Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердің қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 және "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы және "Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердің қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 қаулысына өзгерістер енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" 2014 жылғы 25 ақпандағы № 149 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 667 қаулысы.

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар болып айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.04.2021 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердің қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 4, 91-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы және "Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердің қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 қаулысына өзгерістер енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 149 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 11, 102-құжат).

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады