Жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 413 қаулысы

      «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі:
      1) жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығын лицензиялауды жүзеге асыратын лицензиар болып;
      2) жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына лицензия алу үшін біліктілік емтиханын өткізу бойынша екінші санаттағы рұқсат беруге уәкілетті орган болып айқындалсын.
      2. «Жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 239 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 21, 344-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады