"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 тамыздағы № 699 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

ЖОБА

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр
энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 64-құжат; № 14, 87-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат):
      1) 5 баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «олар қатарлас жұмыс режимдерін басқару және олардың орнықтылығын қамтамасыз ету бойынша шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен өзара іс-қимыл жөніндегі функцияларды жүзеге асырған жағдайдағы.»;
      2) 18-1-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасында белгіленген қызметті қоспағанда, табиғи монополия субъектiсiнiң осы Заңда рұқсат етiлген өзге де қызметтi жүзеге асыруына.
      Осы тармақшаның талаптары Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес табиғи монополия субъектісінің қатарлас жұмыс режимдерін басқару және олардың орнықтылығын қамтамасыз ету бойынша шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен өзара іс-қимыл жөніндегі функцияларды жүзеге асыруына байланысты олар өзге қызметті жүзеге асырған жағдайларға қолданылмайды;»;
      3) 18-4 бапта:
      2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-1. Табиғи монополия субъектiсi:
      1) электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган растаған, тиiстi тауар нарығында электр энергиясының тапшылығы болған;
      2) тұтынушыларға ұсынылатын электр энергиясының көтерме нарығына қатысудың шарттарына табиғи монополиялар субъектісі сай келмеген;
      3) электр энергиясын беру және бөлу салаларындағы табиғи монополиялар субъектілерінің шаруашылық мұқтаждарына электр энергиясын, шектес мемлекеттер энергия жүйелері шекарасындағы электр энергиясының жоспарлы сальдо-ток ағымдарының мемлекетаралық нақты ауытқуларының орнын толтыру мақсатында электр энергиясын сатып алған;
      4) Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес газ таратушы ұйымнан газ сатып алған;
      5) Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес электр энергиясын сатып алған жағдайларды қоспағанда, стратегиялық тауарларды сатып алуды тiкелей стратегиялық тауар өндiрушiлерден жүзеге асырады.»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Осы бапта көзделген талаптар теңгерiмдеушi электр энергиясын, орталықтандырылған сауда-саттықтардағы, спорт рыногындағы электр энергиясын Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектiлерiне, сондай-ақ қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiне және өңірлік электр желілері компанияларына қолданылмайды.».
      2. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, № 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 17 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сумен жабдықтау және су бұру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты кредиттеу және субсидиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 15-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «15-2) күзгі-қысқы кезең – басталуы мен аяқталуын жергілікті атқарушы орган белгілейтін жылыту маусымы;»;
      18-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «18-1) мемлекеттік техникалық инспектор – мемлекеттік қадағалауды және бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адам;»;
      мынадай мазмұндағы 22-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «22-2) сарапшы ұйым – Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тиісті санат бойынша энергетикалық сараптама өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым;»;
      31-1), 31-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «31-1) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет – энергия өндіруші ұйымдардың белгіленген тәртіппен аттестатталған генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін ұстап тұру бойынша бірыңғай сатып алушыға көрсететін қызметі;
      31-2) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған шекті тариф – жұмыс істеп тұрған барлық энергия өндіруші ұйымдар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке уәкілетті орган жеті жылға тең мерзімге бекіткен тарифтің (бағаның) ең жоғары шамасы (электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемін қоспағанда, ол қызмет көрсетілген жағдайда, жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар және жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу тендерінің жеңімпаздары электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке уәкілетті орган бекіткен жеке тарифті пайдаланады);»;
      31-3) тармақша алып тасталсын;
      31-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын;
      «31-4) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызмет – белгіленген тәртіппен аттестатталған, генерациялайтын қондырғылар электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінде бірыңғай сатып алушы көрсететін қызмет;»;
      31-6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын;
      «31-6) электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы – электрондық сауда жүйесінде энергия өндіруші ұйымдар мен бірыңғай сатып алушы арасында электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көрсету туралы шарттар жасасуға бағытталған процесс;»;
      31-7) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 31-8) тармақшамен толықтырылсын:
      «31-8) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф – жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және жаңартуға инвестициялық келісім жасаған жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар үшін, сондай-ақ жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар салуға арналған тендердің жеңімпаздары үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке уәкілетті орган белгілеген жеке тариф;»;
      33) тармақша мынадай редакцияда жазылсын;
      «33) электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектілері – энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар, жүйелік оператор, орталықтандырылған сауда нарығының операторы, жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы, ұлттық оператор;»;
      33-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын;
      «33-1) электр энергиясына арналған шекті тариф – уәкілетті орган белгілеген әдістеме бойынша анықталатын электр энергиясын өндіруге арналған шығындарды, жаңартылатын энергия көздерін және тіркелген пайда жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығынан электр энергиясын сатып алуға арналған шығындарды ескеретін электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың топтары үшін уәкілетті орган жеті жылға тең мерзімге бекіткен босату тарифінің (бағасының) ең жоғары шамасы;»;
      мынадай мазмұндағы 33-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «33-2) теңгерімдеуші электр энергиясына арналған шекті тариф – электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін уәкілетті орган электр энериясының теңгерімдеуші нарығында өткізілетін электр энергиясына жеті жылға тең мерзімге бекітетін, электр энергиясын өндіруге, электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығынан сатып алуға жұмсалатын шығындар және уәкілетті орган белгілеген әдістеме бойынша айқындалатын теңгерімдеуге арналған тіркелген пайда ескерілетін босату тарифінің (бағасының) ең жоғары шамасы;»;
      40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «40) электр энергиясының көтерме сауда нарығы – электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің арасындағы шарттар негізінде жұмыс істейтін, электр энергиясын, оның ішінде электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығында сатып алу-сатуға, жүйелі және қосалқы қызметтер, электр қуаты нарығында қызметтер көрсетуге байланысты қатынастар жүйесі;»
      42) тармақша алып тасталсын;
      47) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «47) энергетикалық сараптама – жұмыс істеп тұрған объектілер, реконструкцияланатын, жаңғыртылатын және жаңадан салынып жатқан объектілердің жобалары бойынша, сондай-ақ олардағы технологиялық бұзылулар мен өндірістік жарақат алу жағдайларында уәкілетті орган бекіткен тәртіппен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестілігіне жүргізілетін электр энергетикасы саласындағы сараптама;»;
      мынадай мазмұндағы 52), 53), 54) және 55) тармақшалармен толықтырылсын:
      «52) электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар тобы – мынадай өлшемшарттар: энергия өндіруші ұйымдардың типтері, белгіленген қуаты, пайдаланылатын отын түрі, отын орналастырылған жерден қашықтығы, Қазақстан Республикасы бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің электр энергиясын беруге техникалық сипаттағы шектеулер болмайтын бір бөлігінде орналасуы бойынша қалыптасқан энергия өндіруші ұйымдар жиынтығы;
      53) ұлттық оператор – электр энергиясының орталықтандырылған импорты мен экспортын, сондай-ақ осы Заңда көзделген функцияларды (Жүйелік оператор жүзеге асыратын электр энергиясын сату-сатып алуды қоспағанда) жүзеге асыратын ұйым;
      54) нарық кеңесі – электр энергиясы және қуаты нарығының жұмыс істеуін мониторингтеу жөніндегі қызметті, сондай-ақ осы Заңда көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
      55) бірыңғай сатып алушы – осы Заңда көзделген тәртіппен электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді орталықтандырылған сатып алу және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің орталықтандырылып көрсетілуін жүзеге асыру үшін уәкілетті орган айқындайтын электр энергетикасы саласындағы заңды тұлға;»;
      2) 5-бапта:
      7) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;»;
      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «7-1) электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;»;
      23) және 24) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «23) жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелі және көрсетілетін қосалқы қызметтер нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      24) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электр энергиясын сауда-саттықтарда (аукциондарда) өткізілетін сатып алынатын мүлік (активтер) тізбесіне қосу туралы шешім қабылдайды;»;
      мынадай мазмұндағы 30-1) және 30-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «30-1) электр және жылу желілері объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу қағидаларын, сондай-ақ осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын әзірлейді және бекітеді;
      30-2) электр беру әуе желілерінің тіректерін орналастыру үшін жер учаскелерінің көлемін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      33), 37), 40), 59), 60), 67) және 69) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «33) техникалық жаңғыртылудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      «37) жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді және оларды қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      «40) электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеру жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      «59) энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электр зертханаларын аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      «60) энергетикалық ұйымдардың басшылары мен мамандарын аттестаттау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      «67) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы онымен келісім жасау үшін бірыңғай сатып алушыға жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу тендерінің жеңімпазын айқындайды;»;
      «69) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайда жұмысқа әзірлігі паспорттарын алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      70-4) тармақша алып тасталсын;
      70-5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «70-5) электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметке шекті тарифті бекіту тәртібін айқындайды;»;
      мынадай мазмұндағы 70-8), 70-9), 70-10), 70-11), 70-12), 70-13), 70-14), 70-15), 70-16), 70-17), 70-18), 70-19), 70-20), 70-21) және 70-22) тармақшалармен толықтырылсын:
      «70-8) уәкілетті орган белгілеген өлшемшарттар бойынша Ұлттық операторды айқындайды, сондай-ақ Ұлттық оператордың жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      70-9) электр энергиясына шекті тарифті бекіту кезінде ескерілетін тіркелген пайданы, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайданы айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
      70-10) уәкілетті орган белгілеген өлшемшарттар бойынша Нарық кеңесін айқындайды, сондай-ақ Нарық кеңесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      70-11) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемін және жаңадан пайдалануға берілетін генерациялаушы қондырғыларды салуға арналған тендерлердің жеңімпаздарымен бірыңғай сатып алушы жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттар үшін оны сатып алу мерзімдерін белгілейді;
      70-12) жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және жаңартуға арналған жеке инвестициялық келісімдер жасасады;
      70-13) электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгерімін әзірлеу тәртібін бекітеді;
      70-14) электр энергетикасы саласындағы нормативтік техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;
      70-15) бірыңғай сатып алушыны айқындайды;
      70-16) теңгерімдеуші электр энергиясының шекті тарифтерін бекітеді;
      70-17) генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттауды өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      70-18) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемін және бірыңғай сатып алушы уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және жаңартуға арналған жеке инвестициялық келісім жасасқан жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттар үшін оны сатып алу мерзімдерін белгілейді;
      70-19) бірыңғай сатып алушы құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасайтын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      70-20) электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке бағаны бірыңғай сатып алушы жариялайды және есептеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      70-21) жаңғырту, кеңейту, реконструкциялау және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және жаңартуға арналған жеке инвестициялық келісімдер жасау, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы тиісті шарттар жасауды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемі мен мерзімдерін белгілеуді қарастыруға рұқсат беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      70-22) міндетті ведомстволық есептілік нысандарын және тексеру жүргізудің жартыжылдық кестелерін әзірлейді және бекітеді;»;
      3) 6-бапта:
      2, 2-1, 3 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi орган:
      1) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң техникалық талаптарының орындалуын;
      2) электр станциялары, электр желілері энергетикалық жабдығының, тұтынушылардың электр қондырғыларының пайдаланылуы мен олардың техникалық жай-күйін;
      3) электр энергиясын өндіру, беру, жабдықтау және тұтыну сенімділігі мен қауіпсіздігін;
      4) электр энергетикасы саласында техникалық пайдалану қағидаларын білу жағдайын тексеруден өтпеген персоналды электр қондырғыларына жіберілмеуін немесе жұмыстан шеттетілуін бақылауды жүзеге асырады.
      2-1. Жергілікті атқарушы органдар:
      1) қазандықтарды, жылу желілерін және тұтынушылардың жылу пайдалану қондырғыларының пайдаланылуына және олардың техникалық жай-күйін;
      2) қазандықтар, жылу желілері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын дайындауға және жүзеге асыруға және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асырады.
      3. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік энергетикалық бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
      Тексерулер және мемлекеттік энергетикалық бақылаудың өзге нысандары, осы Заңның 6-1-бабында көзделген тексерулерді қоспағанда, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      «8. Электр энергетикасы объектiсiнiң басшысына анықталған бұзушылықтарды жою үшiн орындау мерзiмдерi мен орындалуына жауапты адамдар көрсетiлген, оның ішінде электр қондырғыларын пайдалану бойынша қызметті жүзеге асыруға тиісті рұқсаты жоқ және электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеруден өтпеген адамдарды жұмыстан шеттету туралы белгiленген үлгiдегi нұсқама берiледi немесе акт жасалады, оның негізінде объект басшылығы анықталған бұзушылықтарды жою жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзірлейді, ол мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органға немесе жергілікті атқарушы органға ұсынылады.»;
      9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) өз құзыреті шегінде электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің сақталуына;»;
      10, 10-1 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган:
      1) электр энергетикасы кәсiпорындарының объектiлер мен жабдықтардың қысқы жағдайдағы жұмысқа әзірлігін бағалау жөнiндегі комиссияларының жұмысына қатысады;
      2) электр станцияларының, электр желiлерiнiң жұмысындағы Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикасы жүйесiнің бiрнеше бөлiктерге бөлінуіне, тұтынушылардың электр энергиясы бойынша жаппай шектелуіне, iрi электр жабдығының бүлінуіне әкеп соққан iрi технологиялық бұзушылықтарды тексеру есебiн жүргiзедi;
      3) ұйымдарды энергетикалық сараптама жүргізу құқығына және электр зертханаларын аккредиттеуді жүзеге асырады;
      4) электр станцияларының, электр желiлерi жабдығының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдығының техникалық жай-күйін мерзімді тексеруді жүзеге асырады;
      5) Қазақстан Республикасынының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес электр энергетикасы саласындағы әкімшілік істер бойынша материалдарды өз құзыреті шегінде қарауды жүзеге асырады;
      6) сотқа жүгінеді және соттың Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын бұзу бойынша істерді қарауы кезінде қатысады.
      10-1. Жергілікті атқарушы органдар:
      1) қазандықтар мен жылу желілеріндегі (магистральдық, орамішілік) технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексерулер жүргізеді;
      2) қазандықтар мен жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) жоспарлы жөндеуді келіседі;
      3) барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы жағдайдағы жұмысқа әзірлігі паспорттарын береді;
      4) қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келіседі;
      5) 110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен шағын станциялар салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды береді;
      6) жылу энергиясы бойынша тұтынушылардың шектелуіне, қазандықтардың энергетикалық жабдығының бұзылуына әкеп соққан жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеруді есепке алуды жүргізеді;
      7) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес электр энергетикасы саласындағы әкімшілік істер бойынша материалдарды өз құзыреті шегінде қарауды жүзеге асырады;
      8) сотқа жүгінеді және соттың Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын бұзу бойынша істерді қарауы кезінде қатысады (өз құзыреті шегінде).
      11. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
      1) электр және энергия қондырғыларына кедергісіз қол жеткізуге;
      2) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындауды жүзеге асыруға;
      3) бақылауындағы энергетикалық жабдыққа зерттеу жүргiзу, энергетикалық ұйымдарды кешендi тексеру және электр станцияларының, электр желiлерiнiң энергетикалық жабдығының жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тексеру кезiнде сарапшыларды тартуға;
      4) әзірлік паспортын алу үшін көлемі Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарттар мен талаптардың орындалуын растайтын құжаттарға қосымша түсіндірмелерді, материалдар мен негіздемелерді ұсыну қажеттілігі жағдайында әзірлік паспортын ескертулермен немесе сәйкес келген жағдайда оларсыз беруге, сондай-ақ әзірлік паспортын алу үшін Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген шарттар мен талаптардың орындалуын растайтын ұсынылған құжаттардың көлемі, мазмұны сәйкес келмеген жағдайда әзірлік паспортын беруден бас тартуға құқылы.»;
      4) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:
      «6-1 бап. Жекелеген тексерулерді және мемлекеттік бақылаудың
                өзге де нысандарын ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
      1. Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі электр станцияларының, кернеуі 0,4 кВ жоғары магистральдық электр желілерінің және белгіленген қуаты 100 Гкал/сағаттан асатын қазандықтардың энергетикалық жабдығын пайдалану және олардың техникалық жай-күйі бойынша тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі осы бапта айқындалады.
      2. Тексерілетін субъектіні тексеру – мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау органдары:
      1) мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның лауазымды адамының тексерілетін субъектіге баруы;
      2) бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын жүргізу кезінде қажетті ақпаратты талап етуді қоспағанда, тексеру нысанасына қатысты қажетті ақпаратты сұрату;
      3) тексерілетін субъектіні осы Заңның 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды оның сақтауы туралы ақпаратты алу мақсатымен тексерілетін субъектіні шақырту әрекеттерінің бірін жасау арқылы жүргізетін бақылау нысандарының бірі.
      3. Тексерулер іріктеп тексеру және жоспардан тыс тексеру болып бөлінеді.
      Іріктеп тексеру – уәкілетті орган бекіткен іріктеп тексеру кестесі негізінде жүргізілетін, нақты тексерілетін субъектіге қатысты мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган тағайындайтын Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуы мәселелерінің кешені бойынша тексеру.
      Жоспардан тыс тексеру – нақты тексерілетін субъектіге қатысты мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган тағайындайтын тексеру.
      Жоспардан тыс тексеру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тексеру нысанасына қойылатын талаптарды сақтаудың жекелеген мәселелері бойынша жүргізіледі.
      Бұл ретте тексерулер құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда міндетті тіркелуге жатады.
      4. Іріктеп тексеруді жүргізу кезінде мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның аумақтық бөлімшелерінің тізбесі, тексерілетін субъектілердің объектілері және тексеруді жүргізу кезеңдері қамтылатын күнтізбелік жылға арналған іріктеп тексеру кестесі жасалады.
      Іріктеп тексеру кестесіне Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесі электр станцияларының, кернеуі 0,4 киловольттан жоғары электр желілерінің, магистральдық жылу желілерімен белгіленген қуаты 100 Гкал/сағаттан астам қазандықтардың энергетикалық жабдығын пайдалануды жүзеге асыратын тексерілетін субъектілер енгізіледі.
      Іріктеп тексеру жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейінгі мерзімде іріктеп тексеру кестесі мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның ресми интернет-ресурсында жариялануға жатады.
      5. Тексеру тексерілетін субъектінің ішкі еңбек тәртібінің қағидаларында белгіленген жұмыс уақытында жүзеге асырылады.
      Жоспардан тыс тексеру жүргізуге бұзушылықтардың жолын кесу және (немесе) оларды жасаудың мән-жайларын анықтау қажет болған жағдайларда, жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндері) жол беріледі.
      6. Тексеруді тағайындау және тексеру нәтижелері туралы актілер, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасы талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқамалар, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, оны жүргізу мерзімін ұзарту, тексеруге қатысушылар құрамының өзгеруі туралы хабарламалар уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша жасалады.
      Көрсетілген актілер мен хабарламалар, сондай-ақ тексерілетін субъектіге тексеру жүргізудің басталуы туралы хабарлама тексерілетін субъектіге тексеруді тағайындаған мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган басшысының цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық құжат нысанында не өзге тәсілмен жіберіледі. Тексеруді тағайындау туралы акт жіберілген күннен кейінгі жұмыс күні тексеру жүргізудің басталуы болып есептеледі.
      7. Осы баптың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды алған кезден бастап жиырма төрт сағат iшiнде тексерілетін субъекті оларды алғаны туралы хабарламаны электрондық нысанда немесе өзге тәсілмен тексеруді тағайындаған мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органға жіберуге міндетті.
      Хабарламаларды беру электрондық түрде жүзеге асырылатын ақпараттық жүйе өзгертілген жағдайда, тексерілетін субъектілер мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органға бұл туралы дереу хабарлайды.
      8. Тексеру, тексеруді тағайындау туралы акт негізінде жүргізіледі.
      Объектіге тексеру үшін келген мемлекеттік техникалық инспекторлар тексеруді тағайындау туралы актіні және қызметтік куәлігін көрсетуге міндетті. Өзге құжаттарды көрсету туралы талап қоюға жол берілмейді.
      Тексерілетін объектіге кіруге кедергі келтірілген жағдайда, мемлекеттік техникалық инспектор хаттама жасайды. Тексерілетін объектіге кіргізуден бас тарту тексеру жүргізбеу үшін негіз болып табылмайды.
      Тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген мемлекеттік техникалық инспектор ғана тексеру жүргізеді. Тексеруді жүргізетін мемлекеттік техникалық инспекторлардың құрамы мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның шешімі бойынша өзгертілуі мүмкін, бұл туралы тексерілетін субъектіге тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілмеген адамдардың тексеруге қатысуы басталғанға дейін хабарлама жіберіледі.
      9. Тексеруді жүргізу мерзімі алдағы атқарылатын жұмыстардың көлемі ескеріле отырып белгіленеді және ол отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс.
      Тексеруді жүргізу мерзімін мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау органының басшысы отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін, бұл ретте мемлекеттік орган міндетті түрде тексеруді тағайындау және ұзарту себебі туралы алдыңғы актінің тіркеу нөмірі мен күні көрсетілетін құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеу арқылы тексеруді ұзарту туралы қосымша актіні ресімдейді.
      Тексеруді жүргізу мерзімі ұзартылған жағдайда, тексеруді жүргізу мерзімі аяқталғанға дейін тексерілетін субъектіге тексеруді ұзарту туралы хабарлама жіберіледі.
      Тексеру бір айдан аспайтын мерзімге бір рет тоқтатыла тұруы мүмкін. Арнайы зерттеулерді, сынақтарды, сараптамаларды күнтізбелік отыз күннен асатын мерзімде жүргізу қажет болған жағдайда, тексеру жүргізудің мерзімі олар алынғанға не орындалғанға дейін тоқтатыла тұрады.
      Тексеру тоқтатыла тұрған не қайта басталған жағдайларда, тексерілетін субъектіге тексеру тоқтатыла тұрғанға не қайта басталғанға дейін кемінде бір жұмыс күнінен бұрын тиісті хабарлама жіберіледі.
      Тоқтатыла тұрған тексеруді жүргізу мерзімін есептеу қайта басталған күнінен бастап жалғасады.
      Тексерілетін субъектіні тексеру тоқтатыла тұрған және осы бапта белгіленген мерзімдерде қайта басталмаған жағдайда, оған тексеру жүргізуге жол берілмейді.
      10. Мемлекеттік техникалық инспекторлар тексеру нәтижелері бойынша тексеру нәтижелері туралы акт жасайды.
      Тексерілетін субъектінің тексеру нәтижелері бойынша қарсылықтары жазбаша түрде баяндалады және тексеру нәтижелері туралы актіге қоса беріледі, онда тиісті белгі жасалады.
      Тексеру нысанасына қойылатын белгіленген талаптарды бұзушылықтар болмаған жағдайда, тексеру нәтижелері туралы актіде тиісті жазба жасалады.
      Тексерілетін субъектіде түпнұсқасы бар құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, тексеру нәтижелері туралы актінің бір данасы қосымшаларының көшірмелерімен тексерілетін субъектіге жіберіледі.
      11. Тексеру нәтижелері бойынша тексеру нысанасына қойылатын белгіленген талаптарды бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган тексерілетін субъектіге бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жібереді.
      Тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша қарсылықтар болмаған кезде тексерілетін субъекті тексеру нәтижелері туралы актіні алғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей тексеруді жүргізген мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның басшысымен келісілетін мерзімдерді көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар туралы ақпарат беруге міндетті.
      Тексерілетін субъекті нұсқаманы алған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде нұсқаманы берген мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органға өзінің қарсылықтарын енгізуге құқылы, олар бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Тексерілетін субъекті нұсқамаға қарсылықтарын қарау нәтижелерін алған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде жоғары тұрған мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органға немесе сотқа нұсқамаға шағымдануға құқылы.
      Өтініш берушінің өтінішхаты бойынша нұсқаманы орындау жоғары тұрған мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның шағымды қарауы кезеңіне тоқтатыла тұрған жағдайларды қоспағанда, шағым беру нұсқаманың орындалуын тоқтата тұрмайды, бұл туралы өтініш берушіге өтінішхат түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады.
      Жоғары тұрған мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган нұсқамаға шағымды он жұмыс күні ішінде қарайды және нұсқаманың күшін толық немесе ішінара жою не шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарады.
      12. Тексеруді жүргізу кезінде мемлекеттік техникалық инспекторлардың:
      1) тексерілетін субъектінің аумағына және үй-жайларына осы баптың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсеткен кезде кедергісіз кіруге;
      2) тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін қағаз және электрондық жеткізгіштерде алуға, сондай-ақ тексеру міндеттері мен нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуге;
      3) мемлекеттік органдардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын тартуға құқығы бар.
      13. Тексеруді жүргізу кезінде мемлекеттік техникалық инспекторлар:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, тексерілетін субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
      2) тексерулерді осы бапта және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген негізде және қатаң тәртіпке сәйкес жүргізуге;
      3) тексеруді жүргізу кезеңінде тексерілетін субъектілердің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
      4) осы Заңның 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзудың алдын алу, оны анықтау және оның жолын кесу жөніндегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық мөлшерде орындауға;
      5) тексеруді жүргізу кезінде тексерілетін субъектінің қатысуына кедергі келтірмеуге, тексеру нысанасына қатысты мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;
      6) тексеруді жүргізу кезінде тексерілетін субъектіге оның нысанасына қатысты қажетті ақпарат беруге;
      7) тексерілетін субъектіге жүргізілген тексеру нәтижелері туралы актіні ол аяқталған күні тапсыруға;
      8) алынған құжаттардың және тексеру жүргізу нәтижесінде алынған мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
      14. Тексерілетін субъектілер:
      1) объектіге тексеру жүргізу үшін келген мемлекеттік техникалық инспекторларды:
      іріктеп тексеру тағайындалған кезде мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның іріктеп тексеру кестесінде тексерілетін объекті болмаған;
      тексеруді тағайындау туралы актіде мемлекеттік техникалық инспектор туралы деректер болмаған;
      тексеруді жүргізу мерзімі тексеруді тағайындау туралы актіде не тексеру жүргізуді қайта бастау, мерзімін ұзарту туралы хабарламаларда көрсетілген мерзімге сәйкес келмеген;
      іріктеп тексеруді жүргізу үшін негіздер немесе жоспардан тыс тексеруді тағайындау туралы акті болмаған жағдайларда, тексеруге жібермеуге;
      2) егер мәліметтер жүргізілетін тексеру нысанасына немесе тексеруді тағайындау туралы актіде, тексеру жүргізуді қайта бастау, мерзімін ұзарту туралы хабарламаларда көрсетілген кезеңдерге жатпаса, оларды ұсынбауға;
      3) тексеру тағайындау туралы актіге, тексерудің нәтижелері туралы актіге және мемлекеттік техникалық инспекторлардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.
      15. Тексерілетін субъектілер:
      1) тексеру жүргізу үшін өз аумағына және үй-жайларына мемлекеттік техникалық инспекторлардың кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
      2) мемлекеттік техникалық инспекторларға тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін қағаз және электрондық жеткізгіштерде беруге, сондай-ақ тексерудің міндеттері мен нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуіне мүмкіндік беруге;
      3) объектіге тексеру жүргізу үшін келген мемлекеттік техникалық инспекторлардың осы объект үшін белгіленген нормативтерге сәйкес зиянды және қауіпті өндірістік факторлар әсерінен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.
      16. Мыналар:
      1) жоспарлы тексеру жүргізуге негіздердің болмауы;
      2) тексеруді тағайындау туралы актінің болмауы тексеруді жарамсыз деп тануға негіз болып табылады.
      Тексерудің жарамсыз деп танылуы осы тексеру нәтижелері туралы актінің және бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың күшін жоюға негіз болып табылады.
      Тексерілетін субъектінің тексерудің жарамсыздығына байланысты тексеру нәтижелері туралы актінің күшін жою туралы өтінішін мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның қарауы өтініш берілген кезден бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге
асырылады.
      Өтінішті қараудың заңда белгіленген мерзімінің бұзылуы тексерілетін субъектінің пайдасына шешіледі.
      17. Қадағалау және бақылау органы субъектіге (объектіге) бару арқылы мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары:
      1) егер бару «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексерумен байланысты болған;
      2) тексерілетін субъекті рұқсат беру құжаттарын алумен байланысты емес өз қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды (ақпарат) алу үшін бастамашылықпен жүгінген жағдайларда жүргізіледі.
      18. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарын жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарын бару арқылы жүргізу кезінде қадағалау және бақылау органдары оларды жүргізгенге дейін тексерілетін субъектінің орналасқан жері бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарды хабардар етеді.
      19. Мемлекеттік бақылаудың өзге нысандарын жүргізу кезінде:
      1) осы баптың 17-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органға бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) баруға тыйым салынады;
      2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органда тіркелу және тексерілетін субъектіні алдын ала хабардар ету талап етілмейді;
      3) бұзушылық анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамай, бірақ тексерілетін субъектіге оны жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, мемлекеттік бақылаудың өзге нысандарының қорытындылары бойынша олардың түріне қарай қорытынды құжаттар (анықтама, нұсқама, қорытынды және басқалары) жасалады.
      20. Мемлекеттік бақылаудың өзге нысандарын талдау нәтижелері іріктеп тексеру жүргізу үшін бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеуге негіз болып табылады.
      21. Жергілікті атқарушы органдар тексерулерді «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Заңның осы бабына сәйкес өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.»;
      5) мынадай мазмұндағы 7-3-баппен толықтырылсын:
      «7-3-бап. Ұйымдарды энергетикалық сараптама жүргізуге және
                электр зертханаларды аккредиттеу
      1. Ұйымдарды энергетикалық сараптама жүргізуге және электр зертханаларын аккредиттеуді мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган жүзеге асырады.
      2. Заңды тұлғалардың аккредиттеу туралы құжаттарын қарау және олар бойынша шешім қабылдау үшін мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган ұйымдарды энергетикалық сараптама жүргізуге аккредиттеу жөніндегі комиссияны құрады.
      Комиссия аккредиттеу туралы құжаттар қарауды мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органға немесе оның аумақтық департаментіне түскен кезінен бастап есептелетін отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
      3. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган оң шешім қабылдаған жағдайда өтініш берушіге аккредиттеу туралы куәлік беріледі.
      Аккредиттеуден бас тартылған кезде өтініш берушіге осындай бас тартудың себептері көрсетілетін дәлелді жазбаша жауап беріледі.
      Мыналар:
      1) ұсынылған ақпараттың Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;
      2) қызметтің өтініш берілген түрімен айналысуға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы аккредиттеуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
      4. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган немесе оның аумақтық органдары берген аккредиттеу туралы куәлік Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жарамды.
      5. Мыналар:
      1) аккредиттелген субъектінің жазбаша өтініші;
      2) аккредиттелген субъектінің таратылуы;
      3) заңды күшіне енген сот шешімі аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын тоқтату үшін негіз болып табылады.
      6. Заңды тұлғаларға энергетикалық сараптама жүргізуге және электр зертханаларына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында бекітіледі.»;
      6) 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-тарау. Электр энергиясы мен қуаты нарығындағы жүйелік
                оператор және энергияны өндіру, беру және тұтыну
                қатынастарының қатысушылары»;
      7) 10-бапта:
      1-тармақта:
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) қатар жұмыс режимдерiн басқару және олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету және электр қуатын реттеу бойынша iргелес мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен өзара iс-қимыл жасайды;»;
      19) және 22) тармақшалар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «22-1) келісілген қуатты беру схемасы туралы ақпаратты уәкілетті органға тоқсан сайын ұсынады;»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жүйелiк оператордың электр энергиясын энергия өндіруші ұйымнан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында электр энергиясын тікелей шетелдік өндірушінің атынан сататын электр энергиясын берушілерден сатып алу-сатуды жүзеге асыруға мынадай жағдайларда;
      1) технологиялық және өндiрiстiк мұқтаждықтарға;
      2) iргелес мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен электр энергиясы ағымдарының шарттық шамаларын қамтамасыз ету үшін;
      3) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында;
      4) жасасқан шарттар шеңберінде іргелес мемлекеттердің энергия жүйелерімен авариялық көмек көрсету үшін құқығы бар.»;
      мынадай мазмұндағы 2-1 тармақпен толықтырсын:
      «2-1. Жүйелік оператор энергия өндіруші ұйымдарға қуаттар авариялық істен шыққан жағдайда, олардың басқа энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алу мүмкіндігі болмаған кезде электр энергиясын жеткізуді жүзеге асырады. Жүйелік операторда іргелес мемлекеттердің энергия жүйелерімен авариялық көмек көрсету туралы біреуден артық шарт болған жағдайда, жүйелік оператор техникалық сипатының шектелуін ескере отырып электр энергиясының ең төмен бағасын ұсынған жеткізушіні таңдайды.»;
      8) мынадай мазмұндағы 10-1, 10-2 және 10-3 баптармен толықтырылсын:
      «10-1-бап. Ұлттық оператор
      1. Ұлттық оператор мынадай:
      1) электр энергиясының орталықтандырылған импорты мен экспортын жүзеге асыру (жүйелік оператор жүзеге асыратын электр энергиясын сатып алу-сатуды қоспағанда);
      2) тендерлер өтпей қалған жағдайда, жылу және электр энергиясын аралас өндіруді жүзеге асыратын әлеуметтік маңызды электр станцияларын салу;
      3) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде электр энергетикасы объектілерін салуға қатысу функцияларын атқарады.»;
      10-2-бап. Нарық кеңесі
      1. Нарық кеңесі мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) электр энергиясы мен қуат нарығының жұмыс істеуіне мониторингті жүзеге асырады;
      2) энергия өндіруші ұйымдардың жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және/немесе жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын уәкілетті орган бекіткен тәртіпте қарайды;
      3) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
      4) сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған функцияларды жүзеге асырады.
      2. Нарық кеңесінің шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
      10-3-бап. Бірыңғай сатып алушы
      1. Бірыңғай сатып алушыны уәкілетті орган айқындайды.
      2. Бірыңғай сатып алушы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы келісім жасасады;
      2) электр қуатының ауыртпалық көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарт жасасады;
      3) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шартқа сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алады;
      4) электр қуатының ауыртпалық көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге арналған шартқа сәйкес электр қуатының ауыртпалық көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетеді;
      5) электр қуатының ауыртпалық көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтердің алдағы жылға бағаларының есебін және оның өз интернет-ресурсында жариялануын жүзеге асырады;
      6) электр қуатының ауыртпалық көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге жасалған шарттардың тізбесін қалыптастырады және электр энергиясының сауда нарығы субъектісін көрсете отырып, өз интернет-ресурсында орналастырады;»;
      9) 12-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Электр энергиясын өндiруге және беруге қатысушылар:
      1) жүйелiк операторға Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiн орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат және электр станциялары жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткiштерi жөнiнде іс жүзіндегі ақпарат (өндiру, шиналардан жiберу, өзiндiк мұқтаждықтар, шиналардан электр энергиясын жiберуге жұмсалатын үлестiк шығыстар) беруге;
      2) жүйелiк оператордың коммерциялық есепке алу аспаптарына қол жеткізуіне рұқсат беруге;
      3) техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес электр энергиясының сапасы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге;
      4) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi стандартты жиiлiктi реттеуді және ұстап тұруды жасалған шарттар негiзiнде жүйелiк оператормен бiрлесе отырып жүзеге асыруға;
      5) негiзгi және қосалқы жабдықты, аварияға қарсы және режимдiк автоматика, релелiк қорғау, диспетчерлiк технологиялық басқару құралдарын электр энергетикасы саласындағы техникалық регламенттердiң және нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес жұмыс жағдайында ұстауға;
      6) өз объектiлерiнде уәкiлеттi орган айқындаған көлемде жаңа релелiк қорғау және аварияға қарсы автоматика құрылғыларын орнатуға және қолданушыларын жетiлдiруге;
      7) энергетикалық жабдықты пайдалануға байланысты технологиялық бұзушылықтар мен жазатайым оқиғалар туралы мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органға заңнамада белгіленген тәртіппен хабарлауға;
      8) Қазақстан Республикасы біртұтас электр энергетикалық жүйесін орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру кезінде жүйелік оператордың өкімдеріне сәйкес электр энергиясын өндіруді тәулікішілік реттеуді жүзеге асыруға міндетті.»;
      3-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) спот-сауда-саттықта (олар өндірген электр энергиясы көлемінің он пайызынан аспайтын) өткізу жағдайларын қоспағанда, электр энергиясына шекті тарифтен және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтен тиісінше аспайтын тарифтер бойынша электр энергиясын өткізуді жүзеге асыруға;»;
      мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
      «10) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтен аспайтын баға бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің іске асырылуын жүзеге асыруға (электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемін қоспағанда, жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар және жаңадан пайдалануға енгізілетін генерацияланатын қондырғыларды салуға тендердің жеңімпаздары оларды көрсету кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерге уәкілетті орган белгілеген жеке тарифті пайдаланады);
      11) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесін орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру кезінде жүйелік оператордың өкімдеріне сәйкес электр энергиясын өндіруді тәулікішілік реттеуді жүзеге асыруға міндетті.»;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Тұтынушыларды энергиямен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету үшін энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясын жеткізудің тәуліктік кестелерін орындауды қамтамасыз етуге қажетті көлемдерде сатып алу арқылы авариялық шығып қалған қуаттарды алмастыруды жүзеге асыруға міндетті. Энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын авариялық шығып қалған қуаттар көлемінде сатып алуы өзге энергия өндіруші ұйымдарда да, жүйелік операторда да соңғысының іргелес мемлекеттердің энергия жүйелерімен авариялық өзара көмекке арналған шарттар жасасуы шеңберінде жүзеге асырылады.»;
      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Электр энергиясының шекті тарифінен және (немесе) теңгерімдеуші электр энергиясының шекті тарифінен асыра отырып, электр энергиясын өткізген жағдайда, энергия өндіруші ұйым спот-сауда-саттықта (олар өндірген электр энергиясы көлемінің он пайызынан аспайтын) электр энергиясын өткізу нәтижесінде алынған соманы қоспағанда, асып кеткен соманы көтерме және (немесе) бөлшек сауда нарығындағы субъектілерге қайтарып беруге міндетті.»;
      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Электр энергиясының көтерме нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар және тұтынушылар, бірыңғай сатып алушымен электр қуатының ауыртпалық көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға және осы шарттар негізінде электр қуатының нарығында қатысуға міндетті.»;
      10) 12-1-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «12-1 бап. Электр энергиясына шекті тарифтерді, теңгерімдеуші
                 электр энергиясының шекті тарифтерді, электр
                 қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін
                 қызметтерге шекті тарифтерді айқындау тәртібі»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Энергия өндіруші ұйым электр энергиясын өткізу бағасын өз бетінше, бірақ электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобының электр энергиясына шекті тарифтен аспайтындай белгілейді.
      Энергия өндіруші ұйым теңгерімдеуші электр энергиясын өткізу бағасын өз бетінше, бірақ электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобының теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтен аспайтындай белгілейді.
      Электр энергиясына шекті тариф және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тариф электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың топтары бойынша жылдарға бөліне отырып, жеті жылға тең болатын мерзімге белгіленеді және қажет болғанда түзетіледі.
      Электр энергиясына шекті тарифті және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті енгізу жылының алдындағы бір жыл ішінде электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобында қалыптасқан электр энергиясын өндірудің ең жоғары шығындар қолданысының алғашқы жеті жылына электр энергиясына шекті тарифті және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті айқындау үшін база болып табылады.»;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Энергия өндіруші ұйым электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерге шекті тарифті өз бетінше, бірақ электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің шекті тарифінен аспайтындай белгілейді.
      Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерге шекті тарифті уәкілетті орган жылдарға бөле отырып, жеті жылға тең мерзімге бекітеді және саланың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету қажеттігін ескере отырып түзетеді. Егер мәмілелер 3 жылдық мерзімге жасалса, онда шекті тарифтерді түзету кезінде жасалған мәмілелердің шарттары өзгертілмей қалдырылады.
      Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерге шекті тарифтерді енгізу жылының алдындағы бір жыл ішінде уәкілетті органмен инвестициялық келісімдер шеңберінде энергия өндіруші ұйымдар салған инвестициялардың жиынтық мөлшері қолданысының алғашқы жеті жылына электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерге шекті тарифті айқындау үшін база болып
табылады.»;
      11) 13-бапта:
      3-1-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға, энергия беруші ұйымдарға, тұтынушыларға (электр энергиясының өз желілеріндегі және шаруашылық мұқтаждықтарына нормативтік шығындарын жабу үшін) және Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының талаптарына сәйкес электр энергиясын орталықтандырылмаған сатып алу-сату нарығында жасалатын шарттар негізінде Ұлттық операторға;»;
      3-2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) бірыңғай сатып алушымен электр қуатының ауыртпалық көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарты электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдарға және тұтынушыларға электр энергиясын өткізуге (сатуға);»;
      мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
      «8. Ұйымның Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі электр станцияларының, тұтынушылардың электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдығын пайдалануды, жөндеуді, жөнге келтіруді және монтаждауды жүзеге асыратын адамдары, сондай-ақ сарапшылары біліктілігі тексеруден өтуге және пайдалану, жөндеу, жөнге келтіру және монтаждау бойынша тиісті қызметті жүзеге асыруға тиісті рұқсаты болуға, сондай-ақ тұтынушылардың электр қондырғыларымен энергетикалық құрылғыларды тексеруге міндетті.»;
      12) 15-бапта:
      1-тармақтың 4) тармақшасындағы «қызметтер нарығынан тұрады.» деген сөздер «қызметтер нарығынан;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) электр қуатының нарығынан тұрады.»;
      2-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын;
      «2. Орталықтандырылған сауда нарығының операторы:»;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) электр энергиясының орталықтандырылған саудасын орта мерзімді (апта, ай) және ұзақ мерзімді (тоқсан, жыл) сондай-ақ электр қуатының орталықтандырылған саудасын бір жылға ұымдастыруды және өткізуді жүзеге асырады;»;
      13) 15-1-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «15-1-бап. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын
                 қондырғыларды салуға арналған тендер өткізу тәртібі»
      1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жүйелік оператор уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жыл сайын он бесінші қазанға дейінгі мерзімде алдағы жеті жылдық кезеңге электр энергиясының және қуатының болжамды теңгерімін әзірлейді.
      Алдағы жеті жылдық кезеңге электр энергиясының және қуатының болжамды теңгерімінде Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінде жылдық ең жоғары электр ауыртпалығы күніне әзірленетін электр қуаты теңгерімі бөлігінде мыналар:
      1) салу үшін уәкілетті орган тендер жеңімпазымен жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған шарт жасаған, тендер негізінде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың қолда бар электр қуатының көлемі;
      2) уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және жаңартуға жасалған инвестициялық келісімдер шеңберінде пайдалануға берілетін, жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың генерациялайтын қондырғыларының қолда бар электр қуатының көлемі;
      3) жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың бар генерациялайтын қондырғыларының қолда бар электр қуатының көлемі (осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген қолда бар электр қуатын қоспағанда);
      4) жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және жаңартуға инвестициялық келісімді жасамай, осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген қолда бар электр қуатының көлеміне қосымша енгізуге жоспарлайтын қолда бар электр қуатының көлемі (Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес бекітілген жобалау-сметалық құжаттама бар болған кезде);
      5) уәкілетті органның жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер өткізуі тетігін қолданбай пайдалануға беру жоспарланатын жаңа электр станцияларының қолда бар электр қуатының көлемі (Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес бекітілген жобалау-сметалық құжаттама бар болған кезде) есепке алынады.
      Алдағы жеті жылдық кезеңге электр энергиясының және қуатының болжамды теңгерімінде жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінің тек олар шығаратын электр энергиясы ескеріледі.
      2. Уәкілетті орган алдағы жеті жылдық кезеңге электр энергиясының және қуатының болжамды теңгерімін ол келіп түскен күннен бастап үш ай ішінде бекітеді.
      3. Алдағы жеті жылдық кезеңге бекітілген электр энергиясының және қуатының болжамды теңгерімі ол бекітілген кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей уәкілетті органның және жүйелік оператордың интернет-ресурсында орналастырылады.»;
      мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «3-1. Егер алдағы жеті жылдық кезеңге бекітілген электр энергиясының және қуатының болжамды теңгерімінде Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінде болжамның алғашқы бес жыл ішінде электр қуатының болжамды тапшылығы 100 МВт-дан астам болса, уәкілетті орган болжамды тапшылықты жабу үшін жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер өткізеді.
      3-2. Тендер негізінде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар үшін орналастыру орны (алаңы), типі және түрі уәкілетті органның тапсырысы бойынша жүргізілген техникалық-экономикалық негіздеменің нәтижесі бойынша айқындалады.»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған шартты жасасқан күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бірыңғай сатып алушы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөнінде көрсетілетін қызметіне жеке тариф бойынша уәкілетті орган белгілеген көлемде және мерзімге тендердің жеңімпазымен жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт жасасады.
      Тендер негізінде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуаты ол пайдалануға берілген кезден бастап жүйелік оператордың жыл сайынғы аттестаттауына жатады.
      Егер электр қуатын кезекті аттестаттаудың нәтижесінде тендер негізінде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың аттестатталған электр қуатының мәні электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөнінде көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөнінде көрсетілетін қызметтің көлемінен аз болса, онда электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөнінде көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөнінде көрсетілетін қызметтің көлемі кезекті аттестаттауды өткізгенге дейін аттестатталған мәніне дейін азайтылады.»;
      14) 15-2-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Энергия өндіруші ұйым генерациялайтын қондырғылардың электр қуаты аттестаттаудан өткізілгеннен кейін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөнінде көрсетілетін қызметттерді өткізуді жүзеге асырады.»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жүйелік оператор энергия өндіруші ұйымның генерациялайтын қондырғыларының электр қуатын аттестаттауды уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.»;
      15) 15-3-бапта:
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Электр қуатының нарығы электр қуатына сұранысты жабу үшін Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесіндегі қолда бар электр қуатын ұстап тұру және жаңа электр қуатын енгізу үшін инвестициялар тарту мақсатында жұмыс істейді.
      Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
      2. Көтерме сауда нарығы субъектілері болып табылатын энергия жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар және тұтынушылар тұтынуға арналған болжамды өтінімдерді жасайды, онда олардың құрамында меншік, жалдау құқығында немесе өзге де заттай құқығында болатын генерациялайтын көздердің электр қуатының есебінен жабылмайтын, алдағы және келесі жылдардың әр айы үшін электр қуатының ең жоғары мәнін көрсетеді және оларды есепті жылдың алдындағы жылдың бірінші тамызынан кешіктірмей жүйелік операторға жібереді.
      Жүйелік оператор есепті жылдың алдындағы жылдың бірінші қазанынан кешіктірілмейтін мерзімде электр қуаты резервінің қажетті шамасын және технологиялық шығынды өтеу үшін, Ұлттық электр желісінің өзінің және шаруашылық мұқтаждарына тұтынудың орташа жылдық электр қуатын ескере отырып, көтерме сауда нарығы субъектілерінің болжамды өтінімдері негізінде алдағы және келесі жылдарға электр қуатына болжамды сұранысты әзірлейді.»;
      мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «3-1. Электр қуатына болжамды сұранысты жабу үшін бірыңғай сатып алушы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөнінде көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартты мыналармен (басымдылық тәртібімен):
      1) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерлердің жеңімпаздарымен жасайды. Бұл ретте, осы ұйымдармен жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөнінде көрсетілетін қызметті сатып алу туралы әрбір шарт үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөнінде көрсетілетін қызметке жеке тарифті, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөнінде көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемін және мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді.
      2) уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және жаңартуға инвестициялық келісімді жасаған жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасайды. Бұл ретте, осы ұйымдармен жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөнінде көрсетілетін қызметті сатып алу туралы әрбір шарт үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөнінде көрсетілетін қызметке жеке тарифті, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөнінде көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемін және мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді.
      3) құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйыммен - электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөнінде көрсетілетін қызметтерге шекті тариф бойынша жыл сайын, бір жыл мерзімге (алдағы) жасайды. Осы ұйымдармен жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөнінде көрсетілетін қызметті сатып алу туралы әрбір шарт үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөнінде көрсетілетін қызметтің көлемі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалады және энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін жылу электр орталықтарының генерациялайтын қондырғыларының (олардың жылу ауыртпалығының деңгейі қойылған кезде) ең аз электр қуатының жыл ішіндегі ең жоғары жоспарлы мәнінің және осы энергия өндіруші ұйым өзі тұтынатын электр қуатының тиісті жыл ішіндегі ең жоғары мәнінің айырмашылығын білдіреді, бұл ретте:
      осы көлемде жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және жаңартуға арналған инвестициялық келісім шеңберінде пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың (олардың жылу ауыртпалығының деңгейі қойылған кезде) ең аз электр қуаты ескерілмейді;
      егер энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін жылу электр орталықтарының генерациялайтын қондырғыларының (олардың жылу ауыртпалығының деңгейі қойылған кезде) ең аз электр қуатының жыл ішіндегі ең жоғары жоспарлы мәні осы энергия өндіруші ұйым өзі тұтынатын электр қуатының тиісті жыл ішіндегі ең жоғары мәнінен аспаса, осы көлем нөлге тең деп қабылданады.
      4) жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйыммен - электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттықтарының нәтижелері бойынша, осы сауда-саттықтардың нәтижесі бойынша қалыптасқан бағалар бойынша және көлемде жыл сайын 25 желтоқсанға дейін, бір күнтізбелік жыл (алдағы) мерзіміне жасайды. Бұл ретте, осы тармақшаға сәйкес осы энергия өндіруші ұйымдармен жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөнінде көрсетілетін қызметті сатып алу туралы барлық шарттардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөнінде көрсетілетін қызметтің жиынтық көлемі осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалатын алдағы жылға арналған электр қуатына болжамды сұраныстың көлемінің және осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларына сәйкес айқындалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөнінде көрсетілетін қызмет көлемінің айырмашылығына тең.
      Энергия өндіруші ұйым сауда-саттығына жіберілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөнінде көрсетілетін қызметтің жиынтық көлемі осы тармақшаға сәйкес айқындалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөнінде көрсетілетін қызметтің жиынтық көлемінен төмен болған жағдайда бірыңғай сатып алушы жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйыммен электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттықтарының нәтижелері бойынша осы тармақшаға сәйкес айқындалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөнінде көрсетілетін қызметтің жиынтық көлемінен аз жиынтық көлемінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөнінде көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды жасайды.
      3.2. Бірыңғай сатып алушы осы баптың 3-тармағына сәйкес жасалатын шарттар бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөнінде көрсетілетін қызметтер үшін ай сайын, осы қызметтер көрсетілген ай аяқталғаннан кейін қырық бес жұмыс күнінен кешіктірмей төлейді.»;
      4-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Энергия өндіруші ұйымдар мыналарды:
      1) тендер негізінде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын;
      2) жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және жаңартуға арналған инвестициялық келісім шеңберінде пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын;
      3) экспорттың есепті жылдағы ең жоғары электр қуатын;
      4) бөлшек сауда нарығының субъектілеріне жеткізілімнің есепті жылдағы ең жоғары электр қуатын;
      5) электр қуатының мынадай неғұрлым көп екі мәнінен:
      өзі тұтынатын электр қуатының есепті жылдағы ең жоғары мәнінен;
      энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін жылу электр орталықтарының генерациялайтын қондырғыларының (олардың жылу ауыртпалығының деңгейі қойылған кезде) ең аз электр қуатының есепті жылдағы ең жоғары мәнінен асатын электр қуатын шегеріп, бірыңғай сатып алушыға электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттықтарында аттестатталған электр қуатынан аспайтын көлемде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөнінде көрсетілетін қызметті өткізуді жүзеге
асырады.
      Егер электр қуатын кезектен тыс аттестаттауды өткізу нәтижесінде энергия өндіруші ұйымның аттестатталған электр қуатының мәні электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттықтарының нәтижелері бойынша бірыңғай сатып алушымен жасалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөнінде көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөнінде көрсетілетін қызметтің көлемінен аз болса, онда электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөнінде көрсетілетін қызметтің көрсетілген шарттық көлемі аттестатталған мәнге дейін төмендетіледі.»;
      5-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Орталықтандырылған сауда нарығының операторы жыл сайын қараша айының екінші онкүндігінде уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен күнтізбелік бір жылға (алдағы) электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастырады және өткiзедi.»;
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Орталықтандырылған сауда нарығының операторы бірыңғай сатып алушыға және нарық субъектілеріне электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру мен өткізу бойынша шарттық негізде қызмет көрсетеді.»;
      мынадай мазмұндағы 7, 8 және 9-тармақтармен толықтырылсын:
      «7. Бірыңғай сатып алушы көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдарға және тұтынушыларға электр қуатының ауыртпалықты көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөнінде қызмет көрсетуге арналған шарттың негізінде электр қуатының ауыртпалықты көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөнінде қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
      8. Көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар және тұтынушылар бірыңғай сатып алушы электр қуатының ауыртпалықты көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөнінде көрсететін қызметіне ай сайын, осы қызметтер көрсетілген айы ақталғаннан кейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей бірыңғай сатып алушы есептейтін күнтізбелік жыл ішіндегі тұрақты баға бойынша ақы төлеуге міндетті.
      Электр қуатының ауыртпалықты көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөнінде көрсетілетін қызметке бағаны бірыңғай сатып алушы жыл сайын бір жылға (алдағы) есептейді.
      Бірыңғай сатып алушы алдағы жылға арналған электр қуатының ауыртпалықты көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөнінде көрсетілетін қызметке бағаны есептеуді мыналардың:
      1) электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттықтары нәтижелері бойынша қалыптасқан электр қуатының ауыртпалықты көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөнінде көрсетілетін қызметке орташа өлшемді бағаның;
      2) бірыңғай сатып алушы жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерлердің жеңімпаздарымен, уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және жаңартуға арналған инвестициялық келісімді жасаған жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйыммен, құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйыммен жасаған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөнінде көрсетілетін қызметті сатып алу туралы барлық шарттардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөнінде көрсетілетін қызметке орташа өлшемді бағаның;
      3) көтерме сауда нарығы субъектілері болып табылатын энергия жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдардың және тұтынушылардың тұтынуға арналған болжамды өтінімдерінің;
      4) алдағы және келесі жылдарға арналған электр қуатына болжамды сұраныстың негізінде жүзеге асырады.
      Бірыңғай сатып алушы өзінің ресми интернет-ресурсында жыл сайын 1 желтоқсанға дейін электр қуатының ауыртпалықты көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөнінде көрсетілетін қызметке бағаны негіздейтін есептермен бірге жариялайды.
      Бірыңғай сатып алушының электр қуатының ауыртпалықты көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөнінде көрсетілетін қызметке бағаны есептеуі мен жариялауының тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
      Тұтынуға арналған тиісті болжамды өтінімде көрсетілген және болжамды сұранысқа енгізілген тұтынудың тиісті жылдағы электр қуатының ауыртпалықты ең жоғары электр қуатының көтеруіне әзірлігін қамтамасыз ету жөнінде қызмет көрсетуге арналған шартта есепті жылға белгіленетін және көтерме сауда нарығы субъектілері болып табылатын энергия жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар және тұтынушылар төлейтін электр қуатының ауыртпалықты көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөнінде көрсетілетін қызметтің көлемі болып табылады.
      Электр қуатының ауыртпалықты көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөнінде қызмет көрсетуге арналған шартта есепті жылға белгіленетін электр қуатының ауыртпалықты көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөнінде көрсетілетін қызметтің көлемін төмендету жағына қарай өзгертуге жол берілмейді.
      9. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт және электр қуатының ауыртпалықты көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөнінде қызмет көрсетуге арналған шарт уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін үлгілік шарттардың негізінде жасалады.»;
      16) мынадай мазмұндағы 15-4-баппен толықтырылсын:
      «15-4-бап. Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және жаңартуға инвестициялық келісімдер
      1. Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және жаңартуға инвестициялық келісім тек жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың жұмыс істеп тұрған (бар) электр станцияларының негізгі генерациялайтын жабдығына қатысты жасалады.
      2. Жаңғыртуды, кеңейтуді, реконструкциялауды және жаңартуды жүзеге асыру үшін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар тиісті инвестициялық бағдарламаларды әзірлейді, оларды әзірлеу кезінде тәуелсіз техникалық және қаржы аудиті жүргізіледі.
      3. Техникалық және қаржы аудиттерінің нәтижелері: жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың оңтайлы схемасын анықтау, негізгі генерациялайтын жабдықтың жұмыс істеу мерзіміне инвестициялық бағдарламаның әсер етуін, инвестициялық бағдарламаның орындылығын және инвестициялық бағдарламаны қаржыландырудың талап етілген ауқымын айқындау болып табылады.
      4. Техникалық, қаржы аудиттерінің нәтижелері және жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламасы Нарық кеңесінің қарауына жатады.
      5. Уәкілетті орган Нарық кеңесінің ұсынымы негізінде жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және жаңартуға инвестициялық келісімді жасасу/жасаспау туралы шешім қабылдайды.
      6. Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және жаңартуға инвестициялық келісімдерде әр жылға мына көрсеткіштер: электр және (немесе) отын энергиясын шығаруға шартты отынның үлес шығыстары, қамтылатын электр қуаты, негізгі генерациялайтын жабдықтың жұмыс істеу мерзімі, негізгі генерациялайтын жабдықтың тозу дәрежесі, экологиялық көрсеткіштер бойынша нысаналы индикаторлар белгіленеді.
      7. Уәкілетті орган жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйыммен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және жаңартуға инвестициялық келісім жасасқаннан кейін бірыңғай сатып алушы осы энергия өндіруші ұйыммен уәкілетті орган белгілеген ауқымда және мерзімдерге электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт жасасады.
      Пайдалануға берілген кезден бастап жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және жаңартуға инвестициялық келісім шеңберінде пайдалануға енгізілген генерациялайтын қондырғылардың электр қуаты жүйелік оператордың жыл сайынғы аттестаттауына жатады.
      Егер электр қуатына кезекті аттестаттау жүргізу нәтижесінде жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және жаңартуға инвестициялық келісім шеңберінде пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғылардың аттестатталған электр қуатының мәні электр қуаты әзірлігін ұстап тұру жөнінде көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөнінде көрсетілетін қызмет ауқымынан аз болатын болса, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөнінде көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөнінде көрсетілетін қызмет ауқымы кезекті аттестаттау жүргізгенді қоса алғанда, аттестатталған мәнге дейін төмендейді.
      8. Уәкілетті органмен инвестициялық келісімдер жасасқан жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар есептік жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде жыл сайын уәкілетті органға тәуелсіз энергетикалық сараптамамен расталған, осы келісімдерде белгіленген көрсеткіштерге (индикаторларға) қол жеткізу туралы есепті ұсынуға міндетті.
      Инвестициялық келісімде белгіленген нысаналы индикаторларға қол жеткізілмеген жағдайда уәкілетті орган инвестициялық келісімді бұзуға не электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөнінде көрсетілетін қызметке жеке тарифті, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөнінде көрсетілетін қызметті сатып алу ауқымы мен мерзімдерін жүйе операторын хабардар ете отырып өзгертуге құқылы.
      9. Шекті тарифтің инвестициялық құрамдастарынан басқа шығын көзі айрықша қосымша сыртқы қаржыландыру (кредиттер, қарыздар) болып табылған электр энергиясына шекті тарифтер бағдарламасының қолданылу кезеңінде 2009 – 2015 жылдар аралығында жабдықты жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға ауқымды инвестициялық келісімдерді уәкілетті органмен жасасқан және оларды іске асырған энергия өндіруші ұйымдар уәкілетті органмен оңайлатылған тәртіппен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға жеке инвестициялық келісімдер жасасады.
      10. Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға инвестициялық келісімдер жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөнінде көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісті жасасу және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөнінде көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөнінде көрсетілетін қызметті сатып алу ауқымдары мен мерзімдерін белгілеу укілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
      17) 17-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Электр энергиясын сатып алу-сату, электр энергиясын беру, техникалық диспетчерлендiру, электр қуатын реттеу, электр энергиясын өндiру-тұтынуды теңгерiмдеу, электр қуатының ауыртпалықты көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету, электр қуаты әзірлігін ұстап тұру, электр энергиясының орталықтандырылған саудасына қатысу, электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына қатысу жөнінде қызметтер көрсету Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жасалатын шарттар негiзiнде жүзеге асырылады.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Электр энергиясын сатып алу-сату шарттарында, электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын беру, техникалық диспетчерлендiру, электр қуатын реттеу, электр қуатының ауыртпалықты көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету, электр қуаты әзірлігін ұстап тұру, өндiру-тұтынуды теңгерiмдеу жөнiнде қызметтер көрсету шарттарында, орталықтандырылған сауда нарығына қатысу шарттарында шарт бойынша уақтылы ақы төленбеген жағдайда тиiстi қызметтер көрсетудi тоқтату шарттары мен тәртiбi қамтылуға тиiс.»;
      18) 19-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Электр және жылу энергиясын тұтынушылар:
      1) тұтынушылардың меншiгiндегi электр және энергия қондырғылары мен коммерциялық есепке алу аспаптарын тиiсiнше техникалық жағдайда ұстап тұруға, электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес олардың техникалық жағдайына қойылатын талаптарды орындауға;
      2) электр және жылу энергиясын сатып алу-сату шартында айқындалған энергия тұтыну режимдерiн сақтауға;
      3) Қазақстан Республикасының бiрыңғай электр энергетикасы жүйесiндегi электр энергиясының стандарттық жиiлiгiн ұстап тұруға бағытталған нормативтiк талаптарды орындауға;
      4) жасалған шарттарға сәйкес босатылған, берiлген және тұтынылған электр және (немесе) жылу энергиясының ақысын уақтылы төлеуге;
      5) энергиямен жабдықтаушы және энергия берушi ұйымдардың қызметкерлерiн коммерциялық есепке алу аспаптарына, сондай-ақ мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттік органның қызметкерлерiн, жергілікті атқарушы органдардың уәкілеттік берілген өкілдерін электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйiн және пайдалану қауiпсiздiгiн бақылауды жүзеге асыру үшiн жiберуге міндетті.»;
      3-тармақ алып тасталсын;
      19) 22-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Электр және жылу желiлерi объектілерін күзету аймақтарын белгілеу қағидаларын, сондай-ақ осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше талаптарын уәкілетті орган бекiтедi.».
      3. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілерінің инвестициялық қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 12, 85-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; 2014 ж., № 23, 143-құжат):
      1) 1-бапта:
      3-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
      4-тармақта:
      1) тармақшаның отызыншы және отыз үшінші абзацтары алып тасталсын;
      6) тармақшаның алтыншы, тоғызыншы және оныншы абзацтары алып тасталсын;
      7) тармақшаның үшінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, жиырма бірінші абзацтары алып тасталсын;
      8) тармақшаның екінші, үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші абзацтары алып тасталсын;
      9) тармақшаның тоғызыншы абзацы алып тасталсын;
      10) тармақша алып тасталсын;
      11) тармақшаның жиырма бесінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші, қырық үшінші, қырық төртінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші және елу бірінші абзацтары алып тасталсын;
      12) тармақша алып тасталсын;
      2) 2-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 2-тармағы 1) тармақшасының төртінші абзацын, 3) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші және жиырмасыншы абзацтарын, 4-тармағының 1) тармақшасының бесінші, он үшінші, отыз төртінші және отыз алтыншы абзацтарын, 4) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 7) тармақшасының төртінші абзацын, 8) тармақшасының жиырма сегізінші абзацын, 9) тармақшасының он төртінші абзацын;».
      4. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 23,
143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат):
      1) 1-баптың 64-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1) электр қуатының ауыртпалықты көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөнінде қызмет көрсетуден түскен бірыңғай сатып алушы кірістерінің тек қана осы көрсетілетін қызметті ұсынуы кезінде шеккен өзінің шығыстарын өтеуге жетіспеуінің салдарынан бірыңғай сатып алушының энергия өндіруші ұйымдар алдындағы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөнінде міндеттемелерін орындауы мүмкін болмаған жағдайда бірыңғай сатып алушыға мемлекеттік қаржылық қолдауды жүзеге асырады;».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады