РҚАО-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 544-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы қаулы 2014 жылғы 21 қарашадан бастап қолданысқа енгізілетін 16-тармақтың 27) тармақшасын, 17-тармақтың 7), 8), 16) және 17) тармақшаларын, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 16-тармақтың 130), 131) тармақшаларын, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізілетін, осы қаулымен бекітілген Ереженің 16-тармағының 19), 20), 21), 22), 66), 67), 78), 79), 80), 81), 82), 83), 84), 85), 122), 140), 150), 152), 157), 158), 163), 200), 201), 241) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұл ретте, осы қаулымен бекітілген Ереженің 16-тармағының 125), 126), 127), 128) тармақшалары және 17-тармағының 26) тармақшасы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілерінің инвестициялық қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарына сәйкес 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Сонымен бірге, осы қаулымен бекітілген Ереженің 16-тармағының 175) тармақшасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.»;
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлiгі туралы ережеде:
16-тармақта:
19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«19) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп әзірленген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін бекітеді;»;
20) тармақша алып тасталсын;
21) және 22) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«21) келісімшарттар талаптарының орындалуын сақтауға мониторингті және бақылауды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
22) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жобаларына экономикалық сараптаманы жүзеге асыру тәртібін келіседі;»;
26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«26) көмірсутек шикізаты, көмір мен уран бөлігінде пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге және бiрлескен барлау мен өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тiкелей келiссөздер жүргiзу жөнiндегi жұмыс тобы туралы ереженi және оның құрамын бекiтеді;»;
мынадай мазмұндағы 26-1), 26-2), 26-3), 26-4), 26-5) және 26-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«26-1) Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын және ол туралы ережені бекітеді;
26-2) Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның құрамын және ол туралы ережені бекітеді;
26-3) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептерін ұсыну тәртібін бекітеді;
26-4) келісімшарт талаптары бойынша келіссөздер жүргiзу жөнiндегi жұмыс тобы туралы ережені және оның құрамын бекітеді;
26-5) барлауға арналған үлгілік келісімшарттың нысандарын бекітеді;
26-6) келісімшарттық аумақты немесе оның бөліктерін қайтару қағидаларын әзірлеуге қатысады;»;
34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«34) Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Үкіметінің тапсырмасы бойынша келісімшарттың орындалу мүмкіндігін, мұнай экспорты үшін олардың аумақтарында құбырлар мен басқа да тасымалдау құралдарын салуды және пайдалануды қамтамасыз ететін басқа мемлекеттердің тиісті органдарымен келіссөздер жүргізеді және келісімдер жасасады;»;
44) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«44) тікелей келіссөздер негізінде келісімшарт жасасатын тұлғамен немесе конкурс жеңімпазымен көмірсутек шикізатын, көмір мен уранды барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттың талаптары туралы келiссөздер жүргiзеді;»;
51) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«51) тендер мен сауда-саттыққа шығарылуға тиіс, құрамында көмірсутек шикізаты, көмір мен уран бар жер қойнауы учаскелерінің тізбелерін әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 51-1) тармақшамен толықтырылсын:
«51-1) жер қойнауын пайдалану құқығы берілетін кен орны бойынша материалдарды (нүктелердің географиялық координаттарын) қоса бере отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 49-2-бабына сәйкес жерді резервте қалдыру қажеттігі туралы хабарлама жібереді;»;
66) және 67) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«66) теңізде, ішкі су айдындарында, төтенше экологиялық жағдай аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мұнай операцияларын жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
67) мұнай операцияларын жүргізген кезде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудың нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;»;
74) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«74) бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізудің шекті бағаларын белгілейді;»;
79) және 80) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«79) газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
80) тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 80-1) тармақшамен толықтырылсын:
«80-1) тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтынушы жүйелері мен газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетудің үлгілік шарттарын әзірлейді және бекітеді;»;
81) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«81) магистральдық мұнай құбырларын пайдалану қағидаларын және магистральдық газ құбырларын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 81-1), 81-2 және 81-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«81-1) өнім түрлері бойынша ұлттық операторлар туралы ережелерді әзірлейді;
81-2) мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін қалыптастыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
81-3) жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
82), 83) және 84) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«82) магистральдық құбырларды күзетуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
83) мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
84) мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі бірыңғай оператордың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
87) және 88) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«87) ішкі нарықта тауарлық және сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағаларының деңгейін айқындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
88) газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік шеңберінде инвесторларға ілеспе газды беру тәртібі мен шарттарын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 90-1) және 90-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«90-1) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің жұмыс режимдерін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
90-2) ілеспе газды өңдеуді дамыту бағдарламаларын жасау нысанын әзірлейді және бекітеді;»;
95) және 96) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«95) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсу бойынша он бесінші мамырдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тауарлық газды iшкi нарықта көтерме саудада өткiзудiң алдағы жылға арналған шектi бағаларын бекiтедi;
96) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша жоспарланған кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің алдағы тоқсанға арналған шекті бағаларын бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 104-1), 104-2), 104-3), 104-4), 104-5), 104-6), 104-7) және 104-8) тармақшалармен толықтырылсын:
«104-1) Қазақстан Республикасы газының, мұнайының және мұнай өнімдерінің индикативті (болжамды) теңгерімін әзірлейді;
104-2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің газының, мұнайының және мұнай өнімдерінің индикативті (болжамды) теңгерімін келіседі;
104-3) есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандырылуға жататын өндірістік объектілердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
104-4) өндірістік объектілерді есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру және есепке алудың бақылау аспаптарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету тәртібін әзірлейді және бекітеді;
104-5) мұнайды есепке алудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру және оның жұмыс істеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
104-6) мұнайды есепке алу ақпараттық жүйесінің операторын айқындайды;
104-7) теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін қажетті материалдар мен заттарға нормативтер мен талаптарды белгілейді;
104-8) Теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында мұнай төгілуінің алдын алу және оларға ден қою жөніндегі ұлттық жоспарды бекітеді;»;
122) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«122) иондаушы сәулелену әсеріне байланысты аурулардың тізбесін және себептік байланысын анықтау тәртібін айқындайды;»;
124) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«124) инвестициялық бағдарламаны әзірлеуге арналған техникалық тапсырманы әзірлейді және бекітеді;»;
130) және 131) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«130) орталықтандырылған сауда нарығының операторын айқындайды;
131) энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясына арналған және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған шекті тарифтерді бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 131-1), 131-2), 131-3) және 131-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«131-1) электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың топтарын бекітеді;
131-2) электр қуатын әзірлікте ұстап тұру бойынша қызметтер көрсететін энергия өндіруші ұйымдардың топтарын бекітеді;
131-3) электр энергиясына арналған шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған шекті тарифті бекіту тәртібін айқындайды;
131-4) энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын өткізу (сату) тәртібін және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді бұзғаны және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қолданылған шаралар туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады;»;
133) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«133) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортының нысанын, оны алу тәртібін және мерзімдерін бекітеді;»;
141), 142), 143), 144), 145), 146), 147) және 148) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«141) тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
142) электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
143) электр станцияларының және жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
144) электр энергиясының теңгерімді нарығының жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
145) электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
146) Қазақстанның біртұтас электр энергетикасы жүйесінде авариялық бұзушылықтарды болдырмау және оларды жою жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
147) энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
148) энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын бекітеді;»;
151) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«151) электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
155) және 156) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«155) электр қондырғыларын орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
156) энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броні актісін жасау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлейді және бекітеді;»;
158) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«158) жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекітеді;»;
160), 161) және 162) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«160) электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
161) электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
162) электр желілік қағидаларды бекітеді;»;
164), 165), 166), 167), 168), 169), 170), 171), 172), 173) және 174) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«164) шаң тәріздес отынды дайындау және жағу үшін отын берудің жарылыс қауіпсіздігі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
165) аспаптармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
166) біртұтас электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
167) техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
168) энергетикадағы жұмыс орындарын аттестаттау, оңтайландыру, есепке алу және жоспарлау туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
169) жылу энергиясын жіберуді және жылу жеткізгішін есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
170) жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді және оларды қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу тәртібі туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
171) Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
172) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
173) электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеру жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
174) сарапшы ұйымдарды және дайындаушы зауыттарды тарта отырып, электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарының, ғимараттары мен құрылыстарының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдықтарының техникалық жай-күйіне мерзімді тексеру жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
181), 182), 183), 184), 185) және 186) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«181) электрмен жабдықтаудың үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;
182) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылысына арналған үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;
183) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын әзірлікте ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;
184) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
185) электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
186) жүйелік операторды айқындайды;»;
190) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«190) коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
198) және 199) тармақшалар алып тасталсын;
204) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«204) соттың шешімімен республикалық меншікке келіп түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару тәртібін айқындайды;»;
210) және 211) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«210) аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлерін белгілейді;
211) қалдықтарды орналастыру полигондарының жою қорларын қалыптастыру тәртібін айқындайды;»;
мынадай мазмұндағы 222-1) тармақшамен толықтырылсын:
«222-1) қалдықтардың қауіптілік деңгейін айқындау және оларға код белгілеу әдістемесін бекітеді;»;
226) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 233-1) тармақшамен толықтырылсын:
«233-1) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі қоғамдық кеңестерді құрады;»;
238) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«238) мыналарды:
қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерiн айқындау әдiстемесiн;
қалдықтар сыныптамасын;
қауiптi қалдықтар бойынша есеп беру нысанын;
табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссияларға берiлетiн рұқсаттарға енгiзу тәртiбiн, қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беретін құжаттардың нысандарын және оларды толтыру тәртiбiн;
қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралардың үлгiлiк тiзбесiн;
қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақыны есептеу әдiстемесiн;
мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысының нысанын;
техникалық реттеу саласындағы сараптама кеңесiнiң құрамын және оның ережесiн;
Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн жүргiзу жөнiнде ақпарат алмасу тiзбелерiн, нысандарын және мерзiмдерiн;
парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру тәртібін;
парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу тәртібін және олар жүзеге асырылуы мүмкін экономика салалары мен секторларының тізбесін;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде квоталар бірліктерін және өзге де көміртегі бірліктерін өзара тануды жүзеге асыру тәртібін;
парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау тәртібін;
сауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторингті, есепке алуды және есептілікті жүргізу тәртібін;
қондырғы паспортының нысанын;
парниктік газдарды түгендеу туралы есептің нысанын;
парниктік газдар шығарындыларын өлшеу мен есепке алуды стандарттау тәртібін;
парниктік газдар шығарындыларын, шығарындыларын азайтуды және сіңіруді есептеу әдістемелерін;
жойылуы қиын органикалық ластауыштармен және олар құрамында бар қалдықтармен жұмыс істеу қағидаларын;
көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін;
ең озық қолжетiмдi технологиялар тiзбелерін;
эмиссиялар нормативтерi белгiленетiн ластаушы заттар мен қалдық түрлерiнiң тiзбесiн;
қоршаған ортаға эмиссияны қысқартуға арналған квоталармен және мiндеттемелермен сауда жасау тәртiбiн;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттердi;
ластану учаскелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбiн;
парниктік газдарды түгендеу мониторингі мен оны бақылау тәртібін;
парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыру тәртібін;
қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу қағидаларын;
Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде өндірістік экологиялық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын;
Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 238-1), 238-2), 238-3) және 238-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«238-1) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық стандарттарды және парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруда, парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация (детерминация) жүргізуде пайдаланылатын Қазақстан Республикасы стандарттарын қолдануға рұқсат ету және тану қағидалары мен өлшемдерін әзірлейді және бекітеді;
238-2) топырақта химиялық заттардың рұқсат етілген шекті концентрациясын бекітеді;
238-3) қауіпті қалдықтар паспортының нысанын бекітеді;
238-4) тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының әрбір секциясы үшін газ мониторингін жүргізу әдістемесін бекітеді;»;
241) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«241) өз құзыреті шегінде табиғи ресурстардың мемлекеттiк есебiн, мемлекеттiк кадастрлары мен мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды;»;
265), 266), 267) және 268) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«265) жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуына мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді және оны жүзеге асырады;
266) электр немесе жылу желілеріне қосатын және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді қосатын ең жақын нүктені айқындау тәртібі мен мерзімдерін әзірлейді және бекітеді;
267) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларын, қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен және шартты тұтынушылармен жасасатын шарттардың тиісті үлгілік нысандарын әзірлейді және бекітеді;
268) тіркелген тарифтерді айқындау қағидаларын әзірлейді, жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 268-1), 268-2) және 268-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«268-1) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды есепке алуды жүргізеді және олардың тізбесін өзінің интернет-ресурсында жариялайды;
268-2) қаржы-есеп айырысу орталығын айқындайды;
268-3) жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
269) тармақша алып тасталсын;
17-тармақта:
мынадай мазмұндағы 31-1) тармақшамен толықтырылсын:
«31-1) жүйелік оператордың «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-2-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
34) және 39) тармақшалар алып тасталсын;
57) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«57) өз құзыреті шегінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасында экологиялық сараптаманы жүзеге асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді және оған әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;»;
77) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«77) құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар жер қойнауы учаскелерiн қоспағанда, конкурсқа шығаруға жататын, сондай-ақ барлау үшін оңайлатылған тәртіппен берілетін жер қойнауы учаскелерi тiзбелерiнiң жобаларын келiседi;»;
80) және 84) тармақшалар алып тасталсын.
2. Осы қаулы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 2) тармақшасының жетпіс бесінші абзацын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов