"Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" акционерлік қоғамын және "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту қоры" акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 21 тамыздағы № 493 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" акционерлік қоғамы оған "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту қоры" акционерлік қоғамын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне" деген бөлімде:

      реттiк нөмiрi 264-10-жол алып тасталсын;

      2) Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 936 қаулысымен.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерс енгізілді – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 936 қаулысымен.

      4. "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту қоры" акционерлік қоғамы акцияларының пакетін сыйға тарту шарты бойынша жекеменшіктен республикалық меншікке қабылдау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 478 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады