"Жеке сот орындаушыcы қызметiмен айналысу құқығына біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1456 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 751 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.09.2015 № 751 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Жеке сот орындаушысы қызметiмен айналысу құқығына біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
      2. «Жеке сот орындаушыcының қызметiмен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 шілдедегі № 1000 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 64, 901-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің         
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1456 қаулысымен     
бекітілген         

«Жеке сот орындаушыcы қызметiмен айналысу құқығына біліктілік
емтиханын өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Жеке сот орындаушыcы қызметiмен айналысу құқығына біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, соның ішінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген жағдайда:
      біліктілік емтиханынан өту кезінде – күнтізбелік 30 (отыз) күн;
      лицензия беру кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні;
      лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні;
      лицензияның телнұсқаларын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні;
      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін берілетін ең ұзақ уақыт – 15 (он бес) минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсету үшін берілетін ең ұзақ уақыт – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
      6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі – біліктілік комиссиясының біліктілік емтиханынан өткені туралы шешімі (біліктілік емтиханнан өтпегені туралы біліктілік комиссия хаттамасынан үзінді), жеке сот орындаушыcының қызметiмен айналысу құқығына лицензия, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасы немесе көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесін алу үшін қағаз жеткізгіште жүгінген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен куәландырылады.
      Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы түрде көрсетіледі.
      Біліктілік емтиханын тапсырғаны үшін жеті айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақы алынады, оны үміткерлер Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасының шотына аударады.
      Жеке сот орындаушыcының қызметiмен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру үшін қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығының лицензиялық алымы алынады, ол «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 471-бабына сәйкес мынаны құрайды:
      1) лицензия беру – 6 айлық есептік көрсеткіш;
      2) лицензияның телнұсқасын беру – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ы;
      3) лицензияны қайта ресімдеу – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ы, бірақ 4 айлық есептік көрсеткіштен көп емес.
      Мемлекеттік қызмет көрсету үшін төлемақы қолма-қол және (немесе) қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі, олар төлемақы мөлшері мен күнін растайтын құжат (түбіртек) береді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үшін портал арқылы электрондық сұрау салынған кезде төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
      2) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуімен байланысты техникалық үзілістерден басқа).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      біліктілік емтиханын тапсыру үшін:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттың деректері көрсетілген еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) біліктілік емтиханын тапсыру үшін төлемнің төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) жоғары заңгерлік білімі туралы қосымшасы бар дипломның көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған);
      4) тағылымдамадан өту нәтижесі туралы қорытындының көшірмесі.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші өз бетімен тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.
      Порталға:
      1) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;
      2) біліктілік емтиханын тапсыру үшін төлем төленгені туралы құжат сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға бекітіледі (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайларды қоспағанда);
      3) жоғары заңгерлік білімі туралы қосымшасы бар диплом сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға бекітіледі;
      4) тағылымдамадан өту нәтижесі туралы қорытынды сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға бекітіледі.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын, біліктілік емтиханын тапсыру үшін төлем төленгені туралы құжаттардың (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда) мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші өз бетімен тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      Лицензия алу үшін:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      2) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) жоғары заңгерлік білімі туралы қосымшасы бар дипломның көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған);
      4) еңбек кітапшасының немесе тұлғаның еңбек қызметін растайтын өзге құжатының көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмесі) – тағылымдамадан өтпей және бiлiктiлiк емтиханын тапсырмай жеке сот орындаушысының лицензиясын алуға мүмкіндігі бар тұрақты судьялар, тұрақты судья болып жұмыс iстеген адамдар не атқарушылық iс жүргiзу саласындағы уәкiлеттi органда және оның аумақтық органдарында кемiнде бес жыл жұмыс iстеген адамдар, кемінде он жыл жұмыс өтілі бар құқық қорғау органдары қызметкерлер үшін талап етіледі.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын, біліктілік емтиханынан өткені туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші өз бетімен тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      Порталға:
      1) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық түрінде құжат нысанында сұрау салу;
      2) лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат сканерден өткізілген көшірмесі түрінде электрондық сұрау салуға бекітіледі (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайларды қоспағанда);
      3) жоғары заңгерлік білімі туралы қосымшасы бар диплом сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға бекітіледі;
      4) еңбек кітапшасының немесе тұлғаның еңбек қызметін растайтын өзге құжаты сканерден өткізілген көшірмесі түрінде электрондық сұрау салуға бекітіледі – тағылымдамадан өтпей және бiлiктiлiк емтиханын тапсырмай жеке сот орындаушысының лицензиясын алуға мүмкіндігі бар тұрақты судьялар, тұрақты судья болып жұмыс iстеген адамдар не атқарушылық iс жүргiзу саласындағы уәкiлеттi органда және оның аумақтық органдарында кемiнде бес жыл жұмыс iстеген адамдар, кемінде он жыл жұмыс өтілі бар құқық қорғау органдары қызметкерлер үшін талап етіледі.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басты куәландыратын, лицензиялық алымды төлегені туралы (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда), біліктілік емтиханынан өткендігі туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші өз бетімен тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) лицензияның деректері көрсетілген лицензияны қайта ресімдеу туралы еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) тегінің, атының және әкесінің атының ауысуы туралы куәліктің көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған).
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған лицензия беру туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші өз бетімен тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.
      Порталға:
      1) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;
      2) лицензиялық алымды бюджетке төлегені туралы құжат сканерден өткізілген көшірмесі түрінде электрондық сұрау салуға бекітіледі (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайларды қоспағанда);
      3) тегінің, атының және әкесінің атының ауысуы туралы куәлік сканерден өткізілген көшірмесі түрінде электрондық сұрау салуға қоса бекітіледі.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған лицензиялық алымды төлегені туралы (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда), лицензия беру туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші өз бетімен тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      Көрсетілетін қызметті алушыға лицензия бұрын қағаз жеткізгіште берілген болса, көрсетілетін қызметті алушы қайта ресімделген лицензияны алғанға дейін бұрын берілген лицензияның түпнұсқасын көрсетілетін қызметті берушіге қайтарады.
      Лицензия жоғалған, бүлінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы тиісті ақпараттық жүйелер порталынан лицензия туралы мәліметтер алу мүмкіндігі болмағанда ғана лицензияның телнұсқасын алу үшін мына құжаттарды ұсынып, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) лицензияның телнұсқасын беру туралы еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) телнұсқаны беру үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
      Порталға:
      1) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) лицензиялық алымды бюджетке төлегені туралы құжат сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға бекітіледі (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайларды қоспағанда).
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған лицензиялық алымды төлегені туралы (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда) құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші өз бетімен тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.
      Қағаз жеткізгіште берілген лицензия бүлінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алғанға дейін бұрын берілген лицензияның түпнұсқасын көрсетілетін қызметті берушіге қайтарады.
      Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына біліктілік емтиханынан өту үшін құжаттар тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға күні, уақыты, құжаттарды қабылдаған тұлғаның аты-жөні мен тегі көрсетілген талон беріледі.
      Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына лицензия алу, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылған құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі құжаттардың қабылданған күні туралы белгісімен көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі (беріледі).
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметке портал арқылы өтініш берілген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне», мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қабылдағаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер:
      субъектілердің осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарында қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы;
      қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі;
      көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
      көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған қызметтің жекелеген түрін жүзеге асыруға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;
      сот орындаушысының ұсынымы негізінде сот лицензия алуына тыйым салуы.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не Министрлік басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.
      Шағымдар жазбаша түрде пошталық байланыс арқылы, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі (819-кабинет), телефоны 8 (7172) 74-04-22, Министрліктің кеңсесі (925-кабинет), телефоны 8 (7172) 74-07-37 арқылы қолма-қол немесе көрсетілетін қызметті берушінің kans_kisa@minjust.kz, Министрліктің kans@minjust.kz электрондық мекенжайлары арқылы қабылданады.
      Күні, уақыты, шағымды қабылдаған тұлғаның аты-жөні мен тегі көрсетілген талон алу шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Шағым ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында портал арқылы берілуі мүмкін. Портал арқылы шағым беру тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Портал арқылы шағымданған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушіде өтініштерді өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
      Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Министрлік, көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарау нәтижелері туралы жауапты көрсетілетін қызметті алушыға пошталық байланыс арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің не Министрліктің кеңсесінде қолма қол береді.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері есебімен өзге де
талаптар

      13. Көрсетілетін қызметті берушінің және Министрліктің мекенжайы: Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 13-кіреберіс.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік қызметті электрондық нысанда портал арқылы алу мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен», сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары арқылы алу мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-03-08, 55-25-30. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Жеке сот орындаушыcының   
қызметiмен айналысу құқығына 
біліктілік емтиханын өткізу және
лицензия беру, қайта ресімдеу, 
лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
стандартына           
қосымша             

Нысан

Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
алуға арналған өтiнiші

_____________________________________________________________________
            (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
_____________________________________________________________________
   (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке
                       сәйкестендіру нөмірі)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
    (қызметтiң түрiн және (немесе) кіші түрін (-лерін) көрсету)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
________________________________________ жүзеге асыруға лицензия және
(немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште ____________________
(лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда Х белгісін
қою керек) беруiңiздi сұраймын
      Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы ____________________
_____________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
                           үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта ___________________________________________________
Телефондары _________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банктік есепшоты ____________________________________________________
                 (есепшот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайы (лары) ______________________________
 (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
                             үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

_________ парақта қоса беріліп отыр

      Осымен көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып
табылатыны және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
беру мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе)
күші түрімен айналысуға соттың тыйым салмағаны;
      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сай келетіні және
жарамды болып табылатыны расталады.

      Жеке тұлға ________ ___________________________________________
                  (қолы)  (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Мөрдің орны         Толтырылған күні: 20__ жылғы «___» ________
   (болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады