"Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиялары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 1074 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиялары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты
жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, астананың,
республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиялары туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы
№ 520 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиялары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 19, 319-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру және Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік әкімшілік қызметке кіру, оны өткеру және тоқтату, сондай-ақ мемлекеттік органдарға шетелдік жұмыскерлерді тарту мәселелерін қарау мақсатында құрылады.»;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «2-1) мемлекеттік органдарға шетелдік жұмыскерлерді тарту мәселелерін қарау;
      2-2) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда,
өз өкілеттіктерін тоқтатқан, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған Парламент депутаттарының, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттарының, мемлекеттiк саяси қызметшiлердің, судьялардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға кадр резервіне іріктеу және конкурстық іріктеу өткізілместен орналасуы мәселелерін қарау;»;
      4-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «2-1) мемлекеттік органдарға шетелдік жұмыскерлерді тарту мәселелері бойынша шешімдерді қабылдау және мемлекеттік органдардағы олардың лауазымдарын келісу;
      2-2) өз өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін тоқтатқан, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған Парламент депутаттарының, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттарының, мемлекеттiк саяси қызметшiлердің, судьялардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға кадр резервіне іріктеу және конкурстық іріктеу өткізілместен орналасуы мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;».
      2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның лауазымдық құрамында:
      «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрі»;
      3) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиясы туралы үлгілік ережеде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиясы (бұдан әрі – комиссия) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қатысты кадр саясатын іске асыру мақсатында құрылады.»;
      4) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиясының үлгілік лауазымдық құрамында:
      «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық органы басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстардағы, астанадағы, республикалық маңызы бар қаладағы тәртіптік кеңесінің төрағасы, төрағаның орынбасары» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің аумақтық органының басшысы – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің облыстардағы, астанадағы, республикалық маңызы бар қаладағы әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы, төрағаның орынбасары».
      2. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады