"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті полиция қызметінің жұмысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 тамыздағы № 717 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті полиция қызметінің жұмысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті полиция қызметінің жұмысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-І, 18-ІІ, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат: № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; 2015 жылғы 10 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 22 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мақта саласын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 5 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 5 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      685-баптың екінші бөлігінің 1), 2) 3) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) осы Кодекстiң iшкi iстер органдарының ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған барлық баптары бойынша – iшкi iстер органдарының, жергілікті полиция қызметінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;
      2) осы Кодекстiң 146, 147, 192, 197, 198, 204, 364, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 386, 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 408, 433 (бірінші бөлігінде), 437, 438 (бірінші және екінші бөліктерінде), 440 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 441, 443, 444 (екінші бөлігінде), 449 (бірінші бөлігінде), 484, 487, 492, 493, 494, 505 (бірінші бөлігінде), 510, 512 (бірінші бөлігінде), 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515, 517 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 518, 519 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – қалалық, аудандық, кенттік полиция бөлімдерінің, бөлімшелерінің, жергілікті полиция қызметінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;
      3) осы Кодекстiң 196, 197, 204, 382 (бірінші бөлігінде), 440 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 441, 443, 444 (екінші бөлігінде), 449 (бірінші бөлігінде), 484, 487, 510, 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515, 519 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 559 (бірінші, екінші, төртінші, бесінші бөліктерінде), 560, 562, 564 (төртінші бөлігінде), 566, 621 (бірінші бөлігінде), 630 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – iшкi iстер органдарының желілік бөлімдерінің, бөлiмшелерiнiң бастықтары;»;
      «5) осы Кодекстiң 590 (үшінші, сегізінші және оныншы бөліктерінде), 591 (екінші бөлігінде), 592 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 593 (сегізінші бөлігінде), 594 (төртінші бөлігінде), 595 (төртінші бөлігінде), 596 (төртінші бөлігінде), 597 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 598 (үшінші бөлігінде), 599 (екінші бөлігінде), 600 (екінші бөлігінде), 601 (екінші бөлігінде), 602 (екінші бөлігінде), 603 (үшінші бөлігінде), 606 (бірінші бөлігінде), 609 (екінші бөлігінде), 612 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 613 (он үшінші бөлігінде), 614, 615 (үшінші бөлігінде), 617, 619, 630, 631, 632-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – iшкi iстер органдарының әкімшілік полициясы комитетiнiң төрағасы, басқармаларының, бөлiмдерiнiң, бөлiмшелерiнiң, жергілікті полиция қызметінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;».
      2. «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 13, 272-құжат; 2002 ж., № 18, 159-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 5-6, 40-құжат; 2009 ж., № 24, 122-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат):
      1) 5-бапта:
      бірінші бөліктің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Заңның 2-бабының «в» тармақшасында аталған адамдарға iшкi iстер органының жергілікті полиция қызметі бастығының дәлелді ұсынуы бойынша бас бостандығынан айыру орнынан босатылған адамның тұрғылықты жерiндегi аудандық (қалалық) соттың судьясы жеке өзi белгiлейдi.»;
      алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Cудьяның қаулысы өзiне қатысты әкiмшiлiк қадағалау орнатылған адамның тұрғылықты жерiндегi ішкі істер органының аудандық (қалалық) ергілікті полиция қызметінің бастығына, ал Заңның 2-бабының «а» және «б» тармақшаларында көзделген жағдайларда – түзеу мекемесiнiң бастығына орындау үшiн жiберiледi.»;
      2) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «10-бап Әкімшілік қадағалауды орнату, ұзарту немесе шектеулерді
              өзгерту туралы қаулыны қадағалауға алынған адамға
              жариялау
      Әкiмшiлiк қадағалау орнату не әкiмшiлiк қадағалауды жүзеге асыру кезiнде оның мерзiмiн ұзарту немесе шектеулердi өзгерту туралы судьяның қаулысын қадағалауға алынған адамға қолын қойғыза отырып, iшкi iстер органының жергілікті полиция қызметінің бастығы, ал бас бостандығынан айыру орындарындағы адамға – түзеу мекемесiнiң бастығы хабарлайды. Бұл ретте қадағалауға алынған адамға оның мiндеттерi, әкiмшiлiк қадағалау қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершiлiгi, ал бас бостандығынан айыру орындарынан босатылар алдында қадағалау орнатылған адамға қалап алған тұрғылықты жерiне белгiленген мерзiмде келмегенi үшiн жауапкершiлiгi түсiндiрiледi.»;
      3) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «15-бап. Әкімшілік қадағалауды тоқтату тәртібі
      14-баптың «а», «в», «г», «д» және «е» тармақшаларында көзделген жағдайларда әкiмшiлiк қадағалауды жүзеге асыратын iшкi iстер органының қызметкерi әкiмшiлiк қадағалауды тоқтату туралы қаулы шығарып, оны iшкi iстер органының жергілікті полиция қызметінің бастығы бекiтедi.
      14-баптың «б» тармақшасында көзделген жағдайда iшкi iстер органының жергілікті полиция қызметінің бастығы әкiмшiлiк қадағалауды мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы сотқа дәлелдi ұсыныс жiбередi, ол он күн мерзiмде қаралуға тиiс.
      Судьяның немесе iшкi iстер органының әкiмшiлiк қадағалауды тоқтату туралы қаулысы қадағалаудағы адамға қолын қойғыза отырып жарияланады.».
      3. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат):
      1) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) және 6-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «5-1) жергілікті полиция қызметі бастығының кандидатурасын ішкі істер органдарының ұсынымы бойынша келісу;»;
      «6-1) ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі басшыларының есептерін қарау және олардың қызметін бағалау;»;
      2) 29-бапта:
      1-тармақтың 4) тармақшасында:
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен нысанды киiм киіп жүру құқығы берілген және әскери немесе өзге арнаулы атақ берiлетiн басшыларды қоспағанда, облыстың, республикалық маңызы бар қалаңың, астана бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларын;»;
      мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
      «тиісті мәслихаттың келісімімен ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті полиция қызметі басшыларының лауазымына кандидатураны Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ұсынады. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті полиция қызметі басшыларының лауазымына кандидатураны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті полиция қызметіңің бастығы ұсынады. Жергілікті полиция қызметі басшыларының лауазымына кандидаттар Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес ішкі істер органдарының кадр резервінде тұрған полиция қызметкерлерінің қатарынан тағайындалады. Жергілікті полиция қызметі басшыларының лауазымында болу мерзімі тағайындалған сәттен бастап бес жылдан аспауы тиіс. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ішкі істер органдарының басқа басшыларын лауазымға тағайындау және одан босату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;»;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі жергілікті полиция қызметінің алдына жергілікті жерде маңызы бар құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету міндеттерін қояды, олардың орындалуын бақылайды, жылына кемінде екі рет жергілікті полиция қызметі басшысының тиісті есептерін тыңдайды.»;
      3) 33-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкіміне ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті полиция қызметі басшыларын және олардың орынбасарларын атқарып отырған лауазымынан босату туралы ұсыныс енгізуге құқылы;»;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Ауданның, (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі жергілікті полиция қызметінің алдына жергілікті маңызы бар құқықтық тәртіпті қамтамсыз ету міндеттерін қояды, олардың орындалуын бақылайды, жылына кемінде екі рет жергілікті полиция қызметі басшысының тиісті есептерін тыңдайды.».
      4. «Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 104-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат):
      3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) азаматтарды қоғамдық тәртіпті қорғауға тарту бойынша шаралар қолданады;».
      5. «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 23, 114-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар):
      20-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен әкімшілік ұстауды жүргізу не Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабында көзделген тәртіппен ұстау үшін негіздер болмаған кезде ішкі істер органының жергілікті полиция қызметінің бастығы не оның орынбасары, учаскелік полиция инспекторы не кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы жәбірленушінің пікірін ескере отырып, қорғау нұсқамасын шығарады, ол тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған не оны жасау қаупін төндіретін адамға орындау үшін қолхатпен беріледі. Қол қоюдан бас тартылған жағдайда бұл жайында қорғау нұсқамасына жазылады.».
      6. «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» 2010 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 8, 40-құжат; № 24, 149-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат):
      6-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтар мен ұйымдарды есепке алуды жүргізеді, азаматтарды қоғамдық тәртіпті қорғауға тарту бойынша шаралар қолданады, оларды көтермелеудің түрлері мен тәртібін айқындайды;».
      7. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 48-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; 2015 жылғы 5 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 7-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әкімшілік полиция жергілікті полиция қызметінен, азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау бөлімшелерінен, көші-қон полициясынан, уақытша ұстау изоляторларынан, айдауыл қызметі бөлімшелерінен және қоғамдық тәртіпті сақтауды жүзеге асыратын өзге де бөлімшелерден тұрады.»;
      2) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:
      «9-1-бап. Жергілікті полиция қызметі
      1. Жергілікті полиция қызметі учаскелік полиция инспекторларынан және олардың көмекшілерінен, кәмелетке толмағандардың істері, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелерден, жол-патрульдік полициясынан, табиғатты қорғау полициясынан, қабылдау-бөлу орындарынан және арнаулы қабылдау орындарынан тұрады.
      2. Жергілікті полиция қызметінің және оның қызметкерлерінің міндеттері, құзыреті, өкілеттіктері осы Заңда белгіленген.
      3. Жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінің құқық қорғау органдарының қызметкерлері деген бірыңғай құқықтық мәртебесі бар, материалдық қамтамасыз етілуі және әлеуметтік қорғалуы Қазақстан Республикасының заңнамасында регламенттеледі.
      4. Жергілікті полиция қызметінің жұмысы мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
      1) құқық бұзушылықтар профилактикасы;
      2) қоғамдық тәртіпті қорғау;
      3) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      4) қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу;
      5) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу және қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысанда сотқа дейінгі тергеп-тексеру.
      5. Жергілікті полиция қызметінің бастығы өкiлдiк және атқарушы органдардың алдында жылына кемінде екі рет, халық алдында жылына бір рет жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы есеп береді.
      6. Учаскелік полиция инспекторы әкімшілік учаскеде тұратын халықтың, кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдар ұжымдарының алдында кемінде тоқсанына бір рет есеп береді.
      7. Учаскелік полиция инспекторы әкімшілік учаскеде тұратын халықтың, кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдар ұжымдарының алдында тоқсанына кем дегенде бір рет есеп береді.».
      3) 10-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі туралы ережені бекітеді;»;
      4) 11-баптың 25) тармақшасы мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      «жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерін лауазымға тағайындау тәртібін;»;
      5) 12-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) жанар-жағар май материалдарын сатып алуды қоса алғанда, ішкі істер аумақтық органдарының, оның ішінде жергілікті полиция қызметінің қызметтік үй-жайларын, радиобайланыс құралдарын, мобильді және портативті бейнетіркегіштерін, көлік құралдарын күтіп-ұстауды, оларға қызмет көрсетуді және жөндеуді, сондай-ақ республикалық бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық органдар аппаратының ахуалдық орталығының электрондық поштасы, бейне-конференциялық байланыс және бейнебақылау жүйесі қызметтеріне шығындарды қоспағанда, коммуналдық қызметтерін, электр энергиясын, жылу және байланыс қызметтерін төлеу бойынша шығындарды қамтамасыз етеді;»;
      6) мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын:
      «13-1-бап. Қоғамдық кеңестер
      1. Қоғамдық кеңестер – Ішкі істер министрлігінің және аумақтық ішкі істер органдарының жанынан құрылатын консультациялық-кеңесші органдар. Қоғамдық кеңестерді құру және олардың қызметін ұйымдастыру тәртібін Ішкі істер министрі айқындайды.
      2. Қоғамдық кеңестер өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, осы Заңды және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
      3. Қоғамдық кеңестердің міндеттері полицияның ашықтығы мен ішкі істер органдарына деген сенімді арттыруға, азаматтарды, қоғамдық бірлестіктерді және ұйымдарды қоғамдық тәртіпті қорғау, құқық бұзушылықтар профилактикасы, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға тартуда жәрдем көрсету болып табылады.
      4. Қоғамдық кеңестердің шешімдері ұсынымдық сипатқа ие.
      5. Қоғамдық кеңес және қоғамдық кеңестердің мүшелері қоғамдық кеңеске жүктелген міндеттерді орындау үшін:
      1) азаматтарды, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ішкі істер органдарының қызметі туралы ақпараттандыруға және ішкі істер органдарының қызметіне қатысты мәселелерді жария талқылауға қатысуға;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қызметтік этика нормаларын бұзатын ішкі істер органдары қызметкерлерінің әрекеттеріне жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға;
      3) ішкі істер органдары қызметінің ашықтығына ықпал етуге, ішкі істер органдарының қызметі туралы азаматтардың пікірлерін талдауға және бұл туралы тиісті ішкі істер органдарының басшыларына хабарлауға;
      4) азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз етумен байланысты мәселелер бойынша ішкі істер және өзге де мемлекеттік органдарға жүгінуге құқылы.
      6. Өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде қоғамдық кеңестердің мүшелері:
      1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті;
      2) ішкі істер органдарының жедел-іздестіру қызметіне және процестік қызметіне араласуға құқығы жоқ.
      7. Қазақстан Республикасының жиырма бес жасқа толған азаматы қоғамдық кеңестің мүшесі бола алады.
      8. Мыналар:
      1) соттылығы бар;
      2) қылмыстық құқық бұзушылық жасауда күдікті немесе айыпталушы;
      3) сот әрекетсіз немесе әрекеті шектеулі деп таныған;
      4) судьялар, адвокаттар, мемлекеттік қызметшілер мен әскери қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;
      5) психиатрда және (немесе) наркологта есепте тұрған адамдар қоғамдық кеңестің мүшесі бола алмайды.».
      2-бап. Осы Заң 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады