"Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлудің 2014 – 2015 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1536 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 927 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлудің
2014 – 2015 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1536 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 79, 1047-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлудің 2014 – 2015 жылдарға арналған ұлттық жоспарында:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қолданыстағы қондырғылар үшін 152 790 480 бірлік мөлшеріндегі квота көлемі 1-қосымшадағы кестеге сәйкес 2015 жылға экономика салалары бойынша тегін бөлінеді.»;
      көрсетілген Ұлттық жоспарға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетілген Ұлттық жоспарға 2-қосымшада:
      энергетика саласында жұмыс істейтін қондырғылар үшін квота көлемінің бірліктерінде:
      реттік нөмірі 49-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

49

«Жылукоммунэнерго» МКК

609 573

375 517

600 429

975 946

                                                               »;
      мына:
«

ЖИЫНЫ:

92 889 901

92 889 901

91 496 552

184 386 453

                                                               »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

ЖИЫНЫ:

93 123 957

92 889 901

91 727 097

184 616 998

                                                               ».

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2015 жылғы 19 қарашадағы
№ 927 қаулысына     
қосымша         

Парниктік газдар     
шығарындыларына квоталарды
бөлудің 2014 – 2015 жылдарға
арналған ұлттық жоспарына 
1-қосымша          

Экономика салалары бойынша квота көлемінің бірліктері

Экономика саласы

Саладағы кәсіпорын саны

2014 жылға арналған квота көлемі (базалық желіден
0 %), көміртегі қостотығының тоннасы

2015 жылға арналған квота көлемі (базалық желіден 1,5 %), көміртегі қостотығының тоннасы

Энергетика

60

92 889 901

91 727 097

Көмір, мұнай және газ өндіру

66

23 430 347

23 078 885

Өнеркәсіп

40

38 562 942

37 984 498

Барлығы

166

154 883 190

152 790 480

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады