"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 1073 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің
облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы
әдеп жөніндегі кеңестері туралы ережені бекіту туралы

      «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң    
2015 жылғы     
№ Жарлығымен    
БЕКІТІЛГЕН    

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің
облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы
әдеп жөніндегі кеңестері туралы ереже

      Осы Ереже Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестерінің мәртебесін, өкілеттіктерін және қызметін ұйымдастыруды айқындайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері (бұдан әрі – Әдеп жөніндегі кеңес) Министрліктің алқалы органдары болып табылады.
      2. Әдеп жөніндегі кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы заңдарына, осы Ережеге, өзге де нормативтік құқықтық актiлерге сәйкес жүзеге асырады және заңдылық, объективтiлік пен әдiлдiк, әдептілік, қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын қолдану қағидаларын басшылыққа алады.
      3. Әдеп жөніндегі кеңестiң жұмыс органы Министрліктің жауапты хатшысы Министрліктің аумақтық органы құрылымдық бөлімшелерінің қатарынан айқындайтын Хатшылық болып табылады.
      4. Әдеп жөніндегі кеңестің жұмыс регламентін Министр бекітеді.

2. Әдеп жөніндегі кеңестiң негiзгi мiндеттері, функциялары мен өкілеттіктері

      5. Әдеп жөніндегі кеңестiң негізгi мiндеттерi:
      1) сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шаралар әзірлеу;
      2) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтаудағы жауапкершілік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау;
      3) әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру және мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
      6. Негізгі міндеттерге сәйкес Әдеп жөніндегі кеңес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындыларын қарау;
      2) мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бойынша жұмысының қорытындыларын қарау;
      3) қызметтік әдептің сақталуын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асыру кезіндегі әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің нәтижелерін қарау;
      4) тәртіптік практиканы талдау қорытындылары негізінде мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмыс нәтижелерін қарау;
      5) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу нысандары мен әдістерін жетілдіру мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;
      6) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi комиссияның, Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның, Министрліктің ұсынымдарын қарау;
      7) қызметтік әдеп нормаларын бұзуға, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол берген облыстардың әкімшілік орталықтары болып табылатын қалалардың әкімдеріне, облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың тексеру комиссияларының мүшелеріне, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстар аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдеріне, С-О-1, С-О-2, C-R-1, C-R-2, D-1, D-2, D-O-1, D-O-2, Е-1, Е-2, E-R-1, E-R-2 санаттарындағы мемлекеттік қызметшілерге (бұдан әрі – қызметшілер) қатысты тәртiптiк iстердi қарау.
      7. Әдеп жөніндегі кеңес өз құзыретi шегінде:
      1) өз отырыстарында жергілікті атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен өзге де лауазымды адамдарын, әдеп жөніндегі уәкілдерді тыңдауға;
      2) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан оның алдында тұрған мiндеттердi орындау үшiн қажеттi құжаттар, материалдар мен ақпарат сұратуға;
      3) осы Ереженiң 6-тармағының 7) тармақшасында көрсетiлген қызметшілерден және өзге де тұлғалардан түсiндiрмені талап етуге;
      4) осы Ереженiң 6-тармағының 7) тармақшасында көрсетiлген қызметшілерді лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы берілген лауазымды адамдарға қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық фактілері бойынша қызметтiк тергеп-тексеру жүргізу туралы ұсыныстар енгiзуге;
      5) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, өзге де әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдеріне, жергілiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшыларына қызмет тәртібін нығайту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шараларды іске асыру жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар енгізуге;
      6) осы Ереженiң 6-тармағының 7) тармақшасында көрсетiлген қызметшілерді лауазымдық қарауына тағайындау және лауазымнан босату құқығы берілген лауазымды адамдарға қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін оларды тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгiзуге;
      7) жоғары тұрған мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымын негізсіз орындамаған адамдардың жауаптылығын қарау туралы ұсыныстар енгізуге;
      8) сарапшылар мен мамандарды, мемлекеттік органдардың жұмыскерлерін қорытынды беру үшін тартуға құқылы.

3. Әдеп жөніндегі кеңестің қызметiн ұйымдастыру

      8. Министрліктің аумақтық органының басшысы лауазымы бойынша Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы болып табылады, оны Министрліктің жауапты хатшысы лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
      9. Әдеп жөніндегі кеңестiң төрағасы:
      1) Әдеп жөніндегі кеңестiң дербес құрамын Министрліктің жауапты хатшысының қарауына және бекiтуiне енгiзедi;
      2) қарау және бекіту үшін Әдеп жөніндегі кеңеске жұмыс жоспарын енгізеді;
      3) Әдеп жөніндегі кеңестің қызметiн ұйымдастырады және оған басшылық етуді жүзеге асырады;
      4) Әдеп жөніндегі кеңес отырыстарының күн тәртiбiн, өтетін орны мен уақытын айқындайды;
      5) Әдеп жөніндегі кеңестiң отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді;
      6) Әдеп жөніндегі кеңестiң отырысында қаралатын нақты мәселе бойынша баяндамашыны айқындайды;
      7) Министрліктің алдында Әдеп жөніндегі кеңес жұмысының қорытындылары туралы тоқсан сайын есеп бередi;
      8) Әдеп жөніндегі кеңестің құзыреті шегінде тәртіптік істерді қозғайды, тоқтата тұрады және қайта бастайды;
      9) Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында мәселелерді қараудың нәтижелері бойынша адамдардың теріс қылықтар жасағаны туралы мәліметтер мен материалдарды уәкілетті мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның қарауына олардың құзыретіне сәйкес жолдайды.
      10. Әдеп жөніндегі кеңестің құрамын Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы мен мүшелерi құрайды. Мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi, мемлекеттiк органдардың басшылары мен өзге де адамдар Әдеп жөніндегі кеңестің мүшелері бола алады. Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерiнің саны тақ әрi кемiнде 7 адамнан құралуға тиiс.
      11. Өзіне жүктелген функцияларды атқару кезінде Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі бейтарап және объективті болуға тиіс.
      12. Әдеп жөніндегі кеңестің құрамына:
      1) сот әрекетке қабілетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi деп таныған;
      2) сот белгiлi бiр мерзiм iшiнде мемлекеттiк лауазымдар атқару құқығынан айырған;
      3) сыбайлас жемқорлық әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн жаза қолданылған;
      4) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін бұрын сотталған немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
      5) мемлекеттік органдардан және ұйымдардан теріс себептер бойынша босатылған тұлғалар кіре алмайды.
      13. Әдеп жөніндегі кеңестiң дербес құрамын Әдеп жөніндегі кеңес төрағасының ұсынуы бойынша Министрліктің жауапты хатшысы бекiтедi.
      14. Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі:
      1) Әдеп жөніндегі кеңес жұмысының жоспары мен отырыстардың күн тәртібі бойынша ұсыныстар енгізуге;
      2) Әдеп жөніндегі кеңестiң отырыстарына материалдарды және оның шешімдерінің жобаларын әзірлеуге қатысуға;
      3) Әдеп жөніндегі кеңес қарайтын мәселелерді талқылауға қатысуға құқылы.
      15. Әдеп жөніндегі кеңес төрағасының ұсынуы бойынша Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі мынадай:
      1) уақытша еңбекке жарамсыздығы жағдайында болған, мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді атқару үшін жұмыстан босатылған, демалыста, іссапарда болған уақытты қоспағанда, Әдеп жөніндегі кеңес отырыстарына қатарынан үш реттен артық келмеген;
      2) мемлекеттік орган басшысының, депутаттың, қоғамдық бірлестіктің, бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің өкілеттілігі тоқтатылған;
      3) заңнамада көзделген тәртіппен расталған құқыққа қайшы кінәлі түрде әрекет немесе әрекетсіздік жасаған;
      4) Әдеп жөніндегі кеңестің құзыретіне кіретін мәселелерді қарау кезінде объективті болмаушылық пен жеке мүдделілік танытқан;
      5) Әдеп жөніндегі кеңестің құрамынан шығу туралы ниет білдірген жағдайда, оның құрамынан шығарылуы мүмкін.
      16. Әдеп жөніндегі кеңестiң отырыстары:
      1) егер оларға Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерi жалпы санының кемiнде төрттен үш бөлігі қатысса, заңды болып саналады;
      2) оның жұмыс жоспарына сәйкес, сондай-ақ қажеттiлiгiне қарай, бiрақ екi айда бiр реттен сиретпей өткiзiледi.
      Әдеп жөніндегі кеңестің мүшелерi оның отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады.
      17. Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі, егер ол не онымен бірге тұратын жақын туыстары өзіне қатысты тәртіптік іс қозғалған адаммен туыстық немесе басқа да қатынастармен байланыста немесе аталған адамнан қызметтік не өзге де тәуелділікте болса, тәртіптік іс бойынша талқылауға және дауыс беруге қатыса алмайды.
      Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі өзінің талқылауға және дауыс беруге қатысуына жол бермейтін мән-жайлар туралы Әдеп жөніндегі кеңестің отырысына дейін мәлімдеуге міндетті.
      18. Әдеп жөніндегі кеңес отырысқа қатысушы Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерi санының үштен екісінің даусымен шешiмдер қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етушiнiң даусы шешушi болып табылады. Әдеп жөніндегі кеңестің мүшелері дауыс беру кезінде қалыс қала алмайды.
      19. Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы болмаған кезде оның тапсырмасы бойынша Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерiнiң бiрі төрағаның міндеттерін атқарады. Бұл ретте, ол болмаған кезеңде тәртіптік істі қозғау, тоқтата тұру және қайта бастау жөніндегі өкілеттіктерді Министрліктің аумақтық органы басшысының міндеттерін орындайтын адам жүзеге асырады.
      20. Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы төраға, Әдеп жөніндегі кеңестің мүшелері, сондай-ақ Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі қол қоятын хаттама түрінде ресімделеді.
      21. Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы қозғаған тәртiптiк iс тәртіптік жазаны қолдану мерзімдерін ескере отырып, жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға тиiс.
      22. Тәртіптік іс:
      1) қызметшiнiң еңбекке уақытша жарамсыздығы;
      2) қызметшінің демалыста немесе iссапарда болу;
      3) қызметшінің мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi орындау уақытында өзінің лауазымдық міндеттерін орындаудан босатылу;
      4) қызметшінің даярлауда, қайта даярлауда, біліктілігін арттыру курстарында және тағылымдамада болу;
      5) қызметшінің оны тәртіптік жауаптылыққа тартуға бастамашы болған мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) сот тәртібімен шағым жасау кезеңінде тоқтатыла тұрады.
      23. Тәртіптік іс Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында қаралғанға дейін оның Хатшылығы мемлекеттік қызмет туралы заңнамада белгіленген тәртіппен және жағдайларда қызметтік тергеп-тексеру жүргізеді, оның барысында iске қатысы бар мән-жайлар мен мәлiметтер зерделенедi.
      24. Хатшылық тәртiптiк жауаптылыққа тартылатын адамдарды Әдеп жөніндегі кеңес отырысының өтетiн орны мен уақыты туралы хабарлау жөнiндегі шараларды қабылдайды.
      Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында тәртiптiк iс, егер тәртiптiк жауаптылыққа тартылатын адамдар отырыс өткiзілгенге дейiн үш күн бұрын Әдеп жөніндегі кеңес отырысының өтетін уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілсе, олардың қатысуынсыз қаралуы мүмкiн.
      25. Осы Ережеде тиісінше хабарлау деп адамды тікелей өзіне немесе онымен бірге тұрып жатқан кәмелетке толған отбасы мүшелерінің біріне қолын қойғызып, не хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып, хатпен, тапсырыс хатпен немесе жеделхатпен табыс етілетін хабарлау танылады.
      26. Отырыста қызметшінің тәртіптік жауаптылығын қарау кезінде Әдеп жөніндегі кеңес мынадай мәселелерді:
      1) қызметшінің тәртіптік жауаптылығын қарау үшін негіз болып табылатын нақты әрекеттiң (әрекетсіздіктің) орын алғанын-алмағанын;
      2) бұл әрекеттiң (әрекетсіздіктің) тәртіптік теріс қылық болып табылатынын-табылмайтынын және ол заңнаманың қандай нормаларын бұза отырып жасалғанын;
      3) осы теріс қылықты қызметшінің жасағанын-жасамағанын;
      4) осы теріс қылықты жасауда қызметшінің кiнәсi байқалатынын-байқалмайтынын;
      5) қызметшіні тәртіптік жауаптылыққа тарту мерзімдерінің сақталғанын-сақталмағанын;
      6) қызметшіге тәртіптік жазаның қандай түрін белгілеу ұсынылатынын шешеді.
      27. Тәртiптiк iстi қараудың қорытындылары бойынша Әдеп жөніндегі кеңес мынадай шешiмдердiң бiрiн шығаруы мүмкiн:
      1) лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы берілген лауазымды адамдарға осы Ереженiң 6-тармағының 7) тармақшасында көрсетiлген қызметшілерге тиiстi тәртiптiк жаза қолдануды ұсыну;
      2) тәртiптiк iстi тоқтату.
      28. Осы Ереженiң 6-тармағының 7) тармақшасында көрсетiлген қызметшілердің iс-әрекетiнде ықтимал қылмыстық немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi болған жағдайда, аталған адамды белгiленген тәртiппен қылмыстық немесе әкiмшiлiк жауаптылыққа тарту туралы мәселенi шешу үшiн Әдеп жөніндегі кеңес тиiстi құжаттар мен материалдарды үш жұмыс күні ішінде құқық қорғау немесе өзге де уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға жiбереді.
      Әдеп жөніндегі кеңес материалдар мен құжаттардың құқық қорғау немесе өзге де уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға жiберiлгенi туралы үш жұмыс күні ішінде Министрлікті хабардар етедi.

4. Хатшылықтың негiзгi мiндеттерi, функциялары мен өкілеттіктері

      29. Әдеп жөніндегі кеңестің қызметiн қамтамасыз ету Хатшылықтың негiзгі мiндеті болып табылады.
      30. Хатшылықты Министрліктің жауапты хатшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Хатшылық меңгерушiсi басқарады.
      31. Хатшылық Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiп бойынша:
      1) Әдеп жөніндегі кеңестің қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және өзге де қамтамасыз ету;
      2) қызметтік әдеп нормаларының бұзылу, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық фактілері бойынша қызметтік тергеп-тексерулер жүргізу;
      3) осы Ереженiң 6-тармағының 7) тармақшасында көрсетiлген қызметшілерге қатысты тәртiптiк iстердi қарау үшiн материалдар дайындау функцияларын жүзеге асырады.
      32. Хатшылық өз құзыреті шегінде:
      1) қызметтік әдеп нормаларының бұзылу, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық фактілері бойынша қызметтік тергеп-тексерулер жүргiзуге;
      2) мемлекеттiк органдардан, лауазымды адамдар мен өзге де субъектiлерден қызметтік тергеп-тексерулерді жүзеге асыру үшiн қажеттi материалдар мен ақпарат сұратуға;
      3) тиiстi салалардағы мамандар мен консультанттарды қызметтік тергеп-тексерулерге қатысу және қорытындылар беру үшін тартуға;
      4) құзыретiне қызметтік тергеп-тексерулер барысында қозғалатын мәселелердi қарау кiретiн мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiн қызметтік тергеп-тексерулерге тартуға құқылы.

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң    
2015 жылғы     
№ Жарлығына    
ҚОСЫМША       

Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір жарлықтарының тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана және Алматы қалаларындағы, облыстардағы тәртіптік кеңестері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 1598 Жарлығының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 27, 329-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 қарашадағы № 446 Жарлығының 1-тармағының 10) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 43, 499-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 1157 Жарлығының 1-тармағының 5) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 19, 229-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 16 тамыздағы № 616 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 45, 658-құжат).
      5. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 21 қарашадағы № 697 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 68, 905-құжат).
      6. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 900 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 12-тармағының төртінші – жиырма екінші абзацтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 54, 532-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады