"Кредиторлар талаптары тiзiлiмiнің нысандарын, оны қалыптастыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 762 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 726 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы № 308 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.05.2020 № 308 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Кредиторлар талаптары тiзiлiмiнің нысандарын, оны қалыптастыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 762 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 45, 442-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) көрсетілген қаулымен бекітілген банкроттық рәсіміндегі кредиторлар талаптары тізілімінің нысанында:

      "Екінші кезек" деген 2-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2.

Екінші кезек





1)

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген банкрот мүлкінің кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелері бойынша кредиторлардың талаптары











Жиыны





2)

Банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде банкроттықты басқарушының кредит алуы нәтижесінде туындаған кредиторлардың талаптары











Жиыны






Екінші кезек бойынша жиыны:






      ";

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру қағидалары мен мерзімінде:

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Тізілім Заңның 100; 101; 102; 103; 104; 105; 106; 107-баптарында белгіленген кезектілікті сақтай отырып қалыптастырылады.";

      мынадай мазмұндағы 31-1-тармақпен толықтырылсын:

      "31-1. Банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде банкроттықты басқарушы кредит алған жағдайда, кредиторлар талаптарының қалыптастырылған тізіліміне алынған кредитті қайтару бойынша кредиторлар талаптарының екінші кезегінің құрамына қосу арқылы өзгерістер енгізіледі.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады