Аккредиттеу туралы куәліктің нысанын, Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу қағидаларын, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібін бекіту және "Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1090 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 799 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 603 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.07.2023 № 603 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 64-бабының 4 және 9-тармақтарына, 98-бабы 1-тармағының 22) және 23) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) аккредиттеу туралы куәлiктің нысаны;

      2) Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу қағидалары, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібі бекітілсін.

      2. "Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1090 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 72-73-74, 547-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 64-бабының 9-тармағына, 98-бабы 1-тармағының 23) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгілік ережеде:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттардың жобаларына жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан (бұдан әрі – Ұлттық палата) міндетті мүше болуға (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдардан және өзге де коммерциялық емес ұйымдардан сараптама қорытындыларын алу;";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Сараптамалық кеңестерді қалыптастыру тәртібі";

      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сараптамалық кеңестің құрамы Ұлттық палатаның, міндетті мүше болуға (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдардың, заңнамада белгіленген тәртіппен аккредиттелген жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және коммерциялық емес өзге де ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттік органның өкілдерінен қалыптастырылады.";

      5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Сараптамалық кеңестің құрылымы төрағадан, оның орынбасарынан (орынбасарларынан), хатшысынан және кеңес мүшелерінен тұрады.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Сараптамалық кеңестер қызметінің тәртібі";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Сараптамалық кеңестің жұмыс органы:

      1) сараптамалық кеңес отырыстарының арасындағы кезеңде оның жұмысын ұйымдастырады;

      2) сараптамалық қорытынды алу үшін, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын тиісті нормативтік-құқықтық актінің жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы сараптамалық кеңеске және Ұлттық палатаға хабарлама жібереді және нормативтік құқықтық актінің жобасын мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында орналастырады*;

      3) сараптамалық кеңестің отырысына енгізілетін жобалар бойынша материалдар дайындауды жүзеге асырады;

      4) сараптамалық кеңес отырысының қорытындылары бойынша хаттама дайындауды және оған қол қоюды қамтамасыз етеді;

      5) сараптамалық кеңес өткізілгенге дейін кемінде он жұмыс күні қалғанда сараптамалық кеңестің мүшелеріне сараптамалық кеңестің өткізілетін жері, уақыты және күн тәртібі туралы хабарлайды және оларды қажетті материалдармен қамтамасыз етеді*;

      6) сараптамалық кеңес отырысының шешімдері бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сараптамалық кеңестің мүшелеріне хаттама көшірмесін жолдайды*.

      Ескертпе:

      * Сараптамалық қорытынды алу үшін кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын тиісті нормативтік-құқықтық актінің жобасын ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы хабарламаны сараптамалық кеңеске және Ұлттық палатаға жіберуді және осы жобаны мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында орналастыруды, сондай-ақ сараптамалық кеңестің отырысына шығарылатын жобалар бойынша материалдарды дайындауды жүзеге асыруды әзірлеуші жұмыс органының құрылымдық бөлімшелері жүзеге асыруы мүмкін.";

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Нормативтік-құқықтық актіні бірнеше мемлекеттік орган бірлесіп қабылдаған жағдайда, сараптамалық қорытынды алу үшін сараптамалық кеңестерге және Ұлттық палатаға кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесін қозғайтын тиісті бірлескен нормативтік құқықтық акт жобасының ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарлама жіберуді, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актінің бірлескен жобасын мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында орналастыруды осы нормативтік құқықтық актіні әзірлеуге бастамашылық жасаған әзірлеуші мемлекеттік орган жүзеге асырады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Сараптамалық кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.";

      14-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Сараптамалық қорытынды сараптамалық кеңес мүшесінің және Ұлттық палатаның жазбаша ұстанымын бiлдiредi, ұсынымдық сипатта болады және заң жобасының тұжырымдамасына, қабылданғанға дейін нормативтік құқықтық актінің жобасына, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір кейінгі келісу кезінде жобаға мiндеттi қосымша болып табылады.";

      15-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте сараптамалық кеңестің отырыстары сараптамалық кеңес мүшелерін тікелей шақыру не нақты уақыт режимінде бейнеконференция байланысы немесе интернет-конференциялар өткізу арқылы жүргізілуі мүмкін.";

      16-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган сараптамалық қорытындыны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы қорытындыны берген сараптамалық кеңес мүшесіне және Ұлттық палатаға келіспеу себептерін негіздей отырып, жауап жiбередi. Негіздемесі бар мұндай жауаптар жоба қабылданғанға дейін оған мiндеттi қосымша болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы 17-тармақпен толықтырылсын:

      "17. Сараптамалық кеңес мүшелерінің және Ұлттық палатаның нақты орналасқан жері, сондай-ақ олардың байланыс деректері (пошталық мекенжайы немесе электрондық поштасының мекенжайы немесе телефон нөмірі және басқалары) қайта аталған, өзгерген жағдайда сараптамалық кеңес мүшелері және Ұлттық палата осы жағдай басталған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде жұмыс органын хабардар етеді.";

      Үлгілік ережеге қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 30 қарашадағы
№ 799 қаулысымен
бекітілген
  Нысан

Аккредиттеу туралы куәлік

      _________________________________________________________________________

      (жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бiрлестiктерiнің және/немесе өзге де коммерциялық емес ұйымдардың атауы)

      ________________________________________________________________________

      орталық мемлекеттiк немесе жергiлiктi атқарушы органның атауы)

      _________________________________________________________________________

      (жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бiрлестiгінің және/немесе өзге де коммерциялық емес ұйымдардың атауы)

      _________________________________________________________________________

      орталық мемлекеттiк немесе жергiлiктi атқарушы органның атауы)

      жанындағы жеке кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңестiң қызметi шеңберiнде жеке кәсiпкерлiк мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргiзу құқығын мойындайды.

      (20 жылғы "___" ___________ № _________ бұйрық)

      Куәлiк 20 жылғы "___" ___________ дейiн жарамды

      Орталық мемлекеттiк немесе жергiлiктi атқарушы органның басшысы

      _________________________________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), қолы) Берiлген күнi:

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 30 қарашадағы
№ 799 қаулысымен
бекітілген

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу қағидалары, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу қағидалары, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібі (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 64-бабының 4-тармағына, 98-бабы 1-тармағының 22) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу тәртібін, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібін белгілейді.

      2. Орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестерде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін бірлестіктер мен ұйымдардың білдіруін мойындауы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды (бұдан әрі – бірлестіктер мен ұйымдар) аккредиттеу болып табылады.

      3. Бiрлестiктер мен ұйымдар аккредиттеуге жатады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 02.09.2019 № 651 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Аккредиттеуді мемлекеттік орган аккредиттеудi жүзеге асыру мерзiмдерi туралы мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегі хабарландыру жарияланғаннан кейiн жыл сайын жүзеге асырады.

      Аккредиттеудi жүзеге асыру туралы хабарландырулар мерзiмдi баспасөз басылымдарында немесе мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында жарияланады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 02.09.2019 № 651 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Аккредиттеудi объективтi және құзыретті түрде жүзеге асыру мақсатында әрбір мемлекеттік органда құрамы мен ережесі мемлекеттік орган басшысының шешімімен бекiтiлетін аккредиттеу жөнiндегi комиссия (бұдан әрi – комиссия) құрылады.

2-тарау. Аккредиттеуді жүргiзу тәртiбi

      6. Аккредиттеу алу үшiн өтiнiш берушi мемлекеттік органға:

      1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiшті;

      2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктердің) мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;

      3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімін ұсынады.

      Мерзімсіз негізде аккредиттеу туралы куәлік алу үшін өтініш беруші өзі жүгінетін мемлекеттік органға аккредиттеу туралы куәліктің үш көшірмесін де ұсынады.

      7. Аккредиттеудi өткізу тәртiбi мынадай кезеңдерді:

      1) мемлекеттік органның аккредиттеуді өткізуге өтініштер мен құжаттар қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыруды орналастыруы;

      2) бірлестіктердің және/немесе ұйымдардың өтінішті және осы қағидалардың 6-тармағында көзделген құжаттар топтамасын беруін;

      3) комиссияның аккредиттеу материалдарын қарауын;

      4) мемлекеттік органның аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешiм қабылдауын;

      5) аккредиттеу туралы куәлiктi немесе негіздемесімен бірге аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша хабарламаны беруді қамтиды.

      8. Мемлекеттік органда аккредиттелуге үміткер бірлестіктер мен ұйымдар хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген құжаттар топтамасын ұсынады.

      9. Бірлестіктер мен ұйымдар ұсынған материалдарды қарау ұсынымдары бойынша мемлекеттік орган аккредиттеу туралы куәлік беру немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдайтын комиссияның отырысында жүзеге асырылады.

      10. Құжаттарды қарау және аккредиттеу туралы куәлiк беру немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешiм қабылдау мерзімі өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталған сәттен бастап он бес жұмыс күнiнен аспауға тиiс.

      11. Аккредиттеуді өткізуге құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған кезде өтініштер болмаған жағдайда, аккредиттеу туралы хабарландыру жарияланған мерзімді баспа басылымдарында не мемлекеттік органдардың ресми сайттарында аккредиттеуді өткізу үшін өтініштер болмағандықтан аккредиттеудің жүргізілмегені туралы хабарландыру жарияланады.

      12. Егер:

      1) ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 6-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін болса;

      2) бiрлестiк пен ұйымдар өз мүшелерiнiң мүдделерiн қорғау бойынша қызметтi жүзеге асырмайтын болса;

      3) ұсынылған құжаттарда дәйексіз немесе толық емес мәлiметтер қамтылған болса;

      4) бірлестік пен ұйым аккредиттеуге арналған құжаттар өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін ұсынылған жағдайларда, аккредиттеу жүзеге асырылмайды.

      13. Аккредиттеу туралы куәлiк бекітілген нысан бойынша үш жыл мерзімге берiледi.

      Мемлекеттік органдарда қатарынан екі реттен көп аккредиттелген бірлестіктер мен ұйымдар аккредиттеу туралы куәлікті мерзімсіз негізде алады.

      Мерзімсіз негізде аккредиттеу тәртібі осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.

      14. Аккредиттеу туралы куәлiк жоғалған кезде бiрлестiк және/немесе ұйым оның телнұсқасын тиiстi өтiнiш берiлген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде куәлiктi берген мемлекеттік органнан ала алады.

3-тарау. Аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібі

      15. Мыналар:

      1) аккредиттелген бiрлестiкті және/немесе ұйымды қайта ұйымдастыру немесе тарату;

      2) бiрлестiктің және/немесе ұйымның бекітілген нысан бойынша аккредиттеудің күшін жою үшін өтiнiш беруі;

      3) оның қолданылу мерзiмiнің өтуі;

      4) бiрлестiктің және/немесе ұйымның Кодекстің 66-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген талапты үш реттен астам бұзуы бірлестіктер мен ұйымдарды аккредиттеудің күшін жоюға негіз болып табылады.

      16. Осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген жағдайларда комиссия аккредиттеудің күшін жою туралы мәселелерді он жұмыс күнi iшiнде қарайды.

      17. Мемлекеттік орган бiрлестiк пен ұйымды аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданылуын тоқтату туралы комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде хабардар етедi.

  Жеке кәсіпкерлік
субъектілерінің бірлестіктері
мен өзге де коммерциялық емес
ұйымдарды аккредиттеуді өткізу
қағидаларына қосымша
  Нысан
  Кiмге
  ___________________________
  (орталық мемлекеттiк немесе
  __________________________
  жергiлiктi атқарушы орган
басшысының лауазымы, тегі,
аты-жөні, әкесінің аты (бар
болса)
  Кiмнен_____________________
(бiрлестiк басшысының
лауазымы тегі, аты-жөні,
әкесінің аты (бар болса)
  Деректемелер:______________
  (заңды мекенжайы, байланыс
телефоны)

Өтiнiш

      _________________________________________________________________________

      (орталық мемлекеттiк немесе жергiлiктi атқарушы органының атауы)

      жанындағы жеке кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңестiң қызметi шеңберiнде жеке кәсiпкерлiктiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргiзу құқығын тану/жою үшін ___________________________

      (бiрлестiктің және/немесе ұйымның атауы)

      аккредиттеудi/акредиттеуді жоюды/мерзімсіз негізде аккредиттеуді сұраймын.

      Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiлдi:

      1. ____________________________________________________________________

      2. ____________________________________________________________________

      3. ____________________________________________________________________

      4. ____________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      (қолы) (лауазымы, тегі, аты-жөні, әкесінің аты (бар болса)

      20__ жылғы "___"__________

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 30 қарашадағы
№ 799 қаулысына
қосымша
  Жеке кәсіпкерлік мәселелері
жөніндегі сараптамалық
кеңестер туралы
үлгілік ережеге
қосымша

      ___________________________________________________________________ (мемлекеттік органның атауы)

жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің ХАТТАМАСЫ

      № __________ _____ жылғы "___" __________ Күн тәртібі

      Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес (бұдан әрі - Сараптамалық кеңес) мүшелерінің

      ____________________________________________________________

      (нормативтік құқықтық акт жобасының атауы немесе қаралып отырған мәселе)

      ____________________________________________________ қарауы туралы

      1. Ескертулерсіз және ұсыныстарсыз сараптамалық қорытынды бергендер:

      _______________________________________________________________________

      (ұйымның атауы)

      2. Ескертулермен және ұсыныстармен сараптамалық қорытынды бергендер:

      _______________________________________________________________________

      (ұйымның атауы, ұсынылған ескертулер мен ұсыныстардың

      _________________________________________________________________________

      жалпы саны, олардың ішінде қабылданғаны/қабылданбағаны*)

      3. Сараптамалық қорытынды ұсынбағандар: _______________________________

      (ұйымның атауы)

      4.____________________________________________________________________

      (ескертулер мен ұсыныстардың қабылдағаны және қабылданбағаны туралы ақпарат**)

      Сараптамалық кеңестің төрағасы Сараптамалық кеңестің хатшысы Ескертпелер: *Мысалы: Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастық – 10 (7/3) **Бұл жағдайда ескерту мәні қысқаша көрсетіледі. Ескерту қабылданған жағдайда олардың қабылдануы туралы ақпарат көрсетіледі. Келіспеген жағдайда, Сараптамалық кеңес мүшелеріне жіберілген сараптамалық қорытындымен келіспеу себептерінің негіздемесі бар хаттың күні мен нөмірі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады