"Құрамында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшері бар, олардан көрсетілген құралдар мен заттар оңай қол жеткізілетін тәсілдермен алынуы мүмкін емес дәрілік препараттарды бақылаудан алу ережесін және көрсетілген препараттардың тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 413 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 929 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Құрамында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшері бар, олардан көрсетілген құралдар мен заттар оңай қол жеткізілетін тәсілдермен алынуы мүмкін емес дәрілік препараттарды бақылаудан алу ережесін және көрсетілген препараттардың тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 413 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 16, 184-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген құрамында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшері бар, олардан көрсетілген құралдар мен заттар оңай қол жеткізілетін тәсілдермен алынуы мүмкін емес және Қазақстан Республикасында бақылауға жатпайтын дәрілік препараттардың тізімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 44, 45, 46-жолдармен толықтырылсын:
      «

44.

Валордин

100 мл препаратқа құрамы, г-да:
-бромизовалериан қышқылының этил эфирі – 2,00 г фенобарбитал – 2,00 г

Ішуге қолдануға арналған тамшылар 25 мл, 50 мл

III кесте
В бөлімі
№ 54

45.

Терасил-Дтм


100 мл препаратқа құрамы, мг-да:
декстраметорфан гидробромиді – 10,0 мг фенилэфрин гидрохлориді – 5,0 мг хлорфенирамин малеаты – 2,0 мг
ментол – 1,0 мг

Сауыттағы шәрбат 100 мл

II кесте
А бөлімі № 43

46.

Корвалол®

1 таблеткаға құрамы, мг-да:
-бромизовалериан қышқылының этил эфирі – 12,42 мг фенобарбитал – 11,34 мг жалбыз майы – 0,88 мг

№ 10, № 30, № 50 таблеткалар

III кесте
В бөлімі
№ 54

                                                                  ».

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады