"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықты әлеуметтік қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 тамыздағы № 704 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықты әлеуметтік қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты
әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; № 5, 3-құжат; № 7, 29, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44 құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143 құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат):
      1) 53-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай мазмұндағы тоғызыншы және оныншы абзацтармен толықтырылсын:
      «мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
      «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;»;
      2) 55-баптың 1-тармағы 5) тармақшасының оныншы абзацы алып тасталсын;
      3) 56-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының төртінші абзацы алып тасталсын.
      2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 143-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 18, 366-құжат; 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 782 құжат; 2001 ж., № 10, 121-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2003 ж., № 15, 131 құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 94-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 11, 59-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; 2012 ж., № 1, 1-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; 2014 ж., № 11, 67-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат):
      1) 36-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «36-бап. «Алтын алқа» алқасымен наградталған немесе бұрын «Батыр-Ана» атағын алған көп балалы аналар белгіленген нормалар бойынша тұрғын үй алаңымен бірінші кезекте қамтамасыз етіледі.
      «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр-Ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген негізде және тәртіппен ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.»;.
      3. «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 154-құжат; 1999 ж., № 8, 239-құжат; № 23, 925-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 1-2, 13-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат, № 24, 157- құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат, № 20, 152-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; 2015 жылғы 5 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 12-бапта:
      1) 1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап:
      бірінші топтағы мүгедектерге – 1,92 ең төменгі күнкөріс деңгейі;
      екінші топтағы мүгедектерге – 1,53 ең төменгі күнкөріс деңгейі;
      үшінші топтағы мүгедектерге – 1,04 ең төменгі күнкөріс деңгейі;
      он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға ? 1,40 ең төменгі күнкөріс деңгейі;
      бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерге – 1,92 ең төменгі күнкөріс деңгейі;
      бала кезінен екінші топтағы мүгедектерге – 1,59 ең төменгі күнкөріс деңгейі;
      бала кезінен үшінші топтағы мүгедектерге – 1,20 ең төменгі күнкөріс деңгейі;
      он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші топтағы мүгедек балаларға – 1,92 ең төменгі күнкөріс деңгейі;
      он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі екінші топтағы мүгедек балаларға – 1,59 ең төменгі күнкөріс деңгейі;
      он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі үшінші топтағы мүгедек балаларға – 1,20 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.»;
      2) 2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап:
      бірінші топтағы мүгедектерге – 2,81 ең төменгі күнкөріс деңгейі;
      екінші топтағы мүгедектерге – 2,40 ең төменгі күнкөріс деңгейі;
      үшінші топтағы мүгедектерге – 2,01 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.»;
      3) 3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап:
      бірінші топтағы мүгедектерге – 3,44 ең төменгі күнкөріс деңгейі;
      екінші топтағы мүгедектерге – 2,65 ең төменгі күнкөріс деңгейі;
      үшінші топтағы мүгедектерге – 2,01 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.».
      4. «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 8, 238-құжат; № 23, 925-құжат; 2000 ж., № 23, 411-құжат; 2001 ж., № 2, 14-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2004 ж., № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат):
      1) 4-бапта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен айқындалған жеңілдіктер тізбесі негізге алына отырып арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны алуға құқығы бар азаматтарға:»;
      7), 8) және 8-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-тармағында көзделген жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бойынша төленетін айлық жәрдемақының мөлшеріне дейін қосымша төлемдерді алушыларды қоспағанда, жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдері немесе еңбек сiңiрген жылдары үшiн төленетiн зейнетақы төлемдерi  тағайындалған бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектер, сондай-ақ Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда, Байқоңыр қаласында тұратын бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектер;
      8) Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда, Байқоңыр қаласында тұратын он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар және он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балалар;
      8-1) Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда, Байқоңыр қаласында тұратын он алтыдан он сегіз жасқа дейiнгi бiрiншi, екiншi, үшiншi топтағы мүгедек балалар;»;
      9) және 10) тармақшалар алып тасталсын;
      2) 7-бапта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жәрдемақы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған жеңілдіктер тізбесі негізге алына отырып арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны алуға құқығы бар азаматтарға белгіленеді.»;
      үшінші бөлікте 13), 14), 15), 16) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-тармағында көзделген жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бойынша төленетін айлық жәрдемақының мөлшеріне дейін қосымша төлемдерді алушыларды қоспағанда, жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдері немесе еңбек сiңiрген жылдары үшiн төленетiн зейнетақы төлемдерi тағайындалған бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, сондай-ақ Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда, Байқоңыр қаласында тұратын бірінші және екінші топтағы мүгедектерге – 1,49 айлық есептік көрсеткіш;
      14) «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-тармағында көзделген жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бойынша төленетін айлық жәрдемақының мөлшеріне дейін қосымша төлемдерді алушыларды қоспағанда, жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдері немесе еңбек сiңiрген жылдары үшiн төленетiн зейнетақы төлемдерi тағайындалған үшінші топтағы мүгедектерге, сондай-ақ Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда, Байқоңыр қаласында тұратын үшінші топтағы мүгедектерге – 0,64 айлық есептік көрсеткіш;
      15) Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда, Байқоңыр қаласында тұратын он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 0,96 айлық есептік көрсеткіш;
      16) Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда, Байқоңыр қаласында тұратын он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға:
      бірінші және екінші топтағыларға – 1,49 айлық есептік көрсеткіш;
      үшінші топтағыларға – 0,64 айлық есептік көрсеткіш;»;
      17) және 18) тармақшалар алып тасталсын.
      5. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат):
      1) 1-бапта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) әлеуметтік келісімшарт – отбасының атынан әрекет ететін кәмелетке толған жеке тұлға мен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі шараларды көрсету мен алу, сондай-ақ шартты ақшалай көмек төлеу бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын уәкілетті органның арасындағы келісім;»;
      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «16) табысы аз адамдар (отбасылар) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен адамдар (отбасылар);»;
      23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «23) халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – Орталық) – әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуді іске асыру мақсатында ауданда, облыстық және республикалық маңызы бар қалада, астанада жергілікті атқарушы орган құратын мемлекеттік мекеме;»;
      2) 12-1-баптың 2) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушылар болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға және әлеуметтік келісімшарт жасасқан атаулы әлеуметтік көмек алушыларға бейімдеу қызметтерін және психологиялық қолдау көрсетуді;»;
      «5) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға және әлеуметтік келісімшарт жасасқан атаулы әлеуметтік көмек алушыларға мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларын ұсынуды жүзеге асырады.»;
      3) 14-баптың 4) тармақшасындағы «табысы аз азаматтарға жататын жұмыссыздарға» деген сөздер алып тасталсын;
      4) 19-баптың 2-тармағының екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарды кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға жіберу Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      Кәсiби даярлықтан, қайта даярлау мен біліктілігін арттырудан өтіп жатқан табысы аз адамдар қатарындағы жұмыссыздардың, жұмыспен қамтылғандар мен жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік атаулы көмек алуға құқығы бар.».
      6. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 247-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 23, 117-құжат; 2011 ж., № 10, 86-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 48-құжат;):
      1) 1-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) әлеуметтік келісімшарт – отбасының атынан әрекет ететін кәмелетке толған жеке тұлға мен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мен әлеуметтік бейімдеу жөніндегі шараларды көрсету мен алу, сондай-ақ шартты ақшалай көмек төлеу бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын уәкілетті органның арасындағы келісім;»;
      мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2), 1-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «1-1) әлеуметтік бейімдеу жөніндегі шаралар – «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабында айқындалған мүгедектерді әлеуметтік оңалту шаралары, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өмірде қиын жағдайда жүрген адамдарға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен көрсетілетін өзге де мемлекеттік қолдау шаралары;
      1-2) отбасыға көмектің жеке жоспары (бұдан әрі – жеке жоспар) – Халықты жұмыспен қамту орталығы өтініш берушімен және (немесе) оның отбасы мүшелерімен бірлесіп жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) отбасы мүшелерін әлеуметтік бейімдеу жөнінде жасаған іс-шаралар жоспары;
      1-3) табысы аз адамдар (отбасылар) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен адамдар (отбасылар);»;
      мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «4-1) шартсыз ақшалай көмек – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі табысы аз адамдарға (отбасыларына) ай сайынғы ақшалай төлем нысанында көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмектің түрі;
      4-2) шартты ақшалай көмек – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына және (немесе) қажет болған жағдайда әлеуметтік бейімдеу шараларына олардың міндетті қатысуы шартымен табысы аз адамдарға (отбасыларына) ай сайынғы және (немесе) біржолғы ақшалай төлем нысанында көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмектің түрі;»;
      мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «6-1) ассистент – әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультантқа және кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне консультациялар, әңгімелесулер өткізуге, сондай-ақ әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргізу жөніндегі функцияларды орындайтын Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкері;
      6-2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант – атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға және табысы аз адамдарға (отбасыларға) кедейлік деңгейінде болу себебіне негізделген жағдайдан шығуға жәрдемдесуді жүзеге асыратын Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкері;»;
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – Орталық) – жергілікті атқарушы орган әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуді іске асыру мақсатында ауданда, облыстық және республикалық маңызы бар қалада, астанада құратын мемлекеттік мекеме;»;
      мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      «9) еңбекке қабілетті адам (отбасының еңбекке қабілетті мүшесі) – «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»
2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының
1-тармағында белгіленген 16 жастан бастап зейнеткерлік жасқа дейінгі еңбекке және белгілі бір біліктілік деңгейіндегі, көлемдегі және сападағы жұмысты орындауға қабілетті адам немесе отбасы мүшесі.»;
      2) 2-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Атаулы әлеуметтік көмек мыналарға:
      1) облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен асатын жан басына шаққандағы орташа табысы бар адамдарға (отбасыларға);
      2) кәмелет жасқа толмаған балалардан басқа, оның ішінде орта, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейін, жоғары оқу орындарында, кәмелеттік жасқа толғаннан кейін оқу орнын бітіретін уақытқа дейін күндізгі оқу нысанында оқитын балаларды қоса алғанда (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысудан бас тартқан отбасыларға;
      3) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін жалған ақпарат пен дәйексіз (қолдан жасалған) құжаттарды ұсынған адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды.»;
      мынадай мазмұндағы 3, 4, 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
      «3. Атаулы әлеуметтік көмек шартсыз ақшалай көмек және шартты ақшалай көмек түрінде көрсетіледі.
      4. Шартсыз ақшалай көмек:
      1) мүмкіндігі шектеулі жалғыз басты және (немесе) жалғыз тұратын табысы аз адамдарға:
      «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының
1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетуіне;
      бірінші және екінші топтардағы мүгедектігіне;
      екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін аурудың болуына байланысты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу үшін;
      2) бірінші және екінші топтардағы мүгедек болып табылатын және (немесе) екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін ауруы бар және (немесе) жеті жасқа дейінгі балаларды, мүгедек баланы, бірінші немесе екінші топтардағы мүгедекті, бөгде адамның күтіміне немесе көмегіне мұқтаж қарттарды бағып-күтуді жүзеге асыратын барлық еңбекке қабілетті, табысы аз отбасы мүшелеріне көрсетіледі.
      5. Шартты ақшалай көмек жалғыз басты және (немесе) жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, сондай-ақ осы баптың 4-тармағында көрсетілген адамдарды (отбасыларды) қоспағанда, өзінің құрамында еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері) бар табысы аз отбасыларға жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына олар қатысқан және (немесе) әлеуметтік бейімдеу қажет болған жағдайда көрсетіледі.
      6. Әлеуметтік келісімшартты жасасу және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін (адамдарды) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу:
      1) бірінші және екінші топ мүгедектерін;
      2) күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттар мен магистранттарды;
      3) екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін ауруы бар адамдарды;
      4) жеті жасқа дейінгі балаларды, мүгедек баланы, бірінші немесе екінші топтардағы мүгедектерді, бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж сексен жастан асқан адамдарды бағып-күтуді жүзеге асыратын адамдарды;
      5) тұрақты жұмысы бар адамдарды қоспағанда шартты ақшалай көмекті тағайындау үшін міндетті талаптар болып табылады.»;
      3) 3-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-бап. Атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш беру»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Адам (бұдан әрі – өтініш беруші) атаулы әлеуметтік көмек тағайындалуы үшін өз атынан немесе отбасы атынан белгіленген үлгідегі өтінішпен және тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттарымен қоса тұрғылықты жері бойынша – Орталыққа, ал ауылдық жерлерде – кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш жасайды.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Шартсыз ақшалай көмек алу құқығы тоқсан сайын орталық атқарушы орган айқындайтын тізбеге сәйкес қажетті құжаттардың ұсынумен расталады.»;
      4) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-бап. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі
      1. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге арналған тиісті бюджетте көзделген сома шегінде уәкілетті орган жүзеге асырады.
      Атаулы әлеуметтік көмек отбасының оны алуға құқығы бар әрбір мүшесіне тағайындалады.
      Отбасы құрамына:
      1) толық мемлекеттік қамсыздандырудағы адамдар;
      2) мерзімді әскери қызметте жүрген адамдар;
      3) бас бостандығынан айыру орындарындағы, мәжбүрлі емдеудегі адамдар кірмейді.
      2. Орталық:
      1) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтініштерді қабылдауды және уәкілетті органның шешімдерінің жобаларын жүзеге асырады;
      2) өтініш берушімен және отбасы мүшелерімен бірлесіп жеке жоспарды құрады және әлеуметтік келісімшарт жасасады;
      3) жұмыс қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияның қызметін қамтамасыз етеді;
      4) жеке жоспардың іс-шараларын іске асыру барысының мониторингін жүзеге асырады және әлеуметтік келісімшартты іске асырудың тиімділігін бағалайды;
      5) атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға жеке жоспарды іске асыруына және олардың әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындауына жәрдемдеседі.
      3. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, ассистент немесе кент, ауыл, ауылдық округінің әкімі өтініш берушінің құжаттарын қабылдау процесінде онымен және (немесе) оның отбасы мүшелерімен әңгімелесу жүргізеді, жүргізу барысында мыналар:
      1) шартсыз немесе шартты ақшалай көмекті алуға негіздеме;
      2) әлеуметтік бейімдеу шараларына және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына деген қажеттілік айқындалады.
      Орталық немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі өтінішті тіркегеннен кейін екі жұмыс күні ішінде қорытынды дайындау үшін құжаттарды учаскелік комиссияға береді.
      Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған жағдайда оларды алған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей учаскелік комиссияның қорытындысымен қоса Орталыққа береді.
      4. Өтініш беруші және (немесе) отбасы мүшелері жұмыспен қамтуға және (немесе) әлеуметтік бейімдеуге жәрдемдесу жөніндегі шараларға мұқтаж болған жағдайда, оны ұсыну туралы шешім уәкілетті органның құзыреті шегінен шықса, өтініш беруші ұсынған құжаттарды Орталық халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияның қарауына жібереді.
      Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссиялардың міндетіне:
      атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде мүдделі органдардың және ұйымдардың қызметін үйлестіру;
      жұмыспен қамтуға және әлеуметтік бейімдеуге жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұсыну туралы ұсынымдарды әзірлеу;
      шартты ақшалай көмектің біржолғы төлемін ұсыну туралы мәселелерді қарау;
      жасалған әлеуметтік келісімшартты іске асыру барысының мониторингі кіреді.
      5. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант учаскелік комиссияның қорытындысын немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен учаскелік комиссияның қорытындысымен құжаттарды, сондай-ақ қажет болған жағдайда жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияның шешімін алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жеке жоспар дайындайды, онда отбасын (адамдарды) жұмыспен қамтуға және әлеуметтік бейімдеуге жәрдемдесу жөніндегі белгіленген іс-шаралар мен әлеуметтік келісімшарт жобасы көрсетіледі.
      Әлеуметтік келісімшарттың, жеке жоспардың нысандарын және отбасын (адамдарды) жұмыспен қамтуға және әлеуметтік бейімдеуге жәрдемдесу жөніндегі белгіленген іс-шаралардың үлгілік тізбесін орталық атқарушы орган бекітеді.
      6. Орталық әлеуметтік келісімшартты жасасқан күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өтініш берушіден қабылданған құжаттарды, шешімнің жобасын және тараптар қол қойған әлеуметтік келісімшартты атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін уәкілетті органға жібереді.
      7. Уәкілетті орган осы баптың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді қабылдайды, ол туралы өтініш берушіге Орталық арқылы, бас тартқан жағдайда – оның себебін көрсете отырып жазбаша хабарлайды.
      8. Уәкілетті орган тиісті органдардан атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін ұсынылған құжаттарды қарауға қажетті мәліметтерді сұратуға құқылы.
      9. Шартты ақшалай көмек алушылармен әлеуметтік келісімшарт алты айға, отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімдеуін ұзарту қажет болған және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын және (немесе) жастар практикасынан өтуді және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылуды аяқтамаған жағдайда оны қосымша алты айға дейін ұзарту мүмкіндігімен жасалады.
      Әлеуметтік келісімшарт ұзартылған жағдайда шартты ақшалай көмектің мөлшері қайта қаралмайды.
      10. Шартсыз ақшалай көмек ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленіп отырады.
      Шартты ақшалай көмек – әлеуметтік келісімшарттың қолданысы кезеңінде тағайындалады және ай сайын немесе әлеуметтік келісімшартта белгіленген кезеңге бір жолға төленеді.
      Шартты ақшалай көмек төлемінің біржолғы сомасы әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты іс-шараларға ғана, жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (малды, құсты сатып алу және басқа), жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға (алдыңғы займдарды өтеуге, тұрғын үй сатып алуға арналған шығындардан басқа) пайдаланылады.
      11. Шартты ақшалай көмекті алушылармен әлеуметтік келісімшарт табысы аз адам (отбасы) әлеуметтік келісімшарттың талаптарын және жеке жоспар іс-шараларын толық көлемде орындамаған кезде, сондай-ақ шартты ақшалай көмекті заңсыз тағайындауға әкеп соқтырған дәйексіз мәліметтер ұсынғаны анықталған жағдайда бұзылады.
      Әлеуметтік келісімшартты бұзу шартты ақшалай көмекті төлеуді тоқтату үшін негіз болып табылады.
      Бұл ретте, әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттердің орындалмағаны алғаш рет анықталған жағдайда атаулы әлеуметтік көмек мөлшері орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын, кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейінгілерді (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін) қоспағанда, 18 жастан асқан отбасы мүшелерінің барлығына ай бойына 50 %-ға қысқарады, міндеттердің орындалмағаны туралы қайтадан анықталған жағдайда – кәмелеттік жасқа толмаған балалардан басқаларға, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін) атаулы әлеуметтік көмек төлеу тоқтатылады.
      12. Өтініш беруші мен алушы кент, ауыл, ауылдық округ әкімі, Орталықтың іс-әрекеттері мен уәкілетті органның және оның лауазымды адамдарының шешімдеріне жоғары тұрған жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ сот тәртібімен шағымдануға құқығы бар.
      13. Уәкілетті органның лауазымды адамдары және Орталық атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалуы мен оны төлеуді ұйымдастырудың дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      14. Уәкілетті орган және Орталық халыққа атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәртібі мен шарттары туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлап отыруға міндетті.»;
      5) 5-баптың 4 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Учаскелік комиссиялар Орталықтан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде қорытынды дайындайды және оны Орталыққа немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне береді.»;
      7. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 12, 44-құжат; 2007 ж., № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат):
      1) 1-бапта:
      1) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – көп балалы анаға берілетін жәрдемақы) түріндегі ақшалай төлемдер;»;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) бала туғанда берiлетiн, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге және көп балалы анаға берілетін жәрдемақыларды тағайындау жөнiндегi уәкiлетті орган – уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшелерi;»;
      3), 5), 6) және 8) тармақшалар алып тасталсын;
      7) тармақшадағы «отбасы атынан» деген сөздер алып тасталсын;
      2) 2-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Көп балалы анаға жәрдемақы тағайындау кезінде Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей жәрдемақы алу құқығын пайдаланады.»;
      3) 4-бапта:
      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) көп балалы анаға берілетін жәрдемақы»;
      2-тармақ алып тасталсын;
      4) 5-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Тізбесін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын құжаттармен қоса, жәрдемақы тағайындау туралы өтініш бала туғанда берілетін жәрдемақы, бала күтіміне байланысты жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы, көп балалы анаға берілетін жәрдемақыға құқығы бар отбасының тұрғылықты жерi бойынша Мемлекеттік корпорацияға беріледі.
      Адамдар бала туғанда берілетін жәрдемақы мен бала күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау үшін «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтініш жасауға құқылы.
      Ата-анасының бірінің, қорғаншыларының немесе қамқоршыларының бала туғанда берілетін жәрдемақы, бала күтіміне байланысты жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы тағайындау туралы жеке өзі өтініш жасауға мүмкіндігі болмаған жағдайда, ата-анасы, қорғаншылары немесе қамқоршылары белгіленген тәртіппен берілген сенімхат негізінде жәрдемақы тағайындау туралы өтініш жасауға басқа адамдарға уәкілеттік беруге құқылы.»;
      3-тармақ алып тасталсын;
      4-тармақта:
      бірінші бөліктегі «немесе балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкілетті органға» деген сөздер алып тасталсын;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Өтініш берушінің тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасаған күні ақпараттық жүйелер белгіленген тәртіппен өтініш беруші туралы бұрын болмаған мәліметтердің бар екендігін растаған кезде бала туғанда берілетін жәрдемақының, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақының, көп балалы анаға берілетін жәрдемақының тағайындалған күні болып есептеледі.»;
      5) 6-бапта:
      1-2-тармақ алып тасталсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Уәкілетті орган өтінішті қажетті құжаттарымен, оның ішінде электрондық құжаттарымен қоса, олардың Мемлекеттік корпорациясына тіркелген күнінен бастап, ал осы Заңның 5-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайда – мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің өтініш беруші туралы мәліметтерді растаған күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде қарайды.
      Уәкілетті орган өтініш берушіні бес жұмыс күнінен кешіктірмей тағайындау немесе бас тарту (себептерін көрсетіп) туралы қабылданған шешім жөнінде жазбаша Мемлекеттік корпорация арқылы электрондық құжат жіберу жолымен, ал «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтініш жасаған кезде бір жұмыс күні ішінде электрондық нысанда хабардар етеді.».
      3-тармақ алып тасталсын;
      6) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «9-бап. Көп балалы анаға жәрдемақыны тағайындау және төлеу
      1. Көп балалы анаға жәрдемақы тағайындау үшін өтініш жасау қандай да бір мерзіммен шектелмей кез келген уақытта жүзеге асырылады.
      2. Жәрдемақы төлеу ағымдағы ай үшін және барлық қажетті құжаттармен жүгінген күнінен бастап, жәрдемақы тағайындалған жағдайлар сақталған кезеңге жүргізіледі. Жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда жәрдемақы қайтыс болған айына қоса төленедi.
      3. Көп балалы анаға берілетін жәрдемақыны төлеу:
      1) жәрдемақы алушы бюджеттік қаражат есебінен мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемеге стационар жағдайында тәулік бойы тұрақты немесе уақытша (үш айға дейінгі мерзімге) тұруға орналастырылған жағдайда;
      2) жәрдемақы алушы бас бостандығынан айырылу түріндегі сот белгілеген қылмыстық жазаны өтеу уақытында тоқтатыла тұрады.».
      7) 10-бапта:
      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) көп балалы анаға берілетін жәрдемақы – 6,40 айлық есептік көрсеткіш»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Өтініш беруші жәрдемақының мөлшерін өзгерту немесе оны төлеуді тоқтату үшін негіз бола алатын мән-жайлар туралы Мемлекеттік корпорацияны он жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
      Өтініш беруші бала күтімі жөніндегі жәрдемақының, мүгедек баланы тәрбиелеушіге және көп балалы анаға берілетін жәрдемақының мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақтылы хабарламаған жағдайда, көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап жәрдемақы мөлшері қайта қаралады, бірақ бұл мерзім оларды тағайындаған кезден ерте болмауға тиіс.».
      8. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат;):
      98-баптың 14) тармақшасындағы «зейнетақы жинақтарынан өндіріп алуға болмайды.» деген сөздер «зейнетақы жинақтарынан;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:
      «15) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылардан;
      16) атаулы әлеуметтік көмектен өндіріп алуға болмайды.».
      2-бап. Осы Заң 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады