Пәкістан Ислам Республикасында қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне Пәкістан Ислам Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 2015 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің айырбасталатын күнгі ресми бағамы бойынша 100000 (жүз мың) АҚШ долларына баламалы сомада қаражат бөлсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен көрсетілген қаражатты арнайы банктік шотқа аударуды қамтамасыз етсін:
Name of the Agency: |
National Disaster Management of Authority of the Islamic Republic of Pakistan |
Address: |
Prime Minister Office, 2nd Floor, Sector G.5/1, Constitution Avenue, Islamabad, Postal Code 44000 |
Bank: |
National Bank of Pakistan, |
Branch Code: |
1732 |
Account No: |
4001509064 |
Swift Code: |
NBPAPKKA02i |
IBN No: |
PK82NBPA1732004001509064 |
Intermediary Bank: |
National Bank of Pakistan, New York |
Intermediary Bank: |
NBPAUS 33 XXX |
Nostro Account No: |
0056404607 |
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов