"Шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының бірыңғай сыртқы саяси, сыртқы экономикалық бағытын және инвестициялық саясатын жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 421 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының бірыңғай сыртқы саяси, сыртқы экономикалық бағытын және инвестициялық саясатын жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда
Қазақстан Республикасының бірыңғай сыртқы саяси, сыртқы
экономикалық бағытын және инвестициялық саясатын жүргізуді
қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік
органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру
қағидаларын бекіту туралы

      «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының бірыңғай сыртқы саяси, сыртқы экономикалық бағытын және инвестициялық саясатын жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің  
2015 жылғы « » 
№ Жарлығымен  
БЕКІТІЛГЕН  

Шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда
Қазақстан Республикасының бірыңғай сыртқы саяси, сыртқы
экономикалық бағытын және инвестициялық саясатын жүргізуді
қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік
органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру
қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының бірыңғай сыртқы саяси және сыртқы экономикалық бағытын жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының (бұдан әрі - мемлекеттік органдар) халықаралық қызметін үйлестіруді дипломатиялық қызмет органдарының жүзеге асыруының тәртібін реттейді.
      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) мемлекеттік органдардың халықаралық қызметі - мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының шет мемлекеттермен, оның ішінде шетелдік мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, халықаралық ұйымдармен, сондай-ақ олардың өкілдерімен ресми қатынастары;
      2) халықаралық іс-шаралар - Қазақстан Республикасында және шетелде мемлекеттік органдардың халықаралық қызметінің шеңберінде өткізілетін іс-шаралар, оның ішінде лауазымды адамдардың шетелдік іссапарлары, шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың өкілдерімен кездесулері, келіссөздері.
      3. Мемлекеттік органдардың халықаралық қызметін үйлестіруді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері болу мемлекетіндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.
      4. Мемлекеттік органдар мен Министрлік арасында халықаралық қызмет мәселелері бойынша жедел өзара іс-қимыл мемлекеттік органдардың халықаралық ынтымақтастық үшін жауапты құрылымдық бөлімшелеріне жүктеледі.

2. Мемлекеттік органдардың халықаралық қызметін
үйлестіру тәртібі

      5. Егер заңнамалық актілерде, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде немесе Қазақстан Республикасының немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан жасалған, күшіне енген халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік органдар мен шетелдік мемлекеттік органдар, дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдар арасындағы ресми хат алмасу Министрлік арқылы жүзеге асырылады.
      6. Мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының бірыңғай бағытын жүргізуі мақсатында Министрлік:
      1) мемлекеттік органдардың халықаралық қызметін үйлестіреді;
      2) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орындалуын жалпы бақылауды және үйлестіруді жүзеге асырады;
      3) мемлекеттік органдарға шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен халықаралық ынтымақтастықты жолға қоюда және дамытуда, сондай-ақ халықаралық іс-шаралар дайындауда және өткізуде жәрдем көрсетеді;
      4) мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының бірыңғай бағытын жүргізуін жалпы үйлестіруді жүзеге асырады;
      5) мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты мәселелері жөнінде түсініктемелер береді;
      6) тақырыбы өздерінің құзыретіне жататын халықаралық іс-шаралар туралы мемлекеттік органдарды алдын ала хабардар етеді;
      7) мемлекеттік органдардың халықаралық ынтымақтастыққа жауапты құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;
      8) жарты жылда бір рет, тиісті жартыжылдықтың соңғы айының 20-күнінен кешіктірмей, орталық мемлекеттік органдарға өзекті сыртқы саяси мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының ресми ұстанымы туралы ақпарат жібереді.
      7. Мемлекеттік органдар:
      1) Министрлікпен мемлекеттік органның халықаралық қызметі мәселелерін үйлестіреді;
      2) жарты жылда бір рет, тиісті жартыжылдықтың соңғы айының 20-күнінен кешіктірмей, Министрлікке келесі жартыжылдыққа жоспарланған халықаралық іс-шаралар, оның ішінде сыртқы экономикалық сипаттағы іс-шаралар туралы ақпарат береді;
      3) жарты жылда бір рет, тиісті жартыжылдықтың соңғы айының 20-күнінен кешіктірмей, Министрлікке өткен кезең үшін мемлекеттік органның халықаралық, оның ішінде сыртқы экономикалық сипаттағы қызметі туралы ақпарат береді;
      4) мемлекеттік орган өткізген халықаралық іс-шара аяқталған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей, Министрліктің сұратуы бойынша Министрлікке қатысушылар құрамы, талқыланған мәселелер, іс-шара нәтижелері, оның ішінде мемлекеттік органның ұстанымы көрсетілген есеп және қажет болған жағдайда, тиісті мәселелерді одан әрі пысықтау жөнінде ұсыныстар жібереді;
      5) Министрлікпен келісу бойынша Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі органдары өкілдерінің мемлекеттік орган ұйымдастыратын және (немесе) өткізетін халықаралық іс-шараларға қатысуын қамтамасыз етеді;
      6) Министрлікпен халықаралық имидждік жобалардың өткізілуін келіседі.
      Осы тармақтың талаптары мемлекеттік органдардың қылмыстық сот ісін жүргізу, қарсы барлау және барлау салаларындағы халықаралық қызметтеріне, жедел-іздестіру, тергеу сипатындағы ақпаратқа, қорғалатын адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының, Еуразиялық экономикалық одақтың инвестициялық саясаты және Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселелеріне қолданылмайды.
      8. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде халықаралық іс-шаралар өткізілген кезде мемлекеттік органдар делегацияларының басшылары:
      1) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шыққанға дейін өзекті сыртқы саяси мәселелер жөнінде Қазақстан Республикасының ұстанымын түсіндіру үшін Министрліктің лауазымды адамдарымен;
      2) шет мемлекетке келгеннен кейін болу еліндегі әлеуметтік-саяси, экономикалық ахуал, хаттамалық-ұйымдастырушылық ерекшеліктер мен басқа да қажетті мәліметтер туралы ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесінің лауазымды адамдарымен жазбаша нысанда консультациялар жүргізуі қажет.
      Мемлекеттік орган мен Министрліктің арасындағы уағдаластық бойынша консультациялар басқа нысандарда өткізілуі мүмкін.
      Осы тармақтың талаптары мемлекеттік органдардың сыртқы барлау саласындағы қызметіне қолданылмайды.
      9. Қазақстан Республикасында шет мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың өкілдері әртүрлі лауазымды адамдармен бірнеше кездесулер және (немесе) келіссөздер жүргізген кезде кездесулер және (немесе) келіссөздер өткізілген мемлекеттік орган келесі қабылдайтын лауазымды адамды (келесі лауазымды адамдарды) болған әңгімелесудің мазмұны мен қол жеткізілген уағдаластықтар туралы мынадай нысанда:
      1) келесі кездесулер және (немесе) келіссөздер сол күні өткізілген жағдайда, ауызша нысанда;
      2) келесі кездесулер және (немесе) келіссөздер келесі күні немесе кейінірек уақытта өткізілген жағдайда, жазбаша нысанда хабардар етеді.
      Осы тармақтың талаптары мемлекеттік органдардың сыртқы барлау саласындағы қызметіне қолданылмайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады