2000 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 12 қыркүйектегі № 779 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2000 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов 2000 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қойсын, оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат берілсін.
      3. Осы қаулы кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2015 жылғы 12 қыркүйектегі 
№ 779 қаулысымен      
мақұлданған        

Жоба

2000 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі
      2000 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 7-бабын басшылыққа ала отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Келісімде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      «жіберуші Тарап» - білім алушыларды қабылдаушы Тарапқа жіберетін Тарап;
      «қабылдаушы Тарап» - жіберуші Тараптың білім алушыларын қабылдайтын Тарап.».
      2. 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тараптар жыл сайын 40 адам бакалавриат, 10 адам магистратура бағдарламалары бойынша толық оқу курсына білім алушылармен баламалы алмасуды жүзеге асырады.
      Қабылдаушы Тарап алмасуға қатысушыларды оқуға, оқу құралдарын, ғылыми-техникалық құжаттаманы, зерттеу құралдарын пайдалануға төлем төлеуден босатады және олардың:
      оқытатын мемлекетте қолданылатын білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес оқуын, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуін;
      өз мемлекетінің азаматтарымен тең жағдайда жоғары оқу орнының жатақханасында тұруын;
      қабылдаушы Тараптың денсаулық сақтау саласындағы ұлттық заңнамасы шеңберінде медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
      қабылдаушы Тарап алмасуға қатысушыларға өз мемлекетінің ұлттық заңнамасБша сәйкес стипендия төлейді.
      Көлік шығыстарын төлеу алмасуға қатысушылар есебінен жүргізіледі.».
      3. 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жіберуші Тарап жыл сайын 1 наурыздан кешіктірмей қабылдаушы Тарапқа осы Келісімнің 2-бабына сәйкес оқыту қажет мамандықтардың тізімін ұсынады.
      Қабылдаушы Тарап жыл сайын 30 маусымға дейін жіберілген мамандықтар бойынша кандидаттарды қабылдау мүмкіндігі туралы жіберуші Тарапты хабардар етеді, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің қабылдаушы білім беру ұйымдарының атауларын хабарлайды.
      Жіберуші Тарап қабылдаушы Тарапқа оқу басталғанға дейінгі екі аптадан кешіктірмей, алмасуға қатысушылардың келу күнін хабарлайды.
      Қабылдаушы Тарап жіберуші Тарапты осы Келісім шеңберінде оқуға қабылданған алмасуға қатысушыларды орналастыру туралы хабардар етеді.».
      4. 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тараптар өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес Тараптар мемлекеттерінің білім беру ұйымдары беретін мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттарды тануды және олардың баламалылығын белгілеуді қамтамасыз етеді.
      Тараптар жоғары білім, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттарды тану және олардың баламалылығын белгілеу мәселелері жөнінде ақпарат алмасуға және консультациялар жүргізуге жәрдемдеседі.».

2-бап

      Осы Хаттама Келісімнің 8-бабында белгіленген тәртіппен күшіне енеді және Келісім қолданысының тоқтатылуымен бір мезгілде өз қолданылуын тоқтатады.
      20 _____ жылғы « » ______________ әрқайсысы қазақ, тәжік және орыс тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалған.
      Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

      Қазақстан Республикасының       Тәжікстан Республикасының
            Үкіметі үшін                  Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады