2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 13-бабының 5) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қызылжар ауданының жалпы алаңы 359 гектар жерлерінің бір бөлігін Петропавл қаласының шегіне қосу арқылы Петропавл қаласының әкімшілік шекарасын өзгерту туралы Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 24/21 шешіміне және «Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданының шекараларын өзгерту туралы ұсыныстар енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 95 қаулысына келісім берілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 17 маусымдағы
№ 452 қаулысына
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы жерлерінің Петропавл қаласының шегіне қосылатын бөлігінің экспликациясы
гектар
Аудан атауы |
Ауылдық округ, ауыл атауы |
Петропавл қаласының шегіне қосылатын жерлердің ауданы |
Оның ішінде: |
||
егістік |
орман белдеуі |
жолдар |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Қызылжар |
Рощин ауылдық округі |
359 |
355 |
3 |
1 |
Барлық жерлер: |
359 |