Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылыми
және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін
коммерцияландыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізілсін:
1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; 2015 жылғы 21 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, шарттық міндеттемелерді қорғауды кепілдендіру және оларды бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 5 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы,):
997-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«997-бап. Автордың қызметтiк өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсiптiк үлгi үшiн сыйақы алуға құқығы
Авторға қызметтiк өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсiптiк үлгi үшiн сыйақы төлеудің мөлшерi, шарттары мен тәртiбi автордың өзінің және жұмыс берушiнің арасындағы келiсiмде айқындалады. Егер қызметтiк өнертабысты, пайдалы модельдi немесе өнеркәсiптiк үлгiнi жасаудағы автор мен жұмыс берушiнiң үлесiн мөлшерлеу мүмкiн болмаса, авторға сыйақы төлеу мөлшері, шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалады.».
2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар); 2015 жылғы 10 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 108-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«108-бап. Ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға арналған шығыстар бойынша шегерім
Тіркелген активтерді сатып алуға, оларды орнатуға жұмсалатын шығыстардан және капитал сипатындағы өзге шығыстардан басқа, ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға арналған шығыстар, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жоғары оқу орындарынан, ғылыми ұйымдардан және старт-ап компаниялардан оларды одан әрі коммерцияландыруға бағытталған лицензиялық шарт немесе айрықша құқықты басқаға беру шарты бойынша зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтар алуға арналған шығыстары шегерімге жатады.
Осындай шығыстарды шегерімге жатқызуға іс жүзінде орындалған ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмысқа арналған техникалық тапсырма және осындай жұмыстардың аяқталған кезеңдерін қабылдап алу актілері немесе уәкілетті мемлекеттік орган заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеген лицензиялық шарт немесе басқаға беру шарты негіз болып табылады.»;
2) 133-бапта:
1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) өнертабысты, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласындағы уәкілетті орган берген қорғау құжаты бар, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мақсатында жоғары оқу орындарынан, ғылыми ұйымдардан және старт-ап компаниялардан лицензиялық шарт немесе айрықша құқықты басқаға беру шарты бойынша зияткерлік меншік объектілерін иемденуге айрықша құқығы бар өнеркәсіптік меншік объектісін құруға байланысты ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға жұмсалған шығыстардың (шығындардың) осы Кодекстің 108-бабына сәйкес шегерімге жатқызылған сомасының 50 пайызы мөлшерінде азайтуға құқығы бар.
Осы тармақшаның ережелері Қазақстан Республикасының аумағында
ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық жұмыстардың нәтижесін енгізу туралы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның қорытындысымен расталған көрсетiлген жұмыстардың нәтижесi және (немесе) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері Қазақстан Республикасының аумағында енгiзiлген жағдайда салық кезеңінде қолданылады.».
3. «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 655-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2009 ж., № 24, 129-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 16-құжаттар; № 14, 95-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат):
12-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Автордың өзi жасаған, ашқан немесе өсiрiп шығарған селекциялық жетiстiктi патенттiң қолданылу мерзiмi iшiнде пайдаланғаны үшiн патент иесiнен сыйақы алуға құқығы бар. Сыйақы төлемiнiң мөлшерi мен шарты патент иеленушi мен автор арасында жасалған келісімде айқындалады. Келісім болмаған жағдайда авторға сыйақы төлеу мөлшері мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалады.».
4. «Қазақстан Республикасының Патент заңы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 718-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2009 ж., № 15-16, 75-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 14, 95-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат):
10-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Қызметтік өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі үшін авторға сыйақы төлеу мөлшері, шарттары және тәртібі автор мен жұмыс беруші арасындағы келісімде айқындалады. Егер қызметтік өнертабыс, пайдалы модель немесе өнеркәсіптік үлгі жасаудағы автор мен жұмыс берушінің үлесін мөлшерлеу мүмкін болмаса, авторға сыйақы төлеу мөлшері, шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалады.».
5. «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» 2001 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 181-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат):
9-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген топология үшiн авторға сыйақы төлеу мөлшерi, шарттары және тәртiбi автор мен жұмыс берушiнiң арасындағы келiсiмде айқындалады. Егер автор мен жұмыс берушiнiң топология жасаудағы үлесiн мөлшерлеу мүмкiн болмаса, авторға сыйақы төлеу мөлшері, шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалады.».
6. «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 4, 36-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат):
26-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Гранттық қаржыландыру ғылыми-зерттеу жұмыстарының ғылыми ұйымдардың және олардың ұжымдарының, ғалымдардың
ғылыми-техникалық әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігінің деңгейін арттыру мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізуге, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға бөлінеді.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті