Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімге (Шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жобасы) қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2015 жылғы « »
№ Жарлығымен
МАҚҰЛДАНҒАН
Жоба
Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру
және Даму Банкі арасындағы
ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
(Шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін
арттыру жобасы)
2015 жылғы ________________ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ («Қарыз алушы») мен ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ («Банк») арасындағы келісім. Осы арқылы Қарыз алушы мен Банк төмендегілер туралы уағдаласты:
I БАП – ЖАЛПЫ ШАРТТАР; АНЫҚТАМАЛАР
1.01. Жалпы Шарттар (осы Келісімге Қосымшада айқындалған) осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
1.02. Егер түпмәтінінен өзгеше туындамаса, онда осы Келісімде пайдаланылатын, бас әріптен басталатын терминдер Жалпы Шарттарда немесе осы Келісімге Қосымшада оларға бекітіп берілген мағыналарға ие болады.
II БАП – ҚАРЫЗ
2.01. Банк Қарыз алушыға сипаттамасы осы Келісімге 1-толықтыруда келтірілген жобаны («Жоба») қаржыландыруға жәрдем көрсету мақсатында осы Келісімде сипатталған шарттарда немесе оған сілтеме жасай отырып, осы Келісімнің («Қарыз») 2.08-бөлімінің ережелеріне сәйкес валюта айырбастау арқылы кезең-кезеңімен айырбастауға болатын қырық миллион (40 000 000 АҚШ доллары) АҚШ долларына тең соманы беруге келіседі.
2.02. Қарыз алушы Қарыз қаражатын осы Келісімге 2-толықтырудың
IV бөліміне сәйкес алуға құқылы.
2.03. Қарыз алушы төлеуге тиіс біржолғы комиссия Қарыз сомасының бір пайызының төрттен бірін (0,25 %) құрайды. Қарыз алушы біржолғы комиссияны осы Келісім күшіне енген күннен кейін алпыс (60) күннен кешіктірмей төлейді.
2.04. Резервке қойғаны үшін Қарыз алушы төлеуге тиіс комиссия жылына Қарыздың алынбаған қалдығының бір пайызының төрттен бірін (0,25 %) құрайды.
2.05. Қарыз алушы әрбір пайыздық кезең ішінде төлеуге тиіс пайыздар Қарыз валютасы үшін референттік мөлшерлемеге өзгермелі спрэдті қосқанға тең мөлшерлеме бойынша есептелетін болады; Қарыздың негізгі сомасының барлық немесе кез келген бөлігін айырбастау кезінде осындай сомаға айырбастау кезеңі уақытында Қарыз алушы төлеуге тиіс пайыздар Жалпы шарттардың ІV бабының ережелеріне сәйкес айқындалуы мүмкін. Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, егер Қарыздың алынған өтелмеген қалдығы бөліктерінің кез келгені уақтылы төленбей қалған және отыз күн ішінде төленбеген жағдайда, онда Қарыз алушы төлеуге тиіс сыйақы мөлшері мұндай жағдайда Жалпы шарттардың 3.02(e)-бөлімінің ережелеріне сәйкес есептеледі.
2.06. Әр жылдың 15 мамыры және 15 қарашасы төлем күндері болып табылады.
2.07. Қарыздың негізгі сомасы осы Келісімге 3-толықтыруда келтірілген өтеу кестесіне сәйкес өтеледі.
2.08. (a) Қарыз алушы кез келген уақытта борышты ұтымды басқаруды қамтамасыз ету үшін Қарыз шарттарының мынадай айырбастауларының кез келгенін жүргізуді сұрата алады:
(і) Қарыз Валютасының барлық немесе Қарыздың негізгі сомасының алынған, сол сияқты алынбаған кез келген бөлігін мақұлданған валютаға өзгерту;
(іі) мыналарды: (А) өзгермелі мөлшерлемеден тіркелген мөлшерлемеге немесе керісінше Қарыздың алынған және өтелмеген негізгі сомасының барлық немесе кез келген бөлігіне; немесе (В) референттік мөлшерлемеге және өзгермелі спрэдке негізделген өзгермелі мөлшерлемеден тіркелген референттік мөлшерлеме мен өзгермелі спрэд негізінде өзгермелі мөлшерлемеге немесе керісінше Қарыздың алынған және өтелмеген негізгі сомасының барлық немесе кез келген бөлігіне; немесе (С) өзгермелі спрэдке негізделген өзгермелі мөлшерлемеден тіркелген спрэдке негізделген өзгермелі мөлшерлемеге Қарыздың алынған және өтелмеген барлық негізгі сомасына қолданылатын пайыздық мөлшерлеме базисін өзгерту; және
(ііі) өзгермелі мөлшерлеме немесе референттік мөлшерлеме үшін пайыздық мөлшерлеменің жоғарғы шегін немесе пайыздық мөлшерлеменің төменгі шегін белгілеу арқылы Қарыздың алынған және өтелмеген негізгі сомасының барлық немесе кез келген бөлігіне қолданылатын өзгермелі мөлшерлеменің немесе референттік мөлшерлеменің шегін айқындау.
(b) Осы бөлімнің (а) тармағына сәйкес сұратылған, Банк қабылдаған кез келген өзгеріс Жалпы шарттарда айқындалғандай, «Айырбастау» болып саналады және Жалпы шарттардың IV бабы мен Айырбастау жөніндегі нұсқау ережелеріне сәйкес күшіне енеді.
ІІІ БАП – ЖОБА
3.01. Қарыз алушы өзінің Жоба мақсаттарын ұстанатыны туралы мәлімдейді. Осы мақсатта Қарыз алушы Жобаны Жалпы шарттардың V бабының ережелеріне сәйкес Ұлттық экономика министрлігі (ҰЭМ) арқылы іске асырады.
3.02. Егер Қарыз алушы мен Банк арасында өзгеше келісілмесе, осы Келісімнің 3.01-бөлімінің ережелерін шектеместен, Қарыз алушы ҰЭМ арқылы осы Келісімге 2-толықтырудың ережелеріне сәйкес Жобаны іске асыруды қамтамасыз етеді.
IV БАП – КҮШІНЕ ЕНУІ; ҚОЛДАНЫСЫН ТОҚТАТУ
4.01. Күшіне енгізудің қосымша шарттары мыналар болып табылады:
(a) ҰЭМ осы Келісімге 2-толықтырудың I.A.2-бөлімінде көрсетілгендей, ЖІТ құру туралы Бұйрық шығарды.
(b) Қарыз алушы ҰЭМ арқылы осы Келісімге 2-толықтырудың I.A.2-бөлімінде көрсетілгендей, Жобаны іске асыру жөніндегі комиссияны құрды.
(c) Қарыз алушы ҰЭМ арқылы Банк үшін қолайлы шарттарда Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқауды қабылдады; және
(d) ҰЭМ Банк үшін қолайлы шарттарда және біліктілікпен ЖІТ үшін қаржылық басқару бойынша маманды және сатып алу бойынша маманды іріктеді.
4.02. Осы Келісімге қол қойылған күннен кейін бір жүз сексен (180) күн өткен соң басталатын күн осы Келісім күшіне енетін соңғы мерзім болып табылады. Осы Келісім күшіне енетін соңғы мерзім Қарыз алушы мен Банк арасындағы келісу бойынша ұзартылуы мүмкін.
V БАП – ӨКІЛ; МЕКЕНЖАЙЛАР
5.01. Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Қарыз алушының өкілі болып табылады.
5.02. Қарыз алушының мекенжайы:
Қаржы министрлігі
Жеңіс даңғылы, 11
Астана, 010000
Қазақстан Республикасы
Телекс: Факс:
265126 (FILIN) (7) (7172) 717785
5.03. Банктің мекенжайы:
Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі
1818 Н,N.W. көшесі
Вашингтон, Колумбия округі, 20433
Америка Құрама Штаттары
Телеграф мекенжайы: Телекс: Факс:
INTBAFRAD 248423(MCI) немесе 1-202-477-6391
Washington, D.C. 64145(MCI)
__________________, _____________ жоғарыда көрсетілген жылы және күні
КЕЛІСІЛДІ.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ үшін
Қол қойған
______________________________________
уәкілетті өкіл
Т.А.Ә.: ______________________________
Лауазымы: ____________________________
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ
ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ үшін
Қол қойған:
______________________________________
уәкілетті өкіл
Т.А.Ә.: ______________________________
Лауазымы: ____________________________
1-ТОЛЫҚТЫРУ Жобаның сипаттамасы
Жобаның мақсаты: Қарыз алушының аумағындағы нысаналы шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі мен әлеуетін арттыру.
Жоба мынадай бөліктерден тұрады:
1-құрауыш ШОК әлеуетін арттыру бағдарламасы
Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқауда көрсетілгендей, Бизнес Консультанттар желісін қоса алғанда, тауарлар беру, оқыту және консультациялық қызметтер көрсету арқылы ШОК-қа арналған қолда бар консультациялық бағдарламаларды күшейту және кеңейту.
2-құрауыш ШОК-тардың бәсекеге қабілетті секторлардағы өзара байланыстары
1. Өнім берушілерді дамыту жөніндегі іс-шаралар: өнім берушілердің біліктілігін арттыру, іскерлік және басқарушылық практикаларын жетілдіру, әлеуетті өнім берушілер мен ШОК-тың ірі сатып алушылары арасындағы байланыс пен қарым-қатынасты қамтамасыз ету арқылы трансұлттық корпорациялардың, ірі отандық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындардың жергілікті операцияларына ШОК-тың қатысу қабілетін арттыруға және тауарлар беру, оқыту және көрсетілетін консультациялық қызметтерді ұсыну арқылы өнім берушілерді дамыту бойынша офис құруға арналған, өнім берушілерді дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыру.
2. Бәсекеге қабілетті секторлар: Қосылған құн деңгейі жоғары өнімдер өндірісін ұлғайтуды дамыту және оқыту және көрсетілетін консультациялық қызметтерді ұсыну арқылы ШОК-тың шикізаттық емес секторлардағы және басым географиялық аудандар айналасындағы бәсекеге қабілеттілігін институционалдық әлеуетті нығайту арқылы арттыру.
3. Факторингті стратегиялық бағалау: ШОК-ты тіркеу және олардың дебиторлық берешегін тексеру үшін онлайн платформаны қоса алғанда, Қарыз алушының аумағында факторинг пен қайтарымды факторинг үшін егжей-тегжей бағалауды жүргізу.
3-құрауыш ШОК-қа арналған бағдарламалардың әсерін бағалау және
мониторингі
Мониторинг пен бағалауды, мемлекеттік және жеке секторлар арасындағы диалогты, оқыту және көрсетілетін консультациялық қызметтерді ұсыну арқылы ШОК-қа қатысты саясатты әзірлеудің ашықтығын күшейту.
4-құрауыш Жобаны басқару
Көрсетілетін консультациялық қызметтерді ұсыну, оқыту және жобаны енгізу, басқару және үйлестіру үшін пайдалану шығыстарын төлеу.
2-ТОЛЫҚТЫРУ
Жобаны орындау
I бөлім. Іске асыру тетіктері
A. Институционалдық тетіктер
1. Қарыз алушы ҰЭМ арқылы:
(a) (i) ЖІТ құрады және одан әрі жоба аяқталған кезге дейін жұмыс істейді және оған қолдау көрсетеді; және (ii) Банк үшін қолайлы барлық қажетті кадр (қаржылық басқару мен сатып алу жөніндегі мамандарды қоса алғанда) және қаржы ресурстары болған кезде, ЖІТ-нің барлық функцияларының бүкіл уақыт ішінде тиісінше орындалуын қамтамасыз етеді.
(b) Қарыз күшіне енген күннен кейін алпыс (60) күннен кешіктірмей Қарыз алушы ЖІТ-тің Банк үшін қолайлы, жоғарыдағы (а) тармағына сәйкес техникалық тапсырмалары мен біліктілігі бар қаржылық басқару және сатып алу жөніндегі мамандарды жалдауын қамтамасыз етуге тиіс; және
(с) Қарыз күшіне енген күннен кейін алпыс (60) күннен кешіктірмей Қарыз алушы Жоба бойынша қаржылық басқаруды жүзеге асыруға және қаржылық есептілікті ұсынуға мүмкіндік беретін модульдің Банк үшін қолайлы шарттарда ҰЭМ бухгалтерлік есебінің бағдарламалық жасақтамасына енгізілуін қамтамасыз етуге тиіс.
2. Қарыз алушы Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқауда көрсетілгендей, Банк үшін қолайлы құраммен (Қарыз алушының тиісті министрліктер мен ведомстволарының өкілдерін қоса алғанда және ҰЭМ вице-министрінің төрағалығымен), функцияларымен және міндеттерімен Жобаны іске асыру жөніндегі комиссияны құрады және оған одан әрі қолдау көрсетеді.
3. Қарыз алушы ҰЭМ арқылы:
(а) Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқауды Банктің талаптарын қанағаттандыратын нысанда және мазмұнда қабылдауға және қолдауға;
(b) Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқаудың ережелеріне сәйкес Жобаны жүргізуге; және
(с) Банкпен алдын ала келісілместен ЖІН-нің кез келген ережесін басқаның өзгертуіне беруге, оған өзгерістер енгізуге, жоюға немесе одан бас тартуға құқылы емес.
B. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Қарыз алушы ҰЭМ арқылы Жобаның іске асырылуын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқауға сәйкес қамтамасыз етеді.
II бөлім. Жобаның мониторингі, есептілігі және оны бағалау
A. Жоба бойынша есептер
1. Қарыз алушы ҰЭМ арқылы Жобаның іске асырылу барысына мониторинг және бағалау жүргізетін, сондай-ақ Жалпы шарттардың
5.08-бөлімінің ережелеріне сәйкес және Қарыз алушы мен Банк арасындағы келісілген индикаторлар негізінде Жоба бойынша есептер дайындайтын болады. Жоба бойынша әрбір есеп бір жарты жылдық кезеңді қамтуға және осындай есепте қамтылатын кезең аяқталғаннан кейін қырық бес (45) күннен кешіктірілмей Банкке ұсынылуға тиіс.
2. Жалпы шарттардың 5.08 (b)-бөлімінде көрсетілген ережелерді шектеместен, 2017 жылғы 31 желтоқсанға қарай немесе Банкпен келісу бойынша басқа күнге Қарыз алушы ҰЭМ арқылы, Банкпен бірлесіп Жоба шеңберіндегі іс-шаралардың іске асырылуына орта мерзімді шолуды (Орта мерзімді шолу) жүзеге асырады. Орта мерзімді шолу барысында Жобаны іске асыруда қол жеткізілген прогресс бағаланады. Осындай Орта мерзімді шолудан кейін, егер қажет болса, Қарыз алушы ҰЭМ арқылы Банкпен келісілген түзету шараларын қабылдау үшін тиісінше әрекет етуге тиіс.
B. Қаржылық басқару, қаржылық есептер және аудит
1. Қарыз алушы ҰЭМ арқылы қаржылық басқару жүйесін Жалпы шарттардың 5.09-бөлімінің ережелеріне сәйкес жүргізетін болады немесе оның жүргізілуін қамтамасыз етеді.
2. Осы бөлімнің А-бөлігінің ережелерді шектеместен Қарыз алушы ҰЭМ арқылы, аудиторлық тексеруден өтпеген, Жоба бойынша тиісті күнтізбелік тоқсан үшін нысаны және мәні бойынша Банк үшін қолайлы аралық қаржылық есептерді әрбір күнтізбелік тоқсан аяқталғаннан кейін қырық бес (45) күннен кешіктірмей дайындайтын және Банкке ұсынатын болады.
3. Қарыз алушы өзінің қаржылық есептілігіне аудиторлық тексерудің Жалпы шарттардың 5.09 (b)-бөлімінің ережелеріне сәйкес жүргізілуін қамтамасыз етеді. Қаржылық есептіліктің әрбір аудиті Қарыз алушының бір қаржы жылының кезеңін қамтуға тиіс. Әрбір осындай кезең үшін аудиторлық тексеруден өткен қаржылық есептілік тиісті кезең аяқталғаннан кейін алты айдан кешіктірілмей Банкке ұсынылуға тиіс.
III бөлім. Сатып алу
A. Жалпы ережелер
1. Тауарлар және консультациялық емес көрсетілетін қызметтер. Жобаны іске асыру үшін қажетті және Қарыз қаражатынан қаржыландырылатын барлық тауарлар мен консультациялық емес қызметтер Сатып алу жөніндегі нұсқаудың I бөлімінде қамтылған немесе оларға сілтемелер қамтылған талаптарға сәйкес, сондай-ақ осы Бөлімнің ережелеріне сәйкес сатып алынады.
2. Көрсетілетін консультациялық қызметтер. Жоба үшін қажетті және Қарыз қаражатынан қаржыландырылатын барлық көрсетілетін консультациялық қызметтер Консультанттар жөніндегі нұсқаудың I және IV бөлімдерінде қамтылған немесе оларға сілтемелер қамтылған талаптарға сәйкес, сондай-ақ осы Бөлімнің ережелеріне сәйкес сатып алынады.
3. Анықтамалар. Осы Бөлімде сатып алудың жекелеген әдістерін немесе Банктің жекелеген келісімшарттарды қарау әдістерін сипаттау үшін төменде пайдаланылатын, бас әріптен басталатын терминдер нақты жағдайға қарай Сатып алу жөніндегі нұсқаудың II және III бөлімдерінде немесе Консультанттар жөніндегі нұсқаудың ІІ, ІІІ, IV және V бөлімдерінде сипатталған тиісті әдістерге жатады.
B. Тауарларды және консультациялық емес көрсетілетін
қызметтерді сатып алудың жекелеген әдістері
1. Халықаралық конкурстық сауда-саттық. Егер төмендегі 2-тармақта өзгеше көзделмесе, тауарларды және консультациялық емес көрсетілетін қызметтерді сатып алу халықаралық конкурстық сауда-саттықтың рәсімдеріне сәйкес берілген келісімшарттар бойынша жүзеге асырылады.
2. Тауарларды және консультациялық емес көрсетілетін қызметтерді сатып алудың басқа да әдістері. Халықаралық конкурстық сауда-саттықтан басқа Сатып алу жоспарында көрсетілген келісімшарттар бойынша тауарларды және консультациялық емес көрсетілетін қызметтерді сатып алудың мынадай әдістері пайдаланылуы мүмкін:
(а) Осы 2-толықтыруға Қосымшада көрсетілген қосымша ережелермен реттелетін ұлттық конкурстық сауда-саттық;
(b) Ашық нарықта сатып алу; және
(c) Тікелей келісімшарттар.
C. Көрсетілетін консультациялық қызметтерді сатып алудың
жекелеген әдістері
1. Сапа және құн негізінде іріктеу. Егер төмендегі 2-тармақта өзгеше көзделмесе, консультациялық қызметтерді сатып алу Сапа және құн негізінде іріктеу рәсіміне сәйкес берілген келісімшарттар шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
2. Көрсетілетін консультациялық қызметтерді сатып алудың басқа да әдістері. Сапа және құн негізінде іріктеуден басқа, Сатып алу жоспарында көрсетілген келісімшарттар бойынша көрсетілетін консультациялық қызметтерді сатып алудың мынадай әдістері пайдаланылуы мүмкін:
(a) сапа негізінде іріктеу;
(b) тіркелген бюджет кезінде іріктеу;
(c) ең аз құны бойынша іріктеу;
(d) консультанттардың біліктілігі негізінде іріктеу;
(e) консалтингтік фирмалардың көрсетілетін қызметтерін бір көзден сатып алу;
(f) жеке консультанттарды іріктеу; және
(g) жеке консультанттарды бір көзден іріктеу рәсімдері.
D. Банктің сатып алу жөніндегі шешімдерді қарауы
Сатып алу жоспарында Банктің алдын ала қарауына жататын келісімшарттар көрсетілуге тиіс. Барлық басқа келісімшарттар Банктің фактіден кейін қарауына жатады.
IV бөлім. Қарыз қаражатын алу
A. Жалпы ережелер
1. Қарыз алушы Жалпы шарттардың II бабының, осы Бөлімнің және төмендегі 2-тармақта келтірілген кестеге сәйкес Заңды шығыстарды қаржыландыру үшін Банк Қарыз алушыға берген хабарламасында көрсететін сол қосымша нұсқаулықтардың (2006 жылғы мамырдағы, Банк кезең сайын қайта қарайтын және осындай нұсқаулықтарға сәйкес осы Келісімге қолданылатын «Дүниежүзілік Банктің жобалар қаражатын игеру жөніндегі нұсқауын» қоса алғанда) ережелеріне сәйкес Қарыз қаражатын ала алады.
Төмендегі кестеде Қарыз қаражатынан қаржыландырылуы мүмкін Заңды шығыстардың санаттары («Санат»), әрбір Санат бойынша қарыздың бөлінетін сомалары және әрбір Санат бойынша Заңды шығыстар ретінде қаржыландырылуға жататын шығыстардың пайыздық үлесі көрсетілген.
Санаты | Қарыздың бөлінетін сомасы (АҚШ долларымен көрсетілген) | Қаржыландырылу-ға жататын шығыстар үлесі (салықтарды қоспағанда) |
---|---|---|
(1) Тауарлар, консультациялық емес көрсетілетін қызметтер, консультанттардың қызмет көрсетуі және Жобаның 1-құрауышы үшін оқыту |
11 453 568 |
85% |
(2) Тауарлар, консультациялық емес көрсетілетін қызметтер, консультанттардың қызмет көрсетуі және Жобаның 2, 3 және 4-құрауышы үшін оқыту |
28 546 432 |
100% |
ЖАЛПЫ СОМАСЫ |
40 000 000 |
B. Алу шарттары; алу кезеңі
1. Осы бөлімнің А бөлігінің ережелеріне қарамастан, қаражат:
(a) Біржолғы комиссияның толық сомасын Банк алғанға дейін Қарыз
шотынан;
(b) осы Келісім күніне дейін жасалған төлемдер бойынша
алынбауға тиіс.
2. Қарыздың жабылу күні – 2020 жылғы 30 маусым.
2-ТОЛЫҚТЫРУҒА
қосымша
Ұлттық конкурстық сауда-саттықты өткізу кезінде пайдаланылатын сатып алу рәсімдері «2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілген өзгерістермен «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі № 303-III Қазақстан Республикасының Заңында жазылған конкурстық сауда-саттықты өткізу рәсімдері болады; алайда мұндай рәсімдер Сатып алу жөніндегі нұсқаудың І бөлімінің және 3.3 және 3.4-тармақтарының ережелеріне және мынадай қосымша ережелерге сәйкес жүргізілетін болуы шарт:
(a) Құқықтылық: Сауда-саттыққа қатысушылардың сатып алу процесіне қатысуға және Банк қаржыландыратын келісімшартты жасасуға құқықтылығы Сатып алу жөніндегі нұсқаудың I бөліміне сәйкес айқындалатын болады; тиісінше сауда-саттыққа қатысушының немесе сауда-саттыққа әлеуетті қатысушының ешқайсысы Сатып алу жөніндегі нұсқаудың I бөлімінде көрсетілгеннен өзге себептер бойынша Банк қаржыландыратын келісімшарттарды жасасуға құқылы емес деп жариялануы мүмкін емес. Сауда-саттыққа шетелдік қатысушылардың ҰКС рәсімдеріне қатысуына рұқсат беріледі және олар сатып алу процесіне қатысу үшін сауда-саттыққа жергілікті қатысушылармен әріптестік қатынастарға түсуге міндетті емес.
(b) Тіркеу: Конкурстық сауда-саттық алдын ала тіркелген фирмалармен шектелмеуге тиіс, сондай-ақ сауда-саттыққа шетелдік қатысушылардың конкурстық өтінімдерді беру шарты ретінде жергілікті билік органдарында тіркелуі талап етілмейді.
(c) Преференциялар: Қандай да бір түрдегі ешқандай преференциялар сауда-саттыққа қатысушының азаматтығы; тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің немесе жұмыс күшінің шығарылған жері; жергілікті қамту; жергілікті меншік үлесі; және/немесе преференциялардың басқа да кез келген бағдарламалары негізінде конкурстық өтінімдерді бағалау кезінде қолданылмауға тиіс.
(d) Конкурстық құжаттама: Сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар келісімшарттардың Банк үшін қолайлы ережелерін қоса алғанда, конкурстық құжаттаманың тиісті үлгілік топтамасын пайдалануға тиіс.
(e) Сметалық шығындар: Сметалық шығындар құпия ақпарат болып табылады және сауда-саттықтың әлеуетті қатысушыларына ашылмауға тиіс.
(f) Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі: Конкурстық өтінімдердің қолданылу мерзімін ұзарту, егер бұл айрықша мән-жайларға байланысты болса, мұндай ұзарту бағалауды аяқтау және/немесе келісімшартты беру үшін қажетті ең аз кезеңді ғана қамтыған жағдайда, сауда-саттыққа барлық қатысушылардан өтінімнің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін және бағалауды аяқтау немесе келісімшартты беру үшін қажетті ең аз кезеңге жазбаша нысанда талап етілуі мүмкін және ол төрт (4) аптадан аспауға тиіс. Банктің алдын ала жазбаша келісімінсіз ешқандай қосымша ұзарту сұратылмауға тиіс.
(q) Конкурстық өтінімдерді беру және ашу: Сауда-саттыққа әлеуетті қатысушыларға конкурстық сауда-саттыққа қатысуға шақыру жарияланған күннен немесе конкурстық құжаттама дайын болған күннен бастап, конкурстық өтінімдерді дайындау және беру үшін көрсетілген оқиғалардың қайсысы кеш болатынына қарай, кемінде отыз (30) күн берілетін болады. Өтінімдерді ашу оларды берудің түпкілікті мерзімі басталғаннан кейін тікелей жария түрде жүргізіледі. Конкурстық өтінімдерді ашу хаттамасының көшірмесі бірден конкурстық өтінімдерді берген сауда-саттыққа қатысушылардың барлығына және Банктің алдын ала қарауына жататын келісімшарттарға қатысты Банкке берілуге тиіс.
(h) Біліктілік: Біліктілік өлшемшарттары конкурстық құжаттамада анық көрсетілуге тиіс. Онда көрсетілген өлшемшарттардың барлығы және осы көрсетілген өлшемшарттар ғана сауда-саттыққа қатысушының біліктілігін айқындау үшін пайдаланылуға тиіс. Біліктілік «өтті немесе өткен жоқ» әдісі бойынша бағалануға тиіс, бұл ретте ешқандай балл пайдаланылмауға тиіс. Мұндай бағалар: (i) тиісті жалпы және ерекше тәжірибенің және белгілі бір кезең ішінде осындай келісімшарттарды табысты орындаудың қанағаттанарлық қызметтік тізімнің болуын; (ii) қаржылық жағдайды; және мән-жайларға байланысты (iii) құрылыстық және/немесе өндірістік қуаттың болуын қоса алғанда, объективті және өлшенетін факторлар ескеріле отырып, сауда-саттыққа қатысушының немесе сауда-саттыққа әлеуетті қатысушының келісімшарттың тиімді орындалуы үшін қажетті мүмкіндіктері мен ресурстарына толық негізделуге тиіс.
(i) Алдын ала біліктілік рәсімдері мен Банк үшін қанағаттанарлық құжаттар ауқымды, күрделі және/немесе мамандандырылған жұмыстарды орындауға арналған келісімшарттар үшін пайдаланылуға тиіс. Сауда-саттыққа қатысушының персонал мен жабдыққа қатысты ағымдағы міндеттемелері мен мүмкіндіктерін қоса алғанда, сауда-саттыққа қатысушының алдын ала біліктіліктен өтуіне негіз болған ақпаратты тексеру келісімшартты беру уақытында жүргізілуге тиіс.
(j) Алдын ала біліктілік пайдаланылмайтын жағдайларда, келісімшартты беру ұсынылған сауда-саттыққа қатысушының біліктілігі конкурстық құжаттамада көрсетілген біліктілік өлшемшарттары қолданыла отырып, біліктіліктен кейінгі процесте бағаланатын болады.
(k) Конкурстық өтінімдерді бағалау: Бағалау өлшемшарттары конкурстық құжаттамада нақты көрсетілуге тиіс. Конкурстық өтінімдерді бағалау конкурстық құжаттамада мәлімделген сандық өлшенетін өлшемшарттарға қатаң сәйкестікте жүргізілуге тиіс. Бағаны қоспағанда, басқа бағалау өлшемшарттары ақшалай көріністе де санмен айқындалуға тиіс. Балл мен соңғы мәндер әдісі пайдаланылмауға тиіс, бұл ретте конкурстық өтінімдерді бағалау кезінде бағаның маңыздылығын айқындау үшін ешқандай да ең төменгі балл немесе пайыздар қолданылмауға тиіс. Сауда-саттыққа қатысушылар болмашы, елеулі емес ауытқулар негізінде шеттетілмеуге тиіс. Сауда-саттықты ұйымдастырушы сауда-саттыққа қатысушылардан олардың конкурстық өтінімдерін бағалау үшін қажетті түсіндірмелерді сұратуы мүмкін, бірақ ол сауда-саттыққа қатысушылардан конкурстық өтінімдер ашылғаннан кейін олардың конкурстық өтінімдерінің мәнін немесе бағасын өзгертуді сұрай алмайды немесе оған рұқсат бере алмайды.
(l) Келісімшарттар конкурстық өтінімі: (i) негізінен конкурстық құжаттама талаптарына сай келетін; және (ii) ең төмен бағалау құнын ұсынатын сауда-саттыққа білікті қатысушыға берілуге тиіс. Конкурстық өтінімнің бағасына немесе мәніне қатысты ешқандай келіссөздер жүргізілмеуге тиіс.
(m) Конкурстық өтінімдерді қабылдамау және қайтадан беру: Ешқандай конкурстық өтінімдер бағасы төмен болғандықтан немесе бағалау құнынан асып кеткендіктен, конкурстық өтінімдер диапазонының шегінен немесе шекті мәндерінің шеңберінен асып кетуінен ғана қабылданбауға тиіс емес. Конкурстық өтінімдердің барлығы (екіден аз конкурстық өтінім алынған жағдайларды қоса алғанда) қабылданбауға тиіс емес, сатып алу процесі тоқтатылмауға тиіс және жаңа конкурстық өтінімдерді беруге шақыру Банктің алдын ала жазбаша келісімінсіз жарияланбауға тиіс.
(n) Кепілдіктер: Конкурстық өтінімдерге және келісімшарттарды орындауға кепілдіктер форматта берілуге және онда олардың конкурстық құжаттамада көрсетілген қажетті қолданылу мерзімі болуға тиіс. Қажет болған кезде конкурстық өтінімді қамтамасыз ету тіркелген сома түрінде көрсетілуі мүмкін және келісімшарттың сметалық құнының екі пайызынан (2%) аспауға тиіс. Аванстық төлемнің тиісті кепілдігі болмайынша мердігерлерге ешқандай аванстық төлемдер жүргізілмеуге тиіс.
(o) Құпиялылық: Конкурстық өтінімдерді бағалау процесі келісімшартты беру туралы ақпарат жарияланғанға дейін құпия болуға тиіс.
(p) Электрондық сауда-саттық жүйелері: Банк жүйелердің өлшемдеріне қанағаттанған жағдайда, электрондық сатып алу жүйесі пайдаланылуы мүмкін, бұл ретте жүйе өзгелер арасында қауіпсіз болуға және берілген конкурстық өтінімдердің тұтастығын, құпиялылығын және теңтүпнұсқалылығын сақтауға тиіс.
(q) Алаяқтық және сыбайлас жемқорлық: Сатып алу жөніндегі нұсқауға сәйкес барлық конкурстық құжаттама мен келісімшарттар Сатып алу жөніндегі нұсқауда айқындалғандай, алаяқтыққа және/немесе сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар фирмаларға немесе тұлғаларға санкцияларды қолдану жөніндегі Банк саясатының ережелерін қамтуға тиіс.
(r) Тексерулер мен аудиттер жүргізуге қатысты құқықтар: Сатып алу жөніндегі нұсқауға сәйкес конкурстық құжаттаманың әрбір топтамасында және Қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын әрбір келісімшартта сауда-саттыққа қатысушылар, өнім берушілер мен мердігерлер, сондай-ақ олардың қосалқы мердігерлері, агенттер, қызметкерлер, консультанттар, көрсетілетін қызметтердің провайдерлері немесе өнім берушілер өздерінің шоттарын, есептік және конкурстық өтінімдер беруге және келісімшарттарды орындауға қатысты басқа да құжаттарды тексеруге Банкке рұқсат беретіні, сондай-ақ Банк тағайындаған аудиторларға шоттар мен есептік құжаттамаға аудит жүргізуге рұқсат беретіні туралы ережелер қамтылуға тиіс. Сатып алу жөніндегі нұсқауда көзделген тексерулер мен аудиттер жүргізу кезінде Банктің өз құқықтарын қолдануына елеулі қиындықтар жасауға бағытталған әрекеттер көрсетілген Нұсқаудың айқындамасына сәйкес кедергі келтіретін практика болып табылады.
(s) Келісімшарттарды беру туралы ақпаратты жариялау: Сауда-саттықты ұйымдастырушы ашық қолжетімділікпен тегін веб-сайтта немесе Банк үшін қолайлы басқа да жариялау құралдарын пайдалана отырып, келісімшарттарды беру туралы мынадай ақпаратты: (а) өтінім берген конкурсқа әрбір қатысушының атауын; (b) конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу кезінде жарияланған конкурстық өтінімдердің бағаларын; (с) қатысушылардың атауларын және бағалаудан өткен әрбір конкурстық өтінімнің бағалау құнын; (d) өтінімдері қабылданбаған сауда-саттыққа қатысушылардың атауларын және бұл өтінімдерді қабылдамаудың себептерін; (е) сауда-саттық жеңімпазының атауын және ол ұсынған бағаны, сондай-ақ берілген келісімшарттың ұзақтығы мен ауқымына қысқаша шолуды жариялауға тиіс.
3-ТОЛЫҚТЫРУ Өтеу кестесі
1. Төмендегі кестеде негізгі Қарызды өтеу үшін төлем күндері мен Негізгі борышты өтеудің әрбір күніне төленетін Қарыздың жалпы негізгі сомасының пайызы («Кезекті төлем») көрсетілген. Егер Қарыз қаражаты негізгі Қарызды өтеу үшін төлемнің бірінші Күніне толығымен алынған болса, Қарыз алушының негізгі Қарызды өтеу үшін төлемнің әрбір күніне өтеуге жататын Қарыздың негізгі сомасын Банк мыналарға: (а) негізгі Қарызды өтеу үшін төлемнің бірінші Күніне алынған Қарыз сомаларына; (б) негізгі Қарызды өтеу үшін төлемнің әрбір Күні үшін кезекті төлемге көбейту жолымен айқындайды, мұндай өтеу сомасы осы Кестенің 4-тармағында көрсетілген және Валюта айырбастау қолданылатын сомаларды шегеру үшін қажеттілігіне қарай түзетілетін болады.
Негізгі Қарызды өтеу үшін төлем күні |
Кезекті төлем |
2020 жылғы 15 мамырдан бастап 2031 жылғы 15 мамырға дейін әрбір 15 мамырда және 15 қарашада |
4.17% |
2031 жылғы 15 қараша |
4.09% |
2. Егер Қарыз қаражаты негізгі Қарызды өтеу үшін төлемнің бірінші Күніне дейін толығымен алынбаған болса, Қарыз алушының негізгі Қарызды өтеу үшін төлемнің әрбір Күніне өтеуіне жататын Қарыздың негізгі сомасы мынадай түрде айқындалады:
(а) Қарыз алушы негізгі Қарызды өтеу үшін төлемнің бірінші Күніне Қарыздың кез келген қаражаты алынған дәрежеде осы Кестенің 1-тармағына сәйкес осындай күнге алынған Қарыз сомасын өтеуге тиіс.
(b) негізгі Қарызды өтеу үшін төлемнің бірінші Күнінен кейін алынған кез келген сомалар, Қарыздың негізгі борышын өтеу үшін осы
Кестенің 1-тармағының кестесінде көрсетілген бастапқы Кезекті төлем («Бастапқы кезекті төлем») алымы болып табылатын және осындай күндегі немесе одан кейінгі негізгі Қарызды өтеу үшін төлемдердің Күндері үшін барлық қалған Бастапқы кезекті төлемдердің сомасы бөлгіш болып табылатын әрбір осындай алудың сомаларын үлеске көбейту жолымен Банк айқындаған сомаларда осындай алу күнінен кейін негізгі Қарызды өтеу үшін төлемнің әрбір Күніне өтелуге тиіс, өтелуге жататын мұндай сомалар осы Кестенің 4-тармағында көрсетілген және оларға Валютаны айырбастау қолданылатын сомаларды шегеру мақсатында қажеттілігіне қарай түзетіледі.
3. (а) Негізгі борышты өтеудің кез келген күніне төленуге тиіс негізгі борыш сомаларын есептеу мақсатында ғана негізгі борышты өтеудің кез келген күніне дейін күнтізбелік екі ай ішінде алынған Қарыз сомалары алынған күннен кейін негізгі борышты өтеудің екінші күніне алынды және өтелмеді деп есептеледі және алынған күннен кейін негізгі борышты өтеудің екінші күнінен бастап негізгі борышты өтеудің әрбір күніне өтеуге жататын болады.
(b) Осы тармақтың (а) тармақшасының ережелеріне қарамастан, егер, негізгі Қарызды өтеу үшін төлемнің тиісті Күніне немесе одан кейін шоттар жазылатын кез келген уақытта Банк шотты ұсыну күнінің жүйесін қабылдаса, мұндай тармақшаның ережелері шоттарды ұсынудың осындай жүйесі қабылданғаннан кейін кез келген алуға қолданылмайтын болады.
4. Осы Кестенің 1 және 2-тармақтарының ережелеріне қарамастан, Қарыздың барлық алынған сомасының немесе қандай да бір бөлігінің валютасы Бекітілген валютаға айырбасталған жағдайда, Айырбастау кезеңінің ішінде басталатын негізгі Қарызды өтеу үшін төлемнің кез келген күніне өтелуге жататын Бекітілген валютаға осылайша айырбасталған соманы Банк мұндай соманы оның деноминацияланатын валютасында тікелей Айырбастау алдында мыналарға немесе: (i) Айырбастауға жататын Валюталық хедждік мәмілелер шеңберінде Банк төлеуге тиіс Бекітілген валютадағы негізгі борыштың сомасын көрсететін айырбастау бағамына; немесе (ii) егер Банк Айырбастау жөніндегі нұсқауға сәйкес тиісті шешім қабылдайтын болса, Экрандық мөлшерлеменің валюталық құрауышына көбейту жолымен айқындауға тиіс.
5. Егер Қарыздың алынған қаражаты Қарыздың біреуден көп валютада номиналданса, осы Толықтырудың ережелері осындай сомалардың әрқайсысы үшін жеке Өтеу кестесін әзірлеу мүмкін болатындай түрде, Қарыздың әрбір валютасында көрсетілген сомаға жеке қолданылады.
ҚОСЫМША
I бөлім. Айқындамалар
1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқау» 2006 жылғы 15 қазандағы өзгерістермен және 2011 жылғы қаңтардағы редакциядағы «ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттері мен гранттарының қаражатынан қаржыландырылатын жобалардағы алаяқтық пен сыбайлас жемқорлық профилактикасы және оларға қарсы күрес жөніндегі нұсқауды» білдіреді.
2. «Бизнес консультанттар желісі» Қарыз алушының аумағында ШОК үшін тегін көрсетілетін қызметтер үшін Қарыз алушы ҰЭМ арқылы жалдаған Бизнес Консультанттар желісін білдіреді.
3. «Санат» осы Келісімге 2-толықтырудың IV бөлімінің кестесінде көрсетілген санатты білдіреді.
4. «Консультанттар жөніндегі нұсқау» 2011 жылғы қаңтардағы «Дүниежүзілік Банктің қарыз алушыларына берілетін ХҚДБ қарыздары, ХДҚ кредиттері мен гранттары шеңберінде консультанттарды іріктеу және жалдау жөніндегі нұсқауды» білдіреді (2014 жылғы шілдедегі өзгерістермен және толықтырулармен).
5. «Жалпы Шарттар» осы Қосымшаның II бөлімінде көзделген модификациялармен 2012 жылғы 12 наурыздағы «Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің қарыздары үшін жалпы шарттарды» білдіреді.
6. «ҰЭМ» Қарыз алушының Ұлттық экономика министрлігін немесе оның кез келген құқықтық мирасқорын білдіреді.
7. «Пайдалану шығыстары» Банк үшін қолайлы, жартыжылдық бюджеттер негізінде Банк бекіткен, Жобаны іске асыру, басқару, үйлестіру, мониторингтеу және бағалау үшін ақылға қонымды және қажетті шығыстарды және өзгелермен қатар мыналарға: (і) коммуналдық көрсетілетін қызметтерге және байланысқа; (іі) семинарлар ұйымдастыруға; (ііі) кеңсенің шығыс тауарларына; (iv) БАҚ-пен өзара іс-қимылға және жарнамаға, басып шығаруға және жариялауға; (v) ауызша және жазбаша аудармаға; (vі) банктік алымдарға; және (vіі) автомобильді жалдау мен оған жанармай құюға арналған шығыстарды білдіреді. Пайдалану шығыстары Қарыз алушының мемлекеттік қызметшілерінің еңбекақысын немесе жәрдемақысын қамтымайды.
8. «Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқау» Қарыз алушы ҰЭМ арқылы дайындаған және қабылдаған, Банк үшін қолайлы нұсқауды білдіреді, онда өзгелермен қатар, Жобаның 1-құрауышына сәйкес ШОК үшін қаржылық басқару мен консультациялық бағдарлама жөніндегі нұсқауды қоса алғанда, Жобаны дайындауға, бекітуге, өңдеуге, қаржыландыруға, іске асыруға және қадағалауға қатысты жедел және әкімшілік рәсімдер сипатталған.
9. «Сатып алу жөніндегі нұсқау» 2011 жылғы қаңтардағы (2014 жылғы шілдедегі өзгерістермен және толықтырулармен) «ХҚДБ қарыздары, ХДҚ кредиттері мен гранттары бойынша Дүниежүзілік Банк қарыз алушыларының тауарларды, жұмыстарды және консультациялық емес көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі нұсқауды» білдіреді.
10. «Сатып алу жоспары» Сатып алу жөніндегі нұсқаудың
1.18-параграфында және Консультанттарды іріктеу және жалдау жөніндегі нұсқаудың 1.25-параграфында көрсетілген 2015 жылғы 21 қаңтардағы Жоба үшін Қарыз алушының сатып алу жоспарын білдіреді. Ол көрсетілген тармақтардың ережелеріне сәйкес кезең сайын жаңартылып отырады.
11. «Жобаны іске асыру тобы» немесе «ЖІТ» Келісімге 2-толықтырудың 1-тармағы А-бөлігінің I бөліміне сәйкес келетін топты білдіреді.
12. «Жобаны іске асыру жөніндегі комиссия» немесе «ЖІК» Келісімге 2-толықтырудың 2-тармағы А-бөлігінің I бөліміне сәйкес Жобаны іске асыру жөніндегі комиссияны білдіреді.
13. «ШОК» Қарыз алушының аумағында қызметін жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпорындарды білдіреді.
14. «Оқыту» ел ішіндегі және шетелдегі ақылға қонымды және қажетті сапарларды, Қарыз алушының нормаларына сәйкес оқыту семинарларының қатысушылары жұмсаған визаларды алуға, оның ішінде ел ішінде және шетелде тұруға, тамақтануға, тәулікақыға арналған шығыстарды, тіркеуге, оқу төлеміне, фасилитаторлар төлеуге арналған шығыстарды, елеусіз ұйымдастыру шығыстарын (кеңсе тауарларының, үлестірме және оқыту материалдарының құнын қоса алғанда), жазбаша және ауызша аудармаға арналған шығыстарды, үй-жайларды жалдау құнын және оқыту семинарлары мен оқыту сапарларын өткізумен тікелей байланысты басқа да шығыстарды қоса алғанда, Жоба шеңберінде жұмсалған және Банк үшін қолайлы оқыту және оқыту сапарларының жарты жылдық жоспарлары негізінде Банк мақұлдаған шығыстарды (көрсетілетін консультациялық қызметтерге арналған шығыстардан басқа) білдіреді.
II бөлім. Жалпы Шарттардағы өзгерістер
Осымен Жалпы шарттарға мынадай өзгерістер енгізіледі:
1. Мазмұнында Бөлімдерге сілтемелер, олардың атаулары мен нөмірленуі төменде көзделген өзгерістерді көрсету үшін өзгереді.
2. 3.01-бөлімге (Біржолғы комиссия) мынадай өзгеріс енгізіледі:
«3.01-бөлім. Біржолғы комиссия; Резервке қою үшін комиссия
(a) Қарыз алушы Банкке Қарыз туралы келісімде көзделген мөлшерлеме бойынша Қарыздың сомасына қатысты Біржолғы комиссияны (Біржолғы комиссия) төлейді.
(b) Қарыз алушы Банкке Қарыз туралы келісімде көзделген мөлшерлеме бойынша Қарыздың алынбаған қалдығына қатысты резервке қою үшін комиссия (Резервке қою үшін комиссия) төлейді. Резервке қою үшін комиссия Қарыз алушы Қарыздың шотынан соманы алғанда немесе оның күшін жойғанда Қарыз туралы келісім күнінен кейін 60 күн өткен күннен бастап тиісті күндер аралығында есептеледі. Резервке қою үшін комиссия жартыжылдық негізде әрбір кезеңнің соңында төлемнің әрбір Күніне төленуге жатады».
3. «Айқындамалар» Қосымшасында бөлімдер мен тармақтардың нөмірлеріне барлық тиісті сілтемелер жоғарыдағы 2-тармақта көзделген өзгерістерді көрсету үшін қажеттілігіне қарай өзгереді.
4. Қосымшаға кейінгі барлық тармақтардың нөмірленуі тиісінше өзгертіле отырып, «Резервке қою үшін комиссия» деген келесі анықтамамен жаңа 19-тармақты қосу арқылы өзгеріс енгізіледі: «19. «Резервке қою үшін комиссия» 3.01(b)-бөлімінің мақсаттары үшін Қарыз туралы келісімде көзделген резервке қою үшін комиссияны білдіреді».
5. Қосымшаның қайта нөмірленген 49-тармағында (бастапқы 48-тармақ) «Біржолғы комиссия» айқындамасы 3.01-бөлімінен сілтемені 3.01(a)-бөліміне ауыстыру жолымен өзгертілген.
6. Қосымшаның қайта нөмірленген 68-тармағында (бастапқы 67-тармақ) «Қарыз бойынша төлем» терминінің анықтамасы мынадай түрде өзгертілген:
«68. «Қарыз бойынша төлем» Қарыздың алынған қаражатының, сыйақының, Біржолғы комиссияның, Резервке қою үшін комиссияның, мерзімі өткен төлем үшін пайыздық мөлшерлеменің (егер ондай болса) қандай да бір сомасын, мерзімінен бұрын өтеу үшін қандай да бір айыппұлды, айырбастау үшін немесе айырбастауды мерзімінен бұрын тоқтату үшін қандай да бір операциялық алымды, өзгермелі спрэдті тіркеу үшін төлемді (егер ондай болса), пайыздық мөлшерлеменің тіркелген жоғарғы немесе төменгі шегін белгілегеннен кейін төленуге жататын қандай да бір сыйақыны және шарттардың өзгеруіне байланысты Қарыз алушының төлеуіне жататын кез келген шығыстарды қоса алғанда (бірақ шектелмей), Заң келісімдеріне немесе осы Жалпы шарттарға сәйкес Қарыз Тараптарының Банкке төлеуіне жататын кез келген соманы білдіреді».
7. Қосымшаның қайта нөмірленген 73-тармағында (бастапқыда 72-тармақ), «Даты платежа» анықтамасы «процент» деген сөзден кейін «является» деген сөзді алып тастау және «и Комиссии за резервирование» деген сөздерді қою жолымен өзгертілген.