Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 90 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 6, 59-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов