Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Алтын Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесінің аумағын кеңейтудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 1047 қаулысы

      «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және ерекше қорғауды қажет ететін Қазақстанның бірегей табиғи объектілері ретінде Алматы облысының флорасы мен фаунасының бағалы түрлерін, экологиялық жүйелерін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Жаркент орман шаруашылығы» мемлекеттік мекемесінің жалпы алаңы 44809,1 гектар жер учаскелері орман қорының жерлері санатынан алынсын.
      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелері және осы қаулыға қосымшаға сәйкес босалқы жерлер Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – мекеме) тұрақты жер пайдалануға берілсін.
      3. Осы қаулыға қосымшада көрсетілген жер учаскелері босалқы жерлер және орман қорының жерлері санаттарынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері санатына ауыстырылсын, ал осы аумақтағы ормандар «мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің ормандары» мемлекеттік орман қоры санатына жатқызылсын.
      4. Алматы облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы аймақтың шегінде экологиялық жүйелердің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге кері әсер ететін кез келген қызметке тыйым сала және (немесе) шектеу қоя отырып, мекеме жерінің төңірегінде және мекеме шекарасында орналасқан жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерлерінде күзет аймағын белгілесін.
      5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2015 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1047 қаулысына     
қосымша         

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалануға берілетін жерлердің экспликациясы

Р/с №

Жерлердің санаты және орналасқан жері

Жалпы алаңы, га

оның ішінде, га

шабындықтар

жайылымдар

өзге алқаптар

1

2

3

4

5

6

Кербұлақ ауданы

1

1. Босалқы жерлер, барлығы:
оның ішінде:
Басшы ауылдық округі
Қарашоқы ауылдық округі
Шанханай ауылдық округі
2. Орман қорының жерлері, барлығы:
оның ішінде «Жаркент орман шаруашылығы» мемлекеттік мекемесі

63048,25
20,0
14865,0
48163,25
10070,110070,1

-
-
-
-
1314,3

1314,3

59932,55
20,0
13675,8
46236,75
5321,5

5321,5

3115,7-
1189,2
1926,5
3434,3

3434,3


Аудан бойынша барлық жер:

73118,35

1314,3

65254,05

6550.0

Панфилов ауданы

2

1. Босалқы жерлер, барлығы:
оның ішінде:
Айдарлы ауылдық округі
Қоңырөлең ауылдық округі
2. Орман қорының жерлері, барлығы:
оның ішінде «Жаркент орман шаруашылығы» мемлекеттік мекемесі

34681,0
30661,0
4020, 0
34739,0

34739,0

-
-
-
1558,0

1558,0

30866,0
27328,0
3538, 0
26240,0

26240,0

3815,0
3333,0
482, 0
6941,0

6941,0


Аудан бойынша барлық жер:

69420,0

1558,0

57106,0

10756,0

Қапшағай қаласы

3

Қапшағай қаласының босалқы жерлері

3962,0

-

3803,5

158,5

4

Жерлер жиыны:
оның ішінде:
босалқы жерлер
орман қорының жерлері

146500,35
101691,25
44809,1

2872,3
-
2872,3

126163,55
94602,05
31561, 5

17464,5
7089,2
10375,3

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады