«Маңғыстау өнеркәсіптік компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін тарату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1094 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Маңғыстау өнеркәсіптік компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – серіктестік) таратылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын;
      2) серіктестікті таратудан кейін қалған мүлікті республикалық меншікке қабылдасын.
      3. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат) мынадай өзгерістер енгізілген:
      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      «Маңғыстау облысы» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 235-жол алып тасталсын.
      4. «Маңғыстау облысының өнеркәсіптік кешенін қайта құрылымдау жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 ақпандағы № 83 қаулысының 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады