2015 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 752 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2015 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2015 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету жүзеге асырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі республикалық бюджеттік бағдарламалардың мүдделі әкімшілерімен бірлесіп, жиынтық қаржыландыру жоспарына тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізсін.
      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі осы қаулыға қол қойылған кезден бастап бір ай мерзімде стратегиялық жоспарға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізсін.
      4. Осы қаулы 2015 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2015 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 752 қаулысына    
қосымша        

2015 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету

мың теңге

Функционалдық топ

Атауы

Өзгерістер (+/-)


Әкімші



Бағдарлама




II. Шығындар

0

3



Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқық, сот қылмыстық-атқару қызметі

0


221


Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

0



062

Сот-медицина сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметтер

- 2 711 880



064

Сот-медицина, сот-наркология сараптамалары жөніндегі көрсетілетін қызметтер

+ 2 711 880

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады