Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат
беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат):
1) 13-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) облыстық өкiлдi және атқарушы органдардың облыстық маңызы бар қалалардың шекарасын өзгерту мәселелерi жөнiндегi ұсыныстарын келiсу, сондай-ақ облыстық маңызы бар қалалар төңiрегiнде қала маңы аймақтарын белгiлеу мен өзгерту;»;
2) 14-1-бапта:
1-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру;»;
2-тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру;»;
3) 43-баптың 2-тармағының алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде құрылатын комиссиялардың құрамына қоршаған ортаны қорғау, ауыл және орман шаруашылығы, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органдардың тиісті аумақтық бөлімшелерінің өкілдері де міндетті түрде енгізіледі. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының қалауы бойынша комиссияның құрамына басқа адамдар да енгізілуі мүмкін.»;
4) 44-1-баптың 8-тармағында:
он бірінші және он екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұратылған кезде азаматтардың өтініштері (қолдаухаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған кезде қанағаттандырылады. Азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру қағидаларын орталық уәкілетті орган бекітеді. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін тегін негізде беру кезінде азаматта жеке тұрғын үй құрылысы үшін мемлекет құқық берген жер учаскесінің бар немесе жоқ екендігі ескеріледі.
Арнайы есепке қою кезінде азаматта жеке тұрғын үй құрылысы үшін мемлекет құқық берген жер учаскелерінің бар немесе жоқ екендігі ескеріледі, олар туралы мәліметтер мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорыннан сұратылады.»;
он үшінші және он төртінші бөліктер алып тасталсын;
5) 71-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Геологиялық, геофизикалық, iздеу, геодезиялық, топырақты зерттеу, геоботаникалық, жерге орналастыру, археологиялық, жобалау және басқа да iздестiру жұмыстарын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар бұл жұмыстарды жеке меншiк иелерiнен немесе жер пайдаланушылардан жер учаскелерiн алып қоймай жүргiзе алады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Жер учаскелерін іздестiру жұмыстарын жүргізу үшін пайдалануға рұқсат алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
1) iздестiру жұмыстарын орындауға арналған техникалық тапсырманың көшірмесі;
2) iздестiру жұмыстары жүргізілетін ауданның жоспары (схемасы);
3) рұқсат алушы бекіткен iздестiру жұмыстарын орындау кестесі;
4) кепілхат – iздестiру жұмыстарын орындаушылардың топырақ жамылғысы бұзылған жағдайда, топырақ жамылғысын қалпына келтіру, сондай-ақ шығындарды өтеу (қажет болғанда) және жерді нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттемелері.»;
6) 84-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) автомобиль және темір жолдардың құрылысы (реконструкциясы), әуежайлар, әуеайлақтар, аэронавигация объектілерінің және авиатехникалық орталықтардың, теміржол көлігі объектілерінің, көпірлердің, метрополитендердің, тоннельдердің, энергетика жүйесі мен электр тарату желілерінің, байланыс желілері объектілерінің, ғарыш қызметін қамтамасыз ететін объектілердің, магистральдық құбырлардың, инженерлік-коммуникациялық желілердің, стратегиялық объектілерге жататын мұнай өңдеу өндірісі объектілерінің, концессиялық жобаларды іске асыру, елді мекендердің ортақ пайдалануындағы объектілердің құрылысы (реконструкциясы);»;
7) 136-1-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Су қорының жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру немесе су қорының жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстырудан бас тарту туралы шешім осы Кодекстің 43-бабының 2-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар құратын комиссияның қорытындысы негізінде қабылданады.»;
8) 145-баптың 8-тармағы алып тасталсын;
9) 146-баптың 2-тармағының алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды тікелей жүзеге асыратын орталық уәкілетті органның өзге де лауазымды адамдары жерді пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар болып табылады.»;
10) 162-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жер мониторингін техникалық қамтамасыз ету мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорында ақпарат жинау, өңдеу және сақтау пункттері бар автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады.».
2. 2003 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Орман кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 27-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 5-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат):
1) 13-баптың 1-тармағында:
18-12), 18-13) және 18-42) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«18-12) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
18-13) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары, жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға өзінің қарауындағы учаскелерді береді;»;
«18-42) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру қағидаларын бекітеді;»;
2) 102-2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығы мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшін орман ресурстары ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қорының жерлерінде объектілер салу уәкілетті органмен келісілген эскизге (эскиздік жобаға) сәйкес әзірленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша жүзеге асырылады.».
3. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат):
1) 37-баптың 1-тармағының 7-5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-5) судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыру және пайдалануға беру тәртiбiн, сондай-ақ су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын әзірлейді және бекітеді;»;
2) 40-баптың 2-тармағы 7) тармақшасының төртінші абзацы алып тасталсын.
4. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат):
1) 17-баптың 22) тармақшасы алып тасталсын;
2) 70-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) табиғатты пайдалану шарттарын, оның ішінде қоршаған ортаға эмиссияға арналған лимиттерді;»;
3) 169-бап алып тасталсын.
5. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; 2015 жылғы 5 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 471-баптың кестесінде:
реттік нөмірлері 1.8., 1.33-1., 1.34-1., 1.78. және 1.83-жолдар алып тасталсын;
2) 528-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырғаны үшін төлемақы
(бұдан әрі – төлемақы) Қазақстан Республикасының аумағындағы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістіктегі жарнаманы орналастыру объектілерінде орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін алынады.»;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен беретiн рұқсат негізінде елді мекендерде жарнама объектілерін орналастыру кезінде жүргізіледі.»;
3) 530-баптың 3-тармағында:
1) тармақшада:
кестенің 1-жолының 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерi»;
2) тармақша алып тасталсын;
4) 534-баптың 1-тармағында:
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) жүргізуші куәліктерін, тракторшы-машинист куәліктерін, механикалық көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бергені үшін;»;
16) тармақшадағы «телнұсқасын бергені үшін мемлекеттік баж алынады.» деген сөздер «телнұсқасын бергені үшін;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
«17) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға рұқсат бергені үшін мемлекеттік баж алынады.»;
5) 540-бапта:
5) тармақшада:
мынадай мазмұндағы тоғызыншы және оныншы абзацтармен толықтырылсын:
«азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға рұқсат бергені үшін – 300 пайыз;
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға рұқсат бергені үшін – 300 пайыз;»;
оныншы және он бірінші абзацтар алып тасталсын;
9) тармақшаның тоғызыншы абзацы алып тасталсын;
6) 547-баптың 2-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) жүргізуші куәліктерін, тракторшы-машинист куәліктерін, механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бергені үшін – тиісті құжаттарды және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бергенге дейін;»;
7) 565-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Дара кәсiпкер ретiнде тiркеу есебiне қою үшін жеке тұлға салық органына рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамада белгіленген тәртiппен дара кәсiпкер ретіндегі қызметтің басталғаны туралы хабарлама жібереді.»;
8) 574-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою үшін салық төлеуші салық органына рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнамада белгіленген тәртіппен жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама жібереді.
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген хабарлама салық органына мынадай мерзімдерде:
1) осы баптың 1-тармағының 1), 2), 5) (темекі өнімдерінің өндірісін қоспағанда), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асырған кезде жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру бастағанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей;
2) осы баптың 1-тармағының 3), 4), 5) (темекі өнімдерін көтерме саудада өткізуді қоспағанда), 7) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асырған кезде, лицензия берілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей табыс етіледі.
Осы баптың 4-тармағында көрсетілген хабарлама осы баптың 1-тармағының 1), 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асырған кезде салық органына мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектісіне, мұнай өнімдері базасына (резервуарға), автомай құю станциясына, алкоголь өнімін, темекі өнімдерін көтерме саудада өткізу кезінде қойма үй-жайларына меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе оларды жалдау шартының көшірмесін, осындай шарттардың бірін бір жыл кезеңге дейін жасасқан кезде, қоса беріле отырып, ұсынылады.»;
6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) хабарлама берілген күннен бастап;»;
9) 575-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тiркеу деректерінде көрсетiлген салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер туралы мәлiметтер өзгерген кезде салық төлеушi өзгерістер туындаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердiң тiркелген жері бойынша салық органына осы Кодекстiң 574-бабының 4-тармағында көрсетiлген хабарламаны беруге мiндеттi.
2. Салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, салық органы осы Кодекстің 574-бабының 4-тармағында көрсетілген хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық төлеушінің тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді жүргізеді.
Осы Кодекстің 574-бабы 1-тармағының 1), 2) және 9) тармақшаларында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші хабарламаға осы Кодекстің 574-бабының 5-тармағында көрсетілген салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтердің өзгергенін растайтын құжатты қоса береді.»;
10) 576-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық төлеуші осы Кодекстің 574-бабының 4-тармағында көрсетілген хабарлама негізінде жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде салық тіркеу есебінен:»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығару үшін хабарлама осы Кодекстің 574-бабының 1-тармағында белгіленген қызмет түрлерін жүзеге асыру тоқтатылған немесе аталған тіркеу деректерінде көрсетілген салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің жалпы санын есептен шығарған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді тіркеу орны бойынша салық органына беріледі.»;
11) 651-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі алып тасталсын.
6. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; 2015 ж., № 7, 33-құжат; № 10, 50-құжат):
1) 1-баптың 1-тармағының 98) тармақшасы алып тасталсын;
2) 7-баптың 1-тармағының 27) тармақшасы алып тасталсын;
3) 13-1-баптың бірінші бөлігі 5) тармақшасындағы «бөлшек саудада өткiзу қызметі хабарлама жасау бойынша жүзеге асырылады.» деген сөздер «бөлшек саудада өткiзу;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) биологиялық белсенді заттарға клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер жүргізу қызметі хабарлама жасау бойынша жүзеге асырылады.»;
4) 14-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Көрсетілетін медициналық және фармацевтикалық қызметтердің денсаулық сақтау саласындағы белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін тану мақсатында денсаулық сақтау субъектілері және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілер денсаулық сақтау саласында аккредиттелуге жатады.»;
4-тармақ алып тасталсын;
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеуді жүзеге асыратын орган (ұйым) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу жөніндегі тиісті комиссияларды құрады және аккредиттелген субъектілердің деректер банкін қалыптастырады.»;
5) 21-1-баптың 1-тармағының 5) және 7) тармақшалары алып тасталсын;
6) 57-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу кезінде дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға сараптаманы қоспағанда, денсаулық сақтау саласында сараптама жүргізуді жеке және заңды тұлғалар тиісті лицензияның негізінде және (немесе) заңды тұлғалар аккредиттеу туралы куәлік негізінде жүзеге асырады.»;
7) 58-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сыртқы сараптаманы уәкілетті орган және (немесе) ақылы негізде тартылатын медициналық қызмет саласындағы сарапшылар жүргізеді.»;
8) 117-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жарамсыз деп тану тиісті сараптаманы жүзеге асыруға лицензиясы бар мамандандырылған психиатриялық медициналық ұйымда құрылатын дәрігерлік комиссияның шешімі бойынша жүргізіледі.».
7. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; 2014 жылғы 22 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мақта саласын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы, 2015 жылғы 5 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы, 2015 жылғы 5 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 269-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жекеше нотариустың, жекеше сот орындаушысының, адвокаттың мемлекеттік кіріс органында тiркеу есебiне қою туралы өтініші және дара кәсіпкердің тіркелу есебі, жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркеу есебі туралы хабарлама берудiң Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген мерзiмдерiн бұзу ескерту жасауға әкеп соғады..»;
2) 296-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
3) 320-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, жобалау компаниясы әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер (әрекетсіздік), сол сияқты осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау –
үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын ғимараттардың құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметті үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға әкеп соғады.»;
4) 604-баптың 2-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаны біліктілік куәлігінен айыруға, көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының қызметін алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
5) 605-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«605-бап. Қазақстан Республикасының жол жүрісі саласындағы заңнамасын бұзу
1. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымының «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген міндеттерді орындамауы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының қызметін бір уақытта тоқтата отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның заңдылықтың бұзылуын жою туралы жазбаша нұсқамасын белгіленген мерзімде орындамауы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
6) 684-баптың бірінші бөлігіндегі «605 (үшінші және төртінші бөліктерінде),» деген сөздер алып тасталсын;
7) 685-баптың бірінші бөлігіндегі «605 (бірінші, екінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде)» деген сөздер «605 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 804-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «605 (үшінші және төртінші бөліктері)» деген сөздер алып тасталсын.
8. «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 15,
363-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
13-бапта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді уәкілетті органмен келісуге;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) уәкілетті органға рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді бастау туралы хабарлама жіберуге;».
9. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж.,
№ 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):
1) 15-баптың екінші бөлігінде:
55-4) тармақша алып тасталсын;
55-5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«55-5) Қазақстанның Ұлттық Банкін қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының микрокредиттер беру шарттарын бекітуі туралы хабардар ету тәртібін;»;
2) 62-5-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) Қазақстанның Ұлттық Банкін қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының микрокредиттер беру шарттарын бекіту туралы хабардар ету тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актіде көзделген құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шегінде қарауды;».
10. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138-құжат, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; 2015 жылғы 5 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 5-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым уәкілетті органды банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның уәкілетті органының қаржы өнімін бекітуі туралы хабардар етеді.»;
2) 31-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Банк уәкілетті органды банктің уәкілетті органының қаржы өнімін бекітуі туралы хабардар етеді.»;
3) 31-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«31-1-бап. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қаржы өнімін бекітуі туралы хабардар ету Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым уәкілетті органды банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның уәкілетті органының қаржы өнімін бекітуі туралы ол бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, уәкілетті органның қаржы өнімдерін бекітуі туралы хабардар ету тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.».
11. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 21, 172-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 5 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 10-баптың 2-тармағының 6) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«6) нотариустың нотариат қызметін жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарламасында көрсетілген мекенжай бойынша нотариустың үй-жайы іс жүзінде болмағанда;»;
«9) егер нотариат қызметін жүзеге асыруды бастағаны туралы хабардар еткен күннен бастап үш ай өткеннен кейін нотариус іс жүзінде нотариаттық қызметке кіріспеген болса тоқтатыла тұрады.»;
2) 11-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) нотариус кәсіптік қызметін аумақтық әділет органын хабардар етпей жүзеге асырғанда, нотариус лицензиясы кері қайтарылып алынады.»;
3) 15-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Заңды тұлға құрмай, лицензия негiзiнде нотариаттық қызметпен айналысатын, өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн нотариаттық iс-әрекеттер жасау нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша сақтандырған, нотариаттық палатаға мүше болған азамат жеке практикамен айналысатын нотариус деп танылады.»;
4-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Нотариус аумақтық әділет органына өзінің үй-жайының орналасқан жерін көрсете отырып, нотариаттық қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.
Нотариус нотариаттық қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабардар еткен немесе нотариустың үй-жайының орналасқан жерін оған белгіленіп берілген аумақ шегінде өзгерту туралы оның өтініші келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органы осы үй-жайдың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізуге міндетті.»;
4) 19-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, өзінің үй-жайынан тысқары жерде қызметін жүзеге асыруға құқығы жоқ.»;
5) 32-баптың 7) тармақшасы алып тасталсын;
6) 33-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) нотариус таңдаған үй-жайдың болуын және оның заңнама талаптарына сәйкестігін тексереді;».
12. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 448-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 19, 150-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; 2014 ж., № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат):
1) 1-баптың 9) және 10) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«9) қару жасап шығарушы – қаруды әзірлеуге, өндіруге, жөндеуге, өткізуге лицензиясы бар ұйым;
10) қару иесі – қаруды иемденіп алуға, алып жүруге және сақтауға рұқсат негізінде қаруды иеленетін жеке немесе заңды тұлға;»;
2) 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Қару мен оның патрондарын әзірлеуді, өндіруді, жөндеуді, сатуды, коллекциялауды, экспонаттауды лицензиялау»;
3) 10-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. Қару мен оның патрондарын әзірлеуді, өндіруді, жөндеуді, сатуды, коллекциялауды, экспонаттауды лицензиялау»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекциялау, экспонаттау лицензиялануға жатады.
2. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеуге, өндіруге, жөндеуге, сатуға, коллекциялауға, экспонаттауға лицензияны ішкі істер органдары, ал жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеуге, өндіруге, жөндеуге, сатуға, иемденіп алуға және экспонаттауға лицензияны Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген орган береді.»;
3-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;
4) 14-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалардың ішкі істер органдарынан тиісті рұқсат алғаннан кейін қару беруші заңды тұлғалардан азаматтық немесе қызметтік қару иемденіп алуға құқығы бар. Ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалар қызметкерлерінің пайдалануына арналған қарудың түрлерін, үлгілерін, модельдерін және санын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
5) 23-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы Заңның 12-бабының 2)-8) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар қайта ұйымдастырылған немесе таратылған кезде азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын иемденіп алуға рұқсаты бар субъектілерге бере алады.»;
6) 29-баптың 1-тармағы 3) тармақшасының екінші, үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекциялау, экспонаттау құқығына;
азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану құқығына;
Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден азаматтық және қызметтік қаруды, оның негізгі (құрамдас) бөліктерін және оның патрондарын экспорттау және ішкі тұтыну үшін шығару құқығына лицензиялар береді;».
13. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 64-құжат; № 14, 87-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат):
7-баптың бірінші бөлігінің 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«17) уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызмет түрлерi бойынша кiрiстердi, шығындар мен тартылған активтердi бөлек есепке алу әдiстемесiн әзiрлеуге;»;
2) 14-баптың 1-тармағының 15) тармақшасы алып тасталсын;
3) 15-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын.
14. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; 2015 жылғы 5 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 11-1-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкілетті органның қаржы өнімін бекіткені туралы хабардар етеді.»;
2) 31-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«31-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы өнімін бекітуі туралы хабардар ету
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкілетті органының қаржы өнімін бекіткені туралы ол бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкілетті органды қаржы өнімдерін бекіту туралы хабардар ету тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.».
15. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат):
3-баптың 3-тармағы 3) тармақшасының бірінші бөлігінің алтыншы абзацы алып тасталсын.
16. «Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23,142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24,148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5,43-құжат; № 11,102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22,124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат, № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
14-баптың 2-тармағының 34-14) тармақшасы алып тасталсын.
17. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж.,№ 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 123-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 8-баптың 21) тармақшасы алып тасталсын;
2) 13-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
3) 13-1-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) жануарлар үшін парфюмерия немесе косметика құралдары ретінде пайдаланылатын ветеринариялық препараттарды шығару;»;
5-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органын ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды өткiзу, жануарларға арналған парфюмерия немесе косметика құралдары ретінде пайдаланылатын ветеринариялық препараттар шығару жөніндегі қызметтің басталғаны туралы хабардар еткен жеке және заңды тұлғалардың:»;
4) 18-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының алтыншы абзацы алып тасталсын.
18. «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 16-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 1-баптың 30) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«30) тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертхана – тұқымдардың сорттық және егу сапасының тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттар мен өзге де нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiгiне зерттеулер жүргiзу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
2) 4-баптың 1) тармақшасының сегізінші абзацы алып тасталсын;
3) 6-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) бiрегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
4) 6-1-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тұқым шаруашылығы субъектілеріне уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тиісті куәлік бере отырып, оларды аттестаттауды жүргізеді;»;
5) 9-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханалардың тұқымдардың сорттық және себу сапасына сараптама жүргiзуiн, олардың тұқым шаруашылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен стандарттарды сақтауын:
тұқым сапасын сараптау кезеңiнде жылына екi рет, сондай-ақ бақылау тәртiбiмен тұқым сапасын сараптау жөнiндегi қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде;
тұқым өндiрушiлерге шағым жасалған, сондай-ақ тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханалардың тұқымдардың сорттық және себу сапасына зерттеулерi берген нәтижелерiмен келiспеген жағдайдағы бақылауды;»;
6) 10-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын;
7) 11-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханалар кіреді.»;
8) 22-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сатуға және егу үшін пайдаланылуға тиісті тұқымдардың егу сапасын айқындау «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен аккредиттелген тұқым сапасының сараптамасы жөніндегі зертханаларда тұқымдардың сынамаларын іріктеп алу және оларға кейіннен талдау жасау арқылы жүргізіледі.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тек қана себуге арналған тұқымдар тобынан сынамаларды iрiктеп алуды тұқым өндiрушілердiң өтiнiмi бойынша тұқым сарапшылары және (немесе) тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханаларда тиiстi даярлықтан өткен тұқым өндiрушiлер (олардың өкiлдерi) жүргiзедi.»;
9) 23-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Байқаудан өткiзушiлер мен тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханалар берген, олардың сорттық және егістік сапасын растайтын құжаттар (сорттық егiстердi байқаудан өткiзу актiсi, тұқымдардың кондициялығы туралы куәлiк, тұқымдарға талдау жасау нәтижелерi) негiзiнде тұқым өндірушілер тұқым аттестатын немесе тұқым куәлiгін бередi.».
19. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):
1) 31-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«31-1-бап. Лицензиаттың қаржы өнімін бекітуі туралы хабардар ету
Лицензиат уәкілетті органды лицензиаттың уәкілетті органының қаржылық өнімді бекіткені туралы оны бекіткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
Лицензиаттың уәкілетті органды қаржылық өнімдерді бекіткені туралы хабардар етуінің тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.»;
2) 45-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Лицензиат уәкілетті органды лицензиаттың уәкілетті органының қаржылық өнімді бекіткені туралы хабардар етеді.»;
3) 45-баптың 4-1-тармағының үшінші бөлігі алып тасталсын;
4) 64-2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағын директорлар кеңесі бекітеді.
Бірыңғай тіркеуші қағидалар жинағы қабылданған не оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органды аталған құжаттарды қоса бере отырып, хабардар етеді.»;
5) 77-1-бапта:
3 және 3-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Клирингтік ұйымның директорлар кеңесі клирингтік ұйым көрсететін қызметтерді пайдаланатын субъектілермен клирингтік ұйымның өзара қарым-қатынастарын айқындайтын қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асырудың ішкі қағидаларын бекітуге тиіс.
3-1. Клирингтік ұйым қағидалар жинағы қабылданған не оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органды аталған құжаттарды қоса бере отырып, хабардар етеді.».
7) 78-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қор биржасын қоспағанда, бағалы қағаздар нарығына әрбір кәсіби қатысушының орталық депозитарийінің және әрбір халықаралық қаржы ұйымының акцияларын иелену үлесін орталық депозитарийдің орналастырылған акцияларының жалпы санының бес пайызынан асырып жіберуге болмайды.».
20. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 132-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):
9-баптың 1-тармағының 12-1) және 12-2) тармақшалары алып тасталсын.
21. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж.,№ 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
14-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметін бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;».
22. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 174-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; № 16, 102-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 79, 82-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 8, 50-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат; № 11, 65-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат, 2015 ж., № 8, 44-құжат):
1) 11-бапта:
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Кәсіпкерлік қызмет субъектілері орналастырған мынадай жарнама объектілері:
маңдайша;
жұмыс режимі туралы ақпарат;
арнайы белгіленген жерлерде орналастырылған мәдениет мекемелерінің, орындаушылардың және спорттық-ойын-сауық іс-шаралардың репертуары бар афишалар;
қызмет көрсетудің техникалық құралдары мен көлік құралдарын дараландыру;
сырттан көзбен көру үшін витрина мен терезелерді:
тауар өнімінің үлгілері;
жеке дараландыру құралдары;
декоративтік және мерекелік безендіру сипатында сыртқы немесе ішкі безендіру;
автоотын құю станцияларына кіреберісте орнатылған мұнай өнімдерінің түрлері, мұнай өнімдерінің бағалары, атаулары мен сатушының логотипі көрсетілген ақпараттық табло;
қолма-қол шетел валютасын теңгеге сатып алу және сату бағамы туралы мәліметтер көрсетілген ақпараттық стенд сыртқы (көрнекі) жарнама объектiлерiне жатпайды.»;
2-тармақтың 1-2) және 1-6) тармақшалары алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер аумағы арқылы өтетіндерді қоспағанда, республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектiлерінде, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, облыстық маңызы бар қалалардағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырғаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртiппен және мөлшерлерде төлемақы алынады.
Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер аумағы шегінде республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, сондай-ақ аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырғаны үшін төлемақы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және мөлшерлерде есептеледі және төленеді.»;
2) 13-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
«1-2) аккредиттеу саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен аккредиттелмеген сәйкестікті растау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдарды;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) сәйкестікті растаудан өтпеген, сәйкестігі міндетті түрде расталуға жататын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді);».
23. «Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 179-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2011 ж., № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):
17-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сақтандыру жағдайы туристің зиянды өтеу туралы талаптарын сақтанушы негізді деп мойындаған және сақтандырушы сақтанушының талаптарды мойындауымен келіскен кезден бастап басталған деп есептеледі.
Сақтандырушы туристің зиянды өтеу туралы талабын негізді деп мойындамаған жағдайда, сақтандыру жағдайы сақтандырушы келтірген зиянды өтеу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген кезден бастап басталған деп есептеледі.».
24. «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 18, 143-құжат; № 19, 149-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):
1) 1-баптың 16-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«16-1) өтініш беруші – кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың деректер базасын қорғау және сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның, пайдаланылатын ақпараттық жүйелер мен үй-жайлардың сәйкестігі туралы актіні алу мақсатында уәкілетті органға құжаттар ұсынған заңды тұлға (бұдан әрі – рұқсат);»;
2) 4-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы Заңда көзделген жағдайды қоспағанда, рұқсаттар беру;»;
3) 5-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы Заңда көзделген жағдайды қоспағанда, рұқсат беру шарттары мен тәртiбi туралы;»;
4) 6-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Рұқсатты уәкілетті орган осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен береді.
Мемлекет қатысатын кредиттік бюро қызметі уәкілетті органның рұқсат беру рәсіміне жатпайды».»;
5) 8-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«8-1-бап. Кредиттік бюроны құру тәртібі
1. Кредиттік бюроны құру тәртібі мынадай кезеңдерден:
1) рұқсат алудан;
2) кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін пайдалануға енгізуден тұрады.
2. Рұқсат алу осы Заңның 9-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін пайдалануға енгізу үшін мынадай іс-шараларды:
1) осы Заңның 18-бабының 1-тармағында көрсетілген ақпарат берушілердің біреуімен ақпарат беру туралы шарт жасасуды;
2) кредиттік тарихтарды қалыптастыру бойынша ақпараттық процесті ұйымдастыруды;
3) өздерімен ақпарат беру туралы шарт жасасқан ақпарат берушілермен осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген ақпараттық процесті тестілеуден өткізуді жүзеге асыруға тиіс.
Кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін пайдалануға беру жөніндегі қажетті іс-шараларды кредиттік бюроның орындауын тексеруді уәкілетті органның комиссиясы жүзеге асырады, оның нәтижелері уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша кредиттік тарихтардың деректер базасын пайдалануға енгізу актісінде көрсетіледі.
4. Кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыруға уәкілетті органның рұқсаты және кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін пайдалануға беру актісі болған кезде ғана жол беріледі.
5. Осы баптың талаптары мемлекет қатысатын кредиттік бюроға қолданылмайды.»;
6) 9 және 10-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Рұқсат алу үшін қажетті құжаттар және оларды қарау мерзімдері
1. Өтініш беруші рұқсатты алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) рұқсат беру туралы өтінішті;
2) кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыру жөніндегі бизнес-жоспарды;
3) белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен құрылтай құжаттарының көшірмелерін беруге міндетті.
2. Рұқсат беру туралы өтінішті уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында көзделген соңғы құжатты алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
3. Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру жөніндегі бизнес-жоспарда:
1) кредиттік бюро қызметінің сипаттамасы;
2) кредиттік тарихтарды қалыптастыру бойынша ақпараттық процестерді ұйымдастыру тәртібі және мерзімдері;
3) баға саясаты мен кредиттік есептерге арналған тарифтер есеп-қисабының тәртібі;
4) кірістер мен шығыстар туралы жуырдағы үш жылға арналған болжам;
5) кредиттік бюроның қызметін дамытудың перспективалық жоспарлары қамтылуға тиіс.
4. Кредиттік бюро рұқсат алуға берілген өтініште көрсетілген мекенжайы өзгерген, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларда, өзгерістер мен толықтыруларды уәкілетті органға олар енгізілген күннен бастап он күн ішінде табыс етеді.
5. Осы баптың талаптары мемлекет қатысатын кредиттік бюроға қолданылмайды.
10-бап. Рұқсат беруден бас тарту
Рұқсат беруден бас тарту:
1) субъектілердің осы санаттары үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тыйым салынған белгілі бір қызмет түрі жүзеге асырылған;
2) осы Заңның 8-бабында, 9-бабының 1-тармағында және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген талаптар сақталмаған;
3) өтініш берушіге қатысты оның осы қызмет түрімен шұғылдануына тыйым салатын сот шешімі болған жағдайларда жүргізіледі.»;
7) 11-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру шараларын қолдануға құқылы.»;
8) 12 және 13-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру
1. Рұқсаттың қолданылуы:
1) осы Заңның 8-бабында белгіленген талаптардың сақталмауы;
2) рұқсат беруге негіздеме болған құжаттардың шындыққа сәйкес келмеуінің анықталуы;
3) Уәкілетті органның кредиттік бюролар және кредиттік тарихтарды қалыптастыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы жазбаша ұйғарымының орындалмауы сияқты негіздемелердің біреуі бойынша алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін.
2. Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру бұрын жасалған шарттар бойынша ақпарат алу жөніндегі қызметті қоспағанда, оның қызметін жүзеге асыруға тыйым салуға әкеп соғады.
3. Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімде рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру негіздемелері мен мерзімі көрсетілуге тиіс.
Мұндай шешім кредиттік бюроның атқарушы органының назарына жеткізілген күннен бастап рұқсаттың қолданылуы тоқтатыла тұрады деп есептеледі.
13-бап. Рұқсаттан айыру
Уәкілетті орган мынадай негіздемелердің бірі бойынша:
1) уәкілетті орган рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұруының себебі жойылмаса;
2) рұқсаттың қолданылуы соңғы он екі айдың ішінде бірнеше рет (екі немесе одан көп) тоқтатыла тұрса;
3) кредиттік бюроға жүзеге асыруға рұқсаты бар қызмет түрiмен айналысуына сот тыйым салса;
4) кредиттік бюроның кәсіпкерлік қызметі тоқтатылса;
5) рұқсат алған кезде кредиттік бюро көрінеу жалған ақпарат берсе, кредиттік бюроны рұқсаттан айыру туралы талап арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
Соттың рұқсаттан айыру туралы шешім қабылдауы кредиттік бюроны таратуға әкеп соғады.»;
9) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Кредиттік бюроларды қайта ұйымдастыру және тарату
Кредиттік бюроларды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Кредиттік бюроны қайта ұйымдастыру кезінде осы кредиттік бюроның кредиттік тарихтарының деректер базасы қосылу, бірігу, бөлініп шығу немесе қайта құрылу нәтижесінде құрылған құқық мирасқорына не тараптардың келісімі бойынша басқа кредиттік бюроға берілуге тиіс. Кредиттік бюроны бөлу нысанында қайта ұйымдастырған кезде осы кредиттік бюроның кредиттік тарихтарының деректер базасы рұқсаты болған құқық мирасқорына не тараптардың келісімі бойынша басқа кредиттік бюроға берілуге тиіс.»;
25. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат):
1) 5-бапта:
23) тармақша алып тасталсын;
59) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«59) энергетикалық сараптаманы жүзеге асыру үшін сараптамалық ұйымдарға қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;»;
2) 6-баптың 11-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады, сондай-ақ интернет-ресурста сараптамалық ұйымдардың санатқа сәйкес энергетикалық сараптама жүргізу бойынша тізілімді жүргізеді, орналастырады және жаңартады;».
26. «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 107-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат, № 23, 143-құжат):
1) 9-баптың 1-тармағының 42) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«42) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;»;
2) 14-баптың 3-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын;
«10) жарылғыш құрылғыларды, улы химикаттарды қолдана отырып жануарлар дүниесi объектiлерiн аулауға;».
27. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 23-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұйымдардың стандарттарын техникалық реттеу объектілеріне, оның ішінде өнімнің құрамдас бөліктеріне, терминологияға, қабылдау және бақылау жүйесіне, технологиялық жарақтауға, құралға, сондай-ақ менеджмент жүйесі, өндіріске әзірлеу және қою шеңберінде ұйымдардағы қызметті басқаруға ұйымдар дербес әзірлейді және бекітеді және олар уәкілетті органда есепке алуға және тіркеуге жатпайды.
Ұйымдардың стандарттарында белгіленген қауіпсіздік талаптары техникалық регламенттерде белгіленген және олармен үйлестірілген стандарттардың талаптарына қайшы келмеуге тиіс.»;
1-1-тармақ алып тасталсын.
28. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 16, 101-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 17, 79-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат):
1) 1-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жобалау компаниясы – жарғылық капиталының елу пайызынан астамын үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын құрылыс салушы қалыптастырған заңды тұлға;»;
2) 4-баптың 4) тармақшасы алып тасталсын;
3) 6-1-бап алып тасталсын;
4) 8-бапта:
1-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын;
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) бас мердiгердің атауын, осы саладағы жұмыс тәжiрибесiн, ол бас мердiгер болып әрекет етіп, пайдалануға тапсырылған құрылыс объектілері туралы ақпаратты қоса алғанда, ол туралы негiзгi мәлiметтердi қамтиды.»;
5) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жасасу
Құрылыс салушы, жобалау компаниясы, үлескер және банк-агент тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жасасуға құқылы.»;
6) 13-баптың 1-1-тармағында:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы мерзім аяқталғаннан кейін үлескердің ақшаны сұратып алуы жобалау компаниясы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта көрсетілген тұрғын жайды пайдалануға беру мерзімін бұзған жағдайда ғана мүмкін болады.»;
7) 15-бап алып тасталсын.
29. «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 130-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж.,№ 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9,51-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2014 жылғы 22 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мақта саласын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
15-баптың 1-тармағы алып тасталсын.
30. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 11, 52-құжат; № 11, 57-құжат):
1) 20-баптың 26) тармақшасы алып тасталсын;
2) 85-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда, iлеспе және (немесе) табиғи газды алау етiп жағуға мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен әдiстеме бойынша есептелген нормативтер мен көлемдер шегiнде жер қойнауын пайдаланушы жобалау құжаттарын сақтаған жағдайда, мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi органның рұқсаты бойынша жол берiледi.
Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру тәртібін Қазақстан Республикасының мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi органы белгілейді.».
31. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 67-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат):
16-баптың 7-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) тексерілетін субъектінің «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметті немесе белгілі бір әрекеттерді жүзеге асырудың басталғандығы туралы хабарлама беруі негіз болып табылады.».
32. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 20-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 6-құжат; № 11, 57-құжат):
1) 1-бапта:
1) тармақша алып тасталсын;
5-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1) оқу орталығы – энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
12-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12-1) энергия-аудиторлық ұйым – энергия аудитін жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
15) тармақша алып тасталсын;
2) 5-бапта:
6-1) тармақша алып тасталсын;
12) тармақша алып тасталсын;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;»;
3) 14-бап алып тасталсын;
4) 16-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Заңды тұлғалар уәкілетті органға Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама жібереді.»;
5) 20-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiм субъектiлерiнен және энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардан, сондай-ақ энергия-сервистік компаниялардан Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiмдi қалыптастыру және жүргiзу үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;».
33. «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 20, 120-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 3-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Микроқаржы ұйымы уәкілетті органды микроқаржы ұйымының уәкілетті органының микрокредит беру шарттарын бекіткені туралы хабардар етеді.»;
2) 28-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уәкілетті орган микроқаржы ұйымы пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзған, микроқаржы ұйымының лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің құқыққа сыйымсыз іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі, осы Заң мен уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілері талаптарының сақтамауы анықталған кезде осы бапта белгіленген ықпал ету шараларын қолданады.
Ықпал ету шаралары деп шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялар түсіндіріледі.»;
3) 31-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«31-1-бап. Микрокредит беру шарттарын бекіту туралы хабардар ету
Микроқаржы ұйымы уәкілетті органды микроқаржы ұйымының уәкілетті органының микрокредит беру шарттарын бекіткені туралы ол бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
Микроқаржы ұйымының уәкілетті органды микрокредит беру шарттарының бекітілгені туралы хабардар ету тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.».
34. «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 4-5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; 2015 жылғы 5 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 12-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Біліктілік емтиханын ойдағыдай тапсырған және осы Заңда белгіленген тәртіппен уәкілетті органға қызметін бастағаны туралы хабарлама берген адам әкімші болып тағайындалады.»;
4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Әкімші ретінде қызметті жүзеге асыру үшін адамдарға қойылатын талаптар мыналар:»;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Өтініш берушінің уәкілетті органға әкімші қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханын тапсырғаны туралы Комиссия шешімін қоса бере отырып, қызметінің басталғаны туралы хабарлама беруі өтініш берушінің хабарламасын әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламаларының тізіліміне енгізу үшін негіз болып табылады.
Әкімші қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханын тапсырғаны туралы Комиссия шешімі біліктілік емтиханын тапсырған күннен бастап бір жыл ішінде жарамды болады.
6. Әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламаларының тізіліміне өтініш берушінің хабарламасын енгізуді уәкілетті орган өтініш беруші хабарлама жіберген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
Өтініш беруші хабарламада көрсеткен деректер өзгерген кезде, өтініш беруші деректер өзгерген күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға көрсетілген өзгерістер туралы хабарлама жіберуге міндетті.
Қызметін тоқтатқан кезде әкімші уәкілетті органға хабарлама жіберуге міндетті.
Әкімші оңалтуды және (немесе) банкроттықты басқарушылар ретінде қатысқан жағдайда, өз қалауымен қызметін тоқтату туралы хабарламаға өзін оңалтуды және (немесе) банкроттықты басқарушылар қызметін жүзеге асырудан шеттету және жаңа кандидатураны таңдау туралы әрбір борышкер бойынша кредиторлар жиналысы хаттамасының көшірмесі қоса беріледі.
Қызметті бастау, қызметті тоқтату, өтініш берушінің деректеріне өзгерістер енгізу туралы хабарламалардың нысандарын уәкілетті орган бекітеді.»;
7-тармақ алып тасталсын;
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Уәкілетті орган әкімші хабарламасын әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламаларының тізілімінен мынадай:
1) хабарлама беру кезінде анық емес мәлiметтерді ұсыну фактiсi анықталған;
2) кредитордың немесе борышкердің мүдделеріне нұқсан келтіруге әкеп соққан, осы Заңда белгіленген талаптар бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) бұзылған;
3) осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасына орай әкімшіні тағайындауға кедергі болатын мән-жайлардың болуы себебінен оның бас тартуын қоспағанда, әкімші ретінде қызметті жүзеге асырудан бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) бас тартылған;
4) қайтыс болған;
5) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған;
6) экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы не экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығарылған;
7) осы адамға қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енген;
8) наркологиялық немесе психиатриялық диспансерде есепке қойылған;
9) сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
10) әкімші осы баптың 3-тармағының негізінде оның оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы болып тағайындалуына кедергі болған мән-жайлардың болуы туралы хабарламаған, оларды кейіннен оңалту рәсімі немесе банкроттық рәсімі барысында уәкілетті орган анықтаған;
11) қызметтің басталғаны туралы хабарламаны беру кезінде өтініш беруші әкімші қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханын тапсырғаны туралы Комиссия шешімін ұсынбаған жағдайларда алып тастайды.
Әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламаларының тізілімінен алып тастауды уәкілетті орган мынадай мерзімде:
1) осы тармақтың 1)-10 тармақшаларында көзделген жағдайларда анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
2) осы тармақтың 11) тармақшасында көзделген жағдайда, жағдайды анықталған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
9. Хабарлама әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар адамдар хабарламаларының тізілімінен алып тасталған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті орган:
1) сотқа – уақытша басқарушыны, уақытша әкімшіні алып тастау туралы;
2) кредиторлар жиналысына – оңалтуды не банкроттықты басқарушыны алып тасталғаны туралы ақпарат жібереді.»;
10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) хабарлама әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар адамдардың хабарламалар тізілімінен алып тасталған;»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Әкімші өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш берген жағдайда, осы Заңда белгіленген тәртіппен жүктелген өкілеттіктерді орындаудан босатылады.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Әкімші уәкілетті органға хабарлама жіберген кезден бастап әрбір үш жыл сайын уәкілетті органға растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсына отырып, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен экономика, қаржы немесе заң салаларында өзінің біліктілігін арттыруға міндетті.».
35. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; 2015 жылғы 5 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 10-бапта:
мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарын мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
6-2) мемлекеттік бақылау мақсатында тәуекелдерді бағалау жүйесін және тексеру парақтарын әзірлейді;»;
19) және 21) тармақшалар алып тасталсын;
22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«22) біліктілік комиссиясын қалыптастыру және оның қызметін жүзеге асыру қағидаларын, көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша оқытушы, өндірістік оқыту шебері және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері болуға кандидаттарды аттестаттаудан өткізу тәртібін, кәсіптік бірлестіктердің өз қызметі туралы есептілігінің нысаны мен оны ұсыну мерзімділігін әзірлейді және бекітеді;»;
23) тармақша алып тасталсын;
2) 17-баптың 2-тармағының 10) тармақшасы алып тасталсын;
3) 29-баптың 9-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;
4) 73-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
5) 77-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«77-бап. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарына қойылатын талаптар.
1. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымы заңды тұлға немесе дара кәсіпкер нысанында құрылады және өз қызметін «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті органға қызметін бастағаны туралы хабарлама берген күннен бастайды.
2. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымы уәкілетті органға қызметін бастағаны туралы хабарлама жіберген кезде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш;
2) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген оқу ұйымдарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген және оқу-материалдық база ретінде пайдаланылатын жылжымайтын мүлкіне меншік немесе пайдалану құқығын растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;
3) оқу-материалдық база ретінде пайдаланылатын өзге де мүлікке құқық белгілейтін құжаттар;
4) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқытушылардың, өндірістік оқыту шеберлерінің және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберлерінің тізімдері (тізімде «оқытушы», «өндірістік оқыту шебері» және «білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері» біліктілік куәлігінің нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың деректері көрсетіледі);
5) оқытылатын тақырыптар, сабақтардың кестесі және жоспарланып отырған оқыту әдістері көрсетілетін даярлау бағдарламалары.
3. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымынан уәкілетті органға келіп түскен қызметін бастағаны туралы хабарлама уәкілетті органның осындай ұйымдардың ішкі есебін жүргізу үшін негіз болып табылады.
4. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымының жетекшісінде «оқытушы», «өндірістік оқыту шебері» және «білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері» біліктілік куәліктерінің болуы міндетті.
5. Оқытушының, өндірістік оқыту шеберінің және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберінің тиісінше «оқытушы», «өндірістік оқыту шебері» және «білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері» біліктілік куәліктерінің болуы міндетті және олар қызметін көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі бір оқу ұйымының құрамында ғана жүзеге асырады.
6. Жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда көлік құралын жүргізуге оқыту уәкілетті органмен келісілген маршруттар бойынша ғана жүзеге асырылады.
Жүргізуді үйренуші адам басқарып отырған оқу көлік құралымен жолаушылар тасымалдауға тыйым салынады.»;
6) 78-бап алып тасталсын;
7) 79 және 80-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«79-бап. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктер
1. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдары өз құқықтарын қорғау мақсатында көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктер құра алады.
2. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктер оқу ұйымдарын біріктіретін коммерциялық емес ұйымдар болып табылады және өз мүшелерінің жалпы жиналысында қабылданатын жарғының негізінде әрекет етеді.
3. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктерді құру, басқару, олардың жұмыс істеуі және қызметін тоқтату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
80-бап. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктердің құқықтары мен міндеттері:
1. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктер:
1) оқытушылардың, өндірістік оқыту шеберлерінің және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі курстарды өткізуге, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен курстардан өту туралы сертификаттар беруге;
2) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жұмысының тәжірибесін талдауға, жинақтап қорытуға және таратуға;
3) мемлекеттік ұйымдарда, қоғамдық бірлестіктерде және халықаралық ұйымдарда көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының мүдделерін білдіруге;
4) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының өз қызметін жүзеге асыруға байланысты дауларын қарауға;
5) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының рейтингін жүргізуге және мерзімді баспасөз басылымдарында жариялауға;
6) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау мәселелері бойынша халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуға;
7) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау саласында оқу әдебиетін, әдістемелік нұсқауларды, мерзімді баспасөз басылымдарын әзірлеуге, басып шығаруға және таратуға;
8) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау стандарты бойынша ұсынымдар беруге;
9) уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес біліктілік комиссиясын құру бойынша конкурсқа қатысуға құқылы.
2. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктер:
1) Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасын сақтауға және көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының сақтауын қамтамасыз етуге;
2) өз мүшелерін Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы нормативтік құқықтық актілерімен қамтамасыз етуге;
3) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі қызметті дамытуға, оның тиімділігін арттыруға, оқу ұйымдарының қызметін ұйымдастыруға және үйлестіруге жәрдемдесуге міндетті.»;
8) 81-бап алып тасталсын;
9) 83-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«83-бап. Біліктілік комиссиялары
1. Біліктілік комиссиясы уәкілетті орган бекіткен Қағидаларға сәйкес көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктердің базасында құрылады.
2. Біліктілік комиссиясын құру үшін кәсіптік бірлестік оқытушы, өндірістік оқыту шебері және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері болуға кандидаттарды аттестаттауды ұйымдастырудың барлық талаптарына сәйкес келетін кәсіптік бірлестікті таңдау үшін уәкілетті орган бес жылда бір рет жариялайтын конкурсқа қатысады.
3. Біліктілік комиссиясының жұмысын қаржыландыруды кәсіптік бірлестік өз қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырады.
4. Біліктілік комиссиясының құрамына уәкілетті органнан бір өкілден кіреді.
5. Біліктілік комиссиясы оқытушыға, өндірістік оқыту шебері және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері болуға кандидаттарды аттестаттау бағдарламасын әзірлейді және бекітеді.
6. Біліктілік комиссиялары шешім қабылдаған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде біліктілік куәлігінің нөмірін көрсете отырып, отырыс хаттамасын және «оқытушы», «өндірістік оқыту шебері» және «білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері» біліктілігі берілген адамдар біліктілік комиссиясына ұсынған құжаттарының куәландырылған көшірмелерін уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
7. Кандидаттарды аттестаттауды жүргізу тәртібі бұзылған жағдайда уәкілетті орган біліктілік комиссияларының шешіміне сот тәртібімен шағымдануға құқылы.»;
10) 85-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«85-бап. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарын мемлекеттік бақылау
1. Мемлекеттік бақылау көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі талаптарды және стандарттарды сақтауына бағытталған.
2. Мемлекеттік бақылау «Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдары көрсететін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету үшін ішкі бақылау жүргізіледі.
4. Сапаны ішкі бақылауды көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдары көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі стандарттарға сәйкес дербес жүзеге асырады.
5. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдары мемлекеттік бақылау қорытындысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шағымдануға құқылы.»;
11) 86-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) аттестаттау қорытындысы бойынша кәсіптік бірлестіктердің шешімдеріне сот тәртібімен шағымдануға құқығы бар.»;
12) 87-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) оқытушы, өндірістік оқыту шебері және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері болуға үміткерлерді аттестаттау қорытындылары бойынша кәсіптік бірлестіктің шешіміне сот тәртібімен шағымдануға құқығы бар.»;
2-тармақтың 8) тармақшасы «ақпарат беруге» деген сөзден кейін «міндетті.» деген сөзбен толықтырылып, 9) тармақшасы алып тасталсын;
13) 88-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасы халықаралық автомобиль қатынасында пайдаланылатын механикалық көлік құралының міндетті техникалық қарап тексеруден өткенін және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжат болып табылады.»;
14) 89-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«89-бап. Техникалық қарап тексеру операторларының тiзiлiмi
1. Көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган техникалық қарап тексеру операторларының тiзiлiмiн жүргiзедi, оны өзiнiң интернет-ресурсында орналастыруды жүзеге асырады.
Техникалық қарап тексеру операторларының тізілімін жүргізу тәртібін көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Техникалық қарап тексеру операторы көлiк құралдарын мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзу жөнiндегi қызметтi көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органға «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен хабарлама берген күннен бастап жүзеге асырады.
2. Көлiк құралдарын мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру үшін техникалық қарап тексеру операторларына қойылатын талаптар:
1) заңды тұлға үшін – заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу;
2) дара кәсіпкер үшін – дара кәсіпкер ретінде тіркелу;
3) техникалық қарап тексерудің стационарлық желісін ашқан жағдайда меншік немесе иелену және пайдалану құқығындағы жылжымайтын мүлкі;
4) сынау жабдығының және өлшем құралдарының болуы.»;
15) 90-бап алып тасталсын.
36. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 48-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат, 2015 ж., № 1,
2-құжат; 2015 жылғы 5 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына):
6-баптың 1-тармағының 26) тармақшасында:
он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға;»;
он алтыншы абзацтағы «транзиттеуге рұқсаттар беруге;» деген сөздер «транзиттеуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он жетінші абзацпен толықтырылсын:
«азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтауға рұқсаттар беруге;».
37. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 29-баптың 3-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын;
2) көрсетілген Заңға 1-қосымшаның кестесінде:
реттік нөмірі 7-жол алып тасталсын;
реттік нөмірлері 8 және 9-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
8 |
Мұнай және газ саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутек шикізаты), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға лицензия |
1. Мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiру |
Иеліктен шығарылмайтын; |
9 |
Тау-кен және химия өндiрiстерiн пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия |
1. Қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда) өндiру |
Иеліктен шығарылмайтын; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағының бірінші бөлігінің және 26-бабының 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды; |
»;
реттік нөмірлері 10, 14, 31 және 34-жолдар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 49-1-жолмен толықтырылсын:
«
49-1 |
Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензия |
Иеліктен шығарылмайтын; |
»;
реттік нөмірі 55-жол алып тасталсын;
реттік нөмірі 72-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
72. |
Ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия |
1. Жануарларды емдеу және олардың ауруларының профилактикасы үшін препараттар шығару |
Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып |
»;
реттік нөмірі 73-жолдың 4-бағанында «Иеліктен шығарылмайтын;
1-сынып» деген сөздер «Иеліктен шығарылмайтын; 2-сынып» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) аталған Заңға 2-қосымшаның кестесінде:
«қызметке берілетін рұқсаттар» деген 1-бөлімде:
реттік нөмірлері 1, 2, 3, 9, 10 және 11-жолдар алып тасталсын;
реттік нөмірі 15-жол алып тасталсын;
реттік нөмірлері 18, 22, 23, 39, 47, 54, 60 және 67-жолдар алып тасталсын;
реттік нөмірі 70-жол алып тасталсын;
реттік нөмірлері 71, 72, 73, 75, 76, 77 және 84-жолдар алып тасталсын;
реттік нөмірі 78-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
78. |
Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға және сақтауға рұқсаттар беру |
Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға және сақтауға рұқсат |
Рұқсаттың қолданылу мерзімі 3 жыл; рұқсат беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағының бірінші бөлігінің және 26-бабының 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды |
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 87-6, 87-7, 87-8 және
87-9-жолдармен толықтырылсын:
«
87-6. |
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат |
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат |
Иеліктен шығарылмайтын; қолданылу мерзімі 12 ай; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағының бірінші бөлігінің және 26-бабының 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды |
87-7. |
Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат |
Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат |
Иеліктен шығарылмайтын; қолданылу мерзімі 12 ай; |
87-8. |
Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсатты және кредиттік бюроның кредиттік тарихтардың деректер базасының, пайдаланылатын ақпараттық жүйелердің және үй-жайлардың қорғалуы мен сақталуына қойылатын талаптарға сәйкестілік актісін беру |
Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік бюроның кредиттік тарихтардың деректер базасының, пайдаланылатын ақпараттық жүйелердің және үй-жайлардың қорғалуы мен сақталуына қойылатын талаптарға сәйкестілік актісі |
Иеліктен шығарылмайтын |
87-9. |
Кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін кредиттік бюроның пайдалануына енгізу актісін беру |
Кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін кредиттік бюроның пайдалануына енгізу актісі |
Конкурс рәсімі қолданылмайды; |
»;
«объектілерге берілетін рұқсаттар» деген 2-бөлімде:
реттік нөмірлері 88, 90, 97, 98, 99, 100, 101, 114, 123, 124, 126, 137 және 138-жолдар алып тасталсын;
реттік нөмірі 140-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
140. |
Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру және эскиздік жобаны келісу |
Сәулет-жоспарлау тапсырмасы және эскиздік жобаны келісу |
»;
реттік нөмірлері 141, 142 және 143-жолдар алып тасталсын;
«біржолғы рұқсаттар» деген 3-бөлімде:
реттік нөмірлері 149, 152, 155, 156, 160, 161, 162, 167, 171, 172, 174, 175 және 177-жолдар алып тасталсын;
реттік нөмірі 178-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
178. |
Шифрлау (криптографиялық) құралдарын және (немесе) ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге және Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру |
Шифрлау (криптографиялық) құралдарын және (немесе) ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге және Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжаты) |
»;
реттік нөмірлері 179, 180, 181, 182, 185, 191, 192, 194, 203, 204, 218, 219, 220, 222, 224, 226, 237, 238, 240 және 241-жолдар алып тасталсын;
реттік нөмірі 242-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
242. |
Банкке және (немесе) банк холдингіне еншiлес ұйым құруына немесе иеленуіне және (немесе) банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының банкке және (немесе) банк холдингіне еншiлес ұйым құруына немесе иеленуіне және (немесе) банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру туралы қаулысы |
Мерзімсіз рұқсат; конкурс рәсімі қолдануға келмейді; рұқсат беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағының бірінші бөлігінің және 26-бабының 1,2-тармақтарының күші қолданылмайды |
»;
реттік нөмірлері 243 және 253-жолдар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 257-1-жолмен толықтырылсын:
«
257-1 |
Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру |
Еуразиялық экономикалық комиссияның 2012 жылғы 16 тамыздағы № 134 және 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешімдерімен бекітілген үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжаты) |
»;
«ресурстары шектелген немесе квоталар пайдаланатын қызметке берілетін рұқсаттар» деген 4-бөлімде:
реттік нөмірлері 259, 262, 264, 272 және 273-жолдар алып тасталсын;
реттік нөмірі 274-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
274. |
Жол бойы белдеулерінде жол бойы сервисі объектілерін немесе қолжетімді болуы үшін кіреберіс талап етілетін жағдайда олардан тыс жерлерде объектілерді орналастыру үшін жер учаскелерін беруді қоспағанда, жер учаскесіне құқық беру |
Жер учаскесін беру туралы қаулы |
»;
реттік нөмірлері 275, 276, 277, 278, 280, 281, 282, 288, 292, 293, 294, 295, 296, 297, 298, 299, 300, 301, 302, 303, 304, 305, 306, 307, 308, 313, 317, 318, 319, 320, 321, 322, 324, 325, 326, 333 және 334-жолдар алып тасталсын;
реттік нөмірі 289-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
289. |
Кен орнын сынау үшін пайдалануда, технологиялық жабдықты іске қосу, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағуда ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру |
Кен орнын сынау үшін пайдалануда, технологиялық жабдықты іске қосу, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағуда ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат |
»;
«жеке тұлғаларға кәсіптік қызмет үшін берілетін рұқсаттар» деген 5-бөлімде:
реттік нөмірлері 335, 337 және 349-жолдар алып тасталсын;
реттік нөмірлері 350-жол алып тасталсын;
реттік нөмірі 354-жол алып тасталсын;
реттік нөмірлері 355, 356, 358, 361 және 367-жолдар алып тасталсын;
«өнімге берілетін рұқсаттар» деген 6-бөлімде:
реттік нөмірлері 376, 382, 383 және 393-жолдар алып тасталсын;
4) көрсетілген Заңға 3-қосымшаның кестесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49 және 50-жолдармен толықтырылсын:
«35. Дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
36. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретіндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
37. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру немесе салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудан бас тарту туралы хабарлама
38. Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына енгізілген жануарлар түрлерін қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
39. Көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктер қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
40. Биологиялық белсенді заттарға клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
41. Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және өткізу жөніндегі қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
42. Автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
43. Техникалық қарап тексеру операторлары қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
44. Энергетикалық сараптама жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
45. Энергия аудиті және энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
46. Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарлама
47. Табиғи монополия субъектісінің өзге қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама
48. Әкімші (уақытша әкімші, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушылар) қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
49. Қаржы ұйымының уәкілетті органының қаржы өнімін бекіткені туралы хабарлама
50. Микроқаржы ұйымының уәкілетті органының микрокредит беру шарттарын бекіткені туралы хабарлама.».
2-бап. Осы Заң:
1) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 5-тармағының 7), 8), 9) және 10) тармақшаларын;
2) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 6-тармағының 1), 2), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларын;
3) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 7-тармағының 1) және 2) тармақшаларын;
4) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 17-тармағын;
5) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 18-тармағын;
6) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 37-тармағының 1) тармақшасын;
7) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 38-тармағы 2) тармақшасының оныншы абзацын;
8) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 37-тармағы 3) тармақшасының төртінші, алтыншы, отыз тоғызыншы және қырқыншы абзацтарын;
9) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін
осы Заңның 1-бабы 38-тармағы 4) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті