"Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 тамыздағы № 690 қаулысы

      Ескерту. Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентінен кері қайтарып алынды - ҚР Үкіметінің 17.11.2015 № 916 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы»  Қазақстан
Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2013 ж., № 2, 12-құжат, 2014 ж., № 16, 90-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) 7-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жеке басты куәландыратын құжат Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Тәуелсіздік толғауы» деген сөздерін қамтиды.»;
      2) 20-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауына байланысты Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алған кезде жеке тұлға Қазақстан Республикасы азаматының антын қабылдайды.»;
      3) 24-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) Қазақстан Республикасының азаматы антының мәтінін бекітеді;»;
      4) 25-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) Қазақстан Республикасы азаматының ант қабылдау тәртібін бекітеді;»;
      5) 26-бап мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «2-1) Қазақстан Республикасының азаматы антының мәтінін әзірлейді;»;
      «2-2) Қазақстан Республикасы азаматының ант қабылдау тәртібін әзірлейді;».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады