"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 маусымдағы № 487 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж. № 8, 42-құжат; 2015 ж. 17 маусымдағы «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сумен жабдықтау және су бұру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты кредиттеу және субсидиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы. 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-бапта:
      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) ең озық қолжетiмдi технологиялар – қоршаған ортаны қорғаудың жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін тиімді және экономикалық тұрғыдан ұтымды әдістер мен технологиялар;»;
      34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «34) қауiптi қалдықтар – бір немесе бірнеше қауіпті қасиеттерге (уыттылыққа, жарылыс қаупiне, радиоактивтiлiкке, өрт қауіптілігіне, жоғары реакциялық қабілеті бар) ие және дербес немесе басқа заттармен қосылған кезде қоршаған ортаға және адам денсаулығына тiкелей немесе әлеуетті қауiп төндiретiн қалдықтар;»;
      43) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «43) қоршаған ортаға эмиссиялар – ластаушы заттардың шығарындылары, төгiндiлерi, қоршаған ортада өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, күкіртті қоршаған ортада ашық түрде орналастыру және сақтау;»;
      44) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 54-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «54-1) гидрологиялық мониторинг су объектілерінің жай-күйін тұрақты және (немесе) мерзімді байқау жүйесі және су объектілерінің жай-күйі туралы жедел және болжамды ақпарат алу мақсаты мен су объектілерінің мемлекеттік мониторингі жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады;»;
      105) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «105) эмиссиялар нормативтерi – белгілі бір мерзімге белгіленетін қоршаған орта сапасы нормативтерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге жол берiлетiн эмиссиялар көрсеткiштерi;»;
      мынадай мазмұндағы 106), 107) және 108) тармақшалармен толықтырылсын:
      «106) өз бетінше эмиссиялар – төгінділер мен шығарындылар көздерінен қоршаған ортаға эмиссиялар, мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болмаған кезде өндіріс, тұтыну қалдықтары мен күкіртті орналастыру;
      107) нормативтен тыс эмиссиялар – төгінділер мен шығарындылар көздерінен қоршаған ортаға эмиссиялар, эмиссиялардың белгіленген нормативтері шегеріле отырып, мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысында көзделмеген өндіріс, тұтынудың қалдықтары мен күкіртті орналастыру;
      108) диспергенттер – табиғи процестердің әсерінен бұзылуға дейін оның қалыңдығында қалып, сумен анағұрлым тиімді араласа алатын мұнай дағының ұсақ тамшыларға бөлінуіне мүмкіндік беретін беттік белсенді заттар мен еріткіштердің қоспасы.»;
      2) 6-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) кешенді экологиялық рұқсаттар берудi;»;
      3) 12-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жылжымалы көздерден туындайтын эмиссияларды қоспағанда, қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылардың арнайы табиғат пайдалану құқығын жүзеге асыруына мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы немесе кешенді экологиялық рұқсат болған кезде жол берiледi.»;
      4) 17-бапта:
      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «7-1) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын келіседі;»;
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) кешенді экологиялық рұқсаттар береді, қорытынды берілген күннен бастап қоршаған ортаға эмиссияларға нормативтерді белгілейді;»;
      мынадай мазмұндағы 8-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «8-2) жергілікті атқарушы органдардың қызметіне экологиялық реттеу бөлігінде мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыру жөніндегі бақылауды жүзеге асырады;»;
      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) мемлекеттік сараптаманы жүргізеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасында экологиялық сараптаманы жүзеге асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді және оған әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;»;
      мынадай мазмұндағы 24-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «24-2) теңізге және Қазақстан Республикасының ішкі су тоғандарына мұнайдың апатты төгілуін жою үшін диспергенттердің тізбесін бекітеді;»;
      29) тармақшада:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «теңізге және Қазақстан Республикасының ішкі су қоймаларына мұнайдың апатты төгілуін жою кезінде қолдану үшін рұқсат берілген диспергенттер тізбесіне енгізу үшін диспергенттердің тиімділігін айқындау жөніндегі әдістемені;»;
      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «табиғат пайдаланудың шарттарын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларына енгiзу тәртiбiн, мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын беру үшін құжаттардың нысандарын және оларды толтыру тәртiбiн;»;
      мынадай мазмұндағы отыз үшінші абзацпен толықтырылсын:
      «Теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі су тоғандарында мұнай төгілуінің алдын алу және оларға ден қою жөніндегі Ұлттық жоспарда көзделген мұнайдың төгілуін жою әдістерін қолдану қағидаларын;»;
      30) тармақшаның жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «кешендi экологиялық рұқсаттар беру тәртiбiн және мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларының орнына кешендi экологиялық рұқсаттар алу мүмкiн болатын өнеркәсiп объектiлерi үлгiлерiнiң тiзбесiн;»;
      5) 20-баптың 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын береді, оларда қоршаған ортаға эмиссияларға нормативтер белгілейді;»;
      6) 22-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі су тоғандарында мұнай төгілуінің алдын алу және оларға ден қою жөніндегі ұлттық жоспарда көзделген мұнайдың апатты төгілуін жою әдістерін қолдану нәтижесінде эмиссия нормалануға жатпайды.»;
      7) 25-бапта:
      1-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Эмиссиялар нормативтерiнiң шамалары жылжымалы көздерден ластаушы заттардың шығарындыларын қоспағанда, эмиссиялардың барлық стационарлық көздерінен қоршаған ортаға жол берілетін эмиссияларды жүзеге асыру үшін негiз болып табылады.»;
      8) 27-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Ластаушы заттар шығарындылары мен төгiндiлерiнiң шекті жол берiлетiн нормативтерi, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері шығарындылардың стационарлық және жылжымалы көздері, технологиялық процестер мен жабдықтар үшін эмиссиялар нормативтерінің есептеу мәндерiн, техникалық үлестік нормативтерінiң белгiленген мәндерiн қамтитын жобаларға мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларында белгіленеді. Ластаушы заттардың жол берiлетiн шекті шығарындылары мен төгiндiлерiнiң белгіленген нормативтерінің және өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтерінің қолданылу мерзімі нормативтерді қамтитын жобаларға берілген мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларының қолданылу мерзімімен айқындалады.»;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Табиғат пайдаланушы мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынған және шекті жол берілетін эмиссиялардың нормативтерінен асып кетуіне әкеп соқпайтын, ілеспе газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламаларынан, сондай-ақ жобалау құжаттамаларынан және қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерінің жобаларынан ауытқыған жағдайлар, оның ішінде газды жағу сценарийлерінің және (немесе) кестелерінің өзгеруі өз бетінше және нормативтен тыс эмиссиялар ретінде қарастырылмайды.»;
      9) 28-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жекелеген көздер бойынша эмиссиялар нормативтерi эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерiне теңестiрiлiп белгiленедi не санитариялық-қорғау алаңының шекарасындағы және жақын елді мекендердегі қоршаған орта сапасы нормативтеріне қол жеткізу мақсаттарын негізге ала отырып, есептеу және (немесе) инструментальдық жолмен айқындалады.»;
      10) 40-баптың 1-тармағының бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «IV санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитариялық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 5-сыныбына жататын қызмет түрлерi жатады.»;
      11) 41-баптың 1-тармағында:
      1), 2), 3) және 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жоспаралды, жоспарлы, жобаалды және жобалау құжаттамаларын әзірлеу кезінде межеленіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау жөніндегі нұсқаулық бойынша әзірленген жобаны;
      2) эмиссиялардың сұратылған нормативтерінің негіздемесі бойынша өтінімді;
      3) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын;»;
      «14) хаттамалармен ресiмделген және Орхус Конвенциясының 1-қосымшасында көрсетілген жоспарланып отырған қызметтiң экологиялық аспектiлерiн қоғамдық талқылау нәтижелерi жөнiндегi қорытындыларды қамтитын қоғамдық пiкiрдi есепке алу жөнiндегi материалдарды;»;
      12) 47-бапта:
      3-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген және осы Кодекстiң 40-бабында келтірілген объектілердің сыныпталуына сәйкес сыныпталмайтын, қоршаған ортаға әсер ететін межеленіп отырған қызметтің жобаалды және жобалау құжаттамасы IV санатқа жатады.»;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Өз меншігінде:
      1) бір облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағында орналасқан өндіріс объектілері бар табиғат пайдаланушылар мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын алуға әрбір объект бойынша да, сонымен қатар олардың барлық жиынтығы бойынша да өтінім бере алады;
      2) түрлі облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағында орналасқан өндіріс объектілері бар табиғат пайдаланушылар мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын алуға әрбір объектінің орналасқан жері бойынша өтінім беруге тиіс.»;
      13) 50-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «50-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу мерзімдері
      1. Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу мерзімі, объектілер құрылыстарының жобалары бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу саласында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамада, сондай-ақ осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, барлық қажеттi құжаттама мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органдарға берiлген кезден бастап I санаттағы объектілер үшін – екі айдан, II санаттағы объектілер үшін – бір айдан, III, IV санаттардағы объектілер үшін он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
      Қайталама мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргізу мерзімі тіркелген күнінен бастап I санаттағы объектілер үшін – бір айдан аспауға тиіс, II санаттағы объектілер үшін – он жұмыс күнінен аспауға тиіс, III, IV санаттардағы объектілер үшін бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
      2. Тіркелген күнінен бастап I санаттағы объектілер үшін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде және II, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беретін орган құжаттарды олардың толықтығы тұрғысынан қарайды.
      Табыс етілген құжаттама толық болмаған жағдайда, олар оны ұсынған тұлғаға қайтарылуға жатады.»;
      14) 51-бапта:
      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы оны жүргiзу нәтижелерi бойынша қатаң есептілік бланкісінде берiледi және экологиялық сараптама объектісін іске асыру жөніндегі шешімді қабылдауға негіз болып табылады.»;
      4, 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу мiндеттi болатын шаруашылық және өзге де қызмет жобаларын мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысынсыз банктердiң және өзге де қаржы ұйымдарының iске асыруын қаржыландыруына тыйым салынады.
      5. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысына қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының басшысы, тиісті аумақтағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшысы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органдардың басшысы қол қояды.»;
      мынадай мазмұндағы 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16 және 17-тармақтармен толықтырылсын:
      «7. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысынсыз эмиссиялардың барлық стационарлық көздерінен қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыруға тыйым салынады.
      8. Қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылар, жылжымалы көздерден ластаушы заттардың шығарындыларын қоспағанда, мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын алуға міндетті.
      9. Табиғат пайдаланушылар мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысында көрсетілген шарттарды орындауға міндетті және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олардың сақталуына жауапты болады.
      10. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезінде өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру бөлігінде табиғат пайдаланудың шарттарына қалдықтар көлемінің азаюын және рұқсаттың қолданылу кезеңінде қоршаған ортаға зиянды әсерінің төмендеуін көрсететін қалдықтарды басқару бағдарламаларының көрсеткіштері енгізіледі.
      Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезінде күкіртті орналастыру бөлігінде табиғат пайдаланудың шарттарына күкірттің жинақталған көлемдерін азайту және рұқсаттың қолданылу кезеңінде қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендету жөніндегі бағдарламалардың көрсеткіштері енгізіледі.
      11. Егер осы эмиссиялар жалпы табиғат пайдалану процесінде жүріп жатса, мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын алу талап етілмейді.
      12. Парниктік газдардың шығарындылары, Қазақстан Республикасының Салық кодексінде ластаушы заттар ретінде көзделген заттардың шығарындыларын қоспағанда, экологиялық қорытындылардың нысанасы болып табылмайды.
      13. Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы бланктерінің нысандарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
      14. Табиғат пайдаланушы мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысына шағымданған жағдайда, жобаларды қарау мерзімі сот актісінің немесе жоғары тұрған мемлекеттік органның шешімі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.
      15. Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының қолданысын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
      Егер мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы табиғат пайдаланушыға бірнеше өндірістік объектілерге берілсе, мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының қолданысы бұзушылыққа жол берілген объекті бойынша тоқтатыла тұрады.
      16. Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының қолданысы жаңа қорытынды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады.
      17. Табиғат пайдаланушыны мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысынан айыру сот тәртібімен жүзеге асырылады.»;
      15) мынадай мазмұндағы 51-1 және 51-2-баптармен толықтырылсын:
      «51-1-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын қайта   ресімдеу тәртібі
      1. Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын қайта ресімдеу қоршаған ортаға жүктеменің көбеюіне әкеп соқпайтын заңды тұлғаның атауы немесе ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайларда бір ай мерзімде жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын қайта ресімдеу мынадай құжаттар:
      1) мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын қайта ресімдеуге өтінім;
      2) мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын қайта ресімдеу бөлігін анықтау үшін негіздеме (келісімшарт, сатып алу-сату шарттары, жалға алу шарты, тіркеу органы беретін анықтама және өзге де растайтын құжаттар) болған кезде жүзеге асырылады.
      51-2-бап. Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерінің жобаларына   мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысына енгізілетін табиғат пайдалану шарттары
      1. Егер табиғат пайдаланушы жүзеге асыратын қызмет түрлері үшін Қазақстан Республикасында арнайы экологиялық талаптар мен нормалар қабылданса, мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысына осы талаптар мен нормалардың орындалуын қамтамасыз ететін табиғат пайдалану шарттары енгізілуі мүмкін.
      2. Табиғат пайдалану шарттарын табиғат пайдаланушы ұсынады және олардың негіздемелерімен бірге экологиялық сараптама жүргізуге өтінімнің құрамында көрсетіледі.
      3. Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысына табиғат пайдаланудың белгілі бір шарттарын енгізу туралы шешімді мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беретін органдар қабылдайды.
      4. Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысына Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген экологиялық талаптар мен нормаларда көзделмеген табиғат пайдалану шарттарын енгізуге тыйым салынады.
      5. Табиғат пайдаланушы жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысына енгізілген табиғат пайдалану шарттарының орындалғаны туралы есеп ұсынуға міндетті.
      6. Мемлекеттік экологиялық сараптамаға табиғат пайдалану шарттарын енгізуге қатысты табиғат пайдаланушы мен мемлекеттік экологиялық сараптама органдары арасындағы даулар осы Кодексте белгіленген тәртіппен шешіледі.»;
      16) 52-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы алып тасталсын;
      17) 53-баптың 6-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) мемлекеттiк экологиялық сараптама жасалатын объектiге жан-жақты және объективтi баға беру үшiн маңызы бар қосымша материалдардың осы Кодекстің 50-бабында белгіленген мерзім шегінде табыс етiлуiн талап етуге;»;
      18) 54-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «54-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу процесiне сырттан сарапшылар тарту
      Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу сырттан сарапшылар тартуды талап еткен жағдайда, мемлекеттiк экологиялық сараптама органдарының сараптамалық қорытындылар алу үшiн басқа мемлекеттiк органдарға, өзге де ұйымдарға, сондай-ақ жекелеген мамандарға өтiнiш жасауға құқығы бар. Сырттан сарапшылар тартуды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.»;
      19) 55-бап алып тасталсын;
      20) 56-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттiк экологиялық сараптамасының сарапшылық кеңестерi туралы ережелердi, олардың жеке құрамдарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның және оның аумақтық органдарының басшылары бекiтедi.»;
      21) 57-бапта:
      1-тармақ алып тасталсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Іске асырылуы қоршаған орта мен азаматтардың денсаулығына тікелей әсер етуі мүмкін I санаттағы объектілерге арналған жобалар бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізіледі.»;
      22) 58-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мүдделі адамдар І санаттағы объектілер бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысына жоғары тұрған мемлекеттік органға немесе сотқа жүгіну арқылы шағымдануы мүмкін.
      2. Мемлекеттік экологиялық сараптама мәселелері жөніндегі келіспеушіліктерді мүдделі адамдардың, оның ішінде белгiленiп отырған қызметке тапсырыс берушінің өтініші бойынша шаруашылық және өзге де қызметтің І санаттағы объектілері бойынша ғана жоғары тұрған мемлекеттік орган қарайды.»;
      23) 68-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «68-бап. Экологиялық рұқсаттардың түрлерi
      Қазақстан Республикасында табиғат пайдаланушыларға кешенді экологиялық рұқсаттар беріледі.
      Эмиссиялардың барлық стационарлық көздерінен қоршаған ортаға эмиссияларды кешенді экологиялық рұқсатсыз немесе мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысынсыз жүзеге асыруға тыйым салынады.
      Ластағыштар ретінде Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген заттар шығарындыларын қоспағанда, парниктiк газдар шығарындылары кешенді экологиялық рұқсаттың және мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының нысанасы болып табылмайды.»;
      24) 69, 70, 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77 және 78-баптар алып тасталсын;
      25) 79-бап:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Ең озық қолжетімді технологиялар мынадай:
      1) қалдығы аз технологияларды пайдалану;
      2) адамға және қоршаған ортаға неғұрлым аз дәрежеде қауіпті заттарды пайдалану;
      3) өндірістік циклға құралатын жанама өнімдерді енгізу мүмкіндігі;
      4) өнеркәсіптік ауқымда бұрын тиімді пайдаланылған салыстырмалы процестер, қондырғылар, басқару әдістері;
      5) технологиялық басымдықтар және ғылыми білім деңгейін арттыру;
      6) процеспен байланысты шығарындылар мен төгiндiлердің көзі, ықпал ету сипаттамасы және үлестік маңызы;
      7) жаңа және қолданыстағы қондырғылар үшін пайдалануға беру мерзімі;
      8) ең озық қолжетімді технологияларды енгізу мерзімі;
      9) процесте пайдаланылатын шикізатты (суды қоса алғанда) тұтыну және оның сипаттамасы;
      10) энергия тиімділігі;
      11) шығарындылардың/төгінділердің қоршаған ортаға жалпы жағымсыз ықпал етуі және онымен байланысты тәуекелдер;
      12) аварияларды және онымен байланысты тәуекелдерді болдырмау өлшемшарттарына сай болуға тиіс.»;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Ең озық қолжетімді технологиялардың бекітілген тізбесінен басқа табиғат пайдаланушылар Қоршаған ортаның ластануын болдырмау және оны кешенді бақылау жөніндегі Еуропа бюросының анықтамалығына енгізілген ұсынылатын технологиялардың кез келгенін таңдай алады.
      Егер технология қоршаған ортаның ластануын болдырмау және оны кешенді бақылау жөніндегі Еуропа бюросының анықтамалығында көрсетілгендерге қарағанда осы баптың 1-1-тармағында тізбеленген өлшемшарттарға, параметрлерге немесе ең жақсы параметрлерге сәйкес келетін болса, ең озық қолжетімді технология деп есептеледі.»;
      26) 99-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар табиғат пайдаланушы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша әзiрлейтiн қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспарына енгiзiледi.»;
      27) мынадай мазмұндағы 99-1-баппен толықтырылсын:
      «99-1-бап. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары
      1. І санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен, II, III, IV санаттағы объектілер үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісіледі.
      2. Табиғат пайдаланушы құзыреті шегінде тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күніне дейінгі мерзімде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпаратты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органға табыс етуге міндетті.
      3. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есептің нысанын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
      28) 107-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына, мүлкiне және (немесе) өз бетінше немесе нормативтен тыс эмиссиялар нәтижесiнде қоршаған ортаға келтiрiлген зиянды өтеу экологиялық сақтандырудың мақсаты болып табылады.»;
      29) 114-баптың 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «20) қалдықтарды жинап қою мен жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi талаптардың сақталуына;»;
      30) 130-баптың 2-тармағында:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасын әзiрлеуге;»;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) өндiрiстiк экологиялық бақылау процесiнде анықталған, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу фактiлерi туралы қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органға есепті тоқсан аяқталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде хабарлауға;»;
      31) 144-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингi бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң шеңберiнде қоршаған ортаның жай-күйiн бақылау, сондай-ақ талдау үшiн сынамаларды iрiктеу арнайы құрылған мемлекеттiк, аумақтық және жеке меншiк бақылау желiлерiнiң пункттерiнде жүзеге асырылады. Iрiктелiп алынған сынамалардағы ластаушы заттардың құрамын талдау:
      1) аккредиттелген талдамалық зертханаларда;
      2) бақылаудың автоматтық пункттері қолданылған жағдайда сынамаларды іріктеу орны бойынша жүзеге асырылады.»;
      32) 145-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Стационарлық және жылжымалы бақылау жасау пункттерінің қызметін ұйымдастыруды Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет жүзеге асырады.
      Жаңадан ашылатын бақылау жасау пункттерінің орналасқан жерін (дислокациялау орнын) айқындау жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің шешімімен жүргізіледі. Көрсетілген бақылау жасау пункттерінің қызметін тоқтату Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің шешімімен жүзеге асырылады.»;
      33) 154-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттама есепті жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарынан 1 наурызына дейiнгi жағдай бойынша жыл сайын электрондық және қағаз жеткiзгiштермен берiледi.
      Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттама оны өзгерткен жағдайда қайта ұсынылады.»;
      34) 155-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қалдықтардың мемлекеттiк кадастры қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.»;
      35) 199-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасында технологиялардың, көлік құралдарын қоспағанда, техниканың және жабдықтың қолданылуы осындай технологиялардың, техника мен жабдықтың қоршаған ортаға әсерін бағалау материалдарымен қоса олардың қолданылуын негіздейтін жобалау құжаттамасына мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде жүзеге асырылады.»;
      36) 201-баптың және 202-баптың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      «201-бап. Кәсiпорындарды және құрылыстарды орналастыруға қойылатын экологиялық талаптар»;
      «202-бап. Кәсiпорындарды және құрылыстарды салуға және реконструкциялауға қойылатын экологиялық талаптар»;
      37) 219-баптың 2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мынадай:
      1) жерасты сулары минералға қаныққан, шаруашылық-ауыз су үшін, бальнеологиялық, техникалық қажеттіліктер үшін, ирригация және мал шаруашылығы мақсатында пайдаланылмайтын немесе пайдалануға болмайтын, жер астындағы сутұтқыш белдеулерге сарқынды суларды ағызуға;
      2) қосымша ілесіп шыққан карьердің суын арнайы жинақтағыштарға ағызуға заттардың нормативтерін белгілеу талап етілмейтін сарқынды суларды қоспағанда, нормативтiк көрсеткiштерге жеткізіліп тазартылмаған сарқынды суларды жер қойнауына ағызуға тыйым салынады.»;
      38) 237-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Жеке және заңды тұлғалар жануарлар дүниесiнiң жай-күйiне әсер ететiн немесе әсер етуi мүмкiн кез келген қызметтi жүзеге асырған кезде жануарлардың тiршiлiк ету ортасының, көбею жағдайлары мен өрiс аудару жолдарының қорғалуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ өндiрiстiк процестердi жүзеге асырған уақытта, оның iшiнде жануарларға қауiптi препараттарды, химиялық заттар мен қоспаларды сақтау, тасымалдау, қолдану, қалдықтарды жинап қою, жою, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, ағаш дайындау және басқа жұмыстар жүргiзген кезде жануарлардың қырылуын болдырмауға арналған iс-шараларды жүзеге асыруға мiндеттi, сондай-ақ электр желiлерi мен көлiк құралдарын пайдалану кезiнде мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес арнайы қорғау құрылғылары, қоршаулар орнатылуға тиіс.»;
      39) 239-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттiк органмен келiсу бойынша өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен пестицидтердiң (улы химикаттардың) тiзiмiне енгiзiлген пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдануға рұқсат етiледi.»;
      40) 250-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген іс-шаралар биологиялық негіздемелер негізінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.»;
      41) 262-бапта:
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағы шегінде, ластанбаған немесе тазартылған сарқынды сулардың шектеулі тізбесін, оның ішінде салқындату және өрт сөндіру жүйесіндегі сулар мен қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның рұқсаты бойынша ағызылатын балластық суларды қоспағанда, сарқынды суларды ағызуға және қалдықтарды тастауға тыйым салынады. Судың бақылау жақтауы шегінен тыс ағызылуы нәтижесіндегі температурасы соңғы үш жыл ішіндегі ағызу кезеңіндегі орташа айлық су температурасымен салыстырғанда бес градустан жоғары аспауға тиіс.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Теңіз өндірістік объектілері (бұрғылау, өндіру, пайдалану) және оларға қызмет ететін кемелер сарқынды суларды тазарту мен залалсыздандыруға немесе сарқынды суларды жинауға, сақтауға және кейін арнаулы кемелерге немесе жағалаудағы қабылдау құрылғыларына беруге арналған қондырғылармен жабдықталуға тиіс. Қоқысты жинау немесе өңдеу (ұнтақтау немесе сығымдау) үшін тиісті құрылғылар көзделуге тиіс. Ең озық қолжетімді технологияларды пайдалану барысында және жобалау құжаттамасына мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар болғанда медициналық және тамақ қалдықтарын инсинерациялауға рұқсат етіледі.»;
      42) 264-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Жер қойнауын пайдаланушы мұнай операцияларын жүргізу кезінде авариялық төгілулердің алдын алу, оқшаулау және оларды жою жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз етуге тиіс.»;
      43) 291-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) оларды қайта өңдеу, кәдеге жарату, залалсыздандыру және қауіпсіз жою не осы іс-шараларды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға беру арқылы оларды азайту жөніндегі шараларды көздейтін қалдықтарды орналастыру нормативтерінің жобасын әзірлеуге;»;
      44) 293-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Қауіпті қалдықтарды арнайы жабдықталған жерлерге, оның ішінде суланбаған жер асты кен қазбаларында, шахталарда және көліктік еңістерде мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындылары және жер қойнауын пайдалану саласындағы уәкілетті органның келісімі болған кезде орналастыруға рұқсат етіледі. Қауіпті қалдықтарды орналастыру үшін бөлінген аумақтарда қауіпті қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты емес басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыруға тыйым салынады.»;
      45) 296-баптың 5-тармағы алып тасталсын;
      46) 303-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) жерасты, жерүсті суларының және олардың су қорғау аймағы мен белдеулерінің немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың болуына;»;
      47) 321-бапта:
      2-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) өз бетінше эмиссиялар;
      4) нормативтен тыс эмиссиялар.»;
      мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
      «9. Табиғат пайдаланушы мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынған және шекті жол берілетін шығарындылар нормативтерінен асып кетуіне әкеп соқпайтын, ілеспе газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасынан, сондай-ақ жобалау құжаттамасынан және қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерінің жобаларынан ауытқу жағдайлары өз бетінше және нормативтен тыс эмиссиялар ретінде қаралмайды.»;
      48) 324-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін алған қоршаған ортаға эмиссияға арналған рұқсаттар қанша мерзімге берілсе, сонша мерзім ішінде қолданылады.».
      2. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 24, 145-құжат):
      1) 1-бапта:
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу – (а) газды жақпай мынадай: технологиялық жабдықты іске қосу-жөнге келтіру; технологиялық жабдықды пайдалану; технологиялық жабдыққа қызмет көрсету және оны жөндеу операцияларын жүзеге асырудың техникалық мүмкіндігі жоқтығына байланысты газ өңдеудің технологиялық процестері кезінде және (немесе) (б) технологиялық жабдықтың жұмысындағы технологиялық іркілістер (істен шығу) нәтижесінде уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес ілеспе және (немесе) табиғи газды жағу;»;
      мынадай мазмұндағы 120) тармақшамен толықтырылсын:
      «120) технологиялық іркіліс – технологиялық жабдық жұмысындағы істен шығу, іркілістер мен ауытқулар және техникалық құрылғының немесе жабдықтың белгілі бір уақыт ішінде жұмыс істеуін қалпына келтіруге мүмкіндік туғызатын жұмыс қабілеттілігінің уақытша тоқтауы.»;
      2) 25-баптың 7) тармақшасы алып тасталсын;
      3) 32-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы аумағының шекараларындағы жер қойнауы учаскелері мемлекеттік меншік болып табылады. Мұндай учаскелер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы континенттік қайраңының учаскелері осы Заңда белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін беріледі.»;
      4) 62-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың жобасы оған қол қойылғанға дейін жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісуге жатады.
      Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың жобасы сондай-ақ мынадай: құқықтық, экономикалық міндетті сараптауға жатады.
      Сараптама келісімшарт ережелерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуі тұрғысынан жүргізіледі. Экономикалық сараптаманың нысанасы сондай-ақ келісімшарт талаптарының соның негізінде конкурс ұтып алынған конкурстық ұсыныс талаптарына немесе тікелей келіссөздердің шарттарына сәйкестігін тексеру, жобаны іске асырудың экономикалық орындылығын және әлеуметтік маңызын бағалау болып табылады.
      Сараптамалық қорытындыларды тиiстi мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттiк органға тиiстi сараптаманы жүргiзуге қажеттi құжаттардың толық топтамасын берген кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде ұсынады.»;
      5) 85-бапта:
      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) газды технологиялық еріксіз жағу жағдайларын қоспағанда, ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға тыйым салынады.»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсатсыз жол беріледі.
      Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда жер қойнауын пайдаланушы мұндай жағу туралы мұнай және газ саласындағы, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдарды он күн ішінде жазбаша хабарландыруға міндетті.
      Технологиялық жабдықтың жұмысында технологиялық іркіліс болған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы тергеп-тексеру жүргізуге және мұнай және газ саласындағы уәкілетті органдарға технологиялық іркілістің себептерін көрсете отырып, тоқсан сайын есептерді табыс етуге міндетті.»;
      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда, iлеспе және (немесе) табиғи газды алау етiп жағуға мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен әдiстеме бойынша есептелген нормативтер мен көлемдер шегiнде жер қойнауын пайдаланушы жобалау құжаттарын сақтаған жағдайда, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келiсiлген мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi органның рұқсаты бойынша жол берiледi.»;
      6) 86-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Жер қойнауын пайдаланушылар мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның бекітуіне және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органдармен келісуге жататын ілеспе газды өңдеуді дамыту бағдарламаларын көздеуге міндетті, олар ілеспе газды жағу немесе қатқа кері айдау (кәдеге жарату) көлемдерін қысқарту жолымен қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендету мақсатында әр үш жыл сайын жаңартылып отыруға тиіс.
      Бағдарламалардың орындалуы туралы есептерді жер қойнауын пайдаланушы мұнай және газ саласындағы және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органдарға жыл сайын жіберуге тиіс.».
      3. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасыны Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 9-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 21, 122, 123-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 1, 2-құжат):
      1) мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын:
      «16-1-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға тартылатын қазақстандық және шетелдік кемелердің мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өту құқығы
      1. Континеттік қайраңда жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу, континенттік қайраңның табиғи ресурстарын барлау және өндіру жөніндегі жұмыстарды орындау, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп жүзуге тіркелген теңіз жүзбелі платформаларының жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ жасанды аралдарды, қондырғылар мен құрылыстарды, оның ішінде континеттік қайраңдағы стационарлық теңіз платформаларын салу, пайдалану және қолдану мақсатында, кейіннен Қазақстан Республикасының порттарына, теңіз терминалдарына немесе айлақтық құрылыстарына келетін, қазақстандық порттардан, Қазақстан Республикасының теңіз терминалдарынан немесе айлақтық құрылыстарынан континенттік қайраң үстіндегі су кеңістігіне шығатын қазақстандық және шетелдік кемелер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен шекаралық, кедендік бақылаудан (кемелердің келуімен немесе кетуімен байланысты кедендік операцияларды жасау бөлігінде) және бақылаудың өзге де түрлерінен өтпестен, Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өте алады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қазақстандық және шетелдік кемелерге:
      1) шет мемлекеттің аумақтық суларына (теңізге), шет мемлекеттің ішкі суларына, шетелдік порттарға кіруге;
      2) адамдар мен кемелерді құтқару қажеттігінен туындаған немесе кеменің капитаны бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін дереу хабардар ететін басқа да төтенше жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан кеткен кезде шекаралық бақылау жүзеге асырылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келген кезде шекаралық бақылаудан өтпеген шетелдік және қазақстандық кемелердегі адамдарды түсіруге (отырғызуға), кез келген жүктер мен тауарларды түсіруге (тиеуге) тыйым салынады.»;
      2) 17-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы тармақтың 3) тармақшасының күші осы баптың 4-тармағында көрсетілген Мемлекеттік шекараларды кесіп өту жағдайларына қолданылмайды.»;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Жасанды аралдарға, континеттік қайраң үстіндегі кеңістікте орналасқан жүзбелі қонақүйлерді қоса алғанда, қондырғылар мен құрылыстарға Қазақстан Республикасының аумағынан не көрсетілген жасанды аралдардан, жүзбелі қонақүйлерді қоса алғанда, қондырғылар мен құрылыстардан Қазақстан Республикасының аумағына адамдарды, жүктер мен тауарларды жеткізуді жүзеге асыратын қазақстандық әуе кемелері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен шекаралық, кедендік бақылаудан (кемелердің келуімен (кетуімен) байланысты кедендік операцияларды жасау бөлігінде) және бақылаудың өзге де түрлерінен өтпестен, бөлінген әуе дәліздерінен тыс Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өте алады. Адамдарды, кемелерді құтқару қажеттігінен туындаған не қазақстандық әуе кемесінің командирі бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін, сондай-ақ азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органдарды дереу хабардар ететін басқа да төтенше жағдайларды қоспағанда, көрсетілген қазақстандық әуе кемелеріне шет мемлекеттердің әуе кеңістігіне ұшып келуге, Қазақстан Республикасының аумағынан кеткен кезде шекаралық бақылаудан өткен адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келген кезде шекаралық бақылаудан өтпеген адамдарды отырғызуға (бортқа алуға), Қазақстан Республикасының аумағынан кеткен кезде оларға қатысты шекаралық және кедендік бақылау жүзеге асырылған кемелерге (кемелерден), сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келген кезде шекаралық және кедендік бақылау жүзеге асырылмаған кемелерге (кемелерден) кез келген жүктерді, тауарларды, валютаны, жануарларды түсіруге (тиеуге) тыйым салынады.
      Қазақстан Республикасының аумағы мен континеттік қайраңда орналасқан жасанды аралдар, қондырғылар мен құрылыстар арасындағы ұшуларды орындаған кезде әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының аумағынан ұшып шығуы және Қазақстан Республикасының аумағына ұшып келгеннен кейін қонуы Қазақстан Республикасының әуеайлақтарында, тікұшақ айлақтарында, оның ішінде халықаралық ұшулар үшін ашылмаған қону алаңдарында жүргізілуі мүмкін.»;
      3) 53-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
      4) 55-бап мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «12-1) континенттік қайраңда орналасқан келісімшарт аумағындағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға тартылған қазақстандық және шетелдік теңіз кемелері мен қазақстандық әуе кемелерінің Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру тәртібін, рұқсаттар қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектерін, сондай-ақ көрсетілген кемелерге бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;»;
      5) 62-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган континенттік қайраңда орналасқан келісімшарт аумағындағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға тартылған қазақстандық және шетелдік теңіз кемелері мен қазақстандық әуе кемелерінің Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру тәртібін, рұқсаттар қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектерін, сондай-ақ көрсетілген кемелерге бақылауды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді.».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады