"2003 жылғы 25 желтоқсанда Астана қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 851 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «2003 жылғы 25 желтоқсанда Астана қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ 2003 жылғы 25 желтоқсанда Астана қаласында қол қойылған
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының
Үкіметі арасындағы Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері
туралы келісімге өзгерісті енгізу туралы хаттаманы
ратификациялау туралы

      2013 жылғы 11 сәуірде Астанада жасалған 2003 жылғы 25 желтоқсанда Астана қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерісті енгізу туралы хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

2003 жылғы 25 желтоқсанда Астана қаласында қол қойылған
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының
Үкіметі арасындағы Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері
туралы келісімге өзгерісті енгізу туралы хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі,
      Мерке станциясынан Шалдыбар станциясына өткізу пунктін ауыстыру және қазақстан-қырғыз мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, тауарларды және көлік құралдарын өткізу тәртібін жетілдіру мақсатында,
      2003 жылғы 25 желтоқсанда Астана қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісіміне (бұдан әрі - Келісім) мынадай өзгерісті енгізуді келісті:

1-бап

      Келісімнің Қосымшасындағы 10-тармағында «Қазақстан Республикасындағы өткізу пункттерінің атауы» бағанада «Мерке - теміржолдық» деген сөздер «Шалдыбар - теміржолдық» деген сөздермен ауыстырылсын.

2-бап

      Осы Хаттама Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді.
      Осы Хаттама Келісімнің қолданысы тоқтатылғанға дейін қолданылады.
      2013 жылғы 11 сәуірде Астана қаласында әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің бірдей заңдық күші бар.
      Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алады.

      Қазақстан Республикасының    Қырғыз Республикасының
            Үкіметі үшін              Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады