туралы шартқа    
ҚОСЫМША             

Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін Қырғыз
Республикасы қосылатын халықаралық шарттардың
ТІЗБЕСІ

      1. 2008 жылғы 25 қаңтардағы Тауарлардың шығарылған елін айқындаудың бірыңғай ережесі туралы келісім.
      2. 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісім (2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2012 жылғы 23 сәуірдегі Хаттама редакциясында).
      3. 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Кеден одағының тарифтік преференцияларының бірыңғай жүйесі туралы хаттама.
      4. 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тауарлардың дамушы және аз дамыған елдерден шығарылғанын айқындау ережесі туралы келісім.
      5. 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шарт (Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2010 жылғы 16 сәуірдегі Хаттама редакциясында).
      6. 2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдарының өзара әкімшілік көмегі туралы келісім.
      7. 2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімі туралы келісім.
      8. 2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған сомаларды аудару тәртібі туралы келісім (2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған сомаларды аудару тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2011 жылғы 19 желтоқсандағы Хаттама редакциясында).
      9. 2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала ақпаратты ұсыну туралы және алмасу туралы келісім.
      10. 2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары мен өзге де мемлекеттік органдары арасында ақпарат алмасуға қойылатын талаптар туралы келісім.
      11. 2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту негіздемелері, шарттары және тәртібі туралы келісім.
      12. 2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағының кедендік аумағы арқылы темір жол көлігімен өткізілетін тауарлардың кедендік транзитінің ерекшеліктері туралы келісім.
      13. 2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісім (2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2011 жылғы 19 қазандағы Хаттама редакциясында).
      14. 2010 жылғы 18 маусымдағы Еркін қоймалар және еркін қойманың кедендік рәсімі туралы келісім.
      15. 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдарының кедендік бақылаудың белгілі бір нысандарын қолдануынан босату туралы келісім.
      16. 2010 жылғы 18 маусымдағы Жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын, сондай-ақ жүктерді және (немесе) багажды тасымалдауды жүзеге асыратын тіркемелерді, жартылай тіркемелерді, контейнерлер мен темір жол жылжымалы құрамын Кеден одағының кедендік аумағы арқылы ішкі тасымалдау үшін пайдалану ерекшеліктері туралы келісім.
      17. 2010 жылғы 18 маусымдағы Халықаралық почта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларға қатысты кедендік операциялардың ерекшеліктері туралы келісім.
      18. 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісім.
      19. 2010 жылғы 5 шілдедегі Жеке тұлғалардың Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу тәртібі туралы шарт.
      20. 2010 жылғы 5 шілдедегі Кеден одағының және Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауаптылықтың ерекшеліктері туралы шарт.
      21. 2010 жылғы 5 шілдедегі Кеден одағына мүше мемлекеттер кеден органдарының қылмыстық істер мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша құқықтық көмегі және өзара іс-қимылы туралы келісім.
      22. 2010 жылғы 19 қарашадағы Үшінші мемлекеттерден келген заңсыз еңбек көші-қонына қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім.
      23. 2011 жылғы 19 мамырдағы Көпжақты сауда жүйесі шеңберінде Кеден одағының жұмыс істеуі туралы шарт.*
      24. 2011 жылғы 22 маусымдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің Біріккен алқасы туралы шарт.
      25. 2011 жылғы 22 маусымдағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтері өкілдіктерінің қызметі мәселелері бойынша кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісім.
      26. 2011 жылғы 19 қазандағы Кеден одағына мүше мемлекеттер кеден органдарының талдау және бақылау функцияларын іске асыру үшін ақпарат алмасуды ұйымдастыру туралы келісім.
      27. 2011 жылғы 19 желтоқсандағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы шарт.
      28. 2012 жылғы 17 желтоқсандағы Кеден одағына мүше мемлекеттер болып табылмайтын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттермен өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою туралы Кеден одағына мүше мемлекеттердің келісімі.
      29. 2013 жылғы 24 қазандағы Есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын Кеден одағының кеден аумағы арқылы өткізу тәртібі туралы келісім.
      30. 2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралы паспортының (көлік құралы шанағының паспортының) және өзі жүретін машина мен техниканың басқа түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісім.
      31. 2014 жылғы 12 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісім.
      32. 2014 жылғы _______________ Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі дәрілік заттардың бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісім.
      33. 2014 жылғы _______________ Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі медициналық бұйымдардың (медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техникалар) бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісім.
      34. 2014 жылғы _______________ Қаржы нарықтарында тауарлардың еркін қозғаласын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау мақсатында қаржы саласында ақпарат, оның ішінде құпия ақпарат алмасу туралы келісім.

_________________________________
      *2011 жылғы 19 мамырдағы Көпжақты сауда жүйесі шеңберінде Кеден одағының жұмыс істеуі туралы шарт 2012 жылғы 22 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады. Көрсетілген Шартқа Қырғыз Республикасының қатысуы Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қосылуы туралы шарттың 1-бабының 3-абзацында көрсетілген хаттамамен көзделген жағдайларды қоспағанда, Қырғыз Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуы туралы хаттамада тіркелген Қырғыз Республикасы міндеттемелерінің Еуразиялық экономикалық одақтың басқа мүше мемлекеттеріне және жалпы Еуразиялық экономикалық одаққа қолданылуына әкеп соқпайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады