"Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту қоры" акционерлік қоғамы акцияларының пакетін сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 478 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 21 тамыздағы № 493 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 21.08.2017 № 493 қаулысымен

      "Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" акционерлік қоғамының "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) акцияларының 100 пайыз мөлшердегі пакетін сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын;

      2) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетіне беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады